«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама


Дағдарыстың белгілері үшке бөлінеді



бет13/30
Дата24.04.2023
өлшемі265,48 Kb.
#86144
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
« аза станны азіргі заман тарихы» п ніне жалпы сипаттама

Дағдарыстың белгілері үшке бөлінеді:
1. Саяси саладағы белгілері.
2. Экономикалық саладағы белгілері.
3. Әлеуметтік саладағы белгілері.
Саяси саладағы белгілерге жататындар:

  1. басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі;

  2. қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы;

  3. партиялық және мемлекеттік қызметтерінің бірігуі мен төрешілденуі;

  4. заңдылықтың бұзылуы;

  5. жариялықтың болмауы.

Экономикалық саладағы белгілерге жататындар:

  1. шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі;

  2. ғылыми – техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық;

  3. бақылаусыз басқару аппараты;

  4. инфляция;

  5. тауар зәрулігі.

Әлеуметтік саладағы белгілерге жататындар:

  1. Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы;

  2. Теңкөрмеушілдік;

  3. Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы;

  4. Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы;

  5. Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.

1985 ж. наурыз айында КОКП Орталық комитетінің (ОК) пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында өзінің «қайта құру» бағытын жариялады. Горбачевтің «қайта құруы» әйгіленген жүйелік дағдарысты «тоқырау» құбылысы ретінде белгілеп, қоғамды осы кеселден айықтыратын жол іздестіруге бағыттады. Қайта құру соңы КСРО – дағы тоталитарлық жүйенің күйреуіне әкелді.
Кеңес Одағында 1985 – 1991 жылдары қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның негізгі 3 бағыты айқындалып бірнеше кезеңге бөлінді.
1985 – 1991 жылдардағы қайта құрудың негізгі 3 бағыты:

  1. Әлеуметтік – экономикалық дамуды жеделдету;

  2. Қоғамды демократияландыру;

  3. Елде жариялылықты қамтамасыз ету.

Әлеуметтік – экономикалық дамуды жеделдету деп аталатын алғашқы кезеңде (1985 жылдың сәуір, 1987 жылдың жаз айы) экономиканы ғылыми – техникалық прогресс негізінде қайта құру тұжырымдалды. Бұл өндірісті жеделдету мен еңбек өнімділігін тез арада көтеру. ХХ ғасырдың 80 – жылдары Қазақстанда ұлттық табысы кісі басына шаққанда одақтық деңгейден 12% – ға кейін қалды. Сондай –ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени – әлеуметтік құрлыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. Әсіресе Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты.
Қоғамды демократияландыру деп аталатын екінші кезеңде (1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры) бастау алған 1987 ж. жаздағы маусым пленумы басқаруды түбегейлі қайта құру мәселесін көтерді. Қоғамдық сана қозғалысқа түсіп, халықтың әл – ауқатын жақсарутудың бірден бір жолы нарық пен жекеменшік болып табылатындығы айғақталды.
Елде жариялылықты қамтамасыз ету айдары танылған үшінші кезеңге (1989 жылдың мамыры – 1991 жылдың тамызы) қатысты мәселелерге тоқталсақ, қайта құру идеяларының кең қанат жая алмауы, біріншіден, партия, мемлекет басшылары реформистік қанатының жалтақтап шегініс тауып, реформаны батыл түрде іске асырмай отырғандығы болса, екіншіден, оның барлық сатыдағы бюрократиялық номенклатурасының қарсылығына ұшырауы болды.

  1. 1980 жылдары халықтың басым көпшілігінде ұлттық сана – сезімнің даму деңгейі тежелді, ондаған жылдар бойына жинақталған мәселелерді көруге, оның ақ – қарасын ажыратуға, орталықтан басқарылатын әміршіл – әкімшіл жүйе мүмкіндік бермеді. Өйткені оның әрі қарай дамуын көптеген жасанды кедергілер тежеп тұрды. Осы жылдары ұлттық ерекшеліктерден гөрі кеңестік салттар көбірек дәріптеліп, қоғамдық санаға барынша енгізіліп отырды. Ұлттық республикаларда өмірге деген көзқарас, оны қабылдау тек еуроцентристік негізде қалыптасты. Сөйтіп, халық арасында ұлты мен тілін, діні мен ділін (салт – дәстүрін ) ұмытуға жағдай жасалды. Осы жылдары қазақ халқының тек қана әлеуметтік жағдайы ауыр болмады, оған қоса халықтың көбі не тарихын дұрыс білмейтін, не ана тілінде дұрыс сөйлей алмайтын жағдайға жетті. Қазақ тіліндегі газет – журналдар таралымы өспей қойды. Ауыр дертті сезіп, оны айтқан азаматтар қудаланып, олардың даусы естілмеді. Ал енді осы қиыншылықтардың барлығы қосыла келе халықтың наразылығын тудырды.

Қайта құру саясаты басталған тұста Қазақстнның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Олардың қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт – дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет