Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті. Геологиялық түсіріу пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау кафедрасы. Қазақстанның алтын кен арындары Орындпған Құрметов Мансур Қуанбайұлы Саябек Алдар Алихан
Алтын
Алтынның кларкі өте төмен болғанымен (4,3 • 10-7%), бұл металл табиғатта кең таралған. Оның жоғары концентрациясы гранит мен диабазға тән. Алтын әлем мұхиты суында бар, оның мөлшері өте төмен болса да өнеркәсіптік игерілуі жолға қойылған. Алтынның концентрациялану коэффициенті өте жоғары — 2000 шамасында. Табиғатта құрамында алтын бар 15 минерал белгілі. Негізгі өнеркәсіптік мәнге сомтума алтын мен оның теллуридтері ие. Сомтума алтында күміс, мыс, темір, висмут, қорғасын мен сүрменің қоспалары болады. Алтынның сапасы оның сынамымен (сынам — 1000 бірлік массасындағы алтын мөлшері) бағаланады. Жоғары сапалы табиғи алтынның сынамы 900-ден асады, ал төменгі сапалыда — 700-ге дейін. ТМД елдерінде алтын бұйымдары үшін 375, 500, 583 (585), 750, 958 сынамдар стандарт ретінде қабылданған.
Алтын
Алтын қоры
Алтын қоры бойынша Қазақстан 9 арынды иеленеді. 196 кен орын бойынша балансқа тіркелген, оның 126 түп кенорын, 47 кешенді, 23 шашылымдар. Таза алтын кенорындары бойынша есепке алынған қорлар жалпы қордың 65% құрайды. Оның 45% ең ірі 5 кенорынға тиесілі.Олар: Алтынтау, Бақыршақ, Жолымбет, Бестөбе, Ақбақай.
Кен типтері мен кондициялары
Алтынның кларкі өте төмен болғанымен (4,3 • 10-7%), бұл металл табиғатта кең таралған. Оның жоғары концентрациясы гранит мен диабазға тән. Алтын әлем мұхиты суында бар, оның мөлшері өте төмен болса да өнеркәсіптік игерілуі жолға қойылған. Алтынның концентрациялану коэффициенті өте жоғары — 2000 шамасында. Табиғатта құрамында алтын бар 15 минерал белгілі. Негізгі өнеркәсіптік мәнге сомтума алтын мен оның теллуридтері ие. Сомтума алтында күміс, мыс, темір, висмут, қорғасын мен сүрменің қоспалары болады. Алтынның сапасы оның сынамымен (сынам — 1000 бірлік массасындағы алтын мөлшері) бағаланады. Жоғары сапалы табиғи алтынның сынамы 900-ден асады, ал төменгі сапалыда — 700-ге дейін. ТМД елдерінде алтын бұйымдары үшін 375, 500, 583 (585), 750, 958 сынамдар стандарт ретінде қабылданған.
Кенорындардың орналасуы
Қазақстанда негізгі алтын көздерінің бірі — Кенді Алтайдың колчеданды полиметалл кенорындары: РиддерСокольное, Тишинск, Малеев, Грехов. Алтын мыстыпорфир кенді Бозшакөл, Нұрқазған (Самар), Ақтоғай, Айдарлы; мысты-колчеданды Ор маңы, Аралша, Лиманды; колчеданды полиметалл кенді Абыз, Майқайың, Мейізек, Құсмұрын, Ақбастау, т.б.: скарндық мыс кенді Саяқ тобының кенорындарында бар. Ондаған түбірлік және шашылымдық алтын кенорындары консервацияланған (Бақыршық, Жітіғара, Жарқұлақ, Секисов, Ақжал, Балажал, Олимпиадалық, Кенгір, Миялы, Кулуджун, т.б.) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс, Сувенир, Алтынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар, Кепкен, Восток V, Комаров I, Кеншыңғыс, т.б.).

Қолданылуы
Өндірілген алтынның негізгі бөлігі мемлекеттік қорларда сақталады. Ол халықаралық төлемдер мен есеп айырысуларда валюта ретінде, оларды қамтамасыз етеді. Мәселен, басты шетелдердің алтын қоры 40 мың тоннаға жетеді. Өндірілген алтынның қалған бөлігі зергерлік бұйымдар жасауға (50%), электрондық техникада химиялық өнеркәсіпте, фосфор бүйымдар өндірісінде (35%), медицинада (10%) қолданылады. Соңғы жылдары алтын жаңа техникада дәнекер материал ретінде, терможүптар жасауға, хронометр мен гальванометрдің талшықтарында, ғарыш аппараттарының бетін қаптауға (жылу мен жарықты шағылыстыру үшін) кең пайдаланылады.