Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖƏНЕ АЛАШ ТАҒЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#6475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖƏНЕ АЛАШ ТАҒЛЫМЫ 
Ел басына төнген кешегі қара түнектің көбесі сетінеп, əділет тің 
ақ  жалауы  көтерілгелі  бері  қазақтың  ұлттық  мəдениеті  аспанын да 
шуақты  нұрын  төгіп  жарқырай  жайнаған  рухани  көсемдер  тура-
лы,  олардың  өмірі  мен  шығармашылық  өнері  жайлы,  азаматтық 
болмысы  мен  қайраткерлік  қарымы  туралы  біраз  дүниелер  жа-
зылып,  көпке  беймағлұм  көмескі  жайлардың  көзі  ашылғандай. 
Өлгеніміз  тіріліп,  өшкеніміз  жанғандай,  рухани  қазынамыздың 
олқы  тұсының  орны  тола  бастады.  Негізгі  тақырыпқа  көшпес 
бұрын,  тарих  тұңғиығына  батып  мəңгі  жоғала  жаздаған  Ахмет 
Байтұрсынұлы  сияқты  Алаш  ардагері  арыс  ұлдарымыздың  асыл 
еңбектерін көздің қарашығындай сақтап, осы күнге жеткізген жеке 
адамдарға, архив қызметкерлеріне жəне бұларға жабылған жаланы 
жұлып тастап ақтауда ат салысқан еліміздің естияр азаматтарына 
жұрт риза екенін айта кеткіміз келеді. 
Қазақ халқы жалпы архив жинау ісін дағдыға айналдырмаған 
ел. Соған қарамастан өзімізде де, өзге шет елдерде де халықтың та-
рихына, мəдениетіне, тіліне əдебиетіне, өнеріне т.б. кəсіп, тіршілік 
жоралғысына қатысты дүниелердің сақтала бергені қандай олжа. 
Осыдан ойға түседі. 1987 жылы күз айында сапардың сəті түсіп, 
маған Америка Құрама Штаттарына барып қайтуға тура келді. Бір 
күні Мадисон қаласындағы университетке соғып, оның кітапхана 
қорымен таныстық. Сонда біз таңқаларлық жағдайға тап болдық. 
Өмірзақ Айтбайұлы
Халықаралық «Қазақ тілі» 
қоғамының президенті, 
филология ғылымдарының
докторы, профессор,
ҚР ҰҒА-ның академигі

58
Əлгі  кітапханада  қазақ  мəдениетінің,  ғылымының,  өнерінің 
бұрынғы,  қазіргі  өкілдерінің  бар  дүниесі  тізіліп  тұр.  Өзімізде 
жоқтың  бəрі  осында.  Компьютер  арқылы  бар  сұрағымызға  жау-
ап алдық. əл-Фарабиден М. Шахановқа дейін түгел жинақталған. 
Бір  мезгілде  көзімізге  оттай  басылып  Ахаң  туралы  мағлұматтар 
кетті. Жеті қат жер астына кеткен əйгілі «Қазақ» газетінің топта-
масы сонда тұр. Біз оның бірнеше санын көшірме жасап ала келген 
едік. Бұл да өзінше бір мұражайлық ескерткіш болып «Қазақ тілі» 
қоғамында сақтаулы. 
Жалпы қазақ қағаз жинамаған, сөз жинап дағдыланған халық 
қой. Ахаңның да көп дүниесі көңілде жатталып, көкейде түйіліп 
қалған. Соның бəрі кейін шығып жатыр. Мұның үстіне ата мұрасын 
індете іздеп, көп шындықтың бетін ашуға атсалысып жүрген жа-
стар  (Ғ.  Əнесов,  А.  Мектепов)  əкелген  деректер  бар.  Жиналып 
келгенде  Ахметтану  ғылымының  негізін  кешегі  Мұқтар  Əуезов, 
С.Сейфуллин, Смағұл Сəдуақасов, Міржақып Дулатов т.т. тəрізді 
қазақ мəдениетінің тарландары қалады десек, сексен сегізден бері 
қарай ол толыға түсті деп толық айтуға болады. Бұл күн өткен сай-
ын ауқымдана бермек. 
Ахмет  Байтұрсынұлы – қазақ  мəдениетінің  тарихында  үлкен 
бір  дəуірді  алып  жатқан  алып  тұлға.  Ол  өзінің  құдай  берген  та-
лантын  туған  халқына  деген  сүйіспендікпен  суғарып,  толассыз 
еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол – қараңғылық 
тұңғиығынан  жарық  жұлдыздай  жарқырап  шығып,  айналасына 
нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Не оқыту жүйесі, не өзіндік 
жазуы  қалыптаса  қоймаған,  мал  соңына  ерген,  малмен  бірге 
ұйықтап, малмен бірге жусаған қалың ұйқыдағы халқының қамын 
жеп, сауатын ашпақ боп сары масадай ызыңдаған үлкен ақын, тілім 
деп түн ұйқысын төрт бөлген талантты тілші, шебер аудармашы, 
түркі тілдес халықтар тұлға тұтқан түрколог, қоғам ісіне араласқан 
мемлекет  қайраткері.  Бұл  санамалап  отырған  атақ,  дəреже, 
лауазымдардың өзінен өзі келмегені мəлім. Ол талмай ізденіп та-
маша туындылар берген. Өмірдегі өзінің басты мақсатын – туған 
халқына қызмет ету деп түсінген Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) небір 
тар, тайғақ кешулерден өте келе тамаша еңбегімен қазақ халқының 
ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға. 

59
Оның  дүниеге  келер  тұсы  патша  ағзамның  бұратана  елдерді 
билеп төстеудің айла-шарғыларын емін-еркін іске жаратып жатқан 
кезі болатын. Қазақтың əлденеше ғасырға ұласқан хандық, билік 
құрылымының  быт-шыты  шығып, «күштілерім  сөз  айтса,  бас 
имеймін шыбындап» деп тұрған сəті еді. Ахметтің дүниеге келуі 
қалыптаса  бастаған  халықтың  тұтастығының  береке-бірлігінің 
сəні кетіп, ел-жұрты «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» жүріп 
жатқан дəуір еді. 
1873  жылдың  қаңтар  айының  соңғы  күндерінің  бірінде 
бұрынғы Торғай уезі Тосын болысына қарайтын Ақкөл жанындағы 
Сартөбек деген жерде Байтұрсын шаңырағында Ахмет есімді сəби 
келеді дүниеге. 
Текті  тұқым,  жақсы  тəрбие,  құнарлы  топыраққа  түскен  дəн 
тəрізді,  жемісін  молынан  береді  емес  пе?  Ахмет  те  тумысы-
нан  зейін  де  зерек  бала  болып  өседі. «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда 
соны ілесің» демекші Ахаң ең алғашқы тағлымды, жөн-жосықты 
өз  шаңырағынан  алады.  Өз  əкесі  Байтұрсын,  оның  əкесі  Шошақ 
Үмбетей еліндегі көзі ашық, көкірегі ояу, пікірін ашық та айқын 
айта  білетін  өте  батыл  болғанға  ұқсайды.  Əуелі  Шошақ,  кейін 
Байтұрсын  балаларын  Араб  елдері  мəдениетінен  сусындатқысы 
келген. Иран, Түркияға жіберіп те оқытуды ойлаған. 
Сонымен бірге Шошақ əулеті, əсіресе Байтұрсындар ешқандай 
əділетсіздікке  төзбейтін  қайсар  тұқым  болса  керек.  Көпшілікке 
белгілі  оның  бір  мысалы – осы  аймаққа  билігін  жүргізіп  тұрған 
ояз  Яковлевтің  оспадар  қылығына,  озбырлығына  шыдай  алмай 
Байтұрсынның  қарсылық  білдіргені.  Ал  Яковлев  шабармандары 
Байтұрсынның əділ талабына құлақ асудың орнына, таяқтың асты-
на алады. Бұған да төзген ол Яковлевтің өзіне: «Мына бассыздық 
пен  заңсыздықты  тоқтатыңыз»  дейді.  Сөйтсе  ояз  «Сен,  киргиз 
ит, жөніңді біл!» деп оны бетіне түкіріп жіберсе керек. Міне, бұл 
қорлыққа  көне  алмаған  Байтұрсын  Яковлевті  аттан  жұлып  алып 
басын жарады да, жандайшаптарына тұра ұмтылады. 
Бұл оқиғадан бүкіл ел дүрлігіп, іс насырға шабады. Дереу жа-
залау отрядтары ойда жоқта шыққан қару-жарақсыз қарсылықты 
аяусыз  жаншып,  Байтұрсынның  Ақтас  жəне  Собалақ  дейтін 
екі  інісімен  бірге  ұсталып,  кісенделіп  патша  үкіметі  тарапы-
нан 25 жылға итжеккенге айдағандығы мəлім. Білімсіздіктің, тіл 

60
білмеудің  зардабын  əбден  тартқан  сол  Байтұрсын  айдалып  бара 
жатқан  сəтінде  үміт  етері  Ахметке: «Аш-жалаңаш  бол,  қорлық 
көр,  бəрібір  оқы,  балам.  Тым  болмаса  артымда  маған  хат  жазып 
тұратын халге жет» дегенін қайсыбір қариялар аңыз ғып бертінге 
дейін айтып жүріпті. 
Бүкіл  елге  əсер  еткен  бұл  сұмдық  оқиға  көпке  дейін 
ұмытылмайды.  Ахмет  онда 12-13 жас  шамасында  екен.  Естияр 
баланың көз алдында болған бұл сурет оның жадында мəңгілікке 
қалып қояды. Сондықтан да болар, ол 1909 жылы Семей түрмесінде 
отырғанда жазған «Анама хат» деп аталатын өлеңінде: 
... Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, 
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам. 
Алданып тамағыма оны ұмытсам, 
Болғандай жегенімнің бəрі харам. 
Адамнан туып, адам ісін етпей 
Ұялмай не бетіммен көрге барам?! 
(Өлең 1911 ж. Орынборда жарық көрген топтамасынан алын-
ды). Осы бір-екі шумақ өлеңнен балаң Ахметтің бүкіл өмір бойы 
істеген  ісін,  ой-арманын,  мақсат-мүддесін  аңғаруға  болатын 
сияқты. 
Оқуды арман еткен зерделі жас алдымен Торғайдағы екі сыныптық 
орыс-қазақ училищесін үздік бітіріп, одан соң Орынбор қаласындағы 
мұғалімдер даярлайтын қырғыз (қазақ) мектебін 1895 жылы тамам-
дайды. Ахаңның ресми алған жүйелі білім осымен шектеледі. Алай-
да Ахаң көтерілген биіктен оның тағылымы мол тамаша өміріне көз 
жіберіп, байқасақ, білімдар ұстаз, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері т.т. 
болу үшін институт бітіріп, үлкен-үлкен атақ-лауазымды болу тіпті 
де  қажет  емес  сияқты.  Табиғат  силаған  дарынның  арқасында  Ахаң 
онсыз  да  бір  адамның  қолынан  келер  кереметтей  істер  тындырды. 
Ол  істері  сан  салалы,  сан  алуан:  ағартушылық,  оқу-білім,  ғылым, 
əдебиет, мəдениет, тарих, тағылым т.т. 
Мұның  бəріне  тоқталып,  саралап  айту  тұрмақ,  санамалап 
шығудың өзі қиын шаруа. Дегенмен, Ахаң туралы сөз болған соң, 
оның  өмір  жолының  ұрымтал  тұстарын  аттап  өтуге  болмайтын 
сияқты. 
Ахаң өмірінің алғашқы қадамдарын бала оқытудан бастайды 
жəне ол өз мақсатын: 

61
 
 
Адамдық диқаншысы – қырға шықтым, 
 
 
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. 
 
 
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
 
 
Көңілін  көтеруге  құл  халықтың – деп,  бейқам 
жатқан  халқын  сауаттандырып,  өнер-білімге,  мəдениетке  жетек-
теу деп біледі. 
Əрине,  бұл  тұста  Ахаң  тəрізді  оқыған,  білім  алып,  əлгіндей 
мектептерді  бітірген,  орысша  сауат  ашқан  өзге  де  қазақтардың 
қарасы  көріне  бастаған-ды.  Бірақ,  бір  ғажабы,  олардың  көбі 
халық,  ел  мүддесі  деген,  сөздерден  гөрі  ұлыққа  жағынып,  сол 
халықты қалай қанап, қалай пайда тапсам екен дейтіндер болатын. 
Олардың тілмаштыққа қолы жетіп, губернатор кеңселерін жағалап 
жүргенде,  Ахаң  ағартушылық  жолына  түсіп, «Қайтсем  халқыма 
пайдамды тигізем, қалай көзін ашам, ұйқысынан қалай оятам» деп, 
күндіз-түні  соның  амалын  қарастырады.  Ұмытылмас  өнеге  бізге 
мирас.
Осы орайда, қазақтың бірен-саран да болса көзі ашық оқыған 
жастарын  жинап  елшілдік  ұранын  үдетіп,  ел  мұңы,  халық  қамы 
деген күрделі мақсаттардың іске асуын көздей бастайды. Жалғыз 
ағартушылық  жолмен  аса  алысқа  ұзап  кете  алмайтынын  сезген 
Ахаң, біртіндеп күрескерлік жолға түседі. Жан-жақты əрекет етуге 
талпыну, ізденіс 1896 жылы Ахаңды Алекторовқа алып келеді. Оған 
барудың да өзіндік сыры бар еді. Алекторов ол кезде Омбыда оты-
рып Ақмола, Семей оқу жүйесін басқарып тұрған болатын. Оны-
мен қазақ даласындағы бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Бұл кез-
десу оған екі түрлі əсер қалдырып, көп нəрсеге көзін аша түскендей 
болады. Ол жайында Мұқаң (М. Əуезов): «Біреуі – Алекторовтың 
қазақ турасындағы отаршылдық саясатының басын біліп, көздеп 
жүрген  мақсатын  сезген  болар,  атақты  Ильминскийдің  жолымен 
қазақтың көзін ашу үшін осы оқу керек деген саясатты тұтынып 
жүргендігін сөздерімен білдірген Алекторовтың ниетімен жақын 
келіп  танысқан  соң,  Ахмет  қазақ  халқының  халінің  ауырлығын 
ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойы сол кезде ояна бастаған. 
Алекторовпен  танысудың  екінші  əсері – Ақаңның  жолы 
ашылып,  пікірі  ашылып,  бұрынғы  білім-өнер  жүзіндегі  шала 
білініп,  көмескілеу  түсініп  жүрген  нəрселерін  таза  білуіне  себеп 
болған». 

62
Бұл  жерде  Мұқаңның  өз  кезінде  ашып  айтуға  аузы  бармай, 
астарлап отырған бір жайы бар сияқты. Ол орыс оқымыстыларының 
миссионерлік  мақсатының  Ахаң  зердесіне  жетуі,  содан  тіксінуі. 
Олар қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыруды көздеген 
ғой.  Осыдан  секем  алған  Ахаң  ширыға  түседі.  Қазақты  өнер, 
білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың халық 
алдындағы парызы деп түйеді. 
Ахаңның  осындай  мақсатты  көздеп,  саяси  көзқарастарын 
шыңдай түсуі Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1907 кезеңімен бай-
ланысты.  Осы  кезде  Ахан  айналасына  əлеумет  өміріне  зер  сала 
бастаған бірен-саран көзі ашық, оқыған қазақ зиялылары топтана 
бастайды. 
Қарқаралыда  ағартушылық  жұмыспен  айналысып  жүрген 
Ахаңды алты жолдасымен 1907 жылы тұтқындалып, абақтыға жа-
былады. Ол он екі жылдай өмір сүрген Қарқаралысымен қоштасып, 
Семейге  айдалғанда  бүкіл  қазақ  баласының  бойындағы  арылмас 
дерт, арсыздық пен арамдық атаулыға сес білдіргендей, мынадай 
жолдарды түзеді: 
Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған, 
Айдай бер қалса адамың қуылмаған. 
Əдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ. 
Жасырын дыбыс шықты шуылдаған. 
Бүркеніп, арсыздардың шайнауына 
Жем тапты пісірмеген, қуырмаған.
Шыққан соң талғамайтын доңыздарың. 
Қасыңа қиын болар жуу маған. 
Семейде  сегіз  айдай  ешқандай  тергеусіз,  сотсыз  тас  қамауда 
жатқан  Ахаң  ақыры  қазақ  өлкесінен  бір  жарым  жыл  мерзімге 
Орынборға жер аударылады. Сол кеткеннен мол кетеді. Ол онда 
1917 жылдың аяғына дейін тұрады. Жазалы адам ретінде айдалған 
Ахаңның бұл сапары оның өміріндегі ең нəтижелі де өнімді еңбек 
еткен жылдар еді деуге болады. Ол ғылым, білімге бұрынғыдан да 
тереңірек үңіліп, əділетсіздік жайлаған мына қоғамды бұрынғыдан 
да  бетер  ащы  тілмен  түйрей,  шеней  түседі.  Қазақ  балаларын 
оқытудың əдістерін, қазақ тілі, əдебиеті, өнері, тарихы, мəдениеті 
туралы өрелі ойлар айтып, бастауыш мектептерге арнап оқулықтар 
мен  оқу  құралдарын  жаза  бастайды.  Халық  мұраларын,  ауыз 

63
əдебиет үлгілерін, эпос, ертегі, жұмбақтар жинап бастыру ісімен 
айналысады. Ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. 
А.  Байтұрсынұлының  қазақ  елінің  жоғын  жоқтап,  санасына 
сəуле  құюға  байланысты  жасап  жүрген  еңбектері  елге  тарай  ба-
стайды.  Əсіресе  сол  кезде  Уфадағы  «Ғалия»  медресесінде  оқып 
жүрген қазақ жастарына Ахаңның туындылары, елдік істері қатты 
əсер етеді. Сол жастардың ұйғаруымен елден қаржы жиналады да, 
газет шығару мəселесі қозғалады. Ол бейресми газет «Қазақ» деп 
аталады  да,  оған  редакторлыққа  А.  Байтұрсынұлы  шақырылады. 
Міне, сол 1913 жылдың басынан 1918 жылға дейін бас редакторлық 
міндетін  мүлтіксіз  атқарған  Ахаң  елге  жеткізсем,  ұқтырсам  деп 
жүрген көкейіндегі көптеген мəселелерді енді хатқа түсіріп, жария 
етуге мүмкіндік алады. 
1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағы халықты өз 
тағдыры үшін күреске шақырған, жұртшылықты шырт ұйқысынан 
оятқан дабылды топтама болатын. 
Ақын қалғыған халқын тым болмаса маса боп шағып оятайын, 
ойландырайын деген мақсат көздейді. Ол бұл жолда талай қаққы 
жеп, тауқымет шегерін де, тіпті өліп те кетерін білген. Бірақ біле 
тұра ол алған бетінен қайтпайды: 
 
 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, 
 
 
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша, 
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, 
Қоймастан құлағына ызыңдаса?! 
Сары маса болып ызыңдаған өзі екенін Ахаң 1909 жылы Пе-
тербургте  басылған  «Қырық  мысалындағы» «Малшы  мен  маса» 
деген туындысында жасырмай, ашық айтады: 
 
 
Мысалы қазақ – малшы ұйықтап жатқан, 
 
 
Жыланды пəле делік аңдып баққан. 
 
 
Пəленің түрін көрген мен – Сармаса 
 
 
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан. 
 
 
Ойлаймын осы сөз де жетеді деп, 
 
 
Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп, 
 
 
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзіңді 
 
 
Қорқамын сармасадай етеді деп. 

64
Өз  тағдырының  түбі  не  боларын  алдын  ала  болжап, 
көрегендікпен айтып кеткен Ахаңның түбіне жеткен, шынында да, 
өзіміз  емес  пе  едік?  Халық  басына  төнген  қатерден  қорғанудың 
амалын тым болмаса сауат ашу арқылы үйретпек болған асылы-
мызды ұйқылы-ояу халімізбен аяқ-қолын байлап бердік қой. Осы-
ны бір ойлап, сабақ алсақ етті. Неге десеңіз, ұлттық сана мен ұлт 
мəдениеті жолындағы күресте осынау опасыздық пен алауыздық 
салқыны  əлі  де  жетерлік-ау  деп  сезіктенесің. 50-70-80 жылдар 
ылаңы не ойлатпайды кісіге. Тəуелсіз ел болған қазіргі күйіміздің 
өзі  көп  жағдайда  көңілге  жұбаныш  əкеле  қоймайды. «Біріңді 
қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос» (Абай) екенін түгел ұғып 
біттік пе?! 
Жаңадан  тəй-тəй  басып,  Ахаң  сияқты  бірен-саран  оқыған 
саналы  азаматтардың  арқасында  оң-солын  танып,  енді-енді  ес 
жиып  келе  жатқан  қазақ  елі  үшін  «Қазақ»  газетінің  атқарған 
қызметі ұшан-теңіз екенін тағы да айтсақ артық емес. Бес жылға 
таяу  уақыт  үзбей  оқырманымен  қауышқан  бұл  газет  кезінде 
лайықты  көкейтесті  мəселелерді  бірінен  соң  бірін  жариялап, 
жұртшылық мағлұматын кеңейтумен болды. Жалпы қазақ халқы 
қазан  төңкерісіне  өзінің  санасын  ғана  емес,  қоғамға,  əлеуметтік 
өмірге деген саяси көзқарастарын да недəуір қалыптастырды дер 
болсақ, ондай күрескерлік қасиет осы «Қазақ» газетінің арқасында 
айқындала  түскенін  айту  керек.  Кезінде  бұл  газетті  ұлтшыл-
буржуазияшыл  орган  деп  тиым  салып  тастамағанда  талай  тари-
хи  шындықтың  көзін  ашып,  халқымыздың  революцияға  дейінгі 
рухани,  мəдени  өмірінен  мол  мағлұмат  беретін  еді.  Газеттің  игі 
мақсат-мүдделері оның бірінші санында-ақ ашық айтылған. Оның 
негізгі  мақсатты  жұрт  пайдасына  тиімді  шаруасымен  айналы-
су  екенінен  бастайды...  Қазақ  арасына  ғылым,  өнер  жайылуына 
басшылық  ету,  басқа  жұрттардың  халінен  хабар  беріп,  танысты-
ру. Сол мақсаттарды орнына келтіру үшін закүндерді, хакімдердің 
бұйрық-жарлықтарын  білдіріп  тұру.  Государственная  дума  һəм 
Государственный  совет  жұмыстары  турасында  жете  хабар  беру, 
ішкі һəм сыртқы хабарларды жазып тұру, қазақтың бұрынғы жəне 
бүгінгі  жайын  жазу,  күнелту,  сауда,  кəсіп,  жер-су,  егін-тарап, 
мал шаруасы жайынан кеңесу; оқу, оқыту, мектеп, медресе, шко-
ла,  ғылым,  өнер,  тіл,  əдебиет  турасында  жөн  көрсету,  адам  һəм 

65
мал  дəрігерлігі  жайын  жазу («Қазақ»  №1, 1913, 2 ақпан),  қалың 
бұқараға кезінде аян болған. 
Газет  əлденеше  рет  жабылып,  қайта  тіріліп,  шығынданып, 
сотталып  жатса  да  көздеген  мақсатын  түгелімен  орындады  деп 
тұжырым  жасауға  болады.  Тіпті  кейде  бұдан  да  шығыңқырап, 
əлемдік ой-пікірге азық болар мəселені де қозғап кеткен сəті бар. 
Айта  кететін  бір  жайт:  осы  газет  жəне  оның  редакторы 
А.  Байтұрсынұлы  жайында  жазылған  материалдарда  тіпті  кейінгі 
уақытқа дейін «ұлтшыл, буржуазияшыл» дейтін ала таңба қалмай 
келеді.  Бұрынғысы  бір  сəрі,  ал  Ахаңның  ақталғанынан  кейін  де 
есімі дұрыс аталмауы, газеттің бағасы кешегі коммунистік идео-
логия тұрғысынан қаралуы түсініксіздеу. «Газеттің олқылықтары 
мен кемшіліктері болып еді» деп баяғы жалтаққа баспай, мəселенің 
ақиқатын ашық айтатын, уақыт жеткен сияқты. Өйткені Ахаңның 
о  бастағы  рухани  өмірінің  қалыптасуы  осы  газетке  де  тікелей 
байланысты.  Сонда  ғана  біз  Ахаң  сияқты  Алаш  ардақтысының 
алыптардың ұстанған бағыт-бағдарын, оның өз халқын прогреске 
алып шығар дұрыс жол болғанын айқындай түсеміз. 
А. Байтұрсынұлының қазан төңкерісіне дейінгі өмір жолының 
қайсыбір  тұстары  міне  осындай.  Бұл  жолдың  тіпті  де  оңай 
болмағанын  баяндаған  азын-аулақ  деректерден-ақ  байқауға  бо-
лар.  Қит  етсе,  түрмеге  жабу,  бостандықта  жүргенінің  өзін  де 
үнемі аңдуда, тексерісте болу, тіпті басқан қадамын былай қойып, 
ашқан аузын, жазған сөзін бағып, қия бастырмай тұншықтыруға 
шыдау үшін адамға қандай күш, жігер, қайрат керек. Өстіп жүріп, 
тығырықта өмір кешсе де Ахаң елім, жерім, халқым деп тыныста-
уын  бір  сəтке  де  тоқтатпаған,  ол  ел  мүддесіне  жарарлық,  халық 
санасын ашарлық қыруар дүниені берді. Бұл ел деп соққан үлкен 
жүректің ыстық махаббатынан ғана туындайтын қазына. 
Ахаң өмірінің төңкерістен кейінгі бөлігі де тіпті күрделі, тіпті 
қайғылы. Жан түршігерлік азапқа бола туылған жан дерсің. 
Жаңа  үкіметтің  мүшесі,  Қазақ  автономиялық  республика-
сының оқу ағарту халық комиссары, соның жанындағы ғылыми-
əдеби  комиссияның  председателі,  Бүкілресейлік  ВЦИК-тің 
мүшесі,  Кирвоенкомның  мүшесі,  КазЦИК-тің  мүшесі,  сондай-ақ 
Академиялық  Орталықтың  председателі  ретіндегі  аз  уақытқы 
шуақты күндерді басынан кешіргені болмаса, ең ауыр, ең қасіретті, 

66
шегінен  асқан  сұмдық  пен  зұлымдықтың  тақсыретін  тартқан 
қаралы кезең бұл. 
Төңкеріске  дейінгі  өзі  айқасқан  надандық  пен  қараңғылық 
жыл өткен сайын құбылып, тəсілденіп, əлденіп алғандай Ахаңның 
қыр  соңынан  қалған  емес.  Қайта  зұлымдық  пен  қорқаулық, 
арызқойлық пен алауыздық дертін індеттей үдетуші қаскүнемдер 
жаңа  заманның  терісін  айналдырып  киген  бөрісіндей  боп, 
жақсылықтың  ұрығын  шашушы  жандардың  соңынан  шам  алып 
түскені мəлім. 
Ахаң  болса,  езілген  ел  өміріндегі  қазан  төңкерісін 
саналылықпен  қабылдап,  Кеңес  үкіметіне  үлкен  үміт  артқаны 
мəлім.  Өзінің  ел  мұңы,  халық  қамы  деген  əу  бастағы  мақсат-
мүддесімен жаңа үкіметтің бағыт-бағдары сəйкес келіп жатқандай 
боп  көрінгесін  де  ол  Кеңес  үкіметіне  қолқабыс  етуге  тырысты. 
Армандай  болып  алғызбай  жүрген  көп  шаруаның  бағы  енді  жа-
нар деген үмітпен ол іске аянбай-ақ араласты. Жоғарыдағы сана-
малап шыққан қызметтің бəрі соны дəлелдейді. Бірақ Ахаңның ақ 
ниетінен  арамдық  іздеуші,  іс-əрекетінен  контрреволюциялық  бүлік 
күтуші қара ниеттілер оған аттап қадам бастырған жоқ. Басқан ізін 
аңдумен болды. Ол бұрын патша чиновниктерінен, болыстардан, 
тілмаштардан, жандарымнан қаққы жесе, енді бостандық туының 
астында  бірге  жүрген  жерлестерінен,  большевиктерден,  қызыл 
жағалылардан көрді көресіні. Аңдыған жау алмай қоймайды. Ол 
бір емес, бірнеше рет алды. 
«Мылтықтың  басуына,  құланның  қасуы»  тура  келгендей, 
дəл осы кезде қазақтардың сорына Қазақстан тарихының қаралы 
беттерін толтырып кеткен Ф.И. Голощекиннің «кіші октябрь» ба-
сталады. Ал бұл «кіші Октябрьдің» қазақ халқына қандай қасірет 
əкелгені  тарихтан  мəлім. «Асыра  сілтеу  болмасын,  аша  тұяқ 
қалмасын»  деп,  зіркілдеген  Голощекин  жендеттері  негізгі  күн 
көрісі, тіршілігі, тынысы мал болып саналатын халықтың сол жан-
ды  жеріне  қанжар  сұқты.  Малын  сыпырып  алды.  Тігерге  тұяғы, 
ішерге тамағы болмай қалжыраған қарапайым шаруа адамы басы 
ауған  жағына  кетіп,  жол-жөнекей  қырылып  жатты.  Ахаң  сияқты 
көреген  адамдар  бұл  сұмдықтың  боларын  алдын  ала  сезіп,  да-
был  қаға  бастаған.  Бірақ  бұлардың  сөзіне  құлақ  асудың  орнына, 
төңкеріс рухына кері əсерін тигізіп, кедергі жасап отырған байшыл-

67
ұлтшыл алаш партиясының бұрынғы көсемінің бірі бұрынғысын 
көксеп жүр деген жаламен ақыры ол 1929 жылдың 4 маусымында 
30  адаммен  бірге  қамауға  алынады.  Солардың  басы  болып  қара 
тізімге алдымен Ахаң ілінеді. Мұның, əрине, өзіндік себебі де жоқ 
емес.  Голощекинге  əлгіндей  жаппай  қыру  саясатын  емін-еркін 
жүргізу үшін халықтың санасын оятып, көсемдік көрсетіп жүрген 
осындай ірі тұлғалардың көзін алдымен жою керек еді. Ал Ахаң, 
бүкіл  қазақтың  ақыл-ойы  мен  ар-ұятының  символына  айналып 
кеткен əйгілі қоғам қайраткері, əрі рухани көсемі болатын. Сөйтіп 
Ахмет Байтұрсынов Голощекин тырнағына ілініп, Мəскеудің Бу-
тыркасында 1929 жылғы шілдеден 1931 жылдың қаңтарына дейін 
отырады да, содан соң Архангельск облысының барған адам жол 
басшысыз қайтып шыға алмас алыс түкпіріне жер аударылады. 
Бұдан  ол  «Қызыл  Крест»  ұйымы  арқылы  (М.  Горькийдің 
жұбайы  Е.П.  Пешкованың  араласуымен)  мерзімінен  бұрын  бо-
санып, 1934 жылы  қайтып  оралады.  Бірақ  бұл  бостандықтың  да 
өмірі  қысқа  болды.  Небəрі  үш  жылға  жетер-жетпес  уақыттан 
кейін 1937 жыл 8 қазанда  қайтадан  қамауға  алынып,  ақыры 
атылады. 
Жалпы оның ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық, 
аудармашылық  қасиетін  саралай  түскенде  еріксіз  мынадай  ой 
жетегіне  еруге  тура  келді.  Ахаңның  алдында  қазақ  халқы  үшін 
оның болашағы үшін мол қазына тастап кеткен үш алыптың, Абай, 
Ыбырай,  Шоқанның  болғанын  білеміз.  Бір  ғажабы,  осылардың 
мұрасын  терең  зерттей  отырып,  олар  көтерген  мəселелерді  бар 
жанымен  ұға  отырып,  ол  осы  үшеуінен  тартылатын  үш  арналы 
жолды  бір  өзі  таңдап  алғандай.  Шынында  қараңыз.  Шоқанның 
ғалымдығы, Ыбырайдың ағартушылығы, Абайдың ақындығы мен 
ағартушылығы А. Байтұрсынұлының өмірлік мұратына айналған. 
Жəне  бұларды  заманға  лайықты  нақты  істермен  жалғастыра,  да-
мыта  түседі.  Сондай-ақ  тыңдаушысы  мен  оқытушысы  аз  болған 
үш  алыптан  гөрі  ол  азынаулақ  болса  да  өз  еңбегінің  нəтижесін 
көрген адам. 
Абайдың бір де бір өлеңін өткен уақыттың жайын ғана жыр-
лайтын,  кезеңдік  дүние  деп  қарай  алмайтынымыз  сияқты  Ахмет 
туындыларының да шеңбері бір ғана сəттің ауқымымен шектеліп 
қала алмайды. Оның əрбір сөзі дəл бүгінгі біздер үшін де əсерін 

68
жоймаған барынша көркем, мейлінше мағыналы. Тіпті көп өлеңі 
бүгінгі тіршілігіміздің айналасында боп көрінеді. Мысалы: 
 
 
Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп, 
 
 
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған. 
 
 
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп, 
 
 
Киіздей шала басып қарпылмаған («Қазақ салты») 
Деген шумақ бүгінгі біздерді айтып тұрғандай емес пе?! Бас 
пайдасынан басқа уайымы жоқ, жақын-жуық, халық, ұлт мүддесі 
деген ұғымға миығынан күліп қарайтындар аз ба, қазір, мына бір 
екі жол соларды нұсқап, дəл басып көрсеткендей. 
  
«... 
Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма, 
 
 
Жаны – мал, жақыны – мал, малдың құлы» 
(«Досыма  хат»)  болған  жандарды  ащы  сын  садағымен 
түйрейді. Ал «Жұртыма» деген өлеңінде қазақтың тағы бір тиімсіз 
мінезіне қадалады: 
  
«... 
Келгенде өзді-өзіңе мықтымсыңдар, 
 
 
Қайтейін өзге десе көнгішіңді 
 
 
Сықылды сынық бұтақ төмендесең, 
 
 
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!» 
Бұл  «Күштілерім  сөз  айтса,  бас  изеймін  шыбындапты» 
нақтылай  ұластырып  жатқан  шумақтар. «Қолда  барда  алтынның 
қадірі  жоқ,  қолдан  шығып  кеткен  соң  өкіндім-ай»  деп  халық 
өлеңінде  айтылатын  ежелгі,  дəстүрлі  өлең  табиғатына  жаңаша 
нəр беріп, неге болса да тəубешіл, неге болса да құдай ісі деп, еш 
əрекетсіз  қарап  отыратын  мінез-құлықтағы  дертті  аямай  сынға 
алады. 
Ахмет  Байтұрсынұлының  аудармашылық  қызметінде  мысал 
жанры өзгеше орын алады. Басқа емес дəл осы жанрға баруының 
өзінде  үлкен  мəн  жатыр.  Қазақ  бойындағы  ежелден  қалмай 
келе  жатқан  əлгіндей  ездік  пен  бойкүйездік,  намыссыздық  пен 
жігерсіздік, алаяқтық пен алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық 
т.б.  толып  жатқан  ес  жиғызбас  əдетті  сынау,  шенеуге  келген-
де  ақын  осы  жанрды  дұрыс  таңдайды.  Оның  сыншылдығы  да, 
сыршылдығы да осы мысал өлеңдерінде барынша ашыла түседі. 
Əсіресе  шымшыма  əзілмен  əспеттелетін  пəлсапалық  түйін  мен 
тағылым тəрбиелік мəні зор тұжырымдары естен кетпей көңілде 
жатталып қалады. Мұның бəрі, біздіңше өлеңдегі ой мен сөздің, 
мазмұн мен түрдің өзара жымдасып, қабысып жатуынан. 

69
Сонау Эзоп пен Лафантеннен бастау алатын И.А. Крыловтан 
баян табатын бұл мысал əңгімелерге Абай да, Ыбырай да қызыққан. 
Бұларды  қазақша  сөйлетудің  олар  да  керемет  жолын  тапқан.  Ол 
əлі игеріліп бітпеген тағылымдық өнегесі таусылмайтын өз алды-
на бір мектеп. Ахмет бұл дəстүрді де əдемі жалғастырып, көркем 
аударманың дамуына зор үлесін қосып кеткен. 
Қаршадайынан ел деп езіліп, халқым деп қайғы жеп азап пен 
тозақтың  бəрін  бастан  кешіріп,  ақыры  қара  түнек  надандықтың 
құрбаны болған аяулы да ардагер Ахаң мен сол сияқты кемеңгерлер 
жүріп  өткен  жолды  аузың  барып  қалайша  жайбарақат  əңгімелей 
аласың. Сол бір бəйгеге басын тіккен есіл ерлердің шер мен сырға 
толы еңбек жолы жаныңды қалай күйзелтпесін. Неге бұлай бол-
ды, қаншама халықты жəне саналы жолға салып, болашаққа же-
телеген  ел  көсемдерін  зəбірлеген,  олардың  тұқым-тұяғымен  жер 
бетінен жойылып кетуіне себепші болған кімдер? Жалғыз Сталин 
бе, болмаса жалғыз Голощекин бе? Бұл жауыздардың сұрқия са-
ясатын  алақайлай  үдетіп,  дамытып, «құлпырта»  орындағандар 
бар  емес  пе?  Солардың  аты  неге  аталып  ардың,  адамгершіліктің 
сотына  неге  салынбайды?!  Адам  баласы  тарихында  бұрын-
соңды  болмаған  осынау  теңдесі  жоқ  жауыздықтың  авторлары 
мен  орындаушыларын  халық  талқысына  салмай,  санада  шөгіп 
қалған, бұғып жатқан арсыздық пен сатқындықтан сірə да арыла 
алмаспыз. 
Ойлап  қаралықшы,  ағайын.  Біздің  халқымыздың  басына 
төнген  қатер  тек  осы  ғана  ма?  Тең  жартымыздан  айрылдық  деп 
күңіренеміз.  Ол  рас,  əрине.  Бұл  бүкіл  бір  əлемге,  бір  халыққа 
аз  қайғы  емес.  Бұл  оның  өмірі  толмас  өлшеусіз  қасіреті.  Бірақ 
біздің  қазақтың  көрген  тозағы  осы  ғана  ма,  ол  құрбандығымен 
тазарып адалданып бітіп пе еді. Жоқ, ағайын, бақсақ, біз ұлттық 
тəуелсіздік,  ұлттық  тұтастық  үшін  күрес  алдында  өз  жүрегіміз 
бен  санамызға  өшпес  қара  дақ  түсірген  халықтың  бірі  екенбіз. 
Елдің тең жартысы аштықтан қырылып, ширегі шет елге қашып 
құтылды  дейміз.  Рас.  Ол  елде  Атамекенде  аман-есен  халық,  ұлт 
атына ие болып қалғандардың бəрінің бірдей ары, жаны таза деп 
айта аламыз ба? Халқымызды қырғынға ұшыратқандар, Барса кел-
меске айдатқандар, сатқындар əлі де жүрген жоқ па екен арамызда 
алшаң басып, ойланалықшы! 

70
Əшейінде  əділеттің  ақ  жолын  ұстаған  боп,  кезеңі,  реті,  сəті 
келгенде  аянбай  қимылдайтын  бұлар  кеше  де,  яғни 1986 жылғы 
желтоқсанда көрсетпеп пе еді көресіні. Ендеше олар əлі тірі, сақ. 
Тек  бой  тазалап,  жауыздығын  жасырып  арамызда  əлі  жүр.  Бар 
бəлені, дертті ендеше өз бойымыздан іздесек етті. 
Халқымыздың  жан  саулығына  өлшеусіз  зор  зиян  келтірер 
осынау  көр  мінез  бен  арам  пиғылдан  арылмай  тəуелсіздігіміз-
дің  іргесі  нық  болмай  ма  деп  қорқамыз.  Ол  неше  алуан  түрге 
еніп  құбылады.  Ол  біресе,  қоғамшыл,  біресе  партияшыл,  біресе 
ұлтшыл, халықшыл боп өрекпиді. 
Міне Ахаң жайында əңгіме қозғағанда осындай да ойлар ма-
залайды.  Жалпы  А.  Байтұрсынұлы  оқуы  енді  ғана  басталды  деп 
білеміз. Қазақ халқының тəуелсіздігі үшін, оның сауатты да білікті 
ел  қатарына  қосылуы  үшін  ақтық  демі  біткенше  күрескен  осы-
нау  ұлы  адамның  аты  ұлт  жүрегінде  мəңгі  сақталуы  тегін  емес. 
Ендеше  ол  адамзаттың  асыл  перзенті,  қазақтың  ұлы  тұлғасы. 
Сондықтан да оны қазақтың ұлттық мəдениетінің Хантəңірі деп 
бағалаймыз. 

71

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет