Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев


Алаш  идеясы – Қазақ  елін  Еуропа  жолымен  жаңғырту



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#6475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Алаш  идеясы – Қазақ  елін  Еуропа  жолымен  жаңғырту.
Оған басқа ұлт өкілдерінің күдікпен қарауына негіз жоқ екенін 
көрсету
– Кешіріңіз, сөзіңізді бөлейін. Кон фе ренцияны қандай пішінде 
өт кіз бек шісіздер?  Алаш  мұрасы – тым  ау қым ды  мұра.  Оны  бір 
конференция шең беріне сыйғызу да оңай емес қой…
–  Сондықтан  да  біз  Алаш  қайрат кер лерінің  көзқарастарын 
жүйелеуге  ұм ты лып,  үш  секциялық  бағытта  тақы рып тарға 
бөліп  қарастыруды  жөн  деп  таптық.  Оның  біріншісі: «Алаш» 
көш бас шыларының  мемлекеттілікке,  ұлт тық  құндылықтарға 
көзқарастары»  бо йынша  баяндамалар  жиынтығын  құ рай ды.  Кез 
келген ұлт үшін мем ле кет тілік басты құндылық болып табылады. 
Əлихан Бөкейханов айтқандай, мем ле кет тілігі жоқ халық – жетім 
халық. Алаш идеясының өзегі де ұлттық мем лекеттілік дербестік. 
Бүгінгі Қазақстан Республикасы – Алаштың бұл арма ны ның іске 
асқанының көрінісі. Алаш көш басшылары қазақ қоғамын біртін-
деп Еуропа деңгейіндегі өркениеттің озық жетістіктерімен ақылға 
қонымды ұштастыру негізінде сол замандағы нақ ты жағдайларға 
бейімдеуді  өзде рі нің  анық  та  айқын  мақсаты  тұтты.  Қазақтың 
белгілі тарихшысы Манаш Қозыбаевтың сөзімен айтсақ, «ХХ ға-
сыр да  ұлт-азаттық  қозғалысының  жа ңа  сатысы  басталды.  Оның 
басы-қасында  «Оян,  қазақ»  ұранымен  шыққан,  демо кра тиялық 
Ресейдің  құрамында  қазақ  елін  еуропалық  жолмен  дамытуды, 
жаң ғыртуды көксеген реформаторлар (Əли хан Бөкейханов, Ахмет 
Бай тұр сы нов, Мір жақып Дулатов, Мұстафа Шо қай) бастаған ұрпақ 
жүрген еді» («Егемен Қазақстан», 1996 жылдың 6 жел тоқсаны).

14
Түркістан  автономиясын  жария ла ған  Алаш  қайраткерлерінің 
жапон дық тар ды  үлгі  тұтқан  шығыстық  (Мұстафа  Шоқай) 
бағыттағы  ұстанымдары  да  маңызды.  Жапонияның  өзі  Еуропа-
дан  үйрене  отырып,  ілгері  дамудың  жолына  шыққанын  ескер-
сек,  олардың  ұста ным дарында  алшақтықтардың  көп  емес ті гі не 
де  көз  жеткізесің.  Алаш  көшбасшы ла рының  ұлылығы  да  сонда, 
олардың таптық жіктелуге де, ұлтшылдық то ма ға-тұйықтыққа да 
ұрынбауында. Біз осы ны да көрсете алуымыз керек. Олар қазақтың 
жоғын жабайы ұлтшылдық сарынмен жоқтамаған. Өзге азшы лық-
тағы ұлттардың өкілдерінің құқығын шектемейтін қазақ ұлтының 
елді бі рік тірушілік идеясын Алашорда үкіметін сайлаған съездің 
өзінде  жария  еткен. «Алашорда»  Уақытша  ұлттық  кеңесінің 
құрамы 25 адам болып бекітіліп, 10 орын ның қазақтар арасындағы 
орыс  жə не  басқа  ұлттардың  өкілдеріне  қал ды рылуының  өзі  көп 
жəйтті  аңғартады.  Осы  кезге  дейін  Алаш  дегенде  басқа  ұлт тың 
өкілдері  осы  қозғалысты  ұлт шылдық  бағытта  деп  қана  пайым-
дап,  оған  күдікпен  қарайды.  Біз  осы  күдікті  жоққа  шығаруымыз 
қажет.  Күдік  қа шанда  білместіктен  туады.  Ал  бізде  күні  кешеге 
дейін алаш ор да лықтарды тек ұлтшылдық тұр ғы сы нан қарастыру 
белең  алғаны  рас.  Алаш  қозғалысының,  оның  қайраткерлерінің 
дəрежесін  орыстарға,  басқа  ұлттардың  өкілдеріне,  өзім  сияқты 
орыс тілінде білім алған қазақтарға да, бір сөзбен айтқанда, орыс 
тілді  аудиторияларға  да  түсіндіру  қажет.  Сол  себепті  біз  конфе-
ренцияда  орыс  тілінде  де  баяндамалар  жасауға  мүмкіндік  беріп 
отырмыз. Алда өткізілетін шараларда да осындай ұстанымда бола-
мыз. Өйткені, Алашты өзіміз ғана біліп, сол білгенімізбен мақтану 
үшін емес, Алаш идеяларын түсініп, оны жүрегімен қабыл дай тын-
дарды  көбейту  үшін  осылайша  істеу  керек  деп  санаймын.  Алаш 
идеясын  біржолата  ысырып  тастауды  көздеген  кеңестік  жүйеде 
өмір сүрген кездегі ойлау жүйесінен, сол кездегі пси холо гия лық 
пиғылдан тұтастай арылуға күш жұмсағанымыз абзал. Алаш иде-
ясын əрбір қазақстандық үшін елді ажырататын емес, біріктіруші 
мақсатқа пайдалануымыз керек.
Екінші – «Алашордалықтардың  эко но микалық  тұжырым-
дамалары туралы» өтетін секцияның да жүктемесі жауапты. Алаш 
партиясының,  сол  пар тия ның  негізінде  құрылған  Алашорда  үкі-

15
метінің  бағдарламасының  интеллек туал дық-саяси  деңгейінің 
жоғарылығы бұл мəселеге де бүгінгі күннің биігінен, ертеңгі алар 
асуларымыздың талаптары тұрғысынан келгенді қалайды. Ол сол 
кезеңдегі  беделді  саяси  пар тия лардың  бағдарламаларынан  бірде 
кем емес. «Алаш» партиясының бағдар ла масы, бі ріншіден, Қазақ 
елін өзінің бөлін бей тін территориясы бар, отар лық тəуел ді ліктен 
азат  елге  айналдыруды,  екін ші ден,  қазақ  халқының  өмірін  жаңа 
са паға көтеруді көздеді. Яғни, олар елде пəрменді реформалық ша-
раларды іске асырғылары келді. Кез келген мем ле кет тің тұрақты 
жəне тиімді өмірлік қызметі үшін сол елдің эко но ми калық дамуын 
қамтамасыз етудің маңызы зор екенін Алаш қайраткерлері жете тү-
сін ді. Оны ұлттық басым дық тардың бірі ретінде қарастырды. Алаш-
ордалық тар дың көбі ұлттық буржуа зияның өкіл дері болғандықтан 
да жер мəселесін, кəсіпкерлік, жеке меншік мəселелерін ел эконо-
микасынан бөліп қарамаған, оны экономикалық өсудің негізі деп 
санаған. Біз «Алаш» қай рат керлерін сая саткер ретінде ғана білмей, 
олардың əрқайсысының білікті мамандар бол ға нын да көрсетуіміз 
керек. Бұл тақы рыпқа жаңа қырынан келіп, ашып көрсетуді белгілі 
практик-экономист,  Парламент  Мəжілісінің  депутаты, «Ақ  жол» 
партиясының парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, 
үш қазақ баласының анасы Екатерина Сергеевна Никитинскаядан 
сұрап отырмыз. Еге мендігіне ие болған ел үшін терри ториясының 
тұтастығын қалыптастыру қандай маңызды болса, табиғи байлығы 
мен қоғамдық игілігін қорғап, экономиканы жаңғырту да сондай 
маңызға ие.
«Ақ  жол»  партиясы  экономиканы  əлеуметтік  дамудың 
міндеттерін  тиімді  шешудің  құралы  ретінде  қарастырады.  Сол 
себепті де біз «Алаш» көш бас шы ларының əлеуметтік жаңғыртуға 
көз қа растары» мəселесіне үшінші секция ая сындағы баяндамаларда 
ерекше тоқ тал сақ деп отырмыз. Қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, 
заманға  бейімдеуді  мақ сат  еткен  «Алаштың»  асыл  мұраттары 
біздің қазіргі жедел жаңғыру, модернизация бағытымызбен үндес 
келеді.  Қа зақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаев 
еліміздегі əлеуметтік, сондай-ақ жаһандық экономикалық жəне са-
яси үдерістер үшін тұжы рым да ма лық маңызы аса зор Əлеуметтік 
жаң ғырту бағдарламасын ұсынып, оның халқымыздың қолдауына 

16
ие болып отырғаны белгілі. «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің 
пленумы  бұл  мəсе лені  арнайы  қарап,  онда  Мемлекет  басшысы 
ұсынған бағдарламаны еліміздің бұдан əрі дамуының стратегиялық 
ба ғыты  ретінде  толық  қолдайтынымызды  жəне  оны  іске  асыру 
үшін  белсенді  түрде  атсалысатынымызды  мəлімдеген  болатын-
быз. Шын мəнінде, бұл бағ дар лама мемлекетіміздің дамуына жаңа 
талаптар  қойып,  халқымыздың  ұлттық  мүд делеріне  сай  келетін 
жаңа құн ды лық тар жүйесін қалыптастырып отыр.
«Алаш» отандық өндірісшілерді қолдады
–  Алаш  арыстарының  да  арман да ғаны  осы  ұлттық 
мүддеміздің  үде сі нен  шығатын  құндылықтар  ғой.  Əри не, 
конференцияларыңызда  аса  маңызды  тақырыптарға  ден  қойып 
отыр екенсіздер. Оның мазмұнын күні бұрын тұтас ашып беріңіз 
деуден аулақпыз. Оның үстіне, бəрімізді толғандыратын мəселені 
көте ре тін бұл шараларыңыздан біз де сырт қалмаспыз. Дегенмен, 
Алаш қайрат керлерінің бүгінгі заман талабына сай келетін кейбір 
идеяларының ше тін шығарсаңыз.
– Біз осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрынғы Алаш арманын 
бүгінгі Қа зақ стан бейнесінен көруге тиіспіз. Алаш ор да үкіметінің 
төрағасы Əлихан Бө кей ханов «қазақтың қойының жүні тоқылып, 
үстіне киім, əрбір темірі өзіне түйме болуы тиіс», деп сол заманның 
өзінде нарықтық экономикаға, ұлттық бизнестің дамуына үндеді. 
«Алаш» қозғалысының көшбасшыларының бірі, сол кезеңдегі ұлт 
ұстазы  болған  Ахмет  Байтұрсынов: «Біз  бай,  білімді  həм  күшті 
болуымыз  керек.  Білімді  болуға – оқу  керек!  Бай  болуға – кəсіп 
керек!  Күшті  болуға – бірлік  керек!  Осы  ке рек тердің  жолында 
жұмыс істеу керек!» деген еді. «Алаш» идеяларына терең і рек үңіле 
бастағаннан бері көзім мы на ған жетті. Біз қазір ұлттық экономика 
мен ұлттық бизнестің мүддесін заң шығарушылық жұмыста бол-
сын, əртүр лі жиындарда болсын, барынша қорғап жүргенде Алаш 
идеяларынан бір сəтте де алшақ кеткеніміз жоқ. Бұл орайда, мен 
өткен  ғасырда  қазақ  тарихын  сом да ған  Алаштың  ардақты  аза-
мат тары ның бірі Санжар Аспандия ров тың келесі сөздеріне назар 
аударғым  келеді: «Первый  период  подавления  колонизаторских 
отрыжек  прошлого,  предоставления  всех  политических  прав  ра-
нее угнетенными нациями решен и решен блестяще. …Но это еще 

17
полдела.  Надо  закрепить  сделанное,  ибо  экономические  взаимо-
отношения  между  нациями  определяют  все  остальные  отноше-
ния… Нужно изучать условия развития народного хозяйства каж-
дой  отдельной  нации,  живущей  в  Туркестане,  ибо  эти  пути  раз-
вития для каждой из них совершенно самобытны». Тіпті елімізді 
индустрияландыру  бағытында  дамы ту дың  қажеттілігіне  дейін 
Алаш білім дар лары айтып кетіпті. Олар отбасында материалдық 
мүмкіндіктері жет кілікті жəне жеке бастарының интел лек туал дық 
қабілет-қарымы мол бол ған дықтан, еуропалық деңгейде білім ала 
алған.  Көпшілігі  орыс  тілін  жетік  меңгерген,  мақалаларын  орыс 
тілінде жазған.
Смағұл Сəдуақасов Қазақстанды же дел дамыту ниетімен Го-
лощекинмен  оның  ұлттық  республикалардағы  өтірік  «индустри-
яландыру» деп аталған қи тұрқы саясатына ашықтан-ашық батыл 
қарсы шыққан. «Почему Голощекин не может или, вернее, не хо-
чет идти дальше шерстомоек, тогда как само собой напрашивается 
и организация суконных фабрик», дей келе, Сəдуақасов өзінің «О 
национальностях  и  националах»  атты  мақаласында  мынадай  өте 
орынды сұрақ қояды: «Не легче ли железной дороге сразу вывоз-
ить из Казахстана готовое сукно, чем два раза таскаться то с вымы-
той шерстью, то обратно с «московским» сукном из этой шерсти?» 
Сəдуақасовтың елдің ши кі зат базасы болып шектеліп қалуына сол 
кезеңде қарсы шыққаны көрініп тұрған жоқ па? Ал енді ол көтерген 
осы мəселенің қазіргі күн үшін маңызы жоқ деп кім айта алады? 
Өмір ден  қыршын  кеткен  Алаш  азаматы  См а ғұл  Сəдуа қа совтың 
экономикалық тұжы рымдама сы ның өзі бір баяндамаға арқау бо-
лар лықтай екен. Қазір еліміз үдемелі ин дус триялық-ин новациялық 
даму  бағ дар  ла масын  жүзеге  асыруға  бел  шеше  кіріскен  кезде 
мұны  конференциямызда  жеке  баяндама  етіп  шығарайық  деп 
ұйғардық.  Парламент  Мəжілісінің  екі  шақырылымының  депута-
ты болған қо ғам қайраткері, экономика ғылым да ры ның докторы, 
профессор Мырза гел ді Кемелдің бұл тақырыпты толық мең геріп, 
қатысушылардың  қы зығушы лы ғын  туғы за  алатынына  шүбə міз 
жоқ.  Кеңес  үкі метінің  құрамында  жұмыс  істеуге  мəж бүр  бола 
жүріп,  республика  мүд де сін  жанқиярлықпен  қорғаған  Алаштың 
аяулы  ұлдарының  өмірінен  мұндай  мысалдарды  көптеп  келтіре 
беруге болады…

18
Меніңше,  біз  əлі  Алаш  идеялары ның  əлеуетін  толық  аша 
алғанымыз  жоқ.  Өз  басым,  алдағы  конференцияда  жасалатын 
баяндамалардан  біржақты  емес,  сан  қырлы,  жан-жақты  мəлі мет-
тер  аламыз  деп  үміттенетінімді  жасырмаймын.  Бос  сөздің  емес, 
нақты  іс тер дің  партиясы  ретінде  өмірде,  күнделікті  тəжірибеде 
қолданылатын  құнды  ойлар  көп  айтылғанын  қалаймын.  Бізге 
Алаш идеяларының тереңіне бойлай алмай, дилетанттық деңгейде 
«білгір» болып жүргендердің пікірлері керек емес. Тек дилетант-
тар  ғана  Алаш  идеяларын  елді  артқа – ХІХ  ғасырға  тартатын 
«изоляционизм»  идеологиясы  деп  тү сі не ді.  Ал  біз  Алаш  идеяла-
рын  елімізді  ХХІ  ғасырда  өркениетті  мемле кет тер дің  қатарына 
енгізетін,  қоғамымызды  жаң ғыртатын  ұстаным  ретінде  қа рас-
тырып  отырмыз.  Сондықтан  да  бізге  шынайы  білімді,  жүйелі 
көзқа ра сы  бар  мамандардың  пікірлері  қымбат.  Сол  себептен 
де  біз  «Алаш»  ұлт-азат тық  қозғалысы  туралы  ұзақ  жылдардан 
бері  ғылыми-зерттеулер  жүргізіп,  осы  қозғалыстың  көрнекті 
қайраткерлерінің  қоғамдық-саяси  қызметі  мен  шығар ма шылық 
мұрасына ғылыми талдау жа сау мен айналысып келе жатқан алаш-
танушы ғалымдарды: Дихан Қамза бек ұлын, Амантай Шəріпті, Зи-
ябек Қабыл ди нов ті, Омар Темірбековті, Қайрат Сақты, Алматыдан 
Халықаралық «Қазақ» тілі қо ға мының президенті, академик Өмір-
зақ  Айтбаев  ағамызды,  Семейден  алаш та ну шы  ғалым  Тұрдықұл 
Шанбайды конференциямызға қатысып, баяндамалар жасау үшін 
шақырып отырмыз.
– Алаш арманы, қазақтың бүгінгі ең үлкен бағы да, ең үлкен 
байлығы да болып отырған – тəуелсіздігіміз. Ендеше, біз Қазақстан 
Тəуел сіз дігінің  бастауында  тұрған  Алаш  арыстарына  қандай 
құрмет көрсетсек те ар тық емес. Қалай ойлайсыз, осы ба ғыт та біз 
тым кешеуілдеп жатқан жоқ пыз ба?
–  Орынды  сұрақ  қойып  отырсыз. «Ақ  жол»  партиясының 
парламенттік фрак циясы Үкіметке Алаштың 95 жыл дығын қалай 
атап өткелі отырғанын сұрап, депутаттық сауал жолдадық. Алаш 
арыстарының  рухын  жас  ұрпаққа  сіңіру  үшін  бұған  мемлекет 
кешенді  түрде  келіп,  баса  назар  аударуы  тиіс. «Алаш»  мəселесі 
бойынша  ортақ  тұжы рымдар  қалыптастырып,  бұл  тақы рып-
ты зерттеудің ұстанымдарын айқындай түсу қажет. Ең алдымен, 
мектеп  оқу лықтарында  жеткілікті  көлем  берілуі  керек.  Ал  қазір 

19
«Қазақстан  тарихы»  оқу лығында  бар  болғаны  бір  жарым  бет 
қана.  Жас  ұрпақ  тарихымызды  жетік  білмейді,  осы  кемшіліктің 
орнын  тол тыруға  күш  жұмсауымыз  керек.  Əрбір  қалада  Алаш 
қайраткерлеріне  ескерт кіштер  орнатылуы  тиіс.  Мəселен,  біз 
депутаттық  сауалымызда  Алаштың  ордасы  болып,  Алаш қала 
аталған қазіргі Семейдегі Ертіс өзенінің сол жаға ла уындағы Ала-
шорда үкіметі мен Алаш партиясы тұрған үйге ескерткіш тақта ор-
натып, ол үйді мұражайға айналдыру кезек күттірмейтін мəні зор 
мəселе екенін атап өттік. Жоғары оқу орындарында Алаш идеясын 
оқыту  жүйеге  айналуы  керек.  Алаш  мұрасы  мен  тарихы  туралы 
кітаптар мемлекеттік тапсырыс пен шығарылуы тиіс. Біз өз тара-
пымыздан партиямыздың Ақылдастар ал қа сының мүшесі, елімізге 
танымал  ақын  Ханбибі  Есенқарақы зының  тіке лей  бас тамасымен 
Алаштың көрнекті қай рат керлерінің бірі Сұлтанбек Қожа новтың 
басқаруымен 1920-1926 жылдары  Ташкент  қаласында  шығып 
тұрған, Алаш ардақтыларының мінбері болған «Ақ жол» газетінде 
төте  жазу  түрінде  жарияланған  материалдарды  қа зіргі  əліп биге 
көшіріп,  жазылған 2 том дық  зерттеу  кітаптарын  жарыққа  шыға-
рып беруге көмектесетінімізді айттық. Уəде бердік, орындаймыз. 
Бұл да ортақ іске қосқан үлесіміз болмақ.
Бірақ тек кітап шығарумен ғана іс бітпейді, олар кітапханалар 
сөрелерінде  шаң  басып  жататын  болса,  одан  не  пайда?  Соны 
оқуға оқырмандардың қы зы ғушы лығын тудыратын, Алаш идеяла-
рын іске асыра алатын тетіктерді із дес тіре беруіміз керек. Біз бір 
конферен ция мен барлық мəселені шешіп тастаймыз деп отырған 
жоқпыз.  Баспасөз  бет теріне  шыққан  Алаш  тақырыбындағы 
ғылыми  еңбектерге,  тарихи,  журна лис тік  зерттеулерге  студент-
тер,  жас  ға лым дар  жəне  журналистер  арасында  бəйге  жариялап, 
оның  қоры тын дысын  жыл  сайын  шыға рып  тұруды  жоспарлау-
дамыз.  Орыс  тілді  аудиторияларды  Алаш тың  бай  мұрасына  тар-
ту,  үрей  мен  күдіктен  арылту  мақса тында  орыс  тілді  бұқаралық 
ақпарат  құралдарында  шық қан  жұмыстар  үшін  байқаудың  жеке 
номинациясы  бел гіле неді.  Байқау  жеңім паздары  атанған дар  осы 
жұмыстарын негізге ала отырып, біздің келешекте өткізетін кон-
ференцияларымызда  баяндамалар  жасайтын  болады.  Яғни,  біз 
«Алаш» партия сының жолын қуған партия ретінде дəстүр қалып-
тастыру ниетіндеміз.

20
Алдымызда – «Алаштың» 100 жылдығы
–  Ниеттеріңіз  жақсы  екен.  Бірақ  мұндай  жүктемелердің 
бəрін  бір  пар тияның  алып  жүруі  қиын  ғой.  Бұған  бүкіл  қоғам 
жұмылдырылуы  керек  шығар…  Азат  Тұрлыбекұлы,  сұхбат 
бергеніңіз  үшін  рахмет  айта  отырып,  əңгімеңізді  қысқаша 
түйіндеуіңізді сұраймын. Конференция қорытын ды сымен қандай 
да бір құжат қа был дана ма?
– Біз қазірдің өзінде жеке-дара емес, Еуразия университетінің 
алаштанушы 
ғалымдарымен 
қоян-қолтық 
жұмыс 
жасап 
жатқанымыздан хабардар еттім. Ал дағы уақытта да бірлесіп жұмыс 
істеуге дайынбыз. Мен мынаны ашық айтқым келеді: «Алаш» жеке 
ұйымның, жеке партияның басыбайлы меншіктеп алатын «мүлкі» 
емес, біз Алаш жолымен жүреміз деп тірлік жасап, іс тындырамыз 
деп ниеттенгендердің не ғұр лым көп болға нын қалаймыз. Былтыр ғы 
жылы «Нұр Отан» партиясы Əлихан Бөкейхановтың 145 жылдығына 
орай  ғылыми-прак тика лық  конференция  ұйым дастырды,  шетел-
дерден де ға лым дар шақырылды. Оған біраз ақжол дықтар, мен де 
қатыстым.  Басқа  пар тия лар,  қоғамдық  ұйымдар  үшін  де,  əсі ресе, 
ғылыми  қауым  үшін  бұл  бағытта  атқарылғаннан  атқарылмаған 
істер көп. Енді 5 жылдан кейін, 2017 жылы Алаш қозғалысының – 
Алашорданың құрыл ға нына 100 жыл толады. «Ақ жол» – бір күннің 
партиясы емес, саяси ұйым ре тінде еліне, мемлекетіне қызмет еткісі 
келетін,  мемлекетшіл  азаматтардың  пар тиясы.  Біз  ұзақ  мерзімді 
стра те гия лық  бағ дарларымызды  белгілеп,  пар тия ның  бүгінгі  ғана 
емес, ертеңгі іс те рін жүйе леуіміз керек. Сондықтан да осы бағытта 
жұмыс істеп, Алаш қоз ға лы сының 100 жылды ғына дейінгі ара лық-
та қоғамдық санаға ой енгізіп, Алашорданы, Алаш қайраткерлерін 
лайық ты  ұлықтау  қажет  екендігіне  Қазақ  елі  Үкіметінің,  барша-
ның көзін жеткізіп, табандылықпен түсіндіре береміз. Біз «Алаш» 
қозғалы сының 100 жылдығын  еліміздің  өмірін дегі  аса  маңызды 
ке зең дік  оқиға  ретінде  бағалап,  оның  дайын дығына  Үкіметті, 
Парламентті,  басқа  да  мемле кеттік  органдар  мен  қоғамдық 
ұйымдарды қазірден кірісуге шақы ра мыз.
– Əңгімеңізге рахмет. Ойға алған істер үдесінен шыға беріңіздер
Əңгімелескен Самат МҰСА, 
«Егемен Қазақстан».

21
АЗАТ ПЕРУАШЕВ: 
Нужно развеять миф об «узколобом национализме» 
движения «Алаш» (газета «Бизнес и Власть», 
23 ноября 2012 года)
Идеи «Алаша» имеют прежде всего практическое значение
– 23 ноября  партия  «Ақ  жол» 
проводит  конференцию  «Актуальность 
идей движения «Алаш» в XXI веке». Азат 
Тұрлыбекұлы,  что  подтолкнуло  вас  к 
проведению этого мероприятия?
–  Действительно,  мы  инициировали 
проведение  этой  конференции.  Демо-
кратическая  партия  Казахстана  «Ак 
жол»  всегда  заявляла  себя  одним  из 
последователей 
движения 
«Алаш». 
Это  подчеркивается  и  в  предвыборной 
платформе, и в других документах нашей 
партии.  Мы  считаем,  что  очень  важно  распространять  и  примерять 
к  требованиям  нынешнего  дня  идейное  наследие  видных  деятелей 
«Алаша»,  которые  и  сегодня  могут  служить  примером  в  служении 
народу и стремлении к лучшему. 
Как известно, в текущем году движению «Алаш» исполняется 
95 лет. Этот юбилей имеет совершенно точную дату – на прохо-
дившем в г.Оренбурге с 5 по 13 декабря 1917 г. втором всеказах-
ском курултае был создан Национальный Совет – первое в совре-
менной истории казахское правительство Алашорда. Таким обра-
зом, 13 декабря 1917 года – день образования Алашорды. 
Этому юбилею и посвящена научно-практическая конферен-
ция «Актуальность идей движения «Алаш» в модернизации казах-
станского общества в XXI веке», которую мы проводим в эти дни 
при  поддержке  Евразийского  национального  университета  им. 
Л.Н.Гумилева.
К  участию  в  нашей  конференции  приглашены  ведущие  ала-
шеведы, известные учёные, общественные деятели, представители 
творческой интеллигенции, студенты ВУЗов, журналисты. Двери 

22
конференции  открыты  для  всех  интерсующихся  данной  темати-
кой.  Пользуясь  предоставленной  возможностью,  сообщаю,  что 
конференция начнёт работу в 10 часов утра 23 ноября, в Астане, 
во дворце «Тілеп Қобыз» по ул. Ханов Керея и Жанибека,18. 
– В таком случае расскажите о целях и задачах этой конферен-
ции.
–  Отмеченное  выше  создание  автономного  правительства 
Алашорды в начале ХХ века, считается расцветом казахского на-
ционально-освободительного  движения.  Лидеры  Алашорды  во-
плотили  мечту  народа  о  самоуправлении.  И  хотя  жизнь  первого 
казахского правительства оказалась недолгой, она послужила до-
казательством,  что  наш  народ  способен  к  собственной  государ-
ственности. 
К сожалению, этому правительству не удалось достигнуть по-
ставленных целей эволюционным путём. Но самая главная заслуга 
деятелей Алаша – создав полнокровные партию и правительство 
в то крайне нестабильное и трудное время, они вышли на защиту 
коренных  интересов  своего  народа  и  сделали  всё  что  было  воз-
можно, чтобы стать поддержкой и опорой всех казахов. 
Думаю, что несмотря на юридическую реабилитацию руково-
дителей Алашорды, мы, к сожалению, до сих пор по достоинству 
не оценили всего сделанного ими. Получившее большое истори-
ческое значение появление движения Алаш, его идеи и програм-
мы  имели  целью  становление  национальной  государственности. 
Изучая  политическую  платформу  партии  «Алаш»  и  жизненный 
путь её лидеров, можно заметить, что многие их взгляды на поли-
тические,  экономические,  социальные  и  национальные  ценности 
не потеряли своей актуальности для модернизации казахстанского 
общества и в XXI веке.
Поэтому для нас наследие Алаша представляет не только те-
оретико-исторический  интерес,  а  является  прежде  всего  практи-
ческим  вопросом.  Цель  конференции – попытаться  исследовать 
востребованность взглядов ведущих деятелей Алаша на государ-
ственное  строительство,  социально-экономические  и  националь-
ные  вопросы  в  современных  условиях,  изучить  существующие 
концепции и мнения. Другая задача – через освещение идейного 

23
наследия Алаша, побудить общественность к пониманию истин-
ного значения нашей независимости. 
Главная идея Алаша – модернизация казахской нации по 
европейской модели
– Извините, я вас прерву. А в каком формате пройдёт конфе-
ренция? Наследие Алаша – весьма обширно. Его вряд ли возмож-
но уместить в рамки одной конференции...
– Именно поэтому мы, систематизируя подходы деятелей Ала-
ша, решили что будет правильно рассматривать их на трёх темати-
ческих  секциях.  Первая  секция  будет  обсуждать  взгляды  лидеров 
Алаша на государственность и национальные интересы. Для любой 
нации главной ценностью является государственность. Как отмечал 
Алихан Бокейханов, «Народ без государства – сирота». Сердцеви-
на идеи Алаша – государственная самостоятельность. Сегодняшняя 
Республика Казахстан – реальное воплощение этой мечты.
Руководители Алаша считали своей ясной целью постепенное 
и осмысленное приближение казахского общества к европейскому 
уровню и лучшим достижениям цивилизации того времени.
Говоря  словами  известного  казахского  историка  Манаша 
Қозыбаева, «В ХХ веке начался новый этап национально-освобо-
дительного  движения.  Во  главе  него,  с  лозунгом  «Проснись  ка-
зах»,  шли  реформаторы,  мечтавшие  о  модернизации  и  европей-
ском пути развития казахского народа в составе демократической 
России  (Əлихан  Б.,  Ахмет  Б.,  Міржақып  Д.,  Мұстафа  Шоқай)» 
(«Егемен Қазақстан», 6 декабря 1996 г.). 
Важны  и  взгляды  деятелей  Алаша,  объявивших  Туркестан-
скую автономию, которые рассматривали в качестве примера вос-
точное,  японское  направление  (Мұстафа  Шоқай).  Если  иметь  в 
виду, что и Япония пошла именно по европейскому пути развития 
с национальной спецификой, то эти подходы, как выясняется, не 
так уж и отличались. 
Особое величие лидеров Алаша состоит в том, что в то труд-
ное время они сумели избежать как классового антогонизма, так 
и национальной и социальной вражды. Считаю, что об этом нуж-
но говорить прямо: они искали решения нужд казахов без единой 
нотки узколобого национализма.

24
Прямо  на  избравшем  правительство  Алашорды  съезде  была 
заявлена идея национального объединения казахского народа, не 
ущемляющая,  а  защищающая  права  представителей  националь-
ных меньшинств. 
О многом говорит уже тот факт, что из 25 членов в утверж-
денном составе Временного национального совета Алашорды, 10 
мест  было  отдано  русским  и  представителям  других  националь-
ностей. 
К сожалению, среди многих русскоязычных казахстанцев до 
сих пор имеет место настороженное восприятие движения Алаш, 
как  крайне  националистического  и  изоляционистского,  что  по-
рождает недоверие к его идейному наследию.
Мы  должны  развеять  эти  опасения  как  безосновательные,  и 
связанные больше с советской пропагандой и нынешними спеку-
ляциями, чем с действительными взглядами движения Алаш. 
Сомнения  происходят  от  незнания.  И  действительно,  вплоть 
до  последнего  времени,  Алашорду  по  инерции  большевистского 
агитпропа рассматривали преимущественно с точки зрения наци-
онального  вопроса,  как  и  сама  эта  тема  обсуждалась  преимуще-
ственно в казахоязычной среде. Именно в «совковом» представле-
нии алашевцы – этакие баи-националисты, полубелогвардейского-
полубасмаческого образа. 
Между  тем,  многие  лидеры  Алаша  были  высокообразован-
ными интеллигентными людьми, прекрасно владели как родным, 
так и русским языком, оканчивали учебные заведения в России и 
писали статьи в русскоязычной прессе. Они безусловно были луч-
шими  сыновьями  и  патриотами  казахского  народа,  и  никогда  не 
были ксенофобами. При этом ими прямо ставился вопрос о госу-
дарственном статусе казахского языка, без ущемления представи-
телей других народов.
Думаю,  что  для  адекватного  восприятия  и  популяризации 
идей  Алаша,  важно  не  только  гордиться  их  знанием,  но  и  при-
общать  к  нему  всё  более  широкую  аудиторию.  Поэтому,  при-
шло  время,  активно  приобщать  к  идейному  наследию  первой 
отечественной  политической  партии  и  русскоязычную  аудито-
рию,  и  самих  казахов,  вроде  меня  получивших  образование  на 

25
русском  языке.  Тем  более,  что  обширное  творческое  наследие 
«Алаша»  включает  и  большой  массив  русскоязычных  докумен-
тов (публикаций, деловой переписки и т.д.). Для этого на нашей 
конференции  будет  дана  возможность  выслушать  ряд  докладов 
и на русском языке, и мы будем придерживаться такого подхода 
в дальнейшем.
Возвращение «Алашу» его подлинного, просветительского и 
цивилизационного содержания – наш гражданский долг в восста-
новлении исторической справедливости и преодолении одного из 
самых стойких стереотипов тоталитарной системы.
Идеология Алаша – это не идеология разделения казахстанцев 
по национальному признаку, а идеология прогрессивного, цивили-
зованного, про-европейского развития страны, на основе государ-
ственной самостоятельности (автономии).
Не  менее  важна  для  нас  и  тема  второй  секции – «Экономи-
ческие  взгляды  лидеров  Алашорды».  Интеллектуальный  уро-
вень рассмотрения экономических вопросов в программе партии 
«Алаш»  и  правительства  Алашорды,  вызывает  уважение  даже  с 
высоты сегодняшнего дня. 
По этому компоненту программа партии «Алаш» по достоин-
ству стоит в одном ряду с политическими программами ведущих 
партий того времени. Эта программа, в частности, стремилась за-
крепить наличие единой и неделимой территории казахского на-
рода, формирование государственности, свободной от колониаль-
ной зависимости. Важнейшей задачей ставилось повышение жиз-
ни казахского народа на новый качественный уровень.
Лидеры  «Алаша»  осознавали,  что  в  любом  государстве,  для 
стабильного  и  успешного  жизнеобеспечения,  крайне  важно  до-
стижение эффективной экономики. Они рассматривали экономи-
ку как основной потенциальный ресурс национального развития. 
Алашординцы вплотную подошли к проработке глубоких полити-
ческих и социально-экономических реформ.
Поскольку многие из деятелей Алашорды были представите-
лями национальной буржуазии, они понимали, что основой эконо-
мического роста должны быть вопросы землепользования, пред-
принимательства и частной собственности.

26
Поэтому  сегодня  недостаточно  знать  только  о  политических 
взглядах  деятелей  «Алаша»,  необходимо  изучать  их  подходы  в 
конкретных сферах и отраслях, специалистами которых они явля-
лись. Чтобы приоткрыть для себя эту тему, мы попросили сделать 
соответствующий доклад на нашей конференции известного эко-
номиста-практика,  секретаря  Комитета  по  финансам  и  бюджету 
Мажилиса Парламента РК Екатерину Никитинскую.
Для  становления  и  закрепления  независимости  важны  как 
неделимость  территории,  использование  природных  ресурсов  и 
постоянное экономическое развитие, так и растущее благососто-
яние народа и его социальная динамика. Поэтому мы планируем 
отдельно заострить внимание конференции на подходах лидеров 
«Алаша» к вопросам социальной модернизации казахского обще-
ства (третья секция).
Нужно отметить, что благородные устремления «Алаша», ста-
вившие себе целью разбудить, «осовременить» казахское общество, 
созвучны с нашей сегодняшней повесткой дня. Глава государства 
Н.А.Назарбаев  предложил  программу  Социальной  модернизации, 
концептуальное значение которой очень важно для общественных, 
экономических  и  политических  процессов  в  стране.  Пленум  Цен-
трального совета партии «Ак жол» также поддержал этот вопрос. 
Потому что эта программа предъявляет новые требования к опреде-
лению задач развития Казахстана, формирует новую систему цен-
ностей, отвечающую национальным интересам нашего народа.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет