Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев


патриархалдық  қауымының  дəстүрлі  шаруашылық  жүргізу



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#6475
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

патриархалдық  қауымының  дəстүрлі  шаруашылық  жүргізу 
əдістерінің тоз-тозын шығарды. Кеңес өкіметі енгізген азық-түлік 
салығы да қосұдай қалыптағы елдің еңсесін көтертпей қойды. 

109
1921-1922  жылдардағы  алапат  ашаршылық  қазақтың  шаңы-
рағын шайқалтып, шаруашылығын шетінетіп кетті. Сөйтіп, 1917 
жылмен  салыстырғанда  қазақтың  қолындағы  мал  басының  саны 
1924  жылы 44 процентке  кеміді.  Сондай  қиын-қыстау  сəтте 
Сұлтанбек қобалжу-қамығу үстіндегі жұртына қарапайым тілмен 
бағыт-бағдар, жөн-жоба көрсетуді мақсат тұтты. «Берекесі байла-
улы байлығы – малының жартысына жуығынан айырылған қазақ 
қайтіп  күнелтпек?»  деген  сауалға,  басқа  қайраткерлерімізбен 
қатар,  Қожанов  та  жауап  іздестірумен  болды.  Ол  «басқа  түссе, 
баспақшыл» деп, елге жаңа экономикалық саясатқа икемделуден 
өзге жол жоқ екендігін ұдайы тəптіштеп түсіндірді жəне тұрмыс 
майданынан  ұтып  шығар  ұрымтал  тұстарды  тауып  отыруға 
шақырды.
«Қазақстанда  шаруа  жағынан  істелуі  мүмкін  жалғыз-ақ 
шара:  ел  шаруасы  көтерілмей,  елдің  пейілі  кірмейді», - деп 
тұжырымдайды ол.
«Шаруа қамы бірікпей, ел арасы жақындасып, бір мемлекет 
бола алмайды». Бұл – екінші пайымдамасы.
Үшінші,  қорытынды  түйіні:  «Ел  шаруасының  жаны – сау-
дада, тауарлықта. Сауда капиталы мемлекет билігінде, түрлі 
банктерде». 
Қайраткердің  пікірінше, «жүріп  тұрған  сауданы  аз  да  болса 
тоқтату – үдеп тұрған ел шаруасын жолдан қалдыру, ел шаруасы 
еңбекшілерінің үмітін кесіп, көңілін қалдыру» болып шығады. 
Сондай-ақ,  ол: «Кооперация – болып  өтетін,  толып  жатқан 
маусымдық жұмыстың бірі емес, қазақ еңбекшілері жұртшылығына, 
қазақ  ұлт  мемлекетіне  негіз  болатын  іс.  Сондықтан  кооперация-
мен ойнауды, кооперацияның атын сатып, олжа табуды осы бастан 
тыю керек. Мұндай уақиғалар бүгін ғана, болған жерінде ғана зиян 
емес, түпкілікті зиян, жалпы Қазақ республикасына зиян», - дейді 
(Ақ жол. 1924, 17 қараша) . 
Алаш  қайраткерлерінің  парық-пайымдарының  өміршеңдігін, 
өшпестігін,  заманалармен  бірге  жасап,  жаңғырып  отыратын-
дығына  көзіміз  əлдеқашан  жетті.  Енді  оларды  іске  жаратудың, 
кəдеге асырудың тиімді тетіктері табылғанын тілейміз. 

110
«Жақсы  болсаң  көршіңмен,  құр  қалмайсың  еншіңнен»  де-
ген кеңпейіл Қазақ Елі өзінің татулықшыл ізгі ниетінен ешқашан 
айныған емес. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  Орта  Азия  елдерінің 
Одағы  идеясын  жариялады.  Мысалы,  таяу  арада  барлық  тарапқа 
қолайлы  бірыңғай  еркін  сауда  аймағын  құру  жөнінде  бастама 
көтеріп: «Қазақстан  Орталық  Азия  интеграциялық  үдерістерінің 
дəйекті түрдегі жақтаушысы болып қала береді. Əлемнің ықпалды 
кіндігінің  біріне  айналу  үшін  Орталық  Азияның  өте  зор  əлеуеті 
бар», - деп мəлімдеді жəне осыған орай жержүзілік экономикалық 
саясаттың аясындағы ұтымды тұстарын тарқатып берді. 
Төртеу түгел болса, төбедегінің келетіні шындық. Баршамыз-
ды Алаш аңсаған сол бірлікке табан тіреп, берекеміз тасып жата-
тын күндерге жеткергей.

111
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Апталықтың  зерттеу  жүзін  көрмей,  көлеңкеде  қалып 
келе  жатқан  мəселелері  баршылық.  Соның  бір – «Қазақтың» 
қаржылық көзі. Бұл турасында біріне-бірі кереғар əртүрлі пікірлер 
ғылыми  айналымда  жүр.  Біз  соларды  сын  тезінен  өткізіп,  өз  ой-
толғамдарымызды ортаға салғанды жөн көріп отырмыз.
Кешегі  кеңес  заманында  жарық  көрген  еңбектерде  «Қазақ» 
газеті,  ең  алдымен, «байшылдығымен»  айыпталынып  келгені 
баршамызға  белгілі.  Ондай  пайымдауға  сенсек,  бұл  басылымды 
қазақтың жекелеген қалталы байлары қаражат шығындап, жарық 
дүниеге  əкелген  болып  шығады.  Осы  пікірді  алғаш  қоздатқан 
белгілі  жазушы  Сəбит  Мұқанов  екенін  қолымыздағы  дерек 
алдымызға  жайып  салады.  Ол 1932 жылы  жарық  көрген «XX 
ғасырдағы қазақ əдебиеті» деген кітабында: «1913 жылы февраль-
дан бастап Орынборда «Қазақ» газеті шықты. Бұл газетті шығару 
үшін  қазақ  байлары 7 жыл  даярлық  жасады.  Оған  мынадай  де-
рек  бар», - деп  «Айқап»  журналының 1911 жылғы 11-санында 
жарияланған басылым басқармасының ашық хатына жүгінеді. Бұл 
хатта 1906 жылы 28 мамырда бірінші мемлекеттік думаға депутат 
сайлау үшін Ақтөбе шаһарында Торғай облысының сайлаушыла-
ры мəслихат құрғандығы, осы жиында газет шығару үшін қаржы 
жинау туралы келісім болып, бұл іс Смайыл қажы Жаманшаловқа 
тапсырылғаңдығы жөнінде мəлімет бар. Осыған арқа сүйеген жа-
Қайрат Сақ
Л.Н. Гумилев атындағы 
ЕҰУ  журналистика жəне 
саясаттану факультетінің 
деканы, алаштанушы-ғалым

112
зушы сонда жиналған қаржы (ол аз да емес, 5000 сом мөлшерінде) 
осы «Қазақ» газетін шығаруға жұмсалынды дегенге əкеп тірейді.
Осы 
пікірді 
белгілі 
қоғам 
қайраткері, 
тарихшы 
С.Асфендияровтың 1936 жылы  жарық  көрген  «Национально-ос-
вободительное восстание 1916 года в Казахстане» деген еңбегінен 
кездестіреміз.  Ол  жоғарыдағы  деректі  қайталай  отырып: «Узнав 
об этом, а также о том, что Жаманшаловым (известный казахский 
миллионер  гор.  Троицк)  собрано  несколько  тысяч  рублей,  Сера-
лин обратился к нему с просьбой отпустить ему эти деньги на из-
дание журнала. Жаманшалов не дает определенного ответа и на-
конец, после долгих проволочек, объясняет, что решено издать га-
зету не в Троицке, а в Оренбурге, а потому он денег Сералину дать 
не может (с.55)» - деп жазды. Рас, мұнда осы қаржы анық «Қазақ» 
газетін шығару үшін жұмсалынды деген сөз жоқ. Бірақ солай бо-
луы ғажап емес деген автор емеурінін тану қиын емес.
Бір  көңіл  аударарлығы - осы  деректер  біздің  алдымыздағы 
зерттеушілердің назарынан тыс қалып келгендігі. Ал оның анық-
қанығына  жетуді  ғылым  талап  етеді.  Онсыз  «Қазақ»  газетінің 
дүниеге  келу  тарихы  мен  оның  сан-салалы  қызметінің  мəн-
мазмұны ашылып, ақиқаттың салтанат құруы қиын. Осы себептен 
де жоғарыдағы пікірдің, яғни бұл басылымды шығаруға «Троицк 
қаласында  тұратын  қазақтың  атақты  миллионері  С.Жаманшалов 
жинаған  қаражат  жұмсалынды»  деген  болжамды  ойдың 
қаншалықты шындық екендігіне тоқталмай кетуте болмайды. 
Олай десек, алдымен, ол еңбектердің жазылған уақытын еске 
түсіре  өткенді  артық  көрмейміз. 1932 жəне 1936 жылы  жарық 
көрген бұл кітаптардың 1928 жылдан басталатын бай-кулактарға 
қарсы күрестің қаулап тұрған мезгілінде баспаға дайындалғанын 
қаперде ұстаған дұрыс. Бұдан осы бір саяси науқанның идеология 
саласында да өрт болып, жалын құшып тұрғанын байқауға бола-
ды. Осындай «күйіп» тұрған уақытта жоғарыдағы зерттеушілердің 
партия  сойылын  соғудан  басқа  амалдары  да  қалмаған.  Осы  се-
бептен  де  өздерінің  зерттеу  еңбектерін 1929 жылғы  Қазақстан 
өлкелік партия комитеті V пленумның шешімдеріне сəйкес жазып 
шыққандары көзге ұрып түр. Жазушы С.Мұқановтың жоғарыдағы 
кітабында  жазылғандай  онда  «Қазіргі  қазақ  əдебиеті – негізін 

113
де  ескі  байшыл,  ұлтшылдардың,  алашордашылардың  əдебиеті. 
Сондықтан байшыл, ұлтшыл əдебиеттің сырын ашып, əдебиеттегі, 
жалпы  көркем  өнердегі  оның  ықпалымен  қатты  күресу  керек» - 
деген  нақты  нұсқау  берілгенді.  Оны  орындау  үшін,  əуелі,  қазан 
төңкерісіне  дейінгі  қазақ  баспасөзіне  тағылған  нақақ  жала, 
кінəларды  (байшыл,  ұлтшыл  деген)  дəлелдеп,  жұрттың  көзін 
жеткізу  керек  емес  пе?  Осы  мақсаттарын  орнына  келтіру  үшін 
қолдарына  түскен  деректердің  анық-қанығын  айқындамай  жа-
тып,  оңды-солды  қажеттеріне  жаратуға  асыққандары  байқалады. 
Соның  нəтижесінде  «Қазақ»  байлардың  қаражатымен  жарық 
көргендіктен солардың сөзін сөйледі, сондықтан байшыл басылым 
болды деген қорытынды келіп шығады. Оның соңы «байлар, бай-
шыл оқығандар кеңес өкіметіне қарсы шыққанда таптық мақсаты 
қайшы келген соң қарсы шықты» деген пікір туғызбай қоймайды. 
«Қазақ»  газетінің  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  қараңғы  қапаста 
үні туған халқының құлағына жетпей» құлыпталынып» ұсталынып 
келгендеп тағылған айыптаудың бірі - міне, осы «кінəсі».
Бүгінгі  күні  де  арамызда  осындай  пікірді,  яғни  «Қазақ» 
қалталыларының  қаражаты  негізінде  шығып  тұрған  деген  ойды 
қолдап  қана  қоймай,  оны  тірілтуді  мақсат  тұтқан  зерттеушілер 
жоқ емес. Мəселен, 1993 жылы қайта тірілген «Қазақтың» 266-са-
нында  жарық  көрген,  Оразайдың  Ахметінің  Мұхамедрахымы 
қол  қойған  «Газеттің  шығу  тарихынан»  атты  мақалаға  сенетін 
болсақ, «Қазақ» газеті «... жеке кісілердің жиған қаржы-қаражаты 
есебінен шығып тұрған. Газеттің шығуына өзге ел игі жақсылары 
да  өз  шама-шарқынша  үлес  қосқан  болар,  бірақ  оның  мөлшерін 
нақты айта қою қиын. Ахмет ишан Оразайұлы берген қаржы бір 
мың сомның көлемінде» болып шығады. Бұл - бұл ма, осы ой одан 
əрі  өрбіп,  екінші  бір  автордың  айтуы  бойынша, «Қазақ»  газетін 
шығару  идеясы  Ахмет  Оразаевтікі  болғанын,  сол  Ахмет  ауы-
лында Міржақып Дулатов болғанда осы кісі тарапынан идеяның 
мақұл тапқанын жəне Оразаев Ахметтің газетті шығаруға қаржы 
беріп, құрылтайшылық еткенін газет тігіндісі де, Орынбор генерал 
губернаторлығының құжаттары да дəлелдеп отырғанға»
1
 ұқсайды. 
Бір  əттеген-айы,  мұны  газеттің  қайсы  тігіндісіне  жəне  қандай 
құжатқа сүйеніп жазып отырғандығын автор нақты ашып айтпай-

114
ды. Нəтижесінде өзге зерттеушілерді де шатастырып, тура жолдан 
адастырмай қалмайды. Осыдан келіп»... негізінен «Қазақ» газетінің 
тікелей  дайындығының  ауыртпалығын  көтергендер  Мұстафа 
Оразаев  пен  Ахмет  Байтұрсынов.  Газеттің  шығаруына  алғашқы 
дайындықтар басталып, жұмыс қызған шақта Əлихан Бөкейханов 
Самараға жер аударылған болатын (1909), ал Міржақып Дулатов 
Семей түрмесінде жатқан-ды»,

- деген күмəнді қорытынды келіп 
шығады.
Осы  пікірлер  шындыққа  жанаса  ма?  Жоқ.  Қолымыздағы 
мəліметтер  оларды  құптай  қоймайды.  Əсіресе,  газеттің  қаржы 
көздері  туралы  мүлде  бөлек  тұжырым  жасауға  негіз  береді. 
Бір  əттеген-айы,  əлгіндегідей  «Қазақ»  қазақ  қалталыларының 
қаражатымен  жарық  көріп  тұрды  деген  пікір  қазанын 
қайнатушылар, тым болмаса, басылым тігінділерінің өзі бұған не 
дейтініне  мəн  бермеген.  Соның  салдарынан  газет  тігінділерінің 
материалдары  мен  оны  зерттеушілердің  (жоғарыдағы)  пікірлері, 
бірінің  сөзін  бірі  қолдамай  тұрғандығьн  байқау  көп  қиындыққа 
соқпайды. Бұған көз жеткізу үшін енді деректерге жүгіне отырып 
əңгіме өрбітейік: «Қазақ» газеті - əуелі, тез ойланып, тез дүниеге 
шыққан  істің  бірі.  Шығаруға  бел  байлағанда  қолдағы  пұлымыз 
небəрі 750 сом  еді»,  деп  жазады  А.Байтұрсынов  «газеттің  бірге 
толып,  екіге  аяқ  басқан  күні»  басылым  басқармасының  атынан 
оқырманға  арнау  сөзінде.  Мұнда,  яғни  апталықтың 1914 жылғы 
2-ақпанындағы санында жарық көрген бас мақалада жоғарыдағы 
қалталылар қосты деген қаражат туралы бір ауыз сөз жоқ. Газет-
ке көмек берушілердің əрдайым есімдерін атап, алғыс сезімдерін 
білдіріп,  қолдағы  қаржының  бір  тиынына  дейін  есеп  беріп 
отырған  алаш  азаматтарының  оларды  ұмыт  қалдыруы  мүмкін 
емес қой. Олай деуге ешқандай негіз жоқ. Мұны архив деректері 
де растайды. 1916 жылы Ресей ішкі істер министрлігі рухани істер 
департаментінің  вице-директоры  ерекше  тапсырмалар  чиновнигі 
Тарановский  қүпия  қатынас  хатында  «Каспий»  газетінің  хабар-
лауына сүйеніп, қазақтар «Қазақ» газетіне өткен жылы 1600 сом 
ақша  жинап  беріп,  материалдық  қолдау  жасаған  көрінеді  деп, 
бұл  деректің  қаншалықты  шындыққа  сəйкес  екендігін  анықтап, 
департаментке  баяндауын  өтінеді.  Осы  қатынасқа  жауап  ретінде 

115
жазылған  құжатта: «Уведомляю  Ваше  превосходительство,  что 
редактор газеты «Казах» Ахмет Байтұрсынов начал издавать свою 
газету 2-го февраля 1913 года имея в своем распоряжении капитал 
лишь в сумму 750 рублей»
3
, - деп көрсетіледі.
Бұдан «Қазақ» байлардың қолдауымен, солар бөлген қаражат 
есебімен  шығып  тұрды  деудің  ешқандай  қисынсыз  екендігі 
көрінеді. Осы пікірді газет тігінділерінің материалдары да тірілте 
түседі. Мəселен, басылым жанынан ашылған «Азамат» серіктігінің 
мақсаттарын  түсіндіріп,  апталықтың 1913 жылғы 42-нөмерінде 
оқырмандарға  газет  басқармасының  үндеуі  ретінде  жарияланған 
«Алаш  азаматтарына»  деген  мақаладан  біраз  жайдың  сырына 
қанамыз. «Баспасөздің əуелі керектігін түсініп, білу қажет. Екінші, 
білгеннен кейін баспасөзбен жұрттың пайдалану жағын ойлап іс 
қылу керек. Басқа жұрттарға қарасақ, олар мұндай істерді екі түрлі 
жолмен  жүргізіп  жатыр.  Бір  жолы - пұл  міндетін  пұлы  барлар 
алып,  жазу  міндетін  қалам  ұстаушылар  алып,  істеп  жатқан  жол. 
Екінші жолы - баспасөзбен халықтың пайдалануын ойлаған адам-
дар көп сомалы болмаған соң, аз сомаларын құрастырып, жиып, 
біріктіріп, күштерін қосып, серіктесіп іс қылып жатыр, - деп бір 
қайырып  алып,  мақала  соңынан  «Ашушылар»  деп  қол  қойған 
Ахаң мен Жақаң одан əрмен қарай өздерінің жанына батқан біраз 
шындықтың шымылдығын түреді. - Əуелгі жолмен іс жүргізуге: 
пұл  міндетін  көтерерлік  қазақтан  байлар  шықпады.  Байлар 
жомарттық қылмады деп қарап отыруға бола ма? Екінші жолмен 
іс жүргізуге ойлап тұрмыз. Қазақтың кесек сома шығарарлық бай-
лары аз болғанмен, аз сомасымен, адамгершілігімен серіктікке жа-
райтын азаматтары аз емес».
Осы  жолдарды  оқи  отырып, «Қазақ»  қазақ  байларының 
қолдауымен,  солардың  қаржысымен  шықты,  сондықтан  да 
солардың  сойылын  соқты  дейтін  пікірсымақтардың  да  қате 
екендігін  көреміз.  Сонымен  бірге  «А.Оразаев  газет  шығаруға 
қажетті  қаржының  басым  көпшілігін  жинап  берген  соң,  медре-
се «Ғалияда» оқып жүрген баласы Мұстафаны «Қазақ» газетінің 
бастырушысы етіп тағайындады, газет барлық жағынан түгелдей 
сол  кісінің  жауапкершілігіне  тапсырылады.  Газеттің  ірге  теуіп 
орнығуына А.Оразаев кейінірек қаржысымен де, мақалаларымен де 

116
көмек көрсетіп отырған»

- деген пікірдің бас-аяғы түгел шындыққа 
жанаса бермейтіндігін айтуды ғылым талап етеді. Осы ойымызды 
«газеттің  аяғын  нық  бастырып,  жүргізіп  жібермек»  мақсатында 
ашылған  сол  «Азамат»  серіктігіне  кірген  алғашқылардың  тізімі 
негізінде  жандандыра  түскіміз  келеді.  Осынау  абыройлы  да 
азаматтық  іске  қолдау  көрсеткендер  кімдер  еді? «Қазақтың» 
1914  жылғы 56-санында  жарияланған  тізім  бойынша,  олардың 
ішінен  бүкіл  қазаққа  таныс  есімдерді  тағы  да  кездестіреміз. 
Олар: «М.Дулатов,  А.Байтұрсынов,  Бадрисафа  Байтұрсынова, 
Арғынғазы  Боштаев,  Ғабдолла  Нүсіпбаев,  Əлихан  Бөкейханов, 
Мұхаметжан Тынышбаев, Əубəкір Алдияров, Бірмұхамбет Алди-
яров, Медеу Оразбаев, Қаражан Үкібаев, Шəкəрім Құдайбердиев, 
Ғабдікен  Құнанбаев,  Тұрағүл  Құнанбаев,  Жəмила  Бөленова, 
т.б.». Бұл қатардан жоғарыда аты аталған, қаржылай көмек беріп, 
газеттің құрылтайшысы болды деген қазақ байларының есімдерін 
кездестіре  алмайсыз. «Азамат»  серіктігі  қаржы  тапшылығынан 
«Қазақтың» жабылып қалу қаупі артқан тұста, оны аман алып қалу 
үмітімен қолға алынған соңғы амал болғаны дəлелдеуді тіленбейді. 
Осындай қиын сəтте, газеттің өмірі саудаға түсіп тұрған кезде қол 
ұшын бермеген байлардан не үміт, не қайыр? «Серіктікке кіретін 
азаматтарға  лайықталғаны  бір  басына  жүз  сом»  екен.  Осыны 
ауырсынған  ауқаттыларды  əкеліп  басылымның  бас  демеушісі, 
жарылқаушысы  етіп  көрсеткіміз  келеді.  Бұл  əдеп,  əділеттіліктің 
аулына  топырақ  шашқандық  болып  шықпай  ма?!  Оның  үстіне, 
газеттің  шығарушысы  осы  мезгілден  бастап  «Азамат»  серіктігі 
деп  жазылады  да,  Мұстафа  Оразаевтың  есімі  аталмайды.  Оның 
«Азамат»  серіктігіне  мүше  болып  кірмеуі  де  ойландырады.  Бұл 
болашақ зерттеушілердің назарында болуға тиісті жай.
Осы  орайда,  газеттің  қаржыландыру  көздері  туралы  өз  ой-
толғамдарымызды  ортаға  сала  кеткенді  артық  көрмейміз.  Бұлай 
дегенде, алдымен, «Қазақтың» өзін-өзі қаржыландырған басылым 
болғандығын  айтқан  лəзім.  Біздіңше,  газеттің  қаржыландырылу 
көзі – екеу.  Біріншісі,  бұл  əрі  негізгісі – басылымды  жаздырып 
алушылардан  түскен  қаражат.  Екіншісі – газетте  жарияланып 
тұрған  жарнамалардың  төлем  ақысы.  Осы  ойымызды  газеттің 
1915  жылғы 139-санында  жарық  көрген  мына  материал  да  рас-

117
тай түседі. «Газета сомасы екі түрлі ақшадан құралатын еді: бірі 
-  алушылар  төлейтін  ақша,  екіншісі - ығлан  (жарнама — С.Қ.) 
берушілер төлейтін ақша».
Газетке  жазылу  бағасы  «бір  жылға - 3 сом,  жарты  жылға 
- 1 сом 75 тиын,  үш  айға - 1 сом»  болған.  Одан  басқа  əр  саны 
көтерме  сауда  бағасымен 5 тиыннан  сатылып  отырылған.  Ал 
ығлан (жарнама) бағасы: «Бір рет басуға - 1-ші бетте петит жолы 
20 тиын, 4-бетте - 15 тиын. Бір реттен артық бағасы келісіуінше» 
болғандығын газеттің əр нөмерінің мандайшасынан тұрақты орын 
тепкен  хабарландырудан  оқып  білеміз.  Осыған  қарап  та  газет 
шығынын қандай қаражат көзі толықтырып отырғанын анықтауға 
болатындай.  Қосып-алуды  білетін  кісіге  таралымы 3 мыңнан 8 
мыңға дейін жететін басылымның қаражат жағынан өзін-өзі толық 
қамтамасыз ете алатындай жағдайда болғандығын есептеп шығару 
көп қиындыққа түспесе керек.
Рас, газетті қаржыландырудың басқа да жолдары қарастырылып 
отырған.  Бірақ  олардан  ауыз  толтырып  айтарлықтай  жəрдем 
болмаған. Бұл жөнінде газеттің 139-санында жарияланған мəлімет 
былайша  сыр  шертеді: «Бұл  екеуінен  басқасы  (жоғарыдағы  екі 
қаржыландыру көзінен - С.Қ.) əлдеқалай түсетін, болар-болмасы 
неғайбыл ақша еді. Біздің газетіміздің жоғарғы айтылғаннан басқа 
«Азамат жарналарынан құралған соммасы бар. Ол - газеттің «алды 
-  дария,  арты - жар  болған  кезінде  керек  болар  деген  қосардағы 
ат сықылды сомма». Демек, бұл да - əлгіндегідей газетке жəрдем 
қолын созып, қаражат шығынын өтеуге пəлен пұл көмек берді деп 
жүрген  жарылқаушылардың  шын  мəнінде  болмағандығын,  ерен 
жомарттық жасамағандығын айғақтайтын дəлел. Олай болса, он-
дай ойдың жетегіне ерген зерттеушілер өзі бір шатасып, жұртты 
екі адастырып, ақиқат алдында қиянат жасап жүргенін ауызға ал-
май тұра алмаймыз.
Осы жерде мына мəселені де ғалымдар назарына ұсынғанды 
жөн  көрдік.  Газет  о  бастан-ақ  жаздырып  алушылар  қаражаты 
есебінен жарық көре бастаған деуге толық негіз бар. Бұл жөнінде 
мынадай  дəлел  келтіруге  болады. «Қазақтың» 1913 жылғы 
28-санында  М.Дулатовтың  «Қай  жерде  қалай?»  деген  мақаласы 
жарияланған. Сонда Жақаң: «өткен январь жұлдызының ақырында, 

118
«Қазақ» шықпай тұрып, шығады деген хабар болған соң, Павло-
дар  дуанында  жатып  «Қазаққа»  алушы  қарстырдым; 4-5 күннен 
соң  хабарды  есіткен  Павлодар  қазақтары  өздері  келіп  жаздыра 
бастап,  аз  күннің  ішінде 150-дей  алушы  болды»,-деп  хабарлай-
ды. Осыдан екі жайдың шындығына қануға болады. Əуелі, жарық 
көрмей  тұрып-ақ  газеттің  жаздырып  алушылары  болғандығын, 
яғни  «Қазақ»  солардан  жиналған  қаражат  негізінде  басылып 
шыққандығын  айғақтайды.  Екіншіден,  жоғарыда  келтірілген 
газеттің  алғашқы  дайындық  жұмысына  бірі  айдауда,  екіншісі 
абақтыда жатқандықтан Ə.Бөкейханов пен М.Дулатов қатыса ал-
мады деген пікірдің шындыққа жанаса бермейтіндігін аңдатады.
Əуелгі  мəселені  талдағанда  алты  жылдық  ғұмырында 
«Қазақтың»  əрқилы  кезендерді  бастан  өткергенін  ұмытуға  бол-
майды.  Алғашқы  екі  жылында,  яғни 1913-1914 жылдары  жаз-
дырып  алушыларының  молдығынан (3 мың  дана - ол  кездің 
көрсеткішімен жоғары таралым) газет өз шығынын өзі ақтап, қаржы 
тапшылығына  душар  болмағандығын  байқаймыз.  Басылымның 
басына  мұндай  қиыншылықтың  үйірілуі 1915 жылдың  еншісіне 
тиеді.  Осы  жылдың  басынан  газет  аптасына  екі  мəрте  шығуға 
көшеді. «Газетаны  жетісіне  екі  шығарғандағы  мақсат  жұртпен 
жиірек  тілдесу,  көбірек  кеңесу,  тезірек  хабар  беру  еді»,-деп  сыр 
тарқатады  бұл  жөнінен  апталықтың 1915 жылғы 139-нөмірінде 
басылым  басқармасы.  Осы  игі  қадам  басылым  қызметінің  өрісін 
кеңейтіп, жұмысын жандандыра түседі деп күтілген екен. Алайда, 
өкінішке қарай, ол керісінше көрініс табады. Қиындықтың үлкені 
газетті жаздырып алушылар қатарының күрт кемуінен туындайды. 
Жоғарыдағы апталық жарияланымынан «Бастапқы жылдары газе-
та алушылардың саны үш мыңға жеткен соң, сол шамалы алушылар 
болып тұрар, бірер мың сом ығланнан түсер, екі мəрте шығаруға 
тəуекел етіп көрейік деген бір талап еді. Іс орайы ойлағандай бол-
мады. Алушылар һəм ығлан берушілер саны ойлаған шамадан та-
былмады», я болмаса «Газет алғашқы шыққан жылы алушылар 3 
мыңнан астам болды. Келесі жылы 3 мыңға таяу болды. Биыл мың 
алты  жүзге  түсіп  қалды»,-  деген  жолдарды  оқып,  соны  ұғамыз. 
Осыған қоса, бұл мəліметтерден мынадай ой қорытындылауға да 
болатындай, газет алғашқы екі жылында өз шығынын өзі, сырттың 

119
көмегінсіз  өтеп  тұрған  болуы  керек.  Əйтпесе,  екі  рет  шығаруға 
тəуекел етпес те еді ғой.
Қолдағы  деректерге  сүйенсек,  газетке  жəрдем  етушілердің 
пайда бола бастауы да осы 1915 жылдың еншісінде. «Қазақтың» 
сол жылғы 30 қыркүйектегі 151-санында алғаш рет газетке көмек 
берушілердің тізімі жарияланған. Оның алғы сөзінде: «Ойламаған 
жерден  «Қазақ»  төтенше  шығынға  ұшырап,  халі  ауырлағанын 
байқаған азаматтар азды-көпті көмек берісті. Бұлар көмектерін əр 
қайсысы  айрықша  əр  уақытта  жіберген  еді.  Біз  бəрін  жиып,  бір-
ақ жариялап отырмыз» деген түсініктеме берілген. Ендеше газет-
ке кім, қанша жəрдем берді деген даулы сұрақтың жауабын осы 
тізімнен іздеген жөн болар. Оның осындай құндылығын ескеріп, 
оқырманға қаз-қалпында, толық ұсынғанды жөн көреміз: «Есенқұл 
қажы Маманов - 100 сом, Ғайнижамал Есенқұл қажы жамағаты - 
100 сом; Тəңірберген қажы Тұрысбеков - 429 сом; Айтмұхамбет 
Тұрысбеков - 100 сом; Хожа Ахмет Маманов - 50 сом; Баймұхамет 
Тұрысбеков - 50 сом; Құдайберген Тұрысбеков - 20 сом; Егеубек 
Жиенбаев - 10 сом; Ғ.Əлібеков - 150 сом; Хұсайын Үкенов - 25 сом 
50 тиын; Жолымбет Тұрымбетов - 25 сом; Ерназар Жауқашаров - 
20 сом; мұғалім Нығметолла Күзебаев - 15 сом; Нұғман Қанатбаев 
- 5 сом;  Өмірұлы  Патешов - 5 сом;  Тілеген  Бадырақов - 5 сом... 
Барлығы - 1274 сом 40 тиын». 
Осы  тізім  газеттің  бұдан  кейінгі 152, 153-сандарында 
жалғасын  тауып,  барлығы 255 адамның  аты-жөні  басылымның 
қамқоршылары  ретінде  тарих  болып  хатталады.  Олардың 
əлеуметтік  құрамы  əр  түрлі.  Бұл  тізімнің  ішінен  байды  да, 
қажыны да, орта шаруа мен кедейді де, ақыр соңы студенттерді де 
кездестіреміз. Демек, «Қазақ» белгілі бір əлеуметтік таптың, неме-
се топтың құзырындағы емес, жалпыұлттық басылым болды деуге 
толық  негіз  бар.  Сонымен  бірге  бұл  дерек  те  жоғарыдағы  басы-
лым белгілі бір байлардың қаражатымен жарық көріп тұрды деген 
пікірлердің қисынсыздығын одан сайын дəлелдей түседі, өйтпесе, 
ол кісілердің де аты-жөні осы тізімнен орын табар еді ғой. 
Қорытындылай келгенде, «Қазақ» газеті шын мəнінде өзін-өзі 
қаржыландырған  басылым  болғанына  толық  көз  жеткізе  алдық 
деп  санаймын.  Басылымның  билікке  экономикалық  тəуелсіздігі 

120
–  апталықтың  дербестігін,  басқаша  айтқанда,  патшалық  Ресей 
монархиясының  қатаң  қадағалауына  қарамастан,  ұлттық  мүдде 
жолынан  айнымай,  қаймана  қазаққа  қалтқысыз  қызмет  етуін 
қамтамасыз еткен басты құндылық болғанын жоғары бағалауымыз 
керек.  Бұл  да  бүгінгі  уақытта  қазақ  журналистикасына  үлгі 
боларлық жол деп білеміз.
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 
1.  Оразаев  Ф.М.  Қазақ  қайта  шыға  ма? //Қазақ  əдебиеті, 1993, 
29-қаңтар. 
2.  Əбдіманов О. «Қазақ» газеті. - Алматы: Қазақстан, 1993, 36-бет.
3. 
 
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы, 151-бет. 
4.  Жармұхамедов  М. «Қазақ»  газеті//  Қазақ  əдебиеті, 1989, 
8-қыркүйек.
5.  Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы, 144-бет. 

121
«АЛАШ» ИДЕЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЖƏНЕ ХХI 
ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ
“Алаш идея сы» – қа зақтың мемлекеттік, елдің ұлт тық идеясы. 
Өйткені Алаш - халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын 
тартып мінгенде бойына күш-қуат жəне сенім берген ұлттық идея. 
Алаш – ұлттың  өзін  бөлінбес  тұтас  жер,  яғни  территория 
ретінде сезінуі. 
Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде 
өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті.
Зия лы лар дың  Алаш  атауын  таңдауы  да  жай дан  жай  емес 
еді.  Алаш  жаңа  елдігіміздің,  байырғы  айма ғы мыз дың  рəмізі  еді. 
ХХ-  ғасырда  қазақтың  азаматтық  тарихында  ең  ұлы  идея  қайсы 
десек,  ол – Алаш  идеясы  деп  жауап  беруге  болады.  Бүгінгі 
тəуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін 
күрескен  кезең – 1907 жылдан 1930 жылға  дейінгі 30 жылдай 
уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. 
Алаштың  сер келері  Əлихан  Бө кей ханов,  Мұстафа  Шоқай, 
Ахмет  Бай тұрсынұлы,  Халел  Дос мұ хамедұлы,  Міржақып 
Дулатұлы, Халел Ғаб бас ұлы, Мұхамеджан Тыныш бай ұлы. Алаш 
зиялыларының  алдыңғы  толқыны  болып  есептелетін  осынау 
тұлғалардың əрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ 
елінің  сан  ғасырлық  даму  тəжірибесін,  салт-дəстүрін  төңкерістік 
Азамат Əбілдаев
Қазақстан Республикасы 
Парламенті Мəжілісінің 
депутаты, «Ақ жол» ҚДП 
фракция төрағасының 
орынбасары 

122
əдіспен  күрт  өзгертуді  емес,  қайта  оларды  өркениетті  елдердің 
өмір тəжірибесін ескере отырып, одан əрі дамытуды, білім алып, 
көппен  терезе  теңестіруін  көздеді.  Ең  алдымен,  қазақтың  өз 
атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен 
қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауын-
да тұрғандар да – солар болды.
Алаш  зиялылары – елшілдік  пен  Отанға  адал  қызмет  етудің 
рəмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты 
жасаушы. 
Алаш  қозғалысының  тарихи  негізгі  Ресей  отаршылдығының 
қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш 
идеясы  одан  əлдеқайда  бұрын  өмірге  келіп,  күні  бүгінге  дейін 
елім,  жерім  деп  ұлт  болашағын  ойлаған  əрбір  қазақ  жүрегінің 
терең  түпкірінен  орын  тепкен.  Өйткені  Алаш  қозғалысы  қазақ 
қауымындағы  отаршылдыққа  қарсы  бағытталған,  прогресске 
ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
Қазақ  халқының  үздік  білім  алған,  кең  ойлы  патриот 
саңлақтарының  пайда  болуымен  тұңғыш  ұлттық  Алаш  үкіметі 
құрылып,  қазақтың  саяси  идеясының  негізі  қаланды.  Алаш 
қозғалысының  лидерлері  халықтың  өзіндік  санасын  жоғары 
көтеріп,  ұлттық  бостандық  идеясын  ұсынды,  қазақ  халқының 
ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды
Алаш  жетекшілерінің  ұлт-азаттық  ұрандары  сол  дəуірдің 
оқыған  талапты,  талантты  жастарын  баурап  алды.  Туған 
халқының  халін  сезіп,  біліп  өскен  өрелі  жас  буын  өкілдері  ұлт-
азаттық  қозғалысы  қайраткерлерінің  идеяларын  қолдап,  со-
лармен  бірге  қимыл  жасады.  Қозғалысқа  қатысты  құжаттардан 
Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде 
тиісті  тапсырмалар  беріп  отырғандығын  байқауға  болады.  Алаш 
қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен 
кейін көптеген мемлекет, қоғам кайраткерлері, ақын-жазушылар, 
ғалымдар шыққаны белгілі.
Алаш  қозғалысы  совет  өкіметі  тарапынан  терістелгенімен, 
оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір 
сүріп келді. Оның жарқын əрі бұлтартпас мысалы – тəуелсіздіктің 
қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. 

123
Тарихтан  білетініміздей, 1917 жылғы 21-26 шілдеде  Орын-
бор  қаласында  Бірінші  жалпықазақ  съезі  өтті.  Осы  съезде  Алаш 
партиясының бағдарламасы жарияланды.
Ал оның негізгі ұстанымдары: 
Біріншіден – Ресей демократиялық федеративтік республика 
болуы  керек.  Оның  құрамындағы  əрбір  мемлекет  тəуелсіз  түрде 
əрекет етеді. 
Екіншіден – Ресей республикасында тең құқықтық, тұлға, сөз, 
баспа, ұжымдар ерікті болады. 
Үшіншіден – дін  мемлекеттен  бөлінеді.  Барлық  діндер  тең 
құқылы. 
Төртіншіден  –  билік  пен  сот  əр  халықтың  ерекшеліктеріне 
сəйкес құрылуы қажет, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі 
шарт т.б.
Алаш  қозғалысының,  Алашорда  жетекшілерінің  аса  ірі  та-
рихи  еңбегі  қазақ  жерін  сақтап  қалуымен  байланысты.  Осы 
күнгі  Қазақстан  Республикасы  жерінің  тұтастығы  мен  сақталып 
қалуында Алаш қайраткерлерінің орасан зор еңбегі бар. Олардың 
кеңес  үкіметінің  басшыларымен  келіссөздері,  əсіресе  Ахмет 
Байтұрсынұлының  осы  бағыттағы  қажырлы  еңбегі  кейін,  Қазақ 
автономиялық  советтік  социалистік  республикасын  құру  кезінде 
осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызға ие болған.
Қозғалыс көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов: басқалардан кем 
болмас  үшін  біз  білімді,  бай  һəм  күшті  болуымыз  керек.  Білімді 
болуға - оқу керек! Бай болуға - кəсіп керек! Күшті болуға - бірлік 
керек!  Осы  керектердің  жолында  жұмыс  істеу  керек!  деген 
еді.  Əлихан  Бөкейхановтың  жобасы  бойынша,  қазақтың  жерінде 
өндірілген  бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің  азаматтарының  үстіне 
тоқыма  болып  тоқылып,  киілуі  керек.  Яғни  мемлекет  толықтай 
экономикалық  тəуелсіздікке  қол  жеткізілуі  тиіс  болған.  Алаш 
алыптарының бірі Міржақып Дулатов «Оян қазақ» деп жар салса,  
Алаштың тағы бір қайраткері Халел Досмұхамедов «Өз тілін өзі 
білмеген ел - ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт - жойылған 
жұрт»-  депті.  Уақытынан  оза  туған  Алаш  қайраткерлерінің 
идеялық мұрасын терең зерттеп, бүгінгі күннің қажетіне жаратып, 
олардың ісін жалғастырған абзал.

124
«Алаш» партиясының, Алашорда үкіметінің құрылуы мемле-
кет үшін қажетті саяси, əлеуметтік, экономикалық жəне құқықтық 
атрибуттарды қалыптастыруды қажет етті. Алаш қайраткерлері бұл 
салада да өнімді еңбек етті. Олардың қазақ ұлтын ұйыстырудағы, 
оятудағы  бірнеше  жылдық  пəрменді  əрекеттерінде  жоғарыда 
аталған  қажеттіліктер  көрініп  жатты.  Мемлекеттің  іргесін  қалау 
мəселелері  жазған  еңбектері  мен  атқарған  істерінен  айқын 
аңғарылып жатты. 
Алаш  қайраткерлерінің  облыстық,  уездік  сиездер  мен 
комитеттерді, жалпықазақ сиездерін ұйымдастыруы, сол тұстағы 
Уақытша үкіметпен келіссөздері, бағдарлама дайындауы, қаулы-
қарарлар қабылдауы – олардың қаншалықты дəрежеде саяси өте 
сауатты қайраткерлер болғандықтарын көрсетеді. 
Алаштықтар  Қазақстанның  сол  тұстағы  шаруашылық  жай-
ын саралай отырып, соған орай экономикалық дамудың бірқатар 
жолдарын да мегзеді. Бір қызығы, сол кезеңде олар Қазақстанның 
астанасы  жөнінде  де  орынды  мəселе  көтерді.  Айталық,  1905 
жылғы  Мұхаметжан  Тынышбаев  пен  Халел  Досмұхамедовтер 
«Ақмоланы  астана  жасаймыз»  деген  идея  көтерді.  Сонымен 
қатар олар 1917 жылы Семейді «Алаш астанасы» деп жариялап, 
оған «Алаш» деген атау берді. 
«Алаш»  партиясының  бағдарламасында  көрсетілген  ел 
басқару  жүйесі,  жастардың  білім  алуы,  ұрпақ  тəрбиесі,  ұлттар 
теңдігі, азаматтардың құқы мен бостандығы жөніндегі ұстанымдар 
тəуелсіз  қазақ  мемлекетінің  саясатымен  сабақтас  жатыр.  Сол 
себепті  Алаш  көсемдерінің  өмірінен  өнеге,  тірлігінен  тағылым 
алып, Алаш мұратын ұлт мұраты ретінде тануымыз керек. Алаш 
идеясы – ұрпақтың бойына отаншылдық пен мемлекетшілдік иде-
ясын сіңірудің басты құралы болуы керек. 
Алаш партиясының бағдарламасы бойынша «Үкімет басында 
Құрылтай  жиналысы,  оның  арасында  Құрылтай  жиналысы  мен 
Мемлекеттік  Дума  белгілі  мерзімге  сайлаған  президент  тұрады» 
делінген.  Алаш  зиялылары  Құрылтай  жиналысы  немесе  бүкіл 
халық сайлап қойған өкілдер жиналысы мемлекет басында тұрады 
деп есептеді. Бұл идеяның «негізі, халық мемлекеттегі ең жоғары 
күш,  биліктің  нағыз  қайнар  көзі»  деген  мəні  бар.  Сондықтан  да 

125
Құрылтай жиналысы тұрақты орган емес, ол мезгіл-мезгіл сессия 
түрінде жұмыс жасайды. Себебі оның сессиялары арасында билік 
тұрақты орган Президенттің қол астында болады.
ХХ  ғасырдың  басында  Президенттік  басқарудағы  мемле-
кеттердің  əлемде  санаулы  болғандығын  ескерсек,  Алаш 
зиялыларының  мемлекет  басқару  ісінде  қаншама  озық  ойлы, 
тұрпатты,  құқықтық  мемлекет  құрудың  алғышарттарын 
жасағандықтарына  көзіміз  жетеді.  Қазақстан  Республикасында 
мемлекеттік тетіктер өркениетті елдердің озық тəжірибелерін пай-
далана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық 
жағдайларға  байланысты  қалыптасып  құрылды.  Осыған  қарай 
мемлекеттік тетіктің құрамында Президент ерекше орын алды. 1991 
жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы тұңғыш Президентін 
сайлады.  Осыдан  келіп  қарасақ,  Алаш  қайраткерлерінің 
«мемлекеттің  басшысы  Президент»  деп  тұжырымдауын  өмірдің 
өзі дəлелдеді.
Осыдан  ғасырға  жуық  уақыт  бұрын  Алаш  қайраткерлерінің 
Қазақ автономиясын құрып, тəуелсіз мемлекет идеясын туғызған 
өршіл рухын еліміздің көк туын желбіретуші тұңғыш Президентіміз 
Н.Ə.Назарбаев одан əрі жүзеге асырып отыр деуімізге толық негіз 
бар.
Алаш арыстарының Лениннің өзіне қол қойдырып бекіттірген 
құжаты  болғанын  білесіздер.  Ол: «Алаш  арыстары  «биыл 
Қазақстанның мемлекеттік шекарасы бекітілді. Автономиялы мем-
лекет болып жарияланады. Одақтас республикалардың кез-келгені 
қалаған  уақытында  мемлекет  ретінде  бөлініп  кетуге  құқылы»,- 
деп Ленинге қол қойғызған. Осы идеяны орыс, украин, беларусь 
секілді мемлекеттер қолдаған. Сол статьяны пайдалана отырып біз 
1991 жылы тəуелсіздік алдық.
Бұл  аталғандар  қазақ  елінің  азаттығын  аңсаған  Алаш 
ардақтыларының қызметінен бірер мысалдары ғана. 
Алаш  зиялыларының  қазақ  даласында  ұлттық  идея-
ны  негіздегені  жөнінде  Елбасы  Н.Назарбаев  өзінің  «Тарих 
толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жəне осы заман» атты та-
рауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын 
алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идея-

126
сын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тара-
бынан  шыққандар,  əрі  ең  алдымен  дəстүрлі  дала  ақсүйектерінің 
өкілдері  еді. XX ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамында  зия-
лы  қауым  қалыптасуының  ұрпақтар  эстафетасы  сияқты  сипаты 
болғанын атап айтқан абзал»,- дейді.
Қазақтың  елдігі  мен  тұтас ты ғын  аңсаған  Алаш  қайрат-
кер лерінің  идеясы  бүгінде  іске  асты.  ХХ  ғасырдың 90-ыншы 
жылдарының басында тəуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. 
Олардың еліміздің тəуелсіздігін ту етіп, ХХ ғасырда Қазақ елін өз 
алдына  дербес  те  егемен  мемлекет  ретінде  көргісі  келген  ізгі  де 
жасампаз ниеттері тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. 
Бүгінде  халқымыздың  қажырлы  еңбегінің  арқасында 
əлеуметтік  əл-ауқатымыз  артып,  инновациялық  даму  жолына 
түстік. Ұлт болып ұйысып алдымызға қойған мақсаттарға жетуде 
қастерлі  тəуелсіздіктің  құны  жолындағы  құрбандарын  ұмытпай, 
оларды  үлгі  ету  арқылы  күш-қайратқа  жəне  рухани  бірлікке 
ие  бола  аламыз.  Алаш  ардақтыларының  аманатын  ұлықтау 
мақсатында жұдырықтай жұмылып, түрлі маңызды іс-шараларды 
ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
Əрбір ұрпақ қай заманда да өмірді жаңадан бастап кете алмай-
ды, ол өзінен бұрынғыдан қалған мұраның иесі, өзінің тəрбиесімен, 
қалыптасқан мəдениет, дəстүр, ойлау деңгейімен оған тəуелді. 
Заманында  бар  қазақтың  қам қо ры  на,  сүйенішіне  айналған 
«Алаш»  партиясының  саяси  тұжырымдамасына,  ала шорда-
шылардың  саяси  өмір  жолы  мен  қызметіне  қарап  отырып,  сол 
дəуірдегі  сая си,  экономикалық,  əлеуметтік  мəселелердің  бүгінгі 
таңда да өзектілігін жоймағанын байқайсыз. Қазақ хал қының азат 
ел  ретіндегі  тағдыры,  тарихы,  мемлекеттік  дербестігі,  жері  мен 
шекарасы,  тілі  мен  діні  туралы  мəселелер  арада  ғасырға  жуық 
уақыт өтсе де, күн тəр ті бінен түскен жоқ. Алаш арыстарының өмір 
жолы,  өмірбаянын,  күрес  жолын  көрсетудегі  басты  мақсатымыз 
– 20 жылда  мемлекеттіліктің  негізін  қаладық.  Ендігі  мақсат – 
мемлекетшілдікті,  азаматтық  сана  сезімді  орнату.  Осы  Алаш 
арыстарының қызметі соған үлгі, соған негіз болады деп ойлаймыз. 
Бүгінде  Қазақстанның  «Ақ  жол»  демократиялық  партиясы 
«Алаш»  қозғалысының  ізбасары  болып  отыр.  Бұл  туралы 2011 

127
жылдың 2 шілдесінде «Ақ жол» партиясының жаңа көшбасшысы 
болып  сайланған  Азат  Перуашев  «Ақ  жол»  ҚДП  ҮІІІ  съезінде 
«Ақ  жол»  партиясы  кешегі  «Алаш»  партиясының  рухани 
ізбасары ретінде Қазақ елі тəуелсіздігін ту етіп көтерген партия. 
Қазақтың бостандығы үшін күрескен Əлихан Бөкейханов, Ахмет 
Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов  сияқты  ұлы  тұлғалар  бастаған 
ізгі  жолды  жалғастырып  отырған  партия.  Менің  ойымша, «Ақ 
жол» партиясы қазақтың ХХІ ғасырдағы «Алаш» партиясы болуы 
тиісКім не десе, о десін, Алашорда тарихы - азат елдің өт кен та-
рихы. Мұны естен шығармауға тиіс піз»,- деді
«Алаш»  партиясы  рухына,  əлемдік  тəжірибеге,  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына,  сүйенген  ақжолдықтар 
ұлт  саясаты  тұжырымдамасын  дайындады.  Ол  қазақ  жəне  орыс 
тілдерінде  дайындалып, «Ақ  жолдың»  басқару  органдары 
мақұлдап, тұсаукесері өткізілді, баспасөзде жарияланды, елге та-
ралды.
ҚР  Парламенті  Мəжіліс  сайлауынан  кейін  «Ақжол» 
партиясының мəртебесі өзгерді: партия Парламентке өтіп, 8 орын 
алды. Содан Парламент мінберінен де Алаш идеясын қолдайтын 
мүмкіндік туды.
Алаш  идеясы – бүгінгі  Тəуелсіз  Қазақстанның  да  басты 
идеяларының  бірі  болуы  тиіс.  Осыған  орай,  ақжолдық  депу-
тат  Нұрлан  Жазылбеков  Қазақстан  Республикасының  Премьер-
Министрі Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады.
«Биылғы  желтоқсанда  Алаш  партиясы  мен  Алашор-
да  үкіметінің  құрылғанына 95 жыл  толады.  Ал  Алаш  идеясын 
жаңғырту - «Ақ жол» партиясының басты бағыттарының бірі болып 
келеді. Өйткені Алаш арманы – бүгінгі Тəуелсіз Қазақстан! Енде-
ше біз, əрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың 
бүгінгі Тəуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына 
мүдделі болуға тиіспіз. Өйткені Алаш идеясы - ұлттық идеология! 
Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді.
Ендеше  біз  бүгінгі  Тəуелсіз  Қазақстанның  бастауында 
тұрған,  елімізді  алғаш  ұлттық  санаға  көтерген  Алаш  арыстарын 
ардақтауды неге кешіктірудеміз. 
Алдағы  Алаштың 95 жылдығын  Үкіметіміз  қалай  атап 
өткелі отырғаны туралы хабарлауыңызды сұраймыз»,- деген хат 

128
соңына «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары 
түгелдей қол қойдық.
Сонымен  қатар  Қазақстанның  «Ақ  жол»  демократиялық 
партиясының  Мəжілістегі  депутаттық  фракциясы  қоғамдық 
ұйымдар  өкілдерімен  кездесу  өткізді.  Онда  «Алаш»  мұрасын, 
қазақ  халқының  тағдыры  мен  тарихын,  ұлттық  мүддесі  мен 
ұлттық құндылықтарын, тілі мен ділін сақтап, жаңғыртып, дамы-
ту  жайы  кеңінен  талқыланды.  Мемлекет,  қоғам  алдында  тұрған 
өзекті  мəселелерді  бірлесіп  шешудің  жолдары  қарастырылды. 
Бұл  кездесу  «Ақ  жол»  партиясы  мен  ұлттық-патриоттық  күштер 
арасында  орнаған  қарым-қатынастың,  ынтымақтастықтың  заңды 
жалғасындай болды. Оған қатысушылар «Ақ жол» партиясының 
мемлекетшіл,  ұлтжанды  бастамаларына  əрдайым  қолдау 
білдіретіндерін жеткізді.
2017  жылы  Алашорданың 100 жылдығына  дейін  бұхараға 
да,  билікке  де  Алашорданы  Алаш  арыстары  əруағына  лайық 
абыройлы  да  көлемді,  мағыналы  да  тəрбиелі  ұлықтау  қажет 
екенін  ұғындыра  беруіміз  керек.  Ол  үшін  нақты  қадамның  бірі 
ретінде  «Ақ  жолдықтар»  жыл  сайын 13 желтоқсанда  Алашор-
да күніне арналған ірі ағарту шараларын республиканың барлық 
аймақтарында  өткізетін  болады.  Сол  арқылы  қоғамдық  санада 
«Алашорда  күнін»  қалыптастыруға  тырысады.  Болашақта  бұл 
күнді қазақ тарихындағы ұлы оқиға ретінде - ресми түрде аталып 
өтетін датаға айналдыру қажет. «Ақ жол» партиясы оқта-текте ай-
тылып жүрген Астанада «Алашорда» аллеясын ашып, онда Алаш 
қайраткерлерінің  ескерткіштерін  орнату  мəселесінің  түбегейлі 
шешім табуының  жолдарын да қарастырады.
Тұтастай  алғанда, «Ақ  жолды»  халық  үшін  атқарып  жатқан, 
алда атқаратын іргелі істерінде Алаш арыстарының мұқалмас рухы 
жігерлендіріп, жаңа жетістіктерге жетелей беретініне сенімдіміз. 
Алаш жеке ұйымның немесе жеке партияның ғана меншігі емес, 
Алаш – бүгінгі Тəуелсіз қазақстанның бастауында тұрған алғашқы 
толыққанды үкімет пен саяси партия. 
Ең  алдымен  мектеп  оқулықтарында  жеткілікті  көлем  берілуі 
керек. Елімізде Алаштың ескерткіштері орнатылуы тиіс. Кітаптар 
мен  фильмдер  көптеп  шығарылып,  мектептерді  қамтамасыз  етуі 

129
керек. Жоғары оқу орындарында Алаш идеясын оқыту жүйеге ай-
налуы керек. Алаш оқулары жолға қойылып, еліміз бойынша қанат 
жаюы  тиіс.  Алаштың  ордасы  болып,  Алашқала  аталған  қазіргі 
Семейдегі  Ертіс  өзенінің  сол  жағалауындағы  Алашорда  үкіметі 
мен  Алаш  партиясы  тұрған  үйге  ескерткіш  тақта  орнатылып,  ол 
үйді мұражайға айналдыру кезек күттірмейтін мəні зор мəселе.
Қорыта айтқанда, Алаш идеясы – бүгінгі Тəуелсіз Қазақстанның 
да басты идеяларының бірі болуы тиіс.
Ал  бүкіл  қазақ  даласын  осыдан  бір  ғасырдай  уақыт  бұрын 
Алаш  рухына  бөлеген  ұлы  қазақтар  аманатының  жөні  бөлек. 
Біздің  ата  рухы  алдындағы  адалдығымыз  бен  перзенттік  пары-
зымыз  Алаштың  аманатын  санамызға  сіңіру,  соған  лайык  еңбек 
ету,  өткенге  құрмет  көрсету.  Ал  құрметтің  негізгісі - Алаш  иде-
ясын  ұрпақ  бойына  сіңіру.  Алаш  идеясы - ұлтты  біріктіруші, 
тұтастырушы  идея  ретінде  қашан  да  қазақпен  бірге  жасайды. 
Алаштың жолы, Алаш қайраткерлері қалыптастырған ұлттық са-
намызды жаңғырту сапары - бүгінгі тəуелсіздігімізді тұғырлы етер 
берік  ұстындардың  бірегейі  болатынын  естен  шығармағанымыз 
абзал. 
Алаш  идеясы – қазақ  идеясы.  Демек, «Керегеміз – 
ағаш,  ұранымыз – Алаш»  дейтін  біз  үшін  ол  əрқашан  қазақ 
идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.

130
АЛАШ КӨТЕРГЕН ƏЛЕУМЕТТІК МƏСЕЛЕЛЕРДІҢ  
БҮГІНГІ КҮНМЕН ҮНДЕСТІГІ
Алаш  қозғалысы – 20 ғасырдың  алғашқы  ширегінде  Ресей 
империясының  отарлық  билік  жүйесіне  қарсы  бағытталған  ұлт-
азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем 
жаңа  жағдай  қалыптасты.  Ресейлік  əскери-монархиялық  басқару 
жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, 
осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, 
қазақ  бұқарасының  зорлықпен  егіншілікке  жарамды  жерлерден 
ығыстырылуы, дəстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа 
ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол 
кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тəртібінде қазақ халқының ұлт 
ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мəселесі 
тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару 
асынып көтеріліске шығу нəтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан 
жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, əдіс-айла қажет 
болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-
мүдделерін  түсіндіріп  жеткізетін,  сөйтіп  оны  заман  талабына 
сай  күрес  құралдарымен  қаруландырып,  азаттық  үшін  қоғамдық 
қозғалысты  бастап  кете  алатын  мүлдем  жаңа  саяси-əлеуметтік 
күшке  сұраныс  үлкен  еді.  Ал  ондай  саяси  күштің  қалыптасып 
келе жатқанын 1905- 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол 
Анарбек Орман
«Ақ жол» ҚДП төрағасының 
орынбасары, партияның 
Оңтүстік Қазақстан облысы 
бойынша филиалының 
төрағасы

131
күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында 
қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы  бірінші  орыс  революциясы  жылдары  ұлттық  зиялылар 
кейін  Алаш  қозғалысы  атанған  қоғамдық  қозғалыстың  негізін 
қалады. 1905 жылы  Қоянды  жəрмеңкесінде  дүниеге  келген 
Қарқаралы  құзырхаты  (петициясы)  оның  бағдарламалық  құжаты 
болатын.  Осы  мезгілден  бастап  Ə.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов  жетекшілік  еткен  ұлттық  зиялылар  жаңа  өрлеу  ала 
бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет 
шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемлекеттік 
Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік 
мұсылман,  түркішілдік  қозғалыстарға  атсалысу  сияқты  қазақ 
қоғамына бейтаныс күрес əдістерін игере бастады. Ал 1911 жыл-
дан шыға бастаған «Айқап» журналы, 1913 жылдан жарық көріп, 
жалпыхалықтық  басылымға  айналған  “Қазақ”,  оның  артын  ала 
өмірге  келген  “Бірлік  туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол”  газеттері  ұлт-
азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. Алаш 
қозғалысының  басты  мақсаты — қазақ  елінің  өзін-өзі  басқару, 
яғни  ұлттық  мүддесін  қорғай  алатын  мемлекеттік  жүйе  құру 
құқын  метрополияға  мойындату,  түбінде  дербес  мемлекет  құру, 
қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, əлемдік 
озық тəжірибені пайдалана отырып, дəстүрлі мал шаруашылығын 
өркендету,  сонымен  қатар  егіншіліктің,  өнеркəсіптің  дамуын 
қамтамасыз  ету,  рыноктық  қатынастарға  жол  ашу,  жеке  адам 
құқын жəне басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық 
мəдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарт-
тар  түзу  болды.  Бірінші  орыс  революциясы  жылдарынан  бастау 
алатын  Алаш  ұлт-азаттық  қозғалысы 1917 жылы  ақпан  жəне 
желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы 
жылдың  жазы  мен  көктемінде  Қазақ  мемлекетінің  пайда  болуы, 
күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан ав-
тономиясы  (Қоқан  автономиясы)  жəне  Алашорда  үкіметтерінің 
құрылуы  бұл  қозғалыстың  нақты  нəтижелері  болатын. 1917 
жылы  пайда  болған  бұл  саяси  құрылымдар  большевиктер  тара-
пынан  күшпен  таратылғанымен,  ұлт-азаттық  қозғалыс  күштері 
саяси  күрес  сахнасынан  бірден  кете  қойған  жоқ.  Мемлекеттік 

132
тəуелсіздік,  жер  жəне  кезінде  алаш  зиялылары  күн  тəртібіне 
қойған  қоғамдық-саяси  басқа  да  мəселелерді  басты  талабы  етіп, 
ұлт-азаттық  қозғалыс  жаңа  сипатта  Т.Рысқұлов,  С.Асфендияров, 
С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан əрі өрши 
түсті.
Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта 
енді  ол  жаңа  саяси  жағдайға  байланысты  шетелдік  эмиграция 
күшімен  жүргізілді.  Мұстафа  Шоқайұлының  қызметі,  оның 
басшылығымен  Берлинде 10 жыл  бойы (1929-39) шығып  тұрған 
“Яш  Түркістан”  журналындағы  материалдар  соның  айғағы  еді. 
Негізгі  мақсаты — ұлттық  бостандық  болған  Алаш  қозғалысы 
көрші  түркі,  мұсылман  халықтарымен  күш  біріктіруге  тыры-
сты.  Сөйтіп, 20 ғасырдың  алғашқы  жылдарынан  бастау  алатын 
Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді 
қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын 
зиялылардың  ең  белсенді  бөлігін,  сондай-ақ  олардың  кеңестік-
партиялық  қызметтегі  ізбасарларын  қуғын-сүргінге  ұшыратып, 
жауыздықпен жазалады. 
Сіздерге  жақсы  таныс, 1917 жылы  шілде-тамыз  айларының 
өліарасында  Жалпықазақтық  І  құрылтай  шақырылып, «Алаш» 
партиясы тарих сахнасына шықты. «Алаш» партиясының ұлттық 
ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді.
Бірінші  ұстаным:  жер,  жер  жəне  жер.  Жерсіз  Отан  жоқ. 
Əлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы 
жерін  қашан  қазақтар  өз  бетінше  ғылым  мен  техникаға  сүйеніп 
толық игерілмейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да 
берілмейді». Яғни, жер – Отан, ал Отанды сатуға да, жекеменшікке 
айналдыруға  да  болмайды.  Сол  жер  үшін  əр  қазақтың  намысы 
жыртылып,  ол  жерге  əр  қазақтың  қаны  мен  тері  төгілген  деген 
тұжырымға саяды.
Екінші  ұстаным:  жердің  астындағы,  үстіндегі,  аспанындағы 
барлық  игілік  қазақ  мемлекетіне  қызмет  етуі  керек. 
Ə.Бөкейхановтың  айтуы  бойынша: «Оның  əрбір  түйір  тасы  əр 
қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын. Яғни, бұл 
«өз жерінің игілігін əуелі өз елі игілігіне айналдырсын, одан асса 
ғана жатқа салауат» деген емеурінді танытады.

133
Абай данышпанның:
«Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» дегеніндегі «ырық» – 
осы  ырық. Өз жеріңнің астына, үстіне, аспанына иелік ете алмасаң, 
ырықтың кеткені сол емес пе?!.
Үшінші  ұстаным:  Ə.Бөкейхановтың  жобасы  бойынша, 
Қазақтың  жерінде  өндірілген  «бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің 
азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни толықтай 
экономикалық  тəуелсіздік  пен  бірлікке  қол  жеткізуге  ұмтылуы 
тиіс».
Тағы да сол Абайдың: Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. 
Малыңды беріп отырсаң: атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да 
жалданып тірлік қылады. Бірлік сатылса – антұрғандықтың басы 
осы.  Ағайын  алмай  бірлік  қылса  керек»  дегендегі  бірлік – осы 
экономикалық  бірлік.  Ал  біздегі  сатылмайтын  құндылық – тек 
жалданып тірлік құру» ғана болып қалды.
Төртінші  нысана:  қазақ  мемлекетінде  мемлекет  құрушы 
ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, яғни, Х.Досмұхамедовтің 
пайымдануына  жүгінсек, «ұлттық  мəдениет  үстемдігі  сақталуы 
тиіс» болатын. Қазір Елбасымыздың ұстанып отырған ұлтжанды 
саясаты да осы Алаш тарландарының идеясына үндес келіп отыр.
Бесінші, түпкі мақсат, тəуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дəстүрге 
негізделген  заңға  сүйене  отырып,  Жапонияның  үлгісіндегі 
ұлттық-демократиялық  мемлекет  құру  еді.  Яғни,  тағы  да  сол 
Х.Досмұхамедовтің  пайымдануына  жүгінсек, «тəуелсіз  сот 
құрылымы  болады,  тең  жəне  туыстық  қарым-қатынастарды 
қамтамасыз ететін одақтық қағидаттар (заң) жасалады.
«Ақ  жол»  ҚДП-ның  басты  ұстанымы  біртұтас  Алаш  идея-
сы  екені  жұмысымызды,  алдағы  жоспарларымызды  айқындай 
түседі.  Дəл  қазір  «Ақ  жол»  партиясы  кешегі  Алаш  қозғалысы 
жетекшілерінің көтерген мəселелерін одан əрі жалғастыруы керек. 
Осы ретте партиямыздың қазақтың аса көрнекті қайраткерлерімен 
көзқарасы үндесіп жатқаны бізге қуаныш сыйлап қана қоймай, күш-
қуат  береді.  Мағжан  Жұмабаев,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып 
Дулатов, Əлихан Бөкейханов бұл ретте біздің рухани көсеміміз бо-
лып қала береді. Бөкейханов ұйғарымы бойынша біз де Жер-Ана 

134
үшін күресуіміз керек. Жердің бетіндегі жəне астындағы барлық 
байлық  қазақ  мемлекетіне  қызмет  етуі  тиіс.  Əлихан  «Қазақтың 
жерінде  өндірілген  бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің  азаматтарының 
үстіне тоқыма болып киілуі керек» деді. Осы ретте бізде тоқыма 
кластерін дамытуда көптеген істер күтіп тұр.
Ұлттық тіл, дін, діл үстемдігі – бұл мемлекет құрушы ұлттың 
басты қағидасы. «Ақ жол» ҚДП мемлекеттік тіл жөнінде де білек 
сыбана күресіп келеді. Біздің облыста тікелей партия күшімен 10 
адам мемлекеттік тіл үйрену курсында оқып шықты.
Ұлттық салт-дəстүр – қазақ тұтастығының ұстыны, тірегі. 
Бұл  бағытта  бабалар  аманатына  қашан  да  адал  болуымыз  керек. 
Ұлттық намыс, ұлттық рух, ұлттық сана ғана бізді сақтап қала ала-
ды. Ұлттық рух өлсе – мемлекет қуатты бола алмайды. Намысы-
мызды қолдан бермейік.
Рыноктық  қатынастарға  жол  ашу,  өнеркəсіптің  дамуын 
қамтамасыз ету – бұл сайып келгенде кəсіпкерлікті қолдау арқылы 
жүзеге  асады.  Ақжолдықтардың  ақжолтай  міндеттерінің  бірі – 
кəсіпкерлікті, кəсіпкерлерді қолдау. Бұл ретте біз кəсіпкерлер пар-
тиясы  деген  ұғымнан  алшақ  тұрмауымыз  керек.  Елбасымыздың 
өзі  шағын  жəне  орта  бизнес – мемлекет  дамуының  негізі  деп 
санайды.  Ендеше,  Елбасы  саясатын  қолдау  да  біздің  де  негізгі 
парызымыздың  бірі.  Кейбіреулер  байбалам  салып  жүргендей 
«Ақ  жол»  тек  кəсіпкерлердің  партиясы  болып  қалмайды,  біздің 
айқын  жолымыз  бар.  Ол – біртұтас  Алаш  идеясы.  Алаш  идея-
сы – қазақ  мемлекетінің  қуаттылығын  қолдайды.  Ендеше,  түкке 
түсінбей бізге тас лақтырушыларға осы мəселені талдап түсіндірер 
кез  жетті.  Сонау 1917 жылы  алғашқы  құрылтайын  шақырып, 
«Алаш»  партиясы  тарих  сахнасына  шығып,  қазақ  үшін  қажет 
түйінді мəселелерді қозғап жатса, сол айтылғандар күні бүгін де 
маңызын жоғалтпаса, ендеше біз Алаш жолынан ауытқымауымыз 
керек. Өзімізді «Алаш» партиясының ізбасары деп танитын бізге 
солардың идеяларын жаңғыртудан артық міндет жоқ.
Биыл  «Алаш»  қозғалысының 95 жылдығы. «Алаш»  көсем-
дерінің  бірі  Ахмет  Байтұрсыновтың  да 140 жылдығы.  Алда – 
«Алаш» қозғалысының 100 жылдығы қатар келмек. Сондықтан да 
мен мына мəселелерді ұсынамын:

135
Біріншіден,  Алаш  арыстарының  рухын  жас  ұрпақ  бойына 
сіңіру  үшін Алаштың ілімін қолға алуымыз керек.
Екіншіден,  «Алаш»  партиясы  мен  Алаш  қозғалысы  көтерген 
мəселелерді  жілікше  шағып,  жан-жақты  үйренгеніміз  жөн.  Осы 
орайда, партия мемлекеттік тілде оқулар ұйымдастыруына болар 
еді.
Үшіншіден, бес жыл көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Жүз 
жылдыққа дайындықты дəл қазір бастауымыз керек. Қадау-қадау 
мəселелерді  іріктеп,  негізгі  идеяларымыздың  тұтқасы  ретінде 
көтергеніміз дұрыс.
Төртіншіден, жүз жылдықтар тоғысындағы торқалы тойды ең 
бірінші ақжолдықтар бастауы керек деп санаймын.
Бесіншіден, əрбір облыстағы филиалдарға Алаштану бұрыш-
тарын ұйымдастырғанымыз жөн. 
Алтыншыдан,  партия  өмірінен  жазылған  мақала,  очерктерге 
бəйге жарияласақ, артық болмайды. Осы еңбектерді топтастырып 
кітап етіп бастыру – партия беделін арттыра түсер еді.
Жетіншіден,  жалпы  түрікшілдік  идеясы  дəл  қазір  ең  өткір 
мəселе ғой деп ойлаймын. «Түркі тілдес түгел бол!» деп алаштықтар 
босқа  айтқан  жоқ.  Президентіміз  де  бүгінде  түркі  тілдестердің 
достық  одаққа  бірігуін  көтеріп  жүргені  тегін  емес.  Жаһандану 
жұмырына жұтылып кетпеу үшін бізге тастүйін бірлік қажет. Біз 
сыртқы жаулардан сақтанғанда ғана саяси мүдделерімізге жетеміз. 
Ұлт мүддесі сақталады. Ал, алаштықтар осы ұлт мүддесі деп жан-
дарын пида еткенін сіздер жақсы білесіздер.
Сегізіншіден,  патшалық  Ресей  өкіметін  басқарған  Петр 
Столыпиннің биылғы 150 жылдық тойына  орай оның ескерткішін 
орнату  үшін  мерейтой  ұйымдастырушылары  «кемінде  бір  айлық 
жалақы  аударуымыз  керек»  деп  шешті.  П.Столыпин  мұраларын 
зерттеу  қорының  президенті  Павел  Пожигайл  аз  уақытта 6 мил-
лион рубль жинады деп алғашқы күндері-ақ жар салды. Дəл осы 
П.Столыпиннің  жер  туралы  саясатына    Əлихан  Бөкейханов  пен 
Ахмет  Байтұрсынов  қарсы  шығып,  қазақ  жерін  жанын  салып 
қорғады. Елді патша өкіметінің арбауына түсіп қалмауға шақырып, 
жарғақ құлақтары жастыққа тимей жұмыс жасады. Міне, осындай 
абзал  азаматтарға  арнап  ескерткіш  салуға  ұлтарақтай  жер  неге 

136
табылмайды? Ахаңа құрмет көрсету, Астанадан үлкен ескерткіш 
тұрғызу  ісіне  қазірден  кірісуіміз  керек.  Əрбір  облыстан  Алаш 
ардақтыларына  арнап  ескерткіштер,  мұражайлар  салу  бүгінгі 
күннің кезек күттірмес міндеті.
Тоғызыншыдан,  «Қазақстан  тарихы»  оқулығында  Алаш 
қозғалысы  жөнінде  тым  жұтаң  жазылған.  Сондықтан,  мектеп 
оқушылары Алаш ардақтылары хақында тым аз біледі. Осы орай-
да,  оқулықтардағы  олқылықтың  орынын  толтыруымыз  керек. 
Кітаптар, оқулықтар, зерттеулер жазылып, қысқаметражды филь-
мдер түсіріліп, жоғары оқу орындары мен мектептерге таратылса 
құба-құп болар еді. Шымкенттегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына 
арналған мұражай басқа да облыс орталықтары мен қалаларынан, 
аудан орталықтарынан салынса артық болмас дейміз.
Назар аударып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

137
Жуланова Людмила 
Аркадьевна
Заместитель 
Председателя ДПК «Ак жол»
ПРОГРЕССИВНЫЙ ХАРАКТЕР СОЦИАЛЬНЫХ 
ПРЕОБРАЗОВАНИЙ ПРОГРАММЫ ПАРТИИ «АЛАШ»
1. Социальная основа национально-освободительного дви-
жения.
Для  того,  чтобы  глубже  понять  процессы,  происходящие  се-
годня, важно взглянуть на период жизни казахского народа, про-
шедшего сквозь политические, культурные, идеологические испы-
тания.
Зародившееся  в 1905 году  движение  «Алаш»,  в 1917 году 
трансформировалось в партию «Алаш». Движение имело широкую 
социальную основу. Ядром национального движения в казахском 
обществе стала национальная интеллигенция. Их устремления по-
лучили  наиболее  концентрированное  выражение  в  программных 
документах  и  практической  деятельности  партии  «Алаш».  Обла-
дая знаниями родной, восточной, русской, европейской культуры 
казахская  интеллигенция  не  только  сформировывала  идеологию 
национально-освободительного  движения  начала  ХХ  века,  но  и 
обозначила основные ориентиры социальной политики. 
2. Базовые ценности социальной модернизации в Програм-
ме партии «Алаш» 
В 1917 году в газете «Қазақ» печатается программа партии 
«Алаш». Реформаторский характер основного документа партии 
нашел  свое  отражение  в  постановке  социально-экономических, 

138
культурно-просветительских,  религиозных  и  иных  вопросов. 
«Алаш»  отстаивает  справедливость,  поддерживает  бедных,  забо-
тится  о  повышении  благосостояния  народа,  ведет  народ  по  пути 
прогресса.
Проблемы  просвещения,  образования,  земли,  переселенцев, 
этноса, религии, женщин и детей, власти, языка вначале поднима-
лись ими с позиций социализации казахов, а затем с позиций соз-
дания суверенного государства. В проекте нашли свое выражение 
вековые чаяния казахского народа.
Из 10 пунктов программы половина обращена к социаль-
ной сфере: 
1) (п.3) Основное право, равноправие, неприкосновенность 
личности, свобода слова, печати. 
Все  народности  без  различия  религии  и  без  различия  пола 
уравниваются в своих правах (свобода собраний, свобода выбора, 
объединений  и  открытия  их,  свобода  слова,  печати,  неприкосно-
венность личности). 
В  программе  отмечается: «Партия  Алаш-Орды  добивается, 
чтобы на таких должностях как бии, волостные и аульные управ-
ленцы, работали люди, радеющие о народном благе. Кандидатуры 
для работы в земских управах и милиции предлагаются на обсуж-
дение народу. 
Первый  казахский  общественно-политический  и  литератур-
ный  журнал  демократического  направления  «Айкап»  и  газета 
«Казах»,  в  отличие  от  предшествовавших  изданий  на  казах-
ском языке, затрагивали широкой круг вопросов обществен-
ной жизни: культуру, литературу, образование, достижения на-
уки и техники.
При этом издатели газеты «Казах» призывали «…всеми сила-
ми  и  средствами  стремиться  к  просвещению  и  общей  культуре» 
для чего первым долгом обязаны были заняться развитием литера-
туры. Консолидации этнокультурной элиты и популярности в мас-
сах способствовали также учрежденный при газете по инициативе 
Дулатова фонд помощи казахским студентам из вузов Петербурга, 
Варшавы, Стамбула, Парижа, Берлина.
Алашевцы чётко обозначили своё отношение к коррупции и 
взяточничеству, не приемля и осуждая эти негативные явления. 

139
2) (п.4) Религия отделена от государства, все религии рав-
ноправны, казахи имеют свой муфтиат.
Относительно  религии  алашевцы  считали  необходимым  её 
отделение от государства. Все религии равны. Пропаганда религи-
озного верования не запрещается. Предоставляется свобода испо-
ведовать или не исповедовать религию. Казахское общество имеет 
самостоятельное муфтийство. Бракосочетание, разводы, причита-
ние,  именование  новорождённых  и  другие  подобные  дела  пере-
даются  муллам.  Спорные  дела,  связанные  с  вдовством,  калымом 
рассматриваются в суде. 
3) (п.8) Рабочие должны быть защищены законом
В вопросе о рабочих партия «Алаш» одобряет программу со-
циал-демократов  (меньшевиков).  По  инициативе  Советов  рабочих 
депутатов летом 1917 г. был введен 8 часовой рабочий день на пред-
приятиях Петропавловска, Семипалатинска, Уральска, Перовска, на 
предприятиях горнозаводской и нефтяной промышленности. 
Алашевцы считают важнейшей задачей защитить рабочих на 
законодательном уровне.
Усиливается роль профсоюзов. Поставленные VI съездом про-
фсоюзов  СССР  в 1924 г.  задачи  усиления  союзной  деятельности 
в национальных регионах «применительно к бытовым и культур-
ным  особенностям»,  вовлечения  и  обслуживания  национальных 
масс  на  родном  языке  представлялись  крайне  проблематичными 
для Казахстана в силу слабого индустриального развития и мало-
численности рабочих среди казахов. 
В целом в конце 20-х гг. численность представителей коренно-
го населения в промышленности по-прежнему была еще низкой, 
хотя  только  за 1925 – 1927 гг.  она  выросла  в 1,5 раза.  Проблема 
состояла  не  только  в  формальном  увеличении  численности  про-
фсоюзов,  но  и  в  слабом  участии  коренного  населения  в  работе 
предприятий и непроизводственной сфере. Особенно слабо были 
вовлечены в общественную жизнь женщины-казашки.
4) (п.9) Наука и просвещение: обязательное образование, об-
учение бесплатное, начальные школы на родном языке, казахи 
должны иметь среднее учебное заведение на родном языке. 

140
Особую  роль  алашевцы  отводили  науке  и  просвещению. 
По решению Общеказахского съезда, образование в Степном крае 
должно быть «всеобщим, бесплатным и обязательным». Для это-
го  предлагалось  открыть  за  счет  государственной  казны  в  горо-
дах, крупных поселениях, волостях мужские и женские медресе и 
аульные школы. Преподавание в этих учебных заведениях должно 
было вестись на родном и русском языках. Считали необходимым 
в целях развития народного образования расширить сеть профес-
сиональных  школ:  ремесленных,  медицинских,  ветеринарных  и 
других. При этом обращалось внимание на то, что обучение на них 
должно вестись на казахском языке. Надлежало открывать библи-
отеки, читальни.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет