Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#6475
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

ұлт  деп  қабылдау.  Осыған  орай  еліміздегі  диаспора  өкілдері, 
оның  ішінде  сан  жағынан  əлде  біраз,  ел  халқының 2009 ж. 23,7 
процентін құраған орыстар да бар, біз де осы елдің азаматтарымыз, 
біз де осы мемлекеттің демографиялық тұрғыдан құрып отырған 
жоқпыз ба деген сауал қояды. Əрине, заң тұрғысынан барлық диа-
спора  өкілдерінің  қазақтармен  хұқы  бірдей.  Бірақ  Қазақстанды 
көз  алдымызға  орыстарсыз,  кəрістерсіз,  басқаларсыз  елестетуге 
болар, бірақ қазақсыз елестету мұмкін емес. Мемлекеттің шекара-

153
сы, тілі, мəдениеті, діні, дəстүрі тек қазақтармен ғана байланысты. 
Англия ағылшындар, Германия немістер, Франция француздар елі 
екені қандай ақиқат болса, қазақтардың Қазақстанда мемлекет ұлт 
құрайтын екені сондай ақиқат. 
Н.Ə.Назарбаев  Қазақстандағы  ұлт  саясатының  ерекшелігі 
туралы 1999 жылы  ашық  айтқан  болатын: «Орыстардан, 
немістерден,  украиндықтардан,  татарлардан,  корейлерден 
жəне басқа ұлт өкілдерінен қазақтардың бір айырмашылығы 
олар басқа мемлекеттің өздері үшін осындай міндет қойып, оны 
шешіп беретініне үміт арта алмайды». Мемлекет құраушы қазақ 
ұлтының  болашағы  өз  отанындағы  ұлт  саясатының  қолдауына 
байланысты.  Қазақ  тіліне,  мəдениетіне,  ұлт  құндылықтарына 
басымдық  беру  қажеттілігі,  өкініштісі,  басшылыққа  алынбады. 
Орыстың, немістің басқалардың құндылықтары тарихи отандары 
Ресей, Германияда, өзге де елдерде дамиды. Қазақ ұлтын мемле-
кет құраушы ұлт ретінде қабылдағысы келмейтіндер Қазақстанды 
ұлтсыз  мемлекет  моделіне,  қазақ  ұлтының  мəселесін  шешуден 
шеттетуге итермелейді.
«Алаш»  партиясының  негізін  қалаушыларының  басты 
қағидасы қазақ ұлтын отарсыздандыру болатын. Бүгін де қыруар 
іс жасағанымызбен тоталитарлық жүйенің ұлт жанына салған жа-
расы, отарлау саясатының салдары əлі көзге ұрып тұр.
Əлемдік тəжірибеде тəуелсіздік алған ұлттық мемлекеттердің 
бес төмендегідей нақты стандарттары бар.
Біріншіден, азаматтық қоғамда білім мен бұқаралық ақпарат 
құралдары саласында мемлекеттік тілдің басымдығы;
Екіншіден,  мемлекеттік  тілдің  қоғамның  барлық  саласын-
да  халыққа  қызмет  етуі,  мемлекеттік  қызметке  ұлтына  қарамай 
мемлекеттік тілді меңгергендерді қабылдау;
Үшіншіден,  сот  жүйесі,  құқық  қорғау  органдарының 
мемлекеттік  тілді,  ұлттық  мəдениетті,  дəстүрді,  дінді  қорғау 
міндеті.
Төртіншіден, экономикалық жəне əлеуметтік салада байырғы 
халықтың  мүддесін  қорғау,  жер  қойнауындағы  байлық  байырғы 
халыққа қызмет етеді.
Бесіншіден, азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді меңгеруді 
міндеттейді, меңгермегендерді қабылдамайды.

154
Осы маңызды бес салада қазақ ұлты өз елінде ұтылып отыр. 
Мұның  атын  саяси  тілде  ішкі  отаршылдық  дейді.  Сырттан 
тəуелсіздік алғанмен өз елінде саяси, əлеуметтік, рухани жағынан 
қазақтар шеттеу көріп отыр. Кеңес Одағының ыдырауына байла-
нысты  орыс  ұлтының  дағдарысын  орыс  ғалымдары  контузияға 
теңейді.  Ал  қазақ  ұлтын  паралич  алды,  жарты  денесі  жансызда-
нып, ұлтсызданған организм деуге болар.
Əрбір ұрпақ қай заманда да өмірді жаңадан бастап кете алмай-
ды, ол өзінен бұрынғыдан қалған мұраның иесі, өзінің тəрбиесімен, 
қалыптасқан  мəдениет,  дəстүр,  ойлау  деңгейімен  оған  тəуелді. 
Қалыптасқан жағдай осылай жалғаса да берер.
Бірақ  қазақ  əлі  де  бейшара,  дəрменсіз  ұлт  емес.  Қазақтың 
құлдық  бұғауын  қисынды  саясат,  оңды  қоғамдық  пікір,  қаржы 
үзе  алады.  Оны  отарсыздандыру  саясаты  дейді.  Оны  Гру-
зия,  Балтық  жағалауындағы,  Ресейден  іргесін  аулақ  салған  ел-
дер  жүргізіп  отыр.  Ол  елдер  туралы  Ресейдің  жағымсыз  имидж 
қалыптастыратындығы  сондықтан.  Біз  бірақ  орыстану  мен  орыс 
мəдениетін ғылымынан үйренудің бірдей еместігін əлі де ажырата 
алмай жүрміз.
«Тұжырымдамада» «Ақ жол» партиясы қазақ ұлтын отарсыз-
дандыру бағытында біраз ұсыныстар енгізді.
Саяси  саладағы  басты  талаптың  бірі – мемлекеттің  атын 
«Қазақ Республикасы» (Қазақстан) деп өзгерту.
Сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  азаматтығы 
адамның  мемлекеттік  тілді  білуіне,  біліміне,  жасы-
на,  мамандығына,  қаржылық  қаражатының,  туыстық 
байланыстарының болуына қатысты берілуі тиіс;
Мемлекетаралық  қарым-қатынастарда  шет  елдердегі 
қазақ диспорасының мəдени-рухани мүдделерін қорғау талап 
етіледі.
Əлеуметтік – экономикалық  салада  ішкі  отаршылдық, 
əділетсіздік  əсіресе,  шет  ел  инвесторларының  озбырлығынан 
көрініс алып отыр.
Елдің табиғи байлығы толық халықтың игілігіне айнала алмай 
отыр. Қазақстанмен табиғи ресурстарға бай елдерді салыстырып 
қазақтар өздерінің теңсіздігін айқын сезінеді.

155
Тоқырап  қалған,  экологиялық  жағынан  жағымсыз 29 
қазақ  аудандарын  дамытудың  нақты  бағдарламаларын 
қабылдау жəне іске асыру өз кезегін күтіп отыр. 
Ішкі  көші-қонды  реттеу  жəне  қалалар  төңірегіндегі 
негізінен  қазақтар  қоныстанған  елді  мекендердің  күрделі 
əлеуметтік мəселелерін шұғыл шешуді күтеді. 
Жер  мəселесін  жерге  деген  қазақтар  мен  диспоралардың 
дəстүрі  мен  мəдениетін  есепке  ала  отырып,  мемлекеттік 
меншікке  басымдық  бере  шешу,  шетелдіктерге  жерді  жалға 
беруді шектеуді халық талап етіп отыр. 
Байырғы  халық  ішінен  мақсатты  түрде  жоғары  маман 
жұмысшылар , инженерлер мен менеджерлер дайындау, шет ел 
мамандарын алмастыру проблемасының мардымсыздығына 
ел ренжиді. 
Қазақстан 
Республикасына 
оралушы 
қазақтарды, 
этномəдени  жəне  интелектуалдық  даму  деңгейлеріне  сəйкес 
саралап, қосымша еңбек ресурстарының маңызды көзі ретінде 
пайдалану мəселесін шешу, шет ел қазақтарын елге жуық ара-
да оралту мəселесі ұлтты ойландырады.
Рухани – мəдени  саладағы  отарсыздану  мəселелері 
«Тұжырымдамада» өз алдына жеке қарастырылған.
Қазақ тілі мен мəдениетінің ел ішінде жəне халықаралық 
деңгейде  бəсекеге  қабілеттілігін  күшейту  мақсатында  қазақ 
тілді  журналистер  мен  мəдениет  қызметкерлерін  əлеуметтік 
қорғау  жəне  БАҚ  пен  қазақ  мəдениетін  қаржылық  жағынан 
қолдауға басымдық беруге тиісті деп есептелінеді. 
Басқа  мемлекеттер  тəжірибесіне  сүйеніп,  заң  негізіне 
ұлттық  мəдениетті  қорғау,  БАҚ,  кинопрокат,  театрлар 
мен  концерттер  репертуарларының  ұлттық  мөлшерінің 
шетелдікке қарағанда басымдығын қадағалап отыру қажет. 
Аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік 
тілдің  барлық  салада  халыққа  қызмет  етуінің  нақты 
мерзімдерін анықтау қажет. 
2010  жылы  «Ақ  жол»  партиясы  ақпараттық  кеңестік  даму 
ерекшеліктерін  жəне  ақпарат  инфрақұрылымның,  интернеттің 
ұлттық  бəсекелестікке  қабілеттік  деңгейін  анықтаудағы  үздіксіз 

156
артып келе жатқан маңызды ескере отырып, жаңа талаптарға сай 
қазақ латын алфавитін қабылдау;
Географиялық  атауларды  тарихи  əділдік  негізінде 
қалпына келтіру жұмысы əлі қарқын ала алмай отыр.
Дəстүрлі діндерді қолдау, мемлекеттің рухани кеңістігін жат 
ықпалдардан қорғау бүгін өте маңызды мəселеге айналып отыр.
Елдегі этно-мəдени орталықтар өз диаспораларының шаруасы-
мен, өз бауырларына білім беру, қызметке орналастыру, дін ісімен, 
тарихи  отанымен  байланыстарға  басымдық  беріп,  оқшауланып 
бара  жатыр  деген  орынды  пікір  айтылуда.  Қазақты,  Президентті 
мақтауға саяси бизнеске айналдырып, мəжіліске, сенатқа депутат 
болғанмен, балаларын қазақ мектебіне беруге олар асықпай отыр. 
Бірқатары  ұрпақтарының  ағылшын  тілін  білгеніне  мақтанады. 
Бүгін  қазақ  мектебінде  оқитын  диаспоралардың  балалары  мек-
теп  оқушыларының 1% жетер  жетпес,  ал  диаспорлар  еліміздің 
30%  астамын  құрайды.  Диаспоралардың  бірқатары  қазақ  еліне 
табыстың  көзі  ретінде  қарайды.  Қазақтар  туралы  тəтті  сөз  айты-
лады бірақ, қазақты сыйлаудың бір жəне жалғыз бірегей критери-
ясы – оның тілін білу. Диаспоралардың шет елден ағыл-тегіл келіп 
жатырған қаржысы бақылаусыз. Заңды сыйламайтын діни топтар 
да  бар.  Сондықтан  «Тұжырымдама»  «Этномəдени  орталықтар 
туралы» заң қабылдауды ұсынады.
Сонымен, «Ақ 
жол» 
партиясы 
«Қазақ 
ұлтының 
экономикалық, əлеуметтік, демографиялық, рухани жаңаруын 
қамтамасыз ететін, жалпы мемлекеттік 
Бағдарлама дайындау жəне іске асыруды ұсынады. Алаш 
(қазақ)  идеясы  деп  ақжолдықтар  қазақ  ұлтының  жан-жақты 
жаңаруын  айтады.  Байырғы  ақжолдықтар  үшін    қазақ  ұлтын  от-
арсыздандыру стратегиялық, немесе ең басты мақсат.
Ахмет Байтұрсынов «Біз бай, білімді, һəм күшті болуымыз ке-
рек.  Білімді  болуға – оқу  керек!  Бай  болуға-  кəсіп  керек!  Күшті 
болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу ке-
рек!» деген екен.
XXI  ғасырдың  басындағы  білімділер  мен  кəсіпкерлердің 
біразы ұлт мүддесінен аулақ. Білімділердің бірқатары ана тілінен, 
мəдениетінен  сусындамағандар.  Ал  кəсіпкерлер  де  болса,  өсіп 

157
келеді,  дегенмен  байлар  көп  болса,  қазақ  мықты  болады  деу  де 
толық дұрыс болмас. Көп байларымыз «жүрегім – Қазақстанда» де-
генмен, қаржысын Қазақстанда емес, шет елде ұстайды. Олардың 
балалары  шет  елде  оқып,  шет  елде  қызмет  жасайды,  шетелдің 
патриоттары.  Əрине,  Қазақстанның  білімді  жастары  үшін  тар-
тымды  мемлекет  еместігі  де  белгілі.  Бүгін  білімділерімізді  де 
кəсіпкерлерлерімізді  де,  олар  да  білімді,  ұлт  мұраты  төңірегінде 
біріктіру маңызды болып тұр. 
«Ақ  жолдың»  символы  шаршамай,  талмай  желетін  бəйгі 
сəйгүлігі,  оның  қос  тізгінінің  бірі-қазақ  идеясы,  екіншісі-
кəсіпкерлік, олар бір-біріне қайшы емес, кəсіпкерлік те ұлт мұраты. 
Осы екі тізгінді тең ұстау жоғары интеллектуалды деңгейді, ұлтқа 
деген жанашарлықты талап етеді.
Соңғы сөз.
«Алаш»  партиясының 95-жылдығына  арналған  конферен-
ция  өткеннен  кейін  Елбасы  Халыққа  өз  жолдауын  жариялады. 
Ондағы  қазақ  мемлекеті  идеясы, 2030 бағдарламасын  ұлттық 
тұрғыдан  нақтылау,  латын  əліпбиіне  көшу  мəселелері  «Ақ  жол» 
партиясының 2010 жылғы  «Тұжырымдамасында»  жазылған.  Бұл 
партияның ұлт саясатының еліміздің даму стратегиясымен үйлесіп 
жатырғандығын,  өміршеңдігін  көрсетеді.  Ақ  жолда  ақиқаттан 
айнымайық!

158
Ханбибі Есенқарақызы
Оңтүстік Қазақстан облыстық 
саяси қуғын-сүргін құрбандары 
мұражайының директоры, 
ақын, Халықаралық Алаш 
сыйлығының иегері,
«Ақ жол» ҚДП Ақылдастар 
алқасының мүшесі
АЛАШ ТАҒЫЛЫМЫ ЖƏНЕ ТƏУЕЛСІЗДІК
  Биыл  «Алаш»  ұлттық  демократиялық  партиясы  мен  Алаш-
орда  мемлекетінің  тарих  сахна сына  шыққанына – 95 жыл.  Үс-
тіміздегі 2012 жыл  айтулы  дата ларға  толы  ерекше  жыл  бол-
ды.  Астана  қаласында  «Ақ  жол»  партиясының  Еуразия  Ұлттық 
университетінің  қолдауымен  өткізіп  отырған  ғылы ми-теориялық 
конференция  соның  бір  айғағы.  Сонымен  бірге  қазақ  халқының 
санасын  сан сыратып,  ойын  ойсыратып,  ұлт  ретін де  жер  бетінен 
жойып жі беруге шақ қалған нəубет ашар шылыққа 80 жыл, саяси 
қуғын-сүргінге 75 жыл толып отыр.
«Тəн көмілер, көмілмес еткен ісім, 
Ойлайтының мен емес, бір күнгі ісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын,
Ел – бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін!» – деп, арманын ақ қағазға 
айтып  кеткен,  Алаштың  айтулы  ұлы  Ахмет  Байтұрсыновтың 
аңсаған сол «ертеңіне» де бүгін 95 жыл. Ойлап қарасаң, бір елісі 
кем ға сыр толыпты.
Өткеніміз  түгенделмей,  бүгі німіз  бүтінделмейді.  Өткеннің 
бұрысы сабақ, дұрысы өнеге. Мұны жүзеге асыру бірдің ша руасы 
емес, көптің мұраты бол мақ.
Қазақ  зиялыларының  оянуы  бажайлап  қарасақ, 95 жылдың 
арғы жағында жатыр. «Құланның қасуына, мергеннің басуы» де-
гендей, көргені қорлық пен азап қа толы қазақтың адал сүт емген 

159
ұлдары – сана  түйсігі  толысып,  алған  білімдері  көкірек  көзіне 
сəуле  түсіріп,  оянарға  келген  сəт те,  яғни, 1905 жылдың 6-тамы-
зын да Мемлекеттік Дума жа нын дағы патша манифесі жарық көрді. 
Онда басқа ұлттар мен қатар, қазақ еліне де, Думаға де путат сай-
лау  құқығын  берді.  Мем лекеттік  Думаның  алғашқы  депутаттары 
жылдың 12 айында 12 депутат болды. Олар: Əлихан Бөкейханов, 
Мұхамеджан Ты нышпаев, Ахмет Бірімжанов, Ба қытжан Қаратаев, 
Сəлімге рей  Жантөре,  Бақтыгерей  Құл манов,  Тілеулі  Аллаберге-
нов, Шəймерден Қосшығұлұлы, Алпысбай Қалменов, Дəуіт Ноян 
Тұндыт, Темірғали Нүрекенов, Молда Тайжанұлы сияқты қазақ са-
яси элиталары еді.
Олар  ұлттық  мүдде  тұрғысы нан  үгіт  насихат  жұмысын  жүр-
гізерге, сайланған өкілдерге аманат тапсыру ісіне мұрындық бола 
алатын саяси партия құру қажет тігін сезінді.
1905-1906  жылдары  Орал,  Семей  қалаларында  өткен  қазақ 
қоғамы  өкілдерінің  жиналыс тарында  қазақ  кадеттерінің  өмір-
де  ұстанған  мұраттарының  орыс  кадеттерінің  бағдарламасымен 
қабыспайтындығы  белгілі  болды.  Себебі,  қазақ  кадеттері:  қазақ 
жерін қазақ елінің меншігі ретін де заң қабылдауды, ішкі ресейлік 
губерниялардан  Қазақстанға  қоныс  аударушыларға  шек  қою ды, 
қазақ  балалары  үшін  мектеп,  медрессе,  университеттер  ашуды 
жəне  тіліміз  бен  салт-дəстүрімізді  қайта  жаңғырту  мəселелеріне 
көңіл бөлініп, алғаш рет ұлттық идеяны көтерді.
Қазақ жұртының қолдауына сүйенген бұл қозғалыстың ұйыт-
қысы – 1917 жылдың  желтоқсан  айында  құрылған  «Алаш»  пар-
тиясы болды.
Осы мезгілден бастап, Ə.Бө кейханов, А.Байтұрсын, М.Ду латов 
бастаған  ұлттық  саяси  элита  өрлеу  жолына  түскен  ұлт  азаттық 
қозғалысқа  нысаналы  сипат  беру  мақсатында:  газет-журнал 
шығару,  азаттық  үндеген  кітаптар  бастырып  тарату,  мем лекеттік 
Дума  жанындағы  мұ сылман,  түрікшілдік  қозғалы сы на  ат  салысу 
сияқты  саяси  күрес  əдістерін  игере  бастайды. 1911 жыл дан  ба-
стап шыға бастаған «Айқап» журналы, 1913 жылдан жарық көріп, 
жалпы  ұлттық  ба сылым  дəрежесіне  көтерілген  «Қа зақ»  газеті, 
1917-1918 жыл дары жарық көрген «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақ 
жол» газеттері ұлт азаттық күрес идеологиясы ның қалыптасуына 

160
қызмет етті. Ахмет Байтұрсынов елді оятуға тырысып «Масасын» 
ұшырса,  Міржақып  Дулатов  «Оян,  қазақ!»  деп,  рух  пен  жігер 
беретін  ұран  салды.  Ұлт  лидері  Əлихан  Бөкей ханов  азаттықтың 
туын аспан да туға шақырды.
Қазақ зиялыларының мем лекеттік Думада ұлттық мүдде лерді 
қою  талаптарының  күшеюі,  патша  үкіметін  сақтандырып,  Қа-
зақстандағы ұлт-азаттық идея ның өршуіне байланысты, Ш-Мем-
лекеттік  Думаға  Қазақ станнан  депутат  сайлауға  тыйым  салды. 
Тыйым салып қана қой май, қазақ зиялыларының соңы на шам алып 
түсті. Саяси сахнаға Кеңестік қызыл империяның би лікке келуіне 
байланысты құрыл ғанына небəрі екі жыл болған «Алаш» партия-
сы мен Алашорда үкіметі жойылды.
Бұл  дүмпудің  нəтижесі  «Алаш»  қайраткерлерін  қуғындаудан 
бас тап, 1937 жылғы  жаппай  репрес сия – «Қызыл  қырғынға» 
ұласты. Қазақстан бойынша 113 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 
ит жеккенге  айдалып,  абақтылар дың  азабын  тартса, 25 мың  адам 
жазықсыз атылып кетті.
Күнге  тік  қарай  алатын,  жас  бүркіттей,  Алаш  партиясының 
топшысы қайырылды. Алашорда үкіметі жойылды, Түркістан ав-
то номиясы тарады яғни таратты.
Уақытша  үкіметті  құлатып,  мемлекетті  билеуге  қылышынан 
қам  танған, «Қызыл»  империя  келді. «Қанына  тартпағанның 
қары  сынсын»  дегендей,  Ақ  пат шаның  басқа  есебінен  алыс  түс-
пейтін,  большевиктер  партиясы ның  көсемдері  қазақ  халқына 
үлкен  қауіппен  қарады.  Оның  да  себептері  бар  еді.  Тумысынан 
қаны таза қазақ – қол бастаса кө сем, сөз бастаса шешен, адал ды ғы 
мен əділдігі, батылдығы мен батырлығы, қарым-қабі лет тілігі ана 
сүтімен дарыған халық еді.
Бір  ұлтты  түгел  жойып  жібере  алмайтындығына  көзі  жеткен 
қара  шекпенділер,  сұрқия  сая сатын  астыртын  жүзеге  асыруға 
кірісті. Яғни, қара халықты қол дан жасалынған ашаршылыққа тап 
қылды.
Бірден-бір,  күн  көріс  көзі – төрт  түлігінен  айырды. «Бай – 
құлақ» деп елдің бас көтерерлерін кəмпескелеп жер аударды. Ұлт-
тың ту ұстарларын тірідей тозаққа айдап, атты, асты.

161
Осыдан 95 жыл бұрын Алаш тың Ахметі:
«Алхамдулла, аз-ақпыз,
Алты миллион қазақпыз!…» – деп, жырлағаны шайтанның құ-
лағына шалынды ма, арада ға сырға жуық уақыт өтсе де, əлі он мил-
лионнан аса алмай жатыр мыз. «Баласы ақ сұңқардың аз болады» 
дегендей, өзге елдердің əйелдері, баланы балағынан бит ше домала-
тып жатқанда, «осы біз неге көбеймейміз?» деген, көлде нең сұрақ 
санадан бір өшпейді. «Ұлы Жұтта» қырылған қандаста рымыздың 
арасында, аштан өл ген алтын құрсақ қазақ əйелінің өмірге келтіре 
алма ған талай-талай алтын айдарлы ұлы мен қырмызы қызы кетті-
ау, деп өкі нерсің. Қайтейік, сенің обалың адамның адамға жасаған 
озбыр лығында.
Бұл сол кездегі Түркістандағы болшевиктердің басшысы И.То-
болин  сияқтылардың: «Марксис тік  көзқараспен  қарағанда,  қыр-
ғыздар мен қазақтар экономика лық жағынан өте əлсіз, сон дық тан 
бəрібір жойылуы керек» –деген Геноцидік пиғылынан туын  даған 
ұлт қасіреті еді.
Тарихта малсыз қазақ болған емес, мал – азығы, мал – киімі, 
мал – көлігі. Малынан айырыл ған намысты қазақ, қорлыққа төз-
бей, шетел ауа көшті. Ал, көш ті! Діттеген жерінен басы аман, бау-
ыры бүтін жете алды ма? Əрине, жоқ. «Көш» деген, өлеңімде:
…. Ауды тағдыр безбені,
Туды зұлмат, бір қауіп.
Көшті, бабам, төзбеді,
Үркерменен бірге ауып.
Қара қайғы өрмегін,
Сөгіп кетіп барады.
Жол жөнекей, өлгенін,
Көміп кетіп барады.
Артып өмір азабын,
Желіп кетіп барады.
Желген сайын қазағым,
Кеміп кетіп барады – деп, қайғыра жырлаппын.
А.Байтұрсынов  айтқан 6 млн.  Халықтың  үштен  екісі  саяси 
нəу бет құрбаны болды деп айтар едік.

162
Осындайда ұлт жандылығы мыз да сыр бергендей.
Мəселен, кешегі екінші дүние жүзілік соғысы жылдарындағы 
елімізге еркінен тыс əкелініп, тұт қынға түскен 39 мың жапон дық-
тарды  өз  мемлекеті  айрықша  көңіл  бөліп,  қайта  жерлеп,  ес керт -
кіштер орнатты.
Сондай-ақ,  Украинаның  Жо ғары  Радасы 2003 жылы  ашар-
шылық жайында ресми түрде халыққа жолдау жолдап, 1932-1933 
жылдары ашаршылықты қолдан жасалған геноцидтік қа сірет деп та-
ныды. Украинада миллиондаған қан дастарын еске алу мақсатымен 
24  қараша  күні,  күн  ұясына  қон ған  кезде  бүкіл  электр  шамдары 
1 сағатқа сөндіріліп, сағаттар тоқ   татылатынын мəлімдеді. Ал, бұл 
ашаршылық біздің халықты айналып өтпегені баршамызға белгілі. 
Ашаршылықты  былай  қойғанда,  аты-жөні  белгілі, «Елім  деп!», 
қазақтың  тəуелсіздігі  үшін  қасық  қанын  қиған  Алаштық тардың, 
яғни қазақ қаймақтары ның күні бүгінге шейін молалары беймəлім.
Кейде  ойлайсын, «осы  бізде  тарихқа  құрметпен  қарау  сезімі 
əлсіреп  кеткен  бе?»  деп.  Əсіресе, 70 жыл  бұрынғы «37-нің  құр-
баны»  болған  қазақ  зиялыларына  деген  құрмет,  ынта-ықылас  өз 
дəрежесінде емес. Өйткені бүгінгі қоғамдағы азаматтарда патриот-
тық  сезім,  өр  рух  аз.  Отанға,  тə уел сіздікке  Қазақстанның  негізгі 
иесі болып табылатын өз ұлты мызға деген мейір-шапағаттан гөрі, 
басқа  жағдай  аттардың  мə селесі  көбірек  алаңдататын  сияқ ты.
Ұлы  тарих  төзімді  де,  шы дам ды. 95 жыл  бұрын  Алаш  көксеген 
Тəуелсіздіктің де күні туды. Дербестікті армандап кеткен Алаштық 
алып ағалардың рухы алдында есеп бермек болсақ: өз мемлекетіміз, 
əз  Əнұранымыз,  төл  теңгеміз,  желбіреген  көк  туы мыз,  ұлттық 
Рəмізіміз  жалпы  мем  лекетке  тəн  атрибуттардың  бəрін  де  алдық.
Атадан балаға мұра болып қалған кең байтақ жеріміздің асты да, 
үсті  де  құнарлы  байлық.  Шайлық  қуып  кетпей,  ара-тұра  рухани 
байлыққа да көңіл бөліп қоямыз. Тəуелсіздікті қанаттаса, қабаттаса 
алған, кешегі бір шек пеннен шыққан көршілерге қа ра ғанда, ады-
мымыз нық, бойы мыз тік. Өзге жұрт есін жинай алмай жатқанда, 
біз  өткенімізге  үңіліп,  өлгенімізді  тірілтіп,  өшке німізді  қайта 
жақтық.  Халық  мерейіне  ие  болған  батырлары мызды  қастерлеп, 
хандарымызға құрмет көрсетіп үлгердік.
Алаш аты атаусыз қалған жоқ.

163
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың пəрменімен «Ұр пақ-
тар сабақтастығы жалғасты». 1997 жылы – «Жалпы ұлттық ке лісім 
жəне  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу»  күні 31-ма мыр 
деп танылды.
Əрбір істе, көшбасшы болып қалыптасқан, оңтүстік өңірінде 
1937  жылғы  жаппай  репрессияға  ұшыраған  аға  буынды  мəңгі 
есте  қалдыру  мақсатында  Шымкент  қаласындағы  «Қайтпас» 
елді-мекенінде «Қасірет» мемориалы бой көтерсе, Тəуелсіздіктің 
10-жыл дығына  орай,  қала  орта лығына  «Саяси  қуғын-сүргін  құр-
бандарына» арналған мұра жай пайдалануға берілді. Бұл қасиетті 
ғимараттың  алқызыл  лентасын  елбасымыз  Н.Назар баевтың  өзі 
қиды.
Дəл  осы  мұражай  бүгінде  алаш  қайраткерлерінің  тарих  қой-
науында  қалаған  қолтаңбасы  «Шолпан»  журналын, «Ақ  жол» 
газеттерін  төте  араб  жазуынан  кириллицаға  көшіріп  кітап 
етіп  шығарып  жатыр.  Осы  «Ақ  жол»  газетін  бүгінгі  таңбаға 
сəйкестендіріп, ұрпағымызға ұсынуға Алаш жолын ұстанған «Ақ 
жол» партиясы да қол ұшын берсе, сауапты іс болар еді.
Бүгінде  алыстан  жылтылдаған  көмескі  жалыны  жалқындай 
тү сіп,  болашақ  ұрпаққа  «Алаш»  деген  ұғыммен,  оның  қайрат-
кер лерінің  аты-жөні  архивтерден  аршып  алынып,  тоң  мой-
ын  та рихтың  мойнын  бері  бұрған  жағ дайымыз  бар.  Оңтүстік 
бастамашылдығымен бағалы. Республикада тұңғыш ашылған та-
рих ақтаңдақтарының шаңын сүртіп, тəу етер орынға айнал дыра 
алғанымыз үшін тəуелсіздікке тəуба айтамыз.
Əлі де, ала алмай жатқанымыз баршылық. Ол не?
Кешегі Алаш қайраткерлерінің көксеген армандарының бір са-
ласы – Тіл!
Тіл – ұлттың  паспорты,  ұлт тың  ұстыны  да  тіл.  Ұлтты  ұстап 
тұрған  да,  рухты  ұстап  тұрған  да – Тіл.  Алдаспандай  өткір  тілі, 
қыран дай  шамырқанған  өр  ек піні  жоқ  қазақ – қазақ  емес.  Жүзге 
жетсек те, күзге жетпей тін əдетіміз бе? Алаш аңсаған ана тіліміздің 
жарасын  əлі  жаза  ал май  келеміз.  Атса  да,  асса  да,  мойы май:
Қаным қайда төгілген?
Қабірім қайда көмілген? – деп, бүгінгі ұрпаққа сұрау салған, 
ке шегі  Алаш  зиялыларымен,  бүгінгі  зиялылардың  арасы  алшақ 

164
жат қан сияқты. Бүгінгі зиялыда үрей басым. Үрей – адам жаны-
на бір алса, өмір бойы сонда қалатын сияқты. Бір мысал келтіре 
кеткім келіп тұр. Баршаңызға белгілі Ақмола облысындағы «Ма-
линовка»  де ген  жерде, «халық  жаулары» – деп  табылған  зиялы 
азаматтардың əйелдерін апарып тоғытқан «Ал жир» яғни, «Отанын 
сатқан дар дың əйелдері» отырған лагерь бар. Тəуелсіздік алғаннан 
кейін бүгінгі күнге аман жеткен көзі тірі аналарға үкімет тарапы-
нан басын жиып, құрметтеп, сый-сия пат жасайды. Қайран, аналар, 
алғыстарын  айтып,  мəз-мейрам  болып  отырғанда,  өткен  шақта 
сол лагерьде комендант болып іс теген кісі келе қалады. Əлгі əже  -
лер,  қорыққандарынан  тізе лері  дірілдеп,  отырған  орында рынан 
тұра қашады. Міне, бұл аналардың бойындағы бұрын қалыптасып 
қалған үрей.
Біз, 2006 жылы  желтоқсан  айында,  репрессияға  ұшыраған-
дардың  ұрпақтары  мен  белгілі  ғалымдарды  шақырып,  конфе-
ренция  өткіздік.  Атын  айтпай-ақ  қояйын,  үлкен  ғалым,  көптеген 
мемлекеттік  наградалардың  иесі,  жасы  жетпістен  асқан  бір  абыз 
ағамыз да келді. Жол бойы əке сінің «халық жауы» ретінде аты лып 
кеткендігі мен жетімдікпен өткен өмірін ой елегінен өткізіп келген 
болуы керек, күтіп алушы жігіттер, «Сіз сол кісісіз бе?» – деп аты-
жөнін сұрағанда, ол өз ойының шырмауынан шыға алмай, «Жоқ, 
мен емеспін деп», қайта вагонға кіріп кет кенінің куəсі болды.
Бұл да, бала кезден қалып тасқан үрей!
Сондықтан,  зиялы  қауым  өкіл дері  мен  бүгінгі  ұрпағы мыз – 
жастар,  сіздер  мен  біздер,  Алаш  ардақтылары  салып  кет кен  Ақ 
Жолмен  «Ертеңшіл»  жолмен  жүрейік,  Тəуелсіз  мемлекетіміздің 
көк туын жасқанбай, жасымай, жоғары көтере берейік!

165

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет