Халық еркіндікті, теңдікті сезінді, демократизмге жол ашылды.
Жазықсыз жазаланғандар ақталды.
Шетелдердегі отандастарымызға елге қайта оралуға жол ашылды.
Елтаңба, ту, әнұран – әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым – Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн. Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр – таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Қазақстан Республикасы туының авторы – Ш. Ниязбеков. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уалиханов. Бастапқыда, Қазақстан әнұраны әуенінің авторлары – композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди, мәтінінің авторлары ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева болды. Әнұранның әуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992ж. 11 желтоқсанда бекітілді.
Ал 2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы әнұранның орнына жаңа әнұранның мәтіні қабылданды. Еліміздің жаңа әнұраны – жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авторы – Жұмекен Нәжмеденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов. Жаңа әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан толықтырылды.
Әлемде президенттік басқаруды таңдаған көптеген дамыған елдер бар. Қазақстанда президенттік институт КСРО – ның құлауынан біраз бұрын қалыптаса бастады. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР – ының президенті лауазымын белгілеу және Қазақ КСР – ының конституциясына тиісті өзгерістер енгізу» туралы Заң қабылдады. Заң мемлекеттік биліктің Жоғарғы органдарының жүйесінде президенттің мәртебесін, сондай – ақ оның өкілеттіктерін белгіледі. Қазақ КСР тұңғыш президентін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жасырын дауыс беру жолымен сайлады. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент, көбнесе, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне тәуелді болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы бірінші рет бүкілхалықтық сайлауда ел Президентін сайлады. Сайлаушылардың 88,2% - ы келіп, 98,7% дауыспен тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. 2012 жылы 1желтоқсанда Қазақстан халқы алғаш рет жаңа мемлекеттік мереке – тұңғыш Президент күнін атап өтті.
1995 жылы Конституция Қазақстанды Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады.
Президенттік басқару нысаны төмендегідей сипатталады: Президент – мемлекет басшысы;
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Президентінің алдында жауап береді, тек конституцияда көзделген ретте ғана парламентке есеп береді;
Президент өз қалауы бойынша, үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
Президенттің Парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға құқығы бар;
Конституцияда көзделген ретте Президент заңдар, сондай – ақ заң күші бар жарлықтар шығарады;
Президент Парламентті тарата алады;
Президент лауазымы бойынша, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады;
Президент мемлекеттің, демек, үкіметтің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын өз қалауынша айқындайды;
Президенттің өз қалауынша Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға құқығы бар;
Президент өз қалауынша референдум өткізуге құқығы бар;
Президенттің елде төтенше жағдай енгізуге, оның бүкіл аумағында немесе жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізуге;
Президент кешірім жасауға, марапаттауға, азаматтық беруге құқығы бар.
Қазіргі Қазақстан парламенті бір палаталы өкілдік органның – алғаш рет Қазақ КСР – дың 1937 жылы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР – дың 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.
Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді.Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатал бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек.
1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституцясын қабылдады.
1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды. Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә. Кекілбаев. Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы Конституция, сондай – ақ «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен қызметін реттеді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында парламенттің заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын Республиканың жоғарғы өкілді органы болып табылатыны бекітілген.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді.
Бірінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті 1996 – 1999 жылдар аралығында жұмыс істеді. Бірінші сайланған Парламент Сенатты мен Мәжілісінің сайлауы 1995 жылы желтоқсанда өтті. Сенатқа 40 депутат 19 облыстан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі – екі адамнан сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындады. 1996 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Өмірбек Байгелді Сенаттың Төрағасы болып сайланды. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 1995 жылғы 9 желтоқсанда болды. 67 депутат сайланды. 1996 жылғы 30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс Төрағасы болып М.Т. Оспанов сайланды.
Екінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті 1999- 2004 жылдар аралығында қызмет жасады. Қазақстан Республикасының бес облысы таратылуына байланысты сенат депутаттары 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан сайланды. Екінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағалары болып, О. Әбдікәрімов (2004 жылғы 10наурызға дейін) және Н. Әбіқаев (2004 жылғы 10наурыздан бастап) сайланды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті 2004-2007 жылдары жұмыс істеді. Үшінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының 2007 жылғы 11 қаңтардағы отырысында жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қасым – Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы болып сайланды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болды. Сайлауға 12 сайлау партия қатысты. Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды. Үшінші Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісінің Төрағасы болып О.Б. Мұхамеджанов сайланды.
Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес төртінші сайланған ҚР Парламенті палаталарының жаңа құрамы тамызда қалыптастырылды. Парламент Сенатында Президент тағайындайтын депутаттар саны 15 адамға дейін ұлғайды.
Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 парламентшіден тұрады. Олардың 98 депутаты тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақ халқы Ассамблеясы сайлады. Төртінші Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісінің Төрағасы болып А.Е. Мусин сайланды.
Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасының Парламентіне 2012ж. 15 қаңтарда кезектен тыс сайлау өтті.
Парламентінің Мәжілісінің Төрағасы қызметіне Н.Нығматуллин ұсынылып, оны барлық депутат қауым бір ауыздан қолдады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)