«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша /пәннің атауы/ лекция конспектілері


Лекция №4 Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Түркістан және Қазақ АКСР-нің құрылуы



бет10/30
Дата28.04.2022
өлшемі152,84 Kb.
#32745
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Лекция №4 Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Түркістан және Қазақ АКСР-нің құрылуы.

1917 жылдың 24 қазанында Петроградта қарулы көтеріліс басталып, жұмысшы, солдаттар жасақтары маңызды орындарды басып алады. Ал, 25 қазан күні Уақытша өкімет құлатылды. Нәтижесінде большевиктер партиясы Ресейде Кеңес билігін орнатадыҚазақстанның солтүстік аймақтарында бейбіт түрде, ал оңтүстік өлкелерінде қарулы күшпен орнады. 1917 жылдың қазан айынан бастап, 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес үкіметі Қазақстанның ірі елді мекендері мен қалаларында орнаса, ауылдар мен селолық жерлердің басым көпшілігінде бұл үрдіс азамат соғысы басталғанға дейін созылды. Большевиктердің жергілікті халыққа деген сенімсіз бұл әрекетінен соң, 1917 жылы 26 қарашада Қоқанд қаласында мұсылмандардың ІУ съезі шақырылды. Съезд Түркістан автономиясы мен оның жоғарғы органы Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Уақытша Кеңес құрамына 32 адам сайланды. Түркістан автономиясының президенті және Уақытша Кеңестің басшысы болып М.Тынышпаев, сыртқы істер министрі болып М.Шоқай сайланды. М.Тынышпаев қызметтен кеткеннен кейін оның орнына М.Шоқай президент болып тағайындалды. 1917 ж. 1 желтоқсанында Түркістан өкіметі өлкенің халқына Түркістан автономиясының төңірегіне топтасуға және алға қойған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға шақырған үндеу тастады. 1918 жылы қаңтарда большевиктер Түркістан автономиясын заңсыз деп таныды және оны жою туралы шешім қабылдады. Қызыл отрядтар мен Ташкент гарнизонының әскерлері Қоқанға қарсы аттандырылып, 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түнде қалаға тікелей шабуыл жасалды. Үш күндік шабуылдан кейін қала алынып, автономия жойылды.1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда Екінші Бүкілқазақ съезіболып өтті. Оның жұмысына Қазақ өлкесінің: Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстарынан және Бөкей Ордасынан, Самарқанд облысы мен Алтай губерниясынан делегаттар қатысты. Съезді ұйымдастырушылар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е. Омаров, С. Досжанов, М. Дулатов болды. Съездің терағасы болып Б. Құлманов сайланды.Съезд өз жұмысын Қазақ өлкесінің оңтүстік аудандарындағы аштық, халықтың күйзелісі және ондағы жергілікті әкімшіліктің жағдайды түзетуге дәрменсізекені туралыхабарлардыталқылаудан бастады. Бұл мәселелерді қарағаннан кейін, съезд қабылдаған қарарлардың бірінші бөлімінде «елдегі партиялық күресті тоқтатуға және бірігуге» шақырды. Жалпықазақ съезінің күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді: Сібір, Түркістан автономиялары және оңтүстік-шығыс одағы туралы, қазақ облыстарының автономиясы, милиция, ұлттық кеңес, білім беру, ұлттық қор, мүфтиат, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік мәселесі. Съездің негізгі мәселесі – Қазақ (Алаш) автономиясын жариялау туралы болды. Автономия туралы баяндаманы Ә. Бөкейханов жасады. Ә. Бөкейхановтың баяндамасы жэне автономия құру мәселесі ерекше комиссияның қарауына жіберілді. Комиссия атынан X. Ғаббасов сөйледі. Баяндаманы талқылау барысында Қазан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің құлағаны, Ресей мемлекетінің биліктен айырылғаны, халықтың сенімі мен моральдық беделіне ие болған ешқандай биліктің жоқ кезінде елде азамат соғысы тууының мүмкін екені, анархия өрті ірі қалаларда өршіп, одан ауылдарға жайылып, күннен-күнге күшейгені, мұндай қиын жағдайдан шығудың тек бір ғана жолы – ол Қазақ елкесіндегі барлық облыстардың халқы мойындайтындай мықты билік орнату болып табылатындығы туралы қорытынды жасалды. Съезд пікірталастар мен талқылау өткізгеннен кейін қазақ облыстарының автономиясын құруға және оған «Алаш» деген атау беруге қаулы қабылдады. Уақытша «Алашорда» Ұлттық Кеңесі құрылып, құрамына 25 адам енгізілетін болды. Ондағы 10 орын орыс халқы мен басқа да ұлттардың өкілдеріне бөлінді. Алашорданың орталығы ретінде Семей қаласын белгіледі. Алашорда үкіметінің төрағасы болып баламалы негізде көпшілік дауыспен Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл орынға Б. Құлманов пен А. Тұрлыбаев та үміткер болған еді. Алашорда жетекшілері бірінші кезекте Қазан төңкерісінде жеңіске жеткен большевиктердің билігі – Кеңес үкіметімен байланыс орнатуға тырысты. Алашорда үкіметінің арнайы тапсырмасы бойынша Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар Мәскеуде Кеңес үкіметінің басшылары В.И. Ленин және И.В. Сталинмен келіссөздер жүргізді. Ал Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары Халел Ғаббасов Кеңес үкіметінің ұлт мәселесі жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен Семейден телеграф арқылы келіссөздер жүргізді. Алашорда жетекшілері «Ресей халықтары қүқықтарының Декларациясын» негізге ала отырып, Алаш автономиясы мен Кеңес үкіметінің бірін-бірі өзара тануы жөнінде талап қойған еді. Алайда бұл талап орындалмады. Кеңес үкіметінің жетекшілері Алаш автономиясын мойындамайтыны белгілі болды. Олар Ресей халықтарына кеңестік үлгідегі автономия берілетінін мәлімдеді. Алашорда үкіметінің дипломатиялық қадамдары кеңестік билік тарапынан қабылданбады. Алашорда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс орнату және олармен ымыраға келу саясатынан бас тартып, оларға қарсы саяси күштермен одақтасу тактикасына көшті. Міне, осыдан бастап, Орынборда Кеңес үкіметін құлатқан атаман А. Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен байланыс орнатады. Алашорда үкіметінің 1918 жылғы шілдедегі қаулысына сәйкес «Алаш автономиясы аумағында Кеңес үкіметінің барлық декреттері заңсыз» деп танылды. Ал сол жылы тамыз айында Семейде тұңғыш Алаш атты полкі құрылды. Бұл II Жалпықазақ съезінде қабылданған Алаш әскерін жасақтау туралы қаулысын жүзеге асырудың бастамасы болатын-ды.

1918 жылдың маусымында Дутов Орынборды басып алды. Осыдан кейін 1918 жылдың жазында Шығыс майдандағы қиыншылықтарға байланысты 2 маусымда Қызыл әскер бөлімдері Орынбор қаласынан кейін әскерлерге Ташкент, Қазалы, Қызылорда, Шымкент, Әулиеата т.б. қалаларда құрылған халық жасақтары көмекке келіп, соның негізінде Жетісу, Орынбор, Орал, Батыс Қазақстанда әскери бөлімдер құрылды. Алайда кеңес үкіметінің жергілікті мұсылман халықтардан құралған бөлімдеріне сенімдері болмады. Соғысқа адам алу алғашқы уақытта еріктілік негізінде жүргізілді. Артынан міндетті болып есептелінеді. 1918 жылдың қараша айында жауынгерлерді ұлттық белгі бойынша құру туралы жарлық 22 шықты. 1918 жылдың соңы мен 1919 жылдың басында Торғай және Ырғызда Ә.Жанкелдин мен А.Иманов бастаған екі атты әскер эскадроны, пулеметшілер тобы жасақталды. 1918 жылдың күзінде Бөкей Ордасында тұңғыш қазақ атты әскер полкі құрылды. 1919 жылдың басында Ә.Жанкелдин бастаған экспедиция майданға Мәскеуден көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізеді. Ақтөбе майданының әскери күші 1919 жылдың 22-ші қаңтарында Орынборды, 26-шы қаңтарда Орал қаласын азат етті. М.Фрунзе басқарған әскер Қазақстанның солтүстік өңірінде, В.Чапаев бастаған әскер оңтүстік-батыс аудандарда сәтті соғыс қимылдарын жүргізіп, Колчак пен Деникин әскерлерінің қосылуына жол бермеді. 1919 жылы Ә.Жанкелдин мен А.Иманов Торғайда Кеңес өкіметін қалыпқа келтірді. Атаман Дутовтың, Аннековтың іс-әрекеттері халықты партизандық соғысқа итерді. Олардың саны 10 мыңға дейін жетті. Қостанай өңірінде Боровский ауданында 25 мың партизандар болды. Атбасар уезінде Мариновка селосы партизандық қозғалыстың орталығы болды. Оны Ирченко басқарды. Ақмола, Семей жерлерінде партизандық күрес өрістеп, Жетісу майданының солтүстік-шығыс бөлігінде 1919 жылдың қазан айының ортасына дейін ақ гвардияшыларға күрес жүргізіп, негізгі орталығы Черкасское ауылы болды. Шығыс майданның Солтүстік және Оңтүстік топтары болды. Оңтүстік топты М.В.Фрунзе басқарды. Олардың әскерлері 1919 жылдың мамыр айында Уфаны, ал жазында Челябіні азат етті. Осының нәтижесінде 1919 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе майданы жойылды. Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына әкелді. Осыған сәйкес сәйкес, Түркістан майданының жойылуына әкелді. Осыған сәйкес, Түркістан майданының әскери бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, Кеңес үкіметіне қарсылықты тез арада басты. Бұл орайда «Алтайдың қызыл тау қырандары» ерекше көмек көрсетті. Нәтижесінде 1920 жылдың басында Жетісу майданы жойылды. Азамат соғысы жылдарында ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды толық қамтамасыз ету мақсатында бірқатар төтенше шаралар жасалды. Соғыс жылдары “Әскери коммунизм саясаты” енгізілді. Оның негізгі белгілері: азық-түлік салғырты, жеке саудаға тыйым салу, азық-түлікті теңгерме ұстанымы бойынша бөлу, ірі және орта және ұсақ өнеркәсіпті мемлекет меншігіне көшіру, еңбек міндеткерлігі, басқаруды орталықтандыру, бірыңғай мемлекеттік бюджет құру. Бұл саясаттың басты шарасы-азық-түлік салғырты еді. Оның мәні: ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі міндеттелді. Төтенше іс-шараларды іске асыру жолындағы асыра сілтеушілік, қоғамға жат әрекеттер, солақайлық саясат кең орын алғаны да белгілі. Бұндай теріс әрекеттер, асыра сілтеушілік Кеңес өкіметіне деген сенімді азайтып, халықтың наразылығын тудырып, 23 көтерілістерге ұласты. Осыған орай ол 1921 жылы «жаңа экономикалық саясатпен» алмастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет