6.Жадидтік ағартушылық-діни ағымы және оның Қазақ еліне ықпалы (ХХ ғ. бас кезі).
Жәдитшілік — 19 ғ. екінші бөлігінде пайда болған, 20 ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Ресей империясының түркі халықтарының ағарту үдерісіне және жалпы халықтарының дамуына үлкен тарихи рөлін ойнаған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу — түркі тілдес мұсылман халықтарының дамытуында үлкен үлес еді. Жәдиттердің еңбегі бекер емес еді
Жәдитшілікті қолдайтындарды «жәдиттер» деп атаған. Жәдиттер өздерін жиі «тараққипаруарлар», немесе «озатын өзгерістердің қамқорлары» немесе «жас», «жаңа» деп атаған еді.
Ысмайыл Ғаспыралының жаңа оқу тәсілінің насихаттандыру толқынында пайда болып, әр қарай дамып кеткен. Жәдиттердің негізгі ұстанымдарының бірі — мұсылман мектептерінде балаларды жаңа бағдарлама бойынша оқыту. Мысалы, араб әліпбиін үйреткенде, дыбыс тәсілімен (әр әріпті белгіленетін дыбысына сай) оқыту, бұрыңғыдай әріп құрастырушылық тәсілімен оқытпау. Жәдиттердің пікірі бойынша, жаңа тәсілін пайдаланып, әліпбиді үйрену жеңілірек, демек жұрттың көбірек адамы сауатты бола алады. Білім беру кейбір өзгерістерінің арасында мектептерде сәкі орындықтарын, тақталарын, карталарын пайдалану, кейін әл-Каһирада, Қазанда немесе Ыстамбұлда басып шығарылған жаңа оқулық кітаптарын пайдалану, балаларды сыныптарға бөлу, ал оқу уақытын сабақтарына бөлу еді. Оқу бағдарламасына кейбір зайырлы ғылымдары, мысалы, тарих, жағрапия енгізілген еді. Шынында да, бұрын тәсілі бойынша сауатын ашу үшін үш жыл керек болса, жаңа тәсілі бойынша соған бір жыл-ақ жеткен еді. Осындай оқу тәсілін «төте оқу» деп атаған еді.
Жәдиттер мектеп жүйесін түбегейлі өзгерткісі келді, бірақ білім беру сипаты діни көзқарастарының негізінде қалдырғысы келді. Осылайша, жәдиттер дінді білім беруінен бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа тұрмыс салаларында өзгерістер үшін болған. Бұл жәдиттердің көзқарастары керітартпа қағидаларымен қайшылықта еді.
Жәдитшілік ең жарық тұлғасы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Еділдегі татарлардың арасында жәдидизмні Мұса Бигиев, Әбдінәсір Құршауи таратты. Кейін, жәдитшілік идеялары қазақ даласына және Түркістанға, Орта Азияға келген. Мұстафа Оразай, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы жәдитшілік толқыны арқасында өз потенциалын көрсете алған. Өзбек халқы арасында М. Бехбуди, А. Авлони, И. Рахматуллаев, М. Расули, Комил Хорезми, Ы. Абиди, З. Фахриддин-заде деген жәдиттердің аттары қалған. М. Акмулла, М. Уметбаев, Р. Фахретдинов, З. Расулев та жәдитшілік «жарық жұлдыздары» болып саналанады. Жәдитшілік өзбек коммунисті Ходжаевқа да, Әзірбайжан Демократиялық республикасының мемлекеттік қайраткері Мамед Эмин Расул-задэге де әсер етті. Жәдитшілік «Алаш», «Мұсават» тағы басқа ұлттық партияларының идеологиясына әсер етті. Ал жәдидтердің өз партиясы да еді, бұл «Иттифок-и муслимин» еді.
7.ХХ ғ. басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы және қазақ депутаттарының I-II Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы (Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов,Б.Қаратаев, т.б.).
1905 жылы тамызда II Николай патша Ресейдің заң шығарушы ұйым ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. Бірақ патша жарлығы бойынша Орта Азия мен Қазақ халқының сайлауға да сайлауға түсуге де құқығы болмады. Бұл жарлық наразылық тудырды. Жергілікті халық Патша үкіметінен өздерін Мемлекеттік Думаға қатыстыруды талап етті. Патша үкіметі халық тарапынан ұйымдастырылған наразылық әсерінен қазақтарды сайлауға қатыстыруға бұйрық шығарды. Жалпы Дума жұмыстарына ұлт зиялыларының қатысуынан қазақтардың саяси сана-сезімінің өскенін байқауға болады. Қазақтан шыққан зиялы қауым өкілдері ресейдің І-ІІ мемлекеттік думаларының жұмыстарына қатысты. І мемлекеттік Дума-заң шығарушы жоғары өкілетті билік болып саналды. 1906 жылдың 27 сәуірінен бастап 3 шілде аралығында 72 күн бойы жұмыс жасады. Бірінші Мемлекетттік Думаға қазақ жерінен депутаттыққа сайланған зиялы қауымдар: Торғайдан-Ахмет Бірімжанов,Уфа губерниясынан-Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан-Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейханов. Бұл кісілердің бәрі де халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы да сауатты азаматтар еді. Бірақ I Мемлекеттік Дума 72 күн ғана жұмыс жасай алды. Себебі депутаттардың көтерген бастамалары патша көңілінен шықпаған еді. Дума жұмысына қарсы болған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. Екінші Мемлекеттік Дума 1907 жылы құрылды. Бұл жолғы Думаның құрамына Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы,Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады. Бар-жоғы 104 күн ғана жұмыс істеді. Думада жұмыс жасаған ұлт зиялыларының негізгі талабы Ресейде қоныстанған басқа ұлт өкілдерімен бірге, орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату еді.Жалпы І-ІІ Мемлекеттік Думада көтерілген негізгі мәселе- Жер туралы еді. Бақытжан Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару қазақтар үшін қиындықтар туғызып жатқандығы туралы арнайы баяндама жасады. Баяндамада қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан айырылып жатқандығы айтылды. Мемлекеттік Думаның депутаттары А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Б. Қаратаев, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде: Көшпелілердің күнкөріс көзі — мал шаруашылығы екендігі, жер-жерден көшіп тіршілік ету бұл бос уақытты өткізу еместігін және тіршілікті сақтау үшін табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру үшін қажеттілік екендігін, ал патша үкіметінің жерлерді алып қоюы қазақтар үшін қиын жағдайға туғызып жатқандығын жазған болатын. Қорытындылай келе сол заманның солақай саясатына қарамастан елі үшін өз басын бәйгеге тіккен ұлт зиялыларының атқарған жұмыстары өте зор деп айта аламыз.
8.ХХ ғ. басындағы қазақ баспасөзі («Айқап» журналы, «Қазақ» газеті және т.б.).
Мәдиниеттің дамуына баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне сәйкес келеді.Бұл кезде кітап басып шығару Омбы,Семей сияқты мәдени орталықтар қарқынды дамыды.Оқу-ағарту мен білім идеяларын бұқара арсыда насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында «Қазақ» газеті шығарылып отырды.Ең алғашқы баслымы 1913 жылы 2 ақпанда жарық көрген болатын.1915 жылға дейін газет аптасына бір рет. Кейін екі реттен шығып отырды.Газеттің редакторы-ұлт зиялылысы Ахмет Байтұрсынұлы.1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды.Басылымда А.Байтұрсынұлының М.Дулатұлының М.Шоқай Ә.Бөкейханның мақаламалары жарияланып отырды. Осы газет тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Газетте ХХ ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің негізгі мәселелеріне,шаруашылық жайына, жер мәселелеріне оқу-ағарту салаларына арналған авторлық мақалалар мен пікірлер жазылып отырды. Газетте сол кездегі қамтылған мәселелер туралы жазылды. Сонымен қатар ғылым жетістіктері туралы да газет бетінде жазылды.Бірақ та газеттің көп үлесіне қарамастан «Қазақ» газеті ұлтшыл делінсе, ал оның редакторлары халық жауы деп айыпталды. 1918 жылы «Қазақ» газеті жабылып қалды.
«Айқап» журналы Ұзақ уақыт күш жігер жұмсап аянбай еңбектін арқасында М.Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды.1911 жылдың 10 қаңтарында Троицкіде қазақ халқының тұңғыш «Айқап» журналы баслып шықты.Ол қағамдық-саяси әрі әдеби журнал.1911-1915 жылдар аралығында Троицкі қаласындағы «Энергия» баспаханасында айына екі реттен шығып отырды. «Айқап» журналы қоғамдық сананың оянуына ұлттық мәдиенитті ұлықтауға өз үлесін қосты.Журналда көтерілген негізгі тақырыптар: оқу ағарту жұмыстарындағы шешімін таппаған мәселелер,әйелдердің теңдігі және сол кезеңдегі болып жатқан саяси оқиғалар еді. Журналды шығаруда белгілі тұлғалар С.Торайғыров Ә.Ғалимов қатысқан.Сонымен қатар журнал қоғамның сауаттылығын артыру барысында Абай Құнанбаевтың Ыбырай Алтынсарин сынды тұлғалардың өлеңдері мен шығармаларын сонымен қатар шығыс еуропа орыс әдебиетінің туындыларын әр басылым сайын жариялап отырды.Журнал оқу, жас буындарды тәрбиелеужәне мәдени ағарту салаларына көп көңіл бөлді.
9.Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.).
Соғыс- адамзат баласына зардабын тигізген зұлматы көп кесел. Тарихта Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылы 19 шілдеде басталды.Бірінші Дүниежүзілік соғыс Антанта мен Үштік Одақ арасында болды.Антанта одағының құрамында Ресейде болды. Жалпы Соғысқа дейінгі кезеңде Ресейдің экономика жағдайы жақсы еді. Өнеркәсіптік салаларда қарқынды дамыды.Оның ішінде метталургия саласын алуымызға болады. Бірақ бұл Ресейдің соғысқа толықтай дайын екенін білдірмейді.Себебі Ресей соғысқа әскери-өнеркәсіптік деңгейі төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті. Армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, соның ішінде Қазақстанда да өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты.Елімізде арнай соғыс салығы енгізілді.Көптеген тура және жанама салықтардан басқа қазақтардан мал мен киіз үйлердң жинайтын әртүрлі «Қайырымдыылық» салықтары да алынды.Бұндай салықтардың көптен жиналуы халық тұрмысын бұрынғыдан да нашарлатып жіберді.Жоғарыда аталған салықтардан басқа қазақтар майданға Қазақстан аумағы арқылы аттанған әскерлерге қажетті жабдық пен азық түлікті тегін беруге міндетті болды. Ауыл шарулығының өндірісі күрт өзгерді. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Оның ішінде ауыл шаруашылық бақша дақылдарының көлемі ұлғайды. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дөнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әр десятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтқа дейін төмендеді. Бұл ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің және тұқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Жылқы малы солтүстік аймақтарда мүлдем азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық-түлік даярлау, мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеліп соқты.Соғыс басталған кейін, Қазақстан өнеркәсіптері де соғыс үшін жұмыс істеді. Өлкедегі Сасық-Қарасу,Успен кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Үш жылы ішінде темір кенін көптеп өндіру көлемі ұлғайды. Түсті металлдарға деген қажеттіліктердің артуы және олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе Рилдер кенішінің дамуына түрткі болды. Көмір өндіру ісін Торғай, Ақмола , Семей облыстарында жүргізілді. Соғыс жылдарында Екібастұз кен орындары елеулі рөл атқарды. Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Енді қазақ халқы өздерін тыл жұмыстарына емес соғысқа алуларын сұрады.Бірақ бұл патша өкіметіне ұнай қоймады.Себебі олар қазақтардың қаруды меңгеруі соғыс ұрыстарына қатысуы кешелекте өзімізге қиын болады деп шешіп, орыс емес халықтардың барлығын тыл жұмыстарына жеккен еді.Халық бұндай шешімге наразылық танытты. Мұндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жұмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті. Нәтижесінде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады.
10.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, барысы, тарихи маңызы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өрши түсуіне алып келді.1916 жылы қаңтар айында Верный Семей қалаларында толқулар болып өтті. Осылай патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкелді. Қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат ала бастады. Оның үстіне патша өкіметінің 1916 жылғы маусымның 25- і күні қабылданған жарлығы бойынша 19-43 жас аралығында орыс емес ер адамдарды тыл жұмыстарына алу туралы бұйрығы көпшілік қауымның наразылығын тудырды. Бұл жарлық қазақ даласын аса қиын жағдайға түсірген еді. Жарлықтың қабылдануы бүкіл Қазақ жерін түгелімен шарпыған ұлт-азаттық көтерілістің басталуына себеп болды.Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық себептері бар еді. Олар-отаршылық езгінің күшеюі,жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың көбеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,орыстандыру саясатының әсері мен халықтың соғысқа байланысты жағадйының қиындауы еді. Көтерілістер ұйымдасқан түрде өте бастады. Оларды басқарған еңбекші халық өкілдері еді. Торғай даласының көтерілісіне Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей Ордасында Сейітқали Меңдешев,Әбдірахман Әйтиев, Жетісуда Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов сынды азаматтар жетекшілік етті. Көтерілістің алға қойған мақсаты-қолдан келсе қазақ халқына ұлттық және саяси азаттық алып беру еді.Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі қозғаушы күші-шаруалардың бұқаралық қалың тобы мен енді ғана пайда бола бастаған жергілікті жұмысшы тобының өкілдері мен қолөнершілер болды. Қозғалыстың үлкен ошақтары болды. Олар : Жетісу мен Торғай еді.
Жетісу көтерілісшілерін:Б.Әшекеев, Т.Бокин(Верный уезі), Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов(Қарқара), А.Қосанов(Мерке ауданы) басқарды. Көтерілісшілер белсенді шабуылдар жүргізді.Мұны көтерілісшілер жасақтарының жазалаушы жасақтарымен қақтығысдарда көрсеткен ерлігімен түсіндіруге болады.Алайда патша әскерінің жағында күш басымырақ еді,өйткені оларда артиллерия мен зеңбіректер бар болды.Көтерілісшілердің нашар ұйымдастырылған,оның үстіне нашар қаруланған жасақтары жеңіліске ұшырады.Қыркүйектің соңында Қапал уезінде болған патша әскерлері мен көтерілісшілердің қақтығысында көтерілісшілер жазалаушыларға соңғы соққы беріп,содан соң тауға қарай шегінеді. 1916 жылдың қазан айына қарай Жетісудағы көтеріліс жаншылады. Торғай көтерілісшілерін:А.Иманов басқарды.Тыл жұмыстарына шақыртылу туралы жарғының келуімен патша үкіметіне наразылық басталды Басшысы Амангелді Иманов көтерілісшілерді біріктіріп үлкен күш жасады 1916 ж Қазанның 23 күні Амангелді көтерілісшілері Торғай қаласын қоршауға алды 1916 ж қарашаның 6 сы қаланы шешуші шабуылмен басып алу әрекеті сәтсіз болды шайқастағы көтерілісшілер саны 15000 ға жеткен еді Көтерілісшілердің жазалаушыларымен қақтығыстары Қарақоға және Қараторғай болысында болып өтті . Доғал Үрпектегі соңғы шайқастан кейін жазалаушылар кейін шегінді Патша билігі көтерілісшілердің негізгі ошағын баса алмады Бірақ көтеріліс кезінде қазақ ауылдары қиратылып жапа шекті адам шығыны көп болды
11.1917 ж. Ақпан төңкерісінің Қазақстанға ықпалы: Қазақ комитеттерінің құрылуы және I-II жалпықазақ құрылтайлары.
М.Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылып, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді.
Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек ақпан революциясынан кейін қалыптасты.
Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.
Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.
Съездің күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелердің бірі – «қазақ саяси партиясын жасау мәселесі» болды. Бұл мәселелерге байланысты бюро жасаған тұжырым мынау еді: Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Қазақ мақсаттарын теріп, бағдарлама жасап, сол мақсаттарға жету шарасын қарастырып қазақ партиясын қалай жасау, қандай жол құру, оны осы жалпықазақ съезінде кеңесуіміз керек.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:Мемлекет билеу түрі
Қазақ облыстарында автономия;
Жер мәселесі;
Оқу мәселесі және т.б.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды.
12.«Алаш» партиясы және оның бағдарламасы. Қазақстанда қөппартиялы саяси жүйенің қалыптасуы.
Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
Мемлекет билеу түрі
Қазақ облыстарында автономия;
Жер мәселесі;
Оқу мәселесі және т.б.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай съезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.
Алаш партиясының бағдарламасы - 1917 жылы "Қазақ" газетінде пайда болған бағдарлама. Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмағанбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.
І. Мемлекет қалпы
ІІ. Жергілікті бостандық
ІІІ. Негізгі құқық
IV. Дін ісі
V. Сот және билігі
VI. Ел қорғау
VII. Салық
VIII. Жұмысшылар
IX. Ғылым – білім үйрету
Х. Жер мәселесі
13.1917 жылғы «Қазан төңкерісі» және «Ресей халықтарының құқықтар Декларациясының» жариялануы, Кеңес өкіметінің Алашордаға және Түркістан үкіметіне қарсы күресі.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.
Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді.
14.Алаш автономиялық республикасының құрылуы мен қызметі.
Қазақ елінің алдағы таңда қай бағытты таңдайтынын айқындау мақсатында 1917 жылдың желтоқса айының 5 мен 13 аралығында Орынбор қаласында ІІ жалпы қазақ съезі шақырылды. Ұлт зиялылары автономия құру бастамасын бір ауыздан қолдап, оның қажеттілігіне ерекше тоқталып өтті. Тек автономия ресми жариялау мәселесіне келгенде алауыздық танытып, бір мәмілеге келе алмай, ұзақ пікірталасқа жол берді.
Ә.Бөкейхан бастаған топ ең алдымен қазақ даласын мекендеп отырған өзге ұлт өкілдерінің автономияға қатысты пікірін білу керектігін және Түркістан қазақтарының автономия құрамына қосылу мәселесін шешіп алуды ұсынды. Ал Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері ешкімнің пікіріне қарамастан, дереу автономия жариялау керектігін алға тартты. Ұзақ талас-тартыстан кейін екі тараптың өкілдері ортақ мәмлеге келіп, желтоқсан айының 12 жұлдызында Алашорда автономиясын жариялады. Бұл туралы Әлімхан Ермеков былай деп тебірене жазды: «… желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды («Сары арқа», 1918 ж 22 қаңтар).
Съезд мүшелері ортақ мәмлеге келген соң Уақытша Ұлттық Кеңес құру және оны «Алашорда» деп атау туралы қаулы шығарды. Алашорданың орталығы Семей қаласы болады деп бекітілді және төрағалығына Әлихан Бөкейхан сайланды.
Ел ішін бұзақылар мен ұры-қарыдан қорғау мақсатында ұлттық милициялар құрамын жасақтау туралы келісім жасалып, олардың әр облыстағы саны бекітілді. Милицияға қажетті дүниелер ұлттық қордан сатып алынатын болды. Сондай-ақ Оңтүстік өңірдегі халықты автономия құрамына тарту мақсатында Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыру қажет екендігі айтылды. Бұл жиынға автономия атынан өкіл ретінде Бақтыкерей Құлманов, Міржақып Дулатов және Тұрағұл Құнанбаевті жіберу туралы ұйғарым жасалды.
Алаш автономиясы жарияланған тұста қазақ даласы әлі де болса терең ұйқыда жатқан болатын. Ұзақ жылдар бойына отарлық езгіде болған халық әлемдік өзгерістерден кенже қалып қойды. Соғыс өнерін толық меңгермен, от қарумен қаруланбаған қазақ халқы жеке дара мемлекет болып тұра алмады. Азамат соғысы жылдарында Алашорда үкіметі ақтар қосынын тастап, ұлттық дербестік беруге уәде берген большевиктер жағына шықты. Ал олар әуелдегі сөзінен танып, Алашорда партиясы мен Алаш үкіметінен тарих сахнасынан күшпен шығарып, мүшелерін өлімге қиды.
Десек те, бұл оқиғаның тарихи маңызы зор болатын. Қазақ даласында пайда болған ұлттық мемлекеттік құрылымды жойса да, кеңес билігі Қазақстанның автономиялық үкімет мәртебесін сақтап, одақ құрамына дербес республика есебінде қабылдады. Бұл 1991 жылы Тәуелсіз ел болып бөлініп шығудың басты алғышарты болған еді.
15.Түркістан (Қоқан) автономиялық республикасының құрылуы және біртұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы.
1917 жылғы 22 қарашада Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды. Съезді ашқан Мұстафа Шоқай: “Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы ұлттық төңкерісті құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр етуде” – деп мәлімдеді. Съезде Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланды. Кейін оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекеттік құрылым Түркістан автономиясы деп аталды. Ислам – мемлекеттік дін деп танылды.
1917 жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болды. Ташкентте Жәми мешітінде мыңдаған адам қатысқан митинг өтті. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орталыққа: "Қоқанда кертартпа тап өкілдері Түркістан өлкесінің автономиясын жариялады" – деп хабарлады.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
16.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.): Алаш әскерінің азамат соғысына қатысуы. «Әскери коммунизм саясаты» және оның ауыр салдары.
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан бастан кешкен қиындықтарға тікелей байланысты. Кеңес өкіметі күш біріктіру, қалаларды, Қызыл Армияны азық- түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, елде қатал тәртіп орнату мақстаымен «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл ішкі қажеттіліктерден, ішкі жаулардан қорғау мақсатында, экономикалық күйзелістен қорғау мақсатныда туған саясат болатын. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық- түлік мәселесін шешу үшін азық- түлік салығы енгізілді. Бұл елдегі байлар мен кулактардың астықтың көп бөлігін қайтарымсыз алуы, қарапайым халықты азық- түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға тиым салу істерін қарастырды. «Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде еңбек етуге міндеттелу талап етілді. Сонымен қатар өнеркәсіпті кеңес органдарының қол астына жинау, оны Қызыл Армияны қару- жарақтармеен, жабдықтармен қамтамасыз ету жүргізілді. 1918 жылы Бүкілресейлік Атқару Комитеті мамырдағы жарлығы бойынша әскери борышты орындау міндеттілігі талап етілді, сонымен қатар ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. Әскери коммунизм саясаты негізінде азық түлік салғырты, жеке саудға тиым салы, теңгерме ұстанымы бойынша азық- түлікті бөлу, Өнеркәсіптерді мемлекет меншігіне көшіру, еңбек міндеткерлігі, басқару жүйесін бір жерден дүргіз, яғни, орталықтандыру, бірыңғай мемлекеттік бюджетті қалыптастыру істері жүргізілді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде біршама шаралар жүзеге асыт, соның негізінде азық- түлікті дайындауға жұмысшылар келіп, 6 млн пұт шамасында астық жиналды, Александров- Гай- Ембі темір жол желісі салынды.
17.Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы. 1924 жылғы әкімшілік-аумақтық межелеу.
Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық республикасының» құрылуы. Қазревком азамат соғысы жылдарындағы кеңес өкіметінің құрылған уақытша органы. 1919 жылы 10 шілдеде Қазақ өлкесін басқару үшін «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери- революциялық комитет туралы» қаулысы бойынша құрылды. Алғашқыда құрамына С.Пестковский, А. Байтұрсынов, Ә. Жангелдин, Б. Қаратаев кірді. Қазревком «өлкені әскери- азаматтық басқаруды өз қолына алып, қазақ халқының мемлекеттігін құру үшін Құрылтай сьезін шақыруды жоспарлады. Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуі Азамат соғысының жағдайының ауыр болуына тікелей байланысты еді. Қазревком 1919 жылдағы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын құруға орасан зор күш жұмсады. 1920 жылы 26 тамыз күні м.И.Калинин мен Владимир Ильич Лениннің қол қоюымен «Қырғыз қазақ кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы» Декрет қабылданды. Біраз уаөқыттан соң Қазревком таратылып, Қазақ АКСР-і құрылды.
18.1921 жылғы жер-су реформасы.Жаңа экономикалық саясат және оның салдары.
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
1921 жылғы сәуір –патшалық билік қазақтардан тартып алынып, казак әскерлеріне берілген Сібір және Орал жерлерін қазақтарға қайтару жйында декрет шығарылды.Нәтижесінде Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер, Оралдың сол жағалауындағы 208 мың десятина жер қазақтарға қайтарылып берілді. 1921 жылы Жетісу өңірінде Жер рефорамсы жүргізілді, нәтижесінде 460 мың десятина жер қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне қайтарылып, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанғаоралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайдақоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактарқатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.1921-1922 жылғы жүргізілген жер реформасының маңызы зор болды, мысалға айта кетсем, еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда, қазақ ауылдарындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретуде, ұлттық келісімді орантуға жағдай жасауда.
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. Өнеркәсіптегі өзгерістер:
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.
1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:
1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда).
2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
3. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
4. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
5. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
6. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
7. Жерді арендаға беруге рұқсат берілді.
8. Несие берілетін болды.
9. «Қосшы Одағы» құрылды.
10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.
1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі қабылдану барысында Қазақстанды Жаңа экономикалық саясатқа енгізу жұмыстары жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шарулардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынан азық – түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде «аман–сау» аудандардың халқы ашыға бастады.
ЖЭС-тің мәні:
1. Саясатта бір партиялық-тоталитарлық режим;
2. Экономикада әкімшілік-нарықтық шаруашылық.
19.Ф. Голощекинннің "Кіші қазан" саясаты және саяси қугын-сүргіннің басталуы (М. Дулатұлы, М. Жұмабай, Ж. Аймауытов, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мынбаев, т.б.).
1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімі мен қызметі сол кездердегі саясаттың, социализмнің бұрмалануымен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету. Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты:
1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.
2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.
Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің күшеюі Ф. Голощекин есімімен байланысты болды. Патша отбасы мүшелерін атуды ұйымдастырушылардың бірі Голощекин Қызылордаға келісімен, ауылда Кеңес өкіметінің әлі де орнамағанын, онда байлардың әмірі жүріп тұрғанын айтты. «Ауылда Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет. Байға қарсы тап күресінде кедейлерге көмек беру керек. Егер бұл азаматтық соғыс болса, біз оған барамыз. Ауыл Қазан революциясы лебін әлі сезінген жоқ» деді. Қазақстанда «Кіші Қазан революциясын өткізу идеясын айтып Сталинге хат жазды. Ауылдың дәстүрлі әлеуметтік құрылымын жою негізгі міндет ретінде айқындалды.Келесі кезекте қазақтарды жаппай отырықшы өмір салтына көшіру көзделді. Мұндай іс шаралардың жергілікті коммунистердің наразылығын тудыратынын жақсы түсінген Голощекин өзінің ой-пікірін қолдамайтын партия басшыларына қарсы күрес бастады. 1926 жылдың өзінде С. Садуақасов және С. Қожановқа «ұлтшыл» деген кінә тағылды. С. Сейфуллин, М. Мырзағалиев, Н. Нұрмақов, С. Меңдешев және т.б. қуғынға ұшырады. Олардың көбі республикадан қуылып, С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев қызметтен босатылды. 1928 жылдың аяғында Голощекиннің саяси қарсыластары алғаш рет тұтқындалды. Олардың қатарында А.Байтурсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтар болды. Екі жылдан кейін М. Тынышбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов және ұлт зиялыларының басқа да көптеген өкілдері тұтқындалды.
Қазақстандағы оппозицияны іс жүзінде ығыстырған Голощекин «Кіші Қазан» идеясын өмірге енгізе бастады. 1926-1927 жылдары жыртылатын жерлер және жайылымдар қайта бөлінді. Шабындық және жыртылатын жерлер ауқатты шаруашылықтардан тартып алынып, кедейлер мен орта шаруаларға берілді. Алайда бұл шара ойдағыдай нәтиже бермеді. Ұжымдық шаруашылық (колхоздар) жүйесі шаруаларды өндіріс құралдарынан және өнімнен түскен табыс бөлінісінен ығыстырды. Ауқатты тұрмыс қалыптасқан шаруашылықтардан 1360 мың десятина шабындық және 1250 мың десятина жайылымдық жерлер алынып, кедейлер мен орта шаруаларға берілді. Алайда бұл шара күткен нәтижені бермеді. Малдары жоқ шаруашылықтар өздеріне берілген шабындықтар мен жайылымдарды тиісінше пайдалана алмай, көпшілік жағдайларда бұрынғы қожайындарына қайтарды. Келесі қадам ірі бай мал иеленушілердің мүлкін тәркілеп, оларды отбасыларымен бірге тұрып жатқан аудандарынан тыс жерлерге көшіру болды. Жеті жүзге жуық шаруашылықтан мал-мүлік тәркілеу жоспарланган. Сол кездегі құжаттарға сәйкес, 696 шаруашылықтан мал тәркіленгені жазылғанмен, іс жүзінде бұл санның әлдеқайда көп болғаны белгілі. Мәселен, Ақмола округінде жоспар бойынша 46-ның орнына - 200-ден астам, Петропавловск округінде 34 емес, 102 шаруашылық тәркілеуге және көшірілуге жатқызылған. Осындай науқанның нәтижесінде, барлығы 145 мың мал басы кедейлерге берілді. Тәркілеуге өте бай мал қожайындары ғана емес, сонымен қатар өкіметті жақтай қоймаган орта шаруалар да ілініп кеткенін айтуымыз керек. Ауылшаруашылық өнімдері үшін төленетін салықтардың үлкен белігін төлеуге мәжбүр болған ауқатты шаруашылықтарды салықпен қысу бұрынғыдан да күшейе түсті.
1926-1928 жылдары үкімет мекемелерінде қызмет ететін ауыл шаруашылық мамандары, ұлт зиялылары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т. б.) қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының дала жағдайларына
неғұрлым қолайлы екендігін ашық айтты. Мал шаруашылығын егіншілікке бағындырудың кез келген әрекетінің даланың экономикалық өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғатынын дәлелдеп шықты. Оларды қазақтардың мал шаруашылығына күштеп танылған қайта құрулардың іс жүзінде терең экономикалық тоқырауға ұрындыратыны аландатты. Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы О. Исаев қазақ халқының мүшкіл жағдайы жөнінде Сталинге жазған хатын да хабарлады. Онда қазақтардың басқа аймақтар мен республикаларға жаппай қоныс аударуының күшейіп, қазақ халқы жағдайының өте ауырлай түскені, адамдардың аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастағаны, жергілікті өкімет орындары өкілдерінің жалған есептер беріп, қазақ халқының іс жүзіндегі жағдайын боямалап көрсетіп отырғаны айтылды. О. Исаев өз хатында Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекинді орнынан босатуды ұсынды. 1933 жылы Ф. И. Голощекин қызметінен босатылып, оның орнына Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов та 1933 жылы Сталинге жазған хатында қазақ халқының мүшкіл жағдайын көрсетіп, жаздың соңына дейін қоныс аударушылардың арасында аштық пен жұқпалы аурулардың қауіпті дәрежеге дейін көтерілетінін ескертті. Т. Рысқұлов қазақ халқын қырылудан құтқарудың нақты шараларын, мал шаруашылығын қазақтарға малды жеке меншікке таратып беру жолымен шұғыл көтеруді ұсынды. Сталин мен Үкімет органдарына тек жекелеген қызмет адамдары, қазақ зиялыларының өкілдері ғана емес, қарапайым адамдар да хат жолдады. Көрнекті қазақстандық мәдени қайраткерлердің «Бесеудің хаты» атанған хаты Қазақстан тарихында ерекше орын алады. 1932 жылы жазда F. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышевтар Сталинге қазақ даласындағы мүшкіл ахуал жөнінде хат жазды. Олар Голощекинді партияның ұжымдастыруды жүргізу жолындағы басты бағытын бұрмалауы, халықтың мал шаруашылығын дамытуға деген ынталануын тұншықтырып, мал шаруашылығымен айналысудан жеріткені үшін айыптады. Алайда бұл көзқарастың айқын жақтастары қуғындаудың кұрбандарына айналды.
20.Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның өмірі мен саяси-қоғамдық қызметі.
Әлихан Бөкейханов өмірбаяны
Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.
Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі.Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылддың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытқан.
1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып қабылданды.
Ол 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Әлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қырқүйегінде «халық жауы» болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ.Аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейханов 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Келісімен Омбы қаласындағы орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып қызмет істейді. Осы жылдары социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасының құрамына кірген.
Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі.
21.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясаты: ұлт қасіреті.
Ұжымдастыру бағыты. Техникалық жағынан түбірлі қайта жарақтандыру негізінде ауыл шаруашылығын қайта құруға бағыт алу 30-жылдардың қарсаңында қажеттілікке айналды. БК(б) П XV съезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялады. Қазақстандағы ұжымдастыру төрт кезеңде жүзеге асырылуға тиіс болды:
- 1929 жылғы мамыр мен 1930 жылғы наурыз - жылдамдатылған
ұжымдастыру науқаны;
- 1930 жылдың наурызы мен 1932 жылдың тамызы - ұжымдық шаруашылықтардың әр түрлі типтерін тәжірибеден өткізу;
- 1932 жылдың қыркүйегі мен 1934 жылдың қарашасы - ТОЗ-дарды ұжымдастырудың жаңа толқыны ретінде пайдалану:
- 1934 жылдың желтоқсаны мен 1938 жылдың желтоқсаны - ТОЗ шаруашылықтарын ауыл шаруашылық артельдері - колхоз, совхоздар етіп қайта құру.
Ұжымдастыруды табысты жүргізу мақсатында орталық үкімет "жиырма бес мыңшылар» деп аталған 25 мың жұмысшыны жұмылдырды. Қазақстанға Мәскеу, Иваново-Вознесенск, Харьков, Ленинград қалаларынан "жиырма бес мыңшылар» жіберілді. Ереже бойынша бұл қызметкерлер ұйымдастырылып жатқан колхоздардың төрағасы қызметіне ұсынылды. 1930 жылы 5 қаңтарда БК( ОК «Ұжымдастырудың қарқыны мен колхоздық құрылысқа көмек көрсету шаралары туралы қаулы қабылдады. Қаулы ұжымдастыруды өте қысқа мерзімде аяқтауды қарастырды. Сталиндік жоғарыдан жасалған революция шаруаларға көрсетілген бірыңғай зорлық-зомбылық болды. Республиканың шенеуніктік-бюрократтық топтарына осы
қысқа мерзімнің өзі қалай болғанда да «секіріп" етуге болатын биіктік ретінде қабылданды. Бұл науқанды Голощекин бастаған жергілікті өкімет орындары жылдамдата түсті. Егер Қазақстанда 1928 жылы ұжымдастыруға барлық шаруашылықтардың 2% -ы қамтылса, 1930 жылдың 1 сәуірінде – 50,5% ы, 1931 жылдың күзіне қарай 65% -ға жуығы, 1934 жылы - 89.9% тартылды. Бұл науқан еріктілік қағидасы мен қарапайым заңдылықтың жаппай әрі өрескел бұзылуымен қатар жүрді. Ұлт зиялылары С. Мендешев, С. Қожанов, Х. Досмухамедов т.б. жаппай ұжымдастыру науқанына қарсы шықты.
Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың зардаптары. 1928- 1932 жылдары Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру — іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына қарсы геноцид еді, Аман қалған 1,5 млн дай қазақтар Ресейге, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Монғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударды. Ағылшын американ тарихшысы, сталинизм табиғатын терең зерттеуші Роберт Конквест «Қазақстандағы ұжымдастыру қазақтардың орасан зор адами трагедиясына айналғанын» жазды. Ұжымдастыру науқаны қатал террор жағдайында, жергілікті жердің ерекшеліктері мен дәстүрлері
есепке алынбастан, алдын ала ойластырылған дайындықсыз, әкімшіл-әміршіл шаралармен жүргізілді. Ұжымдастыру жөніндегі іс-шаралар ауылдың дәстүрлі тұрмыс түрін талқандауға бағытталды, тарихи қалыптасқан ұлттық көшпелі өмірдің негіздері жойылды. Қысқа мерзім ішінде жүргізілген күштеп ұжымдастыру шаруалардың жанталасқан қарсылығын тудыра отырып, елмен кеңес қоғамының одан арғы дамуына мына түрғыда елеулі зардаптар әкелді: 1. Ауыл шаруашылық өндірісінің деңгейі төмендеп, ЖЭС кезеңімен салыстырғанда тұрмыс жағдайлары нашарлады.
2. Азық-түлік проблемасының ушығуымен 1932—1933 жылдарда жаппай аштық орын алды.
3. Ауыл шаруашылығына қаржыны өнеркәсіпке аудару селоның техникалық жағынан артта қалуын күшейтті және шаруашылық жүргізудің экстенсивтік формаларынан интенсивтік формаға өтуге мүмкіндік бермеді.
4. Мемлекет азық-түлік өндіруді бақылаусыз билеу мүмкіндігін алып, іс жүзінде азық-түлік салғырты қалпына келтірілді.
5. Шаруа меншік иесі ретінде өмір сүруін тоқтатып, жалдамалы ауыл шаруашылығы жұмысшысына айналды.
6. Экономикалық ынталандыру экономикадан тыс күштеумен алмастырылып, бұл колхоз мүлкін ұрлау мен талан-таражға салуды көбейтті. Осының бәрі қоғамдағы наразылықты арттыра түсті. Қуатты насихат аппараты көңіл қуантар табыстар жөнінде даурығып, барлық сәтсіздіктердің кінәcін толып жатқан дұшпандар 20-жылдардың басында қызметі тоқтатылған оппозициялық партияларға жапты. Сталиндік басшылық қатал қуғын-сүргіннің aрқасында ғана өкімет билігін ұстап қалды.
22.Қазақстандағы индустрияландыру: ерекшеліктері мен салдары
: Елді индустрияландырудың қажеттігі. Индустрияландыру - ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде букіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасында КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті.
Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалык әлеуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы елдің өнеркәсібі жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда, оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады. 1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1926 жылы желтоқсанда БК(б)П-ның XIV съезінде қабылданды. Сталин индустрияландыруға «КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшімен өндіретін елге айналдыру» деген анықтама берді. Әңгіме ауыр және жеңіл өнеркәсіптің тиімді арақатынасы, қала мен деревняда қол жұмысын ығыстыру туралы болды. Капиталистік қоршаудың болуы және социализмді жеке алынған бір мемлекетте құру бағдары шешуші маңызға ие болды. Мұндай жағдайда партия ішіндегі демократияның шеңбері тарылып, «әскери коммунизм» кезіндегі әдеттер мен бұйрықтық тәсілдер қайта жаңғырды. Ықпал жасаудың экономикалық емес, әкімшілік тетіктеріне артықшылық берілді. Тарихтағы ең алғашқы жоспарлы индустрияландыру бағдарламасын ЖЭС-қа көшу жағдайында жүзеге асыру қажеттігі туды. Көпсалалы экономика, тауар-ақша қатынастары, нарықтық байланыстар өмірге енді. ЖЭС қағидалары өнеркәсіп саласында жеткілікті деңгейде орындалмады, ақырында байыпты әрі ұзақ мерзімге ойластырылған бұл саясат ауыстырылды. Қазақстанның дамуы аймақ экономикасының артта қалуымен байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Елеулі әлеуметтік экономикалық алға басушылықтардың болғанына қарамастан, көшпелі және жартылай көшпелі ауылдық жерде патриархалдық феодалдық қатынастар әлі де өз күшін жоймады, 1926 жылы республикадағы өнеркәсіпті қайтадан қалпына келтіру ісі әлі аяқталмады және бүкілодақтық деңгейден төмен болды. Қазақстанның өнеркәсібі өте баяу дамыды. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп ошақтарын құру қажет болды. Өнеркәсіптік құрылыс жүргізуге болатын пайдалы қазбалардың кен орындары далалы аймақта, шөл аудандарда орналасты. Жерасты байлықтарын пайдалану бұл орындарда жан-жақты игеру жұмыстарын жүргізуді: жаңа темір және автожолдар, жұмысшы кенттерін, жаңа қалаларды салу, сумен жабдықтаудың қайнар көздерін іздеу т.б. жұмыс ауқымын атқаруды талап етті. Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын рыноктық нарықтан арзан бағамен сатуға мәжбүрледі. Бұл міндетті орындаудан бас тартқандар қуғын-сүргінге ұшырады.
Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен бүкіл Жезқазған - Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негiз салынды. Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашқы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды. Жезқазғанда геологиялық зерттеулер кен орындарында жүргізілетін кешенді, жеделдетілген геологиялық барлау жұмыстарының ғылыми өлшемдерін толығымен аяқтады. Жезқазған-Ұлытау ауданының кен байлықтары өнеркәсіптік тұрғыда игеріле бастады. Республикадағы геология ғылымдарының қалыптасуында іздеу-барлау жұмыстары мен геологиялық зерттеулердің кеңінен ұйымдастырылуы зор рөл атқарды. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және Спасск кенді аудандарын, Қарағанды көмір алабын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеудің болашағы зор болды. Мыс өнеркәсібін дамыту мәселелерін зерттеумен қатар темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), қорғасын (Қорғасын) кен орындарын зерттеу ісі басталды. Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салалары құрылды. Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажет қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен катар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты болды, Геолог Қ.Сәтбаев республикадғгы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жұмылдырып, өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кен орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар жөне Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншіci Жезқазған мыс кен орнын ашты, екіншісі Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншici - Геологиялық ғылымдар институтын құрды.
Алғашқы бесжылдықтар құрылыстары. Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін , дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, темір жол желісін салу қажеттігі туды. Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Бұл жол пайдалануға берілмейінше республиканың ауқымды шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарындағы халық шаруашылығын қайта құруды сәтті түрде жүзеге асыру мүмкін емес еді. Бұрын жаңа заманғы қатынас жолдары болмаған аумақтар арқылы 1500-дей шақырымға созылған Түрксіб темір жолы өндірістік күштерді дамытуда және елдің ауқымды аудандарындагы экономиканы қайта құруда маңызды рөлге ие болды. Өнеркәсіпті және темір жолға жақын жатқан аудандардың ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды факторына айналды. Бұл темір жол тармағының құрылысын сәтті жүргізу мақсатында РКФСР ХКК жанынан XКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың төрағалығымен Түрксіб кұрылысына жәрдемдесу комитеті құрылды. Құрылыс бүкілхалықтық деп жарияланып, республикаға Ресей, Украина, Орталық Азия өнеркәсіп орталықтарының жұмысшылары көмекке жіберілді. Темір жолдың жекелеген бөліктерін кезең-кезеңімен іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын жүзеге асып отырды. 1930 жылы 25 сәуірде магистраль бойынша бірінші жұмысшы пойызының жүргізілуі айтулы оқиға болды, оны Қазақстанның бірінші машинисі, бұрын бақташы болған Көшкінбаев жүргізді. 1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынып, 1929 жылы ол Ақмолаға дейін созылды. Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын Түрксіб темір жол құрылысы 1931 жылға қарай аяқталды. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола-Қарағанды 1931), Илецк – Орал (1936), Рубцовск-Риддер (1937), ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған жолдары салынды. Осылармен бір мезгілде республикада бірінші бесжылдық (1928-1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып, жаңа кәсіпорындар ашылды. Пайдалы қазбаларға бай кен орындары Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті, әсіресе кен шығару салалары мұнай, көмір саласы және түсті металлургияны дамытудың негізі болды. Риддер, Қарсақбай полиметалл комбинаттары, Қарағанды көмір кендері қайта қалпына келтірілді. Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған мыс қорыту, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды. Индустрияландыру өзін-өзі ақтамаған асқақ жоспарлар мен қарқынды арттыру жағдайында жүзеге асырылды. Бесжылдық жоспарды негізгі экономикалық көрсеткіштерді ұлғайтумен алмастыру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде салынып жатқан құрылыс объектілерін жұмыс күшімен, шикізатпен, жабдықпен қамтамасыз етуде қиындықтар туды. Көптеген құрылыстар тоқтап қалды. Өнім шығарса да, кәсіпорындар толық көлемде жұмыс істей алмады. Жалпы индустрияландыру үдерісі Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыска дейін жалғасты.
Қазақстандағы индустрияландыру ісінің ерекшеліктері. Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің қарқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты. 1931-1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: орталық аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт ұстанған қазақ зиялысы - Смағұл Садуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға карсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы «Большевик» журналына жариялаған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды. Жұмысшылардың, әсiресе жеткіліксіз маманданған жұмысшылардың елеулі бөлігін ұжымдастырудың нәтижесінде күйзелген деревнялар мен ауылдардың шаруалары құрады. Еңбек өнімділігі күрт төмендеп, зауыттарда тәртіп сақталмай, маманданған еуропалық нәсілді жұмысшылар және маманданбаған қазақ жұмысшылары арасында қақтығыстар болып тұрды. Мамандық шеберлігі еуропалық нәсілді жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналық көмек көрсетілмеді. Республикаға мамандар сырттан әкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан Ресей және Украинаның орталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазакстан" жуйесіне үйлесе алмады. Мәскеу билеушілері Қазақстанды индустрияландыруды қарқынды түрде жүзеге асыратын аудандардың біріне айналдырғысы келді. Орталықтандыру саясатын белсенді жүргізген Ф. Голощекин республикада кен өндіру кәсіпшілігін жетілдіруді және шикізатты сыртқа тасымалдау үшін темір жол көлігін құруды жақтады. Осылайша, Қазақстанды КСРО-дағы өнеркәсібі дамыған өлкелердің шикізат базасына айналдыру туралы мәселе қарастырылды. Жергілікті мамандардың біразы бұған қарсы шығып, өңдеу және жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды. Дегенмен олардың пікірі ескерусіз қалып, Қазақстандағы индустрияландыру жаңа отаршылдық саясат сипатына ие болды. Индустрияландыру жылдары еңбек өнімділігі бұрын болмаған қарқынмен өсті. Бүкіл Одақтағыдай Қазақстанның өнеркәсібі, көлік жүйесі және ауыл шаруашылығы алдыңғы қатарлы техникамен жабдықталды. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды индустрияландыруда қомақты табыстарға қол жеткізіліп, техникалық және экономикалық артта қалуды жоюда шешуші қадам жасалды. Елде ауыр өнеркәсіп құруға жұмсалатын қаражаттың жартысына жуығы шығыс аудандарға бөлінді. Осының салдарынан Қазақстанды индустрияландыру біржақты жүргізілді. Партияның аймақтық комитеті бюросының мүшесі Смағұл Садуақасов өнеркәсіптің өңдеу салаларының кең желісін құру туралы идеясын ұсынды. Атап айтқанда, ол «Голощекин жолдастың неліктен жүн жуудан әрі қарай барғысы келмейтінін, шұға фабрикаларын ұйымдастыру өз-өзінен сұранып тұрғанын» дәлелдеді. «Қазақстаннан жуылған жүнді Ресейге қарай шығарып, осы жүннен тоқылған мәскеулік шұғаны кері қарай тасығаннан гөрі, Қазақстаннан дайын шұғаны темір жолдар арқылы сыртқа шығару жеңіл емес пе?" Алайда Голощекин және оның жақтастары мұндай көзқарастарды жергілікті ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабылдады. Мұндай адамдар қызметтен босатылып, олардың орнына «сталиндік» жақтастар келді. Индустрияландыруды жүзеге асыру барысында Қазақстан орталықтың шикізат көзі шылауына айналды. Дайын өнім шығару үшін шикізат көзі республикадан басқа аудандарға тасымалданып, олардан дайын өнім бұйымдары және тұтыну заттары алынды.жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналық көмек көрсетілмеді. Республикаға мамандар сырттан әкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан Ресей және Украинаның орталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазакстан" жуйесіне үйлесе алмады. Мәскеу билеушілері Қазақстанды индустрияландыруды қарқынды түрде жүзеге асыратын аудандардың біріне айналдырғысы келді. Орталықтандыру саясатын белсенді жүргізген Ф. Голощекин республикада кен өндіру кәсіпшілігін жетілдіруді және шикізатты сыртқа тасымалдау үшін темір жол көлігін құруды жақтады. Осылайша, Қазақстанды КСРО-дағы өнеркәсібі дамыған өлкелердің шикізат базасына айналдыру туралы мәселе қарастырылды. Жергілікті мамандардың біразы бұған қарсы шығып, өңдеу және жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды. Дегенмен олардың пікірі ескерусіз қалып, Қазақстандағы индустрияландыру жаңа отаршылдық саясат сипатына ие болды. Индустрияландыру жылдары еңбек өнімділігі бұрын болмаған қарқынмен өсті. Бүкіл Одақтағыдай Қазақстанның өнеркәсібі, көлік жүйесі және ауыл шаруашылығы алдыңғы қатарлы техникамен жабдықталды. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды индустрияландыруда қомақты табыстарға қол жеткізіліп, техникалық және экономикалық артта қалуды жоюда шешуші қадам жасалды. Елде ауыр өнеркәсіп құруға жұмсалатын қаражаттың жартысына жуығы шығыс аудандарға бөлінді. Осының салдарынан Қазақстанды индустрияландыру біржақты жүргізілді. Партияның аймақтық комитеті бюросының мүшесі Смағұл Садуақасов өнеркәсіптің өңдеу салаларының кең желісін құру туралы идеясын ұсынды. Атап айтқанда, ол «Голощекин жолдастың неліктен жүн жуудан әрі қарай барғысы келмейтінін, шұға фабрикаларын ұйымдастыру өз-өзінен сұранып тұрғанын» дәлелдеді. «Қазақстаннан жуылған жүнді Ресейге қарай шығарып, осы жүннен тоқылған мәскеулік шұғаны кері қарай тасығаннан гөрі, Қазақстаннан дайын шұғаны темір жолдар арқылы сыртқа шығару жеңіл емес пе?" Алайда Голощекин және оның жақтастары мұндай көзқарастарды жергілікті ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабылдады. Мұндай адамдар қызметтен босатылып, олардың орнына «сталиндік» жақтастар келді. Индустрияландыруды жүзеге асыру барысында Қазақстан орталықтың шикізат көзі шылауына айналды. Дайын өнім шығару үшін шикізат көзі республикадан басқа аудандарға тасымалданып, олардан дайын өнім бұйымдары және тұтыну заттары алынды.
23.Социалистік «мәдени революция». Ғылым мен мәдениеттің дамуы (1920-1940 жж.).
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда мәдени даму жағынан алға қарай ілгерлеушіліктер болды. 1924 жылғы сəуірде Сауатсыздықты жою қоғамы құрылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жүргізді. 1926 жылғы мамырда Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын қабылдады. Үш жəне төрт жылдық мектептердің санын көбейту керек деп мақсат қойды. Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада ашылды. 1931 жылғы желтоқсанда 15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді. 1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінде көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді. білім беру жөніндегі қоғамдық қорлар құрылды. Білім беру ісін Қазақстан комсомолы өз мойнына алды. Ұлттық зиялы қауым қайраткерлері ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісті. 1920-жылдардың ортасында республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс жəне эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді. 1930-1932 жылдардағы аштықтан балалар саны азайып, жетімдер көбейгендіктен,1932 жылы балалар үйлеріне 68 мың бала орналастырылды. Ұжымдар мен кеңестердің қаржысына салынған интернаттар желісі көбейді. Мұғалімдер саны артты. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі атағын алғаш алған ұстаздар – С.Көбеев, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков т.б. ұстаздар ордендермен марапатталды. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны – педагогикалық институт 1928 жылы ашылып, оған кейін Абайдың есімі берілді. 1929-1931 жылдары Алматы зоотехникалық-малдəрігерлік, ауылшаруашылығы және медициналық жоғары оқу орындары ашылды. 1931-1932 жылдары Орал жəне Қызылорда педагогикалық институттары ашылды. 1934 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Қазақ кен-металлургия институтының ашылуы республикада инженер-техник кадрларын даярлай бастады.Кейіннен Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер инстуттары ашылып, олар педагогика институттары болып қайта құрылды.Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды. 1930 жылдары өзге республикалардың жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды. 1920-1930 жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі. Өлкенің тарихы, этнологиясы, экономикасы зерттеле бастады жəне жаратылыстану ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Оның жұмысына С.Асфендияров, А.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Жолдыбаев, А.Чулошников, А.Якубовский белсене қатысты. Қоғамдық бөлімшелер Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қалаларында жұмыс істеді. Қазақша жазу жетілдірілді, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар құрастырылды, қазақ халқының тарихы, этнологиясы жөнінде еңбектер басып шығарылды. 1926 жылы М.Массон ежелгі Тараз қаласының орнына қазба жұмыстарын жүргізді. Ащысай қорғасын кеніші, Қарағанды және Екібастұз көмір кеніші, Ембі мұнайлы ауданы зерттелді. 1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиалы құрылды. Алғашқыда оның құрамында зоология жəне ботаника секторлары, Алматыдағы Ботаника бағы болды. 1935 жылы геология жəне тарих секторлары құрылды. Кейін Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты қосылды. Қазақстан ғылымының дамуына Қ.Сәтбаев зор үлес қосты.1935 жылы С.Асфендияров жазған Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының 1-бөлімі жарыққа шықты. 1920-1930 жылдары С.Сейфуллин, С.Мұқанов, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов қазақ тіл білімі мен əдебиеттану мəселесі жөнінде еңбек жазды.Ұлы Отан соғысы қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700-ден астам ғалым еңбек еткен.
Қорытынды:Қазақ мәдениетінің даму тарихы оның,барлық салаларындағы өзгерістер,өнеге үлгілері,белгілері оның аңыздарынан,әңгіме,жыр қисса,материалдық мәдени мұралар,әдеби музыкалық,сәулет,бейнелеу өнерлерінің туындылары,жыраулардың шығармалары,шешендік сөздері.наным сенімдері ме дін туралы түсініктері ұлттың бейнесін қалыптастырады.Осы ғасырлар бойы жалғасып бізге мұра болып жеткен мәдениетімізді қастерлеп,қорғап,келесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз қажет.
24.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.
Сипаты :Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы, көтеріліс күз айында басталды. Көтеріліс үлкен аумақты қамтыды және әр аумақта көтеріліс басшылары сайланды.
Басты ошақтары :Қостанай (1929ж.күзде), Созақ (1930ж.көктемде), Жетісу (1930ж.27 наурыз ), Ақтөбе, Қызылорда округтерінде.
Жүру барысы :
Қостанай :Көтерілісшілерді Ә. Бекежанов, С. Қадиев, А.Смағұлов басқарды. Көтерілісшілер 1 қараша күні аудан орталығын басып алып, кеңес және партия, милиция мекемелерін талқандап, түрмедегілерді босатты. Қысқа мерзім ішінде 500-ге жуық отряд жиналғанмен он көтерілісінің біреуінде ғана ату құралы болды.Сондықтан жазалаушыларға қарсы шыға алмағандықтан көтеріліс басып жанышталды. 200-дей адам тұтқындалып, Қостанайға аттандырылды.
Созақ көтерілісі :1930 жылдың көктемінде Созақта көтерілістің басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы және мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғұрыпты орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатысты. Көтеріліске бұрын болыс қызметін атқарған С. Шолақов хан болып сайланды. Көтерілісшілер мен жазалаушы отряд арасында қарулы қақтығыс өтті. Көтерілісшілердің қару-жарағының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Нәтижесінде жазалау отряды көтеріліске қатысты сәл күдік тудырған адамдарды сотсыз , тергеусіз атты.
Жетісу көтерілісі: 1930 жылдың 27 наурызында 200 көтерілісші Абакумовканы басып алды. Көтеріліс ұлттық сипатта болған жоқ ,себебі орыс тұрғындары да қатысты. 28 наурыз күні көтерілісшілермен қақтығыста ОГПУ отряды жеңіліске ұшырады. Бірнеше күннен соң көтерілісті басуға қызыл гвардияшылар отряды жіберіліп, көтерілісшілерді Лепсі түбінде талқандады. Нәтижесінде 15 адам өліп, 76 көтеріліске қатысушылар тұтқынға түсті.
25Жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны және оның салдары (1937-1938 жж.).
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Осындай жагдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе халық жауларының сыбайластары» және т.б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалған. 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, миллиондаған адамдарды лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың катарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот отырыстары 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т.б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Карағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нұрсейітов, М. Ғатаулин т.б. басшыларының үстінен жүргізілген сот ісі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. «Халық жауларының негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атангандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерін де құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ұ. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, О. Исаев, С. Қожанов, С. Меңдешев сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды. 1920-1940 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралык сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап ату жазасына кесу, құқығынан айыру. мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді шаралар кеңінен қолданылды. Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыншылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың мойындауы, ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттык ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Kөптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады. Сталиндік басшылық Қазақстан аумағын елдің басқа аудандарынан ондаған мың шаруаларды «кулактық жер аудару» аймағы ретінде қарастырды. Республикаға Одақтың әр түрлі аудандарынан 46 091 отбасы немесе 180 015 адам жер аударылды. Осылайша елде алып лагерьлер жүйесі ГУЛАГ құрылды. Оның құрамында АЛЖИР, Қарлаг, Степлаг т. б. лагерьлері болды.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары. Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда тұңғыш рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды. 30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ түрінде жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай мақсатты көздеді: саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан жоспарын жүзеге асыру;
әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады. Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.
26.Жалпытүркілік азаттық қозғалысының көсемі М. Шоқайұлының өмірі мен саяси-ағартушылық қызметі.
Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі. Қыпшақ тайпасы Торы руы Бошай тармағынан шыққан. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.
1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкіметінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.
Мұстафа Шоқайдың ұлт-азаттық қозғалыс басшысы, саясаткер ретінде қалыптасуына белгілі дəрежедеықпал еткен тұлғаларға тоқтала кетсек, Алаш қозғалысының көсемі Əлихан Бөкейхан оған студент кезінен əсер еткен, оның ұсынысымен Ресей Мемлекеттік думасы Мұсылман фракциясы хатшылығы қызметін атқарған. Ол кейін өзінің «Жас Түркістан» журналында жариялаған бір мақаласында «Əлихан Бөкейхан бізге ұдайы Түркістан мəселесінжете түсіну үшін қазақтың жер-су мəселесін толық білу керек деп ескертетін-ді» деп жазған. Бұдан кейін де олардың тағдырлары жиі тоғысып, М. Шоқай эмиграцияға кеткенге дейін саяси өмірде қатар қызмет еткен. Біздіңше, оларды бір бастаудан аққан қос өзенге теңеуге болады, ал ол бастаудың басында азаттық идеясы тұрды. Сонымен қатар башқұрт халқының қайраткері, досы Зəки Уəлидиді де айту қажет.
М. Шоқайдың рухани кемелденуіне М. Сералин басқарған «Айқап» журналы, «Алаш» партиясының ресми баспасөз органы болған «Қазақ» газеті басқа да басылымдар да ықпал жасаған.
Мұстафа Шоқай қызметінің жаңа кезеңі оның Мемлекеттік думаның қызметіне араласып, саяси эмиграцияға ұшыраған кезеңге дейінгі аралықты қамтиды деген пікірдеміз. Бұл қазақ халқының азаттық күресінің басталуымен қатар келеді. ХІХ ғ. аяғы — ХХ ғ. басында саяси, əскери, экономикалық, мəдени отарлауды жан-жақты жүргізген патша үкіметі қазақ халқын мəңгүрттендірудің аз-ақ алдында тұр еді, бұл басқа да отарлық езгіде отырған түркі халықтарына қатысты. Осының бəрін көріп отырған Мұстафа Шоқай мұндай азуы кең алып күшке бүкіл түркі халқы бір азаттық туының астына бірігіп қана қарсылық көрсете алатындығын түсінді. Осыдан туындаған «Тұтас Түркістан» идеясы оның қоғамдық-саяси қызметінің арқауы болды. 1914 ж. ƏлиханБөкейханның ұсынысымен IV Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясының хатшысы қызметіне тағайындалады. Ол Мемлекеттік думаның мүшелері Сералы Лапин, Махмуд Ходжа Бахбуди, Минуар Қары т.б. байланыс жасап, Түркістанның болашағы жайлы талқылап жүрген.
Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі әрі бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің білгірі саналып, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін тамаша меңгерді. Ол бүкіл өмірін Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар - абыройы, шындығы жолындағы күреске арнады, оның жаны мен жүрегі өз туған халқымен әрдайым бірге болды. Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы қашып, Германияға, Берлинге келіп орналасты. Ол мұнда Ресейлік мұсылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми жұмыспен айналысып, « Еңи Түркістан » мен « ЯшТүркістан » журналдарын басып шығарып тұрды. 1940 жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагеріне жабылды. 1941 жылы желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болды.
27.Қазақ ауылдарының кеңестендірілуі - дәстүрлі қазақ қоғамының бұзылуы
Қазақ ауылын кеңестендіру-дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау
Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.
28.. Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау және оның салдары.
Кеңес халқы ортақ Жеңіс үшін батырлық пен ерліктің үлгілерін көрсетіп жатқан уақытта сталиндік билік өз халқына геноцидін жалғастыра берді. « Халық жауларын » жоюмен қанағаттанып қана қоймай , ол тұтас этникалық қауымдастықтарды өздерінің туған жерлерінен күштеп қоныс аударып, террорлық әдістер қолдануға көшті. Күштеп қоныс аудару үдерісі 1920 жылдардан басталған еді. Халықтарды тарихи атамекенінен күштеп жер аударуға этностық және әлеуметтік - таптық белгілер, саяси мүдде негіз етіп алынды. 1920-1930 жылдары КСРО - ның орталық аудандарынан Сібірге , Орта Азия мен Қазақстан аумағына әр түрлі топтар мен этнос өкілдері жаппай көшірілді.Оларға « халық жаулары » , « жағымсыз элемент » , « сенімсіз халықтар » , « шпион » т.б. жалған айыптар тағылды. Күштеп жер аударудың алғашқы құрбандықтарының бірі – Қиыр Шығыстағы кеңестік корейлер. 1937 жылы Қазақстанға бұл этностың 100 мыңдай өкілі қоныс аударылды. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляктар Қазақстан аумағына орналастырылды .
1941 жылы 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының « Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы » Жарлығы шықты. Осы Жарлыққа сәйкес Еділ бойынан 1 млн 120 мыңдай немістер көшіріліп, оның 420 мыңы Қазақстан аумағына орналасты рылды. Немістер диверсиялық және шпиондық әрекеттерге қатысты деп айыпталды. Неміс автономиялы облысы жойылды. Қоныс аударылғандар ауыр жұмыстарға жегілді. Олар ағаш кесіп , зауыт - шахталар тұрғызды , көпірлер мен темір жолдар салды , ауыл шаруашылығымен айналыст , кен қазды Таулы Алтай , Қоңырат , Текелі кеніштерінде және Ембі кәсіпшілігінде жүздеген ұлт өкілдері жұмыс істеді. Қоныс аударылғандар мал сияқты жүк вагондарына тиеп тасылды. Жол бойында және арнайы тұрақ , лагерьлерде қоныс аударылғандардың көбісі жантүршігерлік жол азабына шыдамай қайтыс болды . 1943-1944 жылдары ешбір дәлелсіз басқыншыларға дем берді деп айыпталған Солтүстік Кавказ халқы да жер аударылды. Олардың ішінде Қазақстанға депортацияланған қарашайлар 45,5 мың адам , балкарлар 25 мың , чешендер мен ингуштар 406 мың болды. Сондай ақ Қазақстанға қалмақтар ( 2,2 мың ) , ирандықтар ( 2 мыңнан аса отбасы ), финдер , күрдтер , қырым татарлары , түріктер , гректер , батыс беларустар мен батыс украиндықтар , литвалықтар т . б . қоныс аударылды. Тіршілік ауыртпалығы мен күшті моральдық қысым жағдайында жергілікті халықтың тілектестігі мен қолдауынсыз өмір сүру қоныс аударушылар үшін қиын еді.
Қазақ халқының күштеп жер аударылғандарға көмегі. Депортацияға ұшыраған халықтардың жағдайы өте ауыр болды. Тұрғын үй болмады , киім - кешек пен азық - түлік тапшылығынан қиналды. Ауру - сырқау мен аштық , суықтан күштеп қоныс ауда рылғандарарасында өлім - жітім көп болды. « Біз , — деп еске алады кейіннен қоныс аударушылардың бірі , — тоң жерден жертөлелер қаздық даладан гөрі сәл жылы болатын және түнде көрпелеріміз сыз еденге жабысып қалатын. Әр күні таңертең « Тұрыңдар және « Жүгіріңдер » командасымен шамасы келгендер жуындыға өте ұқсас сұйық баландаға » ( көже ) жүгіретін едік. Күштеп қоныс аударылған халықтар белгіленген аймақтан ешқайда шыға алмад. Олар еркін жүріп - тұру құқығынан айырылды тіпті көрші ауылдарда орналасқан туысқандарымен де араласа алмады. Қазақ халқы депортацияға ұшырағандарға қолынан келген жәрдемін жасады . Оларды жылы қабылдап, мейірімділік танытты Баспана , азық - түлік , киім - кешекпен көмектесті. Соғыстың ауырт палықты жағдайына қарамастан қолында барымен , соңғы нандарына дейін бөлісті. Қазақ халқының мейірімділігі парасат - пайымы мен жоғары рухани адамгершілік қасиеті соғыс жылдары ата - анасынан айырылып, Қазақстанға көшірілген мыңдаған балалардың есінде бүгінгі күнге дейін сақталып қалған . Кеңес Одағының екі мәрте Батыры , КСРО ғарышкер - ұшқышы В.А. Шаталов сол сұрапыл жылдар туралы былай деп еске алады: « ... Шын мәнінде , менің бүкіл өмірім Қазақстан топырағымен етене байланысты... Қазақ халқы соғыстың ауыр жылдарында маған өзінің туған баласындай қарады ». Қуғын - сүргінге ұшыраған халық өкілдері қазақ жерінде екінші Отанын тапты. Қоныс аударылғандар да борышта қалмай , еңбекке араласып , Қазақстанға үлкен көмек көрсетті. Солардың бірі белгілі жазушы Герольд Бельгер Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзені жағасында орналасқан шағын ауылға көшірілген неміс отбасында өсті. Халықтарды күштеп қоныс аудару – біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40 - жылдардағы депортация мен репатриацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нәрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару « операциялары » әр түрлі негізде жүргізіліп , жала жабу , басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты III басқармасының 1946 жылғы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір - бірінен көз жазып қалды , олардың кейбіреуі бала - шаға сынан мәңгілікке айырылды.
29.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы қазақстандықтардың ерен ерліктері. Қазақстандықтардың партизандық және Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
: Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі – бір орденмен, төртеуі – екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды. Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Ұлы Отан Соғысы кезінде әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды.
Талғат Бигелдинов - 2 мәрте Кеңес Одағының батыры атағын иеленген. Ұшқыш, авиация генерал-майоры, «Барыс» орденінің иегері. Аспанда 500 сағат ұшқан. 305 рет әскери шабуылға шыққан. Фашистік Германияның астанасы Берлинді шабуылдауға алғашқылардың бірі болып аттанады. Фашистер Т.Бигельдинов мінген ұшақты «қара ажал» деп атаған. 1944 жылы 26 қазанда Бигельдиновке Знаменка, Кировоград қалаларын босату кезіндегі ерлігі мен әскери шеберлігі, әрі атып түсірген 4 жау ұшағы үшін Кеңес Одағының батыры атағы берілген. 1945 жылы 27 маусымда екінші рет Кеңес Одағының батыры атағын иеленді. Ол эскадрильяны шебер басқару мен Краков, Оппельн, Катовице, Бреслау, Берлин қалалары үшін шайқастардағы әскери ерлігі үшін марапатталды.
Нұркен Әбдіров - Кеңес Одағының батыры, әскери ұшқыш-шабуылдаушы, сержант. Барлығы 17 әуе шайқасына қатысқан Әбдіров жаудың 18 танкісін, 28 жүк көлігін, оның ішінде оқ-дәрі тасыған 18 көлікті, жанармай құйған 3 цистернаны, 3 зеңбіректі талқандады. Сонымен қатар, бес зенит қондырғысын, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін жайратқан.1942 жылы 19 желтоқсанда соңғы 17-жауынгерлік тапсырманы орындауға ұшқан. Бұл күні Нұркен Боков-Пономаров ауданындағы дұшпанның көптеген танкі шоғырланған және күшті бекінген шөбіне «ИЛ-2» самолеттер звеносын бастап баруға бұйрық алады. Әбдіров жаудың бірнеше дзотын, зенитті артиллериясының екі ұясын, алты танкісін жойған. Жау жағыда қарап қалмаған, атылған жау оғының бірі Әбдіровтың ұшағына тиіп, ұшақ жана бастады. Ол отқа оранған ұшағын жай әскері шоғырланған тұсқа қарай бағыттады. Осылайша Нұркен Әбдіров пен қандыкөйлек серігі атқыш әрі байланысшы Александр Комиссаров екеуі жаудың қаншама әскерін қырып, 1942 жылы 9 желтоқсанда ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін Әбдіровке 1943 жылы 31 наурызда «Кеңес Одағының Батыры» атағын берді.
Мәлік Ғабдуллин - Мәлік Ғабдуллин майданда Иван Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік әскерлердің біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистерге жойқын соққы береді. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқастарда стратегиялық маңызы зор Бородино селосын жаудан тазартуда ерлігімен көзге түседі.Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі танкісін гранатамен жарып, 12 солдатын тұтқынға алған. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. Соған қарамастан, ол шабуылды тоқтатпайды. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен 1943 жылдың 30 қаңтарында Мәлікке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Оған қоса, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды.
Мәншүк Мәметова - Пулеметші, аға лейтенант. Қызыл Әскер қатарына 1942 жылдың қыркүйегінен бастап алынған. Алғашында 101-ші қазақ атқыштар дивизиясының хатшысы, кейін медбикесі болды. Кейін пулеметшілер курсын аяқтайды. 1943 жылдың 15 қазаны күні басынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, ерліктің үлгісін көрсетіп, пулеметпен жаудың 70-тен аса сарбазының көзін жояды. Сол шайқаста ол ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылдың 1 наурызында Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Әлия Молдағұлова 1944 жылдың қаңтарында құрамында Молдағұлова бар 54-ші атқыштар дивизиясы Насва станциясындағы теміржолға шығады. Ворошиловскийдің естелігі бойынша, сол шайқаста жау кеңес әскерилерін тоқтаусыз оқпен күтіп алған. Сол шайқаста Әлия Молдағұлова үш рет жау оғына тойтарыс берген. Аталған шайқаста фашистер кеңес әскерінің алдыңғы шебін атып тастайды. Сол сәтте басылып, бас көтере алмай қалған батальонды жауғы қарсы Әлия бастап шықты. Ол: «Бауырлар, Алға» деп айғайлап, жаудан беті қайтып қалған майдандастарын алға жетелеген. Сол шайқаста Әлия жау оғынан ерлікпен қаза тапты. 1944 жылдың 4 маусымында қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Соғыстың алғашқы кезеңінде фашистік басқыншылар Кеңес территориясының едәуір бөлігін басып алды. Соның ішінде Молдова, Украина, Беларуссия, Балтық бойы республикалары және РСФСР-дің бірқатар облыстары уақытша басып алынды. Алайда олар кеңес халқының ерік-жігерін, олардың Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға деген ұмтылысын бұза алмады. Кеңес Одағы халықтары фашистік басқыншыларға қарсы күреске шықты. Осылайша уақытша басып алынған аумақтарда партизандық қозғалыс орын алған болатын. Партизандар қозғалысын Орталық штаб басқарды. Бұл қозғалыс кеңінен өріс алып, Кеңес партизандарының жалпы саны соғыс кезінде миллион адамға жетті және олардың арасында біздің қазақстандықтар да болды. Бұл қозғалысқа халықтың барлық топтары және әр түрлі жастағы адамдар,яғни ерлер, әйелдер мен балалар да қатысты. Қазақстаннан келген партизандар партизандық антқа адал болып, батылдықтың үлгілерін көрсетті. Олар дұшпанның соғыс техникасын, әскери нысандарын талқандау, пойыздарды құлату, теміржол көпірлерін бұзу, байланыс желілерін үзу, неміс әскерлерінің штабтарын өртеу секілді операцияларды іске асырды. Украинаның партизандар құрамалары мен жасақтарында 2000-ға жуық, Ленинград облысы жасақтарында 200-ден астам, Смоленск облысының 15 жасағы мен бригадасында 300-ге жуық қазақстандық ұрысқа қатысқан. Беларуссияның ормандарында мыңдаған партизан отряды жұмыс істеді. Тек партизан аймағында жұмыс істейтін 65 бригада мен отрядта 1500-ден астам қазақ болған. Олар партизандық қозғалыс қатарында Болгария, Югославия, Италия, Франция, Польшада шайқасты. Жау шептеріндегі партизандық қозғалыстың көрнекті ұйымдастырушылары мен көшбасшылары Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов, Тоқтағали Жангелдин, Ғалым Омаров, Нұрым Сыдықов, Сәтімбек Төлешов, Ғалым Ахмедияров және тағы да басқалар болды. Сонымен қатар Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ағаділова секілді тағы да басқа қазақ әйелдер партизан қозғалысында ерлік көрсетті. 1941 жылдың қараша айының соңында коммунистердің бастамасымен партизандық орталық ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі Қасым Қайсенов болды. 1941 жылы Киевте алғашқы ұрысқа қатысқан. Келесі жылдың көктемінде коммунистер партизан отрядын ұйымдастырды, оның командирі Қ.Қайсенов болды. 1942 жылы желтоқсанда бірнеше шағын отрядтар Чапаев атындағы үлкен партизандық бөлімге біріктіріліп, Қасым Қайсенов үшінші отрядтың командирі болып тағайындалды. Қасым Днепрді басып өтуге және оның оң жағалауында плацдармды ұстап тұруға кеңес армиясының мүшелеріне көмектескен кезінде ерекше көзге түсті. Кейіннен ол жаңа отряд құрды, Батыс Украина мен Молдова территориясында басқыншыларға қарсы күресті. Кейін бірнеше орденмен марапатталып, Жеңіс мерейтойының 50 жылдығы қарсаңында Қасым Қайсеновке "Халық Қаһарманы" атағы берілді. Ал Франциядағы кеңес жауынгерлерінен партизандардың екі полкі ұйымдастырылды. Тек II полктің өзінде 300 қазақстандық болған, соның ішінен атап айтатын болсақ, полк командирінің орынбасары Әбу Молдағалиев, 8-ротаның командирі кейін батальон командирінің орынбасары болған Өтеулі Бисенғалиев, партизан отрядының командирі Қабыш Омаров болды. Қазақтың әйгілі ақыны Жұмағали Саин да партизандар қатарында болды. Ол Днепрдегі шайқаста ауыр жарақат алған. Кейіннен Жұмағали Саин партизан бөлімі командирінің орынбасары болған. Оның есімі бүгінде Алматыда көше атауына берілген. Осы секілді көптеген партизандардың ерліктерін айтар болсақ, тіпті жүздеген параққа да сыймайды. Сондықтан Партизандық қозғалыстың үлкен саяси маңызға ие екендігін білуіміз қажет. Қазақстандықтар басқа да кеңес ұлт өкілдері қатарында соғыс жүріп жатқан аумақтың қай бөлігінде соғысса да, Отан алдындағы борышын абыроймен атқара білді. Сондықтан да тарихта Қазақстандық партизандардың есімдері ешқашан да өшпейді, ал ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайды.
30.. Қазақстан – майдан арсеналы.
Тарих30. Қазақстан – майдан арсеналы.
Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы).
Республика экономикасын майдан мүддесіне бағындыру (1941–1945 жж.)
Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар неміс фашистері басып алған жерлерден кәсіпорындар көшіп келе бастады. 1941 жылдың екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары орналастырылды. Олардың ішінде Луганск паравоз жасау зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп орнының жабдықтары келді. Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды.
Республикаға 1,1 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Қазақстан өнеркәсібінде 1940 жылы 158мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255мың жұмысшыға дейін жетті. 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.
1944 жылы Текелідегі қорғасын-мыс комбинатының бірінші кезегі, Өскемен мыс зауыты іске қосылды. Республикада қара металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсібі қалыптасты. Ертісте халықтық құрылыс Өскемен ГЭС-і салынып бітті.
Соғыс жылдары Қарағанды көміршілері Сібір, Орал, Поволжье өнеркәсіп аудандарын жоғары сапалы кокстелген көмірмен жабдықтап тұрды. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2мың тонна сапалы мұнай өндірді. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және басқа өндірістер салынды.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның темір жол транспорты майдан мен тыл қажеттерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар теміржолшылардың 35 пайызын қамтыды. Ақмола-Қарталы, Гурьев-Қандағаш, Орск-Қандағаш темір жолдары іске қосылды. Бұлардан басқа жергілікті маңызы бар Жамбыл-Шолақтау, Талдықорған-Текелі, Лепсі-Андреевка, Ағадыр-Ақтау, Састөбе-Кельтемашат темір жол желілері салынды. Жалпы теміржолдың ұзындығы 1940 жылғы 6 581 шақырымнан 8 200 шақырымға дейін өсті.
Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты.
31.Қ.И. Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани[1] (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ.И.Сәтбаев сайланды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы республиканың табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеп өсуіне кең мүмкіндіктер ашты. 1995 жылы 31 желтоқсанда Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлердің саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы және 1289 ғылым кандидаты; ал 2009 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында 172 толық мүше, 21 құрметті мүше және 14 шетелдік мүшесі болды. Ғылым академиясының құрамында 5 ғылыми бөлімше (1999): физика-математикалық ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия-технологиялық ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ ғылыми-ұйымдық және халықаралық бөлімшелер жұмыс істеді.
32.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан: қиыншылықтар мен келеңсіздіктер (1946-1953 жж.).
Екінші дүниежүзілік соғыстың ең айқын нәтижесі көлемді адам шығыны болды. Соғыс бүкіл елдерді күйретіп, қала мен ауылдың қирандыларына айналдырды, миллиондаған адамдардың өліміне әкелді. Ең көлемді адам шығыны — 26,6 миллион адам .Кеңес Одағы осыншама азаматынан айырылып, үлкен зардап шекті. Германия мен оның еуропалық одақтастары 8-ден 13 миллионға дейін адам жоғалтты. Адам шығынымен қатар, соғыстан ауыр жараланған және мүгедек болып оралғандар да болды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуы дүниежүзiлiк капиталистiк қоғамның дамуына айтарлықтай өзгерiстер әкелдi. Соғыстан Франция, Ұлыбритания әлсiреп шықты, ал Америка Құрама Штаты байып шықты. Себебі 1945 жылы атом бомбасын жасап шығуының нәтижесінде дүниежүзiндегі бiрден-бiр күштi елге айналды. КСРО соғыстан қираған және бүлiнген экономикасын қалпына келтiру үшiн бар күшін салды. АҚШ дүниежүзiлiк үстемдiк үшiн күрестi. Фашистiк мемлекеттер Германия, Италия, Жапония жеңiлдi. Фашизмнiң қол астындағы халықтар күрес жүргiзiп, өз елдерiнiң тәуелсiздiгiн орнатты. Кеңес халықтарының Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлiгi бүкiл дүниежүзiлiк тарихта маңызды орын алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес коммунистiк партиясы И.В.Сталиннiң басшылығымен өз Отанының бостандығы мен тәуелсiздiгiн сақтап, дүниежүзi халықтарын фашистiк құлдықтан қорғап қалды. 11мыңнан астам кеңес жауынгерлерiне Совет Одағының Батыры атағы берiлдi. Олардың ішінде орыс, украин, белорус, татар, еврей, қазақ, грузин, армян, өзбек, мордван, дағыстан, түркмен, литван, тәжiк, қырғыз т.б болды. Кеңес әскерлерiнiң азаттық миссиясы Еуропа және Азияның бiрқатар мемлекеттерiн фашизмнен азат еттi. Бұл елдер де халықтық-демократиялық революциясының барысында капитализмнен социализмге өттi. Соның нәтижесiнде дүниежүзiлiк социалистiк жүйе пайда болды, капитализм жүйесiнде дағдарыс жалғасты. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысы адамзат баласының тарихи дамуында соғыстың сабақтарын әр уақытта естен шығармай, бейбiтшiлiк үшiн және ХХI ғасырда үшiншi дүниежүзiлiк соғысты болдырмау үшiн күресу керек екендiгiн жоққа шығармайды. Соғыстың қорытындысы мен сабақтары осыған үйретедi.
Соғыс зардабы Қазақстан экономикасына да ауыр тиді.Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңдаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Көптеген өнеркәсіптік өнімдер түрлерінің өндірісі, әсіресе кең қолданбалы заттар қысқартылды. Жұмыс ресурснының мәселесі қатты ушықты. Зауттарда, фабрикалар мен ауыл шаруашылығында жұмысшылар жеткіліксіз болды. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Соғыс салдарынан зардап шеккен халық шаруашылығын қалпына келтіру кеңес халқының бүкіл күшін жұмылдыруды талап етті. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, көмір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы салаға жұмсалды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосылды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. 1954-1958 жылдары жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автоматты телефон станциясы іске қосылды. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылымизерттеу институты жұмыс істеді. Осылайша, соғыстан кейінгі жылдарда біршама өзгерістер болып, бірте-бірте еліміздің жағдайы жақсара бастады.
33.Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер: саяси құрбандарды ақтау (1954 ж. - 1960 жж.).
1 сұрақ
Тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру
нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің
құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады.
2. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ
жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
Түсіндірме сөздік
Тың игеру – бұрын егін шаруашылығына қолданылмаған жерлерді егістік алқаптары үшін жырту.
Топырақ эрозиясы– жердің құнарлы, қара топырақты қабатының жыртылғаннан кейін сумен шайылуы немесе желмен ұшырылу құбылысы.
Әлеуметтік құрылым – адамдардың еңбек ету әрекетіне қарай топтарға бөлінуі және олардың материалдық хал ахуалы.
Тарихи тұлғалар
Хрущев Никита Сергеевич (1894, Ресей, Курск губ. - 1971, Мәскеу) - мемлекет және қоғам қайраткері. Еңбек жолын 1908 жылдан Донбасстың шахталары мен зауыттарында жұмысшы болып бастаған. 1918-20ж. Азамат соғысына қатысып, онан кейін Донбасс пен Киевте шаруашылық және партиялық қызметте болған. 1929ж. Мәскеу Өнеркәсіп академиясын бітірген. 1931 жылдан Мәскеуде партия қызметінде, 1935-38ж. БК(б)П Мәскеу облыстық және қалалық комитеттерінің І- хатшысы, 1938-47ж. Украина Коммунистік Партиясы ОК-нің І-хатшысы қызметін атқарған. 1941-45ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында бірқатар майдандардың Әскери Кеңестерінің мүшесі болған. Генерал-лейтенант дәрежесі берілген (1943). 1947ж. БК(б)П Мәскеу партия комитетінің І-хатшысы қызметінде болады. 1953 жылдың наурызынан СОКП ОК хатшысы, қыркүйектен бастап І-хатшысы, яғни, Кеңес Одағының жетекшісі болды. Сонымен бірге 1958- 64ж. КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқарған.
Н.Хрущев Кеңес Одағын басқарған кезде бірқатар демократиялық реформаларды жүзеге асыруға талпыныс жасалды. 1956ж. СОКП XX съезінде Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары туралы мәселені көтеріп, сталиндік саясатты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде бағалады. Сталиндік қуғын сүргіннің құрбандарын ақтау шараларын жүргізуге жол ашып
берді. Ол Кеңес Одағында тың игеру саясатын жүзеге асырды. Алайда, Н.Хрущевтің демократиялық реформалары жартылай ғана орындалуымен ерекшеленді. Өйткені, ол өз қызметінде субъективизм мен волюнтаризмге жол берді. Сол себепті де, 1964ж. қазанда СОКП ОК-нің Пленумы Н.Хрущевті мемлекет пен Коммунистік партия жетекшілігінен кетуге мәжбүр етті. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономиялық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды.Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай алмады.Осыған байланысты 1954ж 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап,үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хатшылары ауыстырылды. Бұрынғы Кеңестер Одағы,оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады.1)1954-1955жж. 2)1956-1958жж. 3)1959-1965жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды.Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса,1955ж соңына қарай олардың саны 631-ге жетті.Ал 1958ж ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла бастады.Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640мың адам көшіріліп әкеленіп, Қазақстанда 18млн га.тың жер,немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6%игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті.Осының арқасында 1956ж алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг жетті.Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады. Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX сьезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет-астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды.Осыған сай 60-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25млн гектар,а жетті.Бірақ та тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады.Өйткені,жаңадан игерілген тың жерлер 60өжырлардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын,осының салдарынан әрбір гектардың жоспарланған 14-15 ц.астық орнына 1954-1958ж 7,4ц. жиналса,1961-1964ж-6,1ц.,ал 1964ж-3,1ц.ғана астық алынды.Осы кезден бастап еліміз АҚШ, Канада,Франциядан астық сатып алуға кіріседі. Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей- ақ,астық өндіру кезіндегі астықты аудандардағы әр гектардан 1ц.өсірсе,бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,-деген пікірде.Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демокрафиялық жағдайы одан әрі күрделендіріп ,бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды.Өйткені,сол кездің өзінде-ақ Одақтың Еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып,
ал біздің республикамызда керісінше,өсіп отырған болатын.Осы ерекшеліктер ескерілмей,онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954-1962ж ғана Қазақстанға 2млн.астам адам көшіріліп әкелінді.Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің,Украинаның және т.б республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды. Екінші жағынан 20-30-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы,енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты,1959ж санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті. Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани,ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді.Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп,қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің,баспасөздің саны күрт төмендеп кетті.3 мыңнан астам елдімекенніңаты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымдардың күрт қысқаруына алып келді.Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18млн.га астам жер эррозияға ұшырады.Қалыңдығы 1 см.қара топырақтың қалыптасуы үшін,кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді.Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды,жылқы 1916ж 4340мың болса,1961ж-1158 мыңға дейін,ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді. Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз,1966ж.мамыр пленумдарында ашылып,оларды жоюдың шаралары белгіленді.Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау,жоспарларды жақсарту,колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу,еңбектің моральдық және материалдық қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды.1966-1970ж республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5млрд сом қаржы бөлінді.Осының арқасында 8- бесжылдықта ауылшаруашылық өнімі 54% өсіп,Қазақстан Кеңестер Одағының өзіндік ерекше ауылшаруашылық ауданына айналды.Мемлекеттік қорға республикадан әрбір 4- тонна жүн,12- тонна ет және 5- тонна астық түсті. Азық тулік тапшылығын шешу,астық өндіруді арттыру мақсатында тыңжәне тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды.Тың жерлер игерілген аймақтар:Қазақстан,Сібір,Урал,Солтүстік кавказ,Еділ бойы.1954-1955 жылдары млрд 100 млн 1млрд 200 млн пұт астық алу белгіленді.
Қазақстандағы тың жерлерді игерген аудандар: Қостанай,Ақмола,Солтүстік Қазақстан,Көкшетау,Торғай,Павлодар облыстары.1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд сом жұмсалды.1954-1962 жылдары республикаға 2 млн-ға жуық тыңгерлер көшіп келді.
34.Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі: ұлттық мәселелердің ушығуы (1970-1980 жж.)
34- сұрақ
70-80-жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірінде де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық бұл салаларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Нақ осы кезеңде ұлт мәселесіндегі проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды.
1922 ж. федералдық мемлекет ретінде құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетті. Оның құрамындағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. КСРО-дан еркін шығу құқы болғанымен бірде-бір халық оны пайдалана алмады. Бұл жерде нақты өмір шындығы есепке алынбады, саяси демократияның бұрмаланғандығы салдарынан бұлайша ерік білдірудің өзі мүмкін емес еді.
Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.
Түрі ұлттық мәдениет, оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды. 70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде европоцентризм басым еді. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыздың бөліп алуға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Мұның керісінше Кеңес дәуірінің тарихы барынша дәріптелді. Ресми органдар мен насихат қазақ халқының және Одақтың басқа халықтарының нағыз тарихы тек 1917 жылдан басталады деп жұртты сендірді.
Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке алмай бюрократтық және күштеп қудалау әдістерімен біртұтас совет халқының қалыптасуын шапшаңдатуға тырысу ұлт саясатында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберуге әкеліп соқтырды. Ал шынайы интернационализм “өз” ұлтыңның да және басқа ұлттардың да ұлттық мүдделерін түсініп, мойындамайынша мүмкін емес еді. Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүдделерді кемсітуден пайда болады.
Қазақстанда тіл саясатында да кемсітушілік орын алды. Орыс тілін республикада қазақтардың 60%-і меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1%–нен де азы меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирге орыс тілінде шықты. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді.
Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдандырылуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің төзбеушілігі, әсіресе, зиялылар арасында наразылық туғызды. Ол түрліше көрінді. Студенттер, шығармашылық және ғылыми интеллигенция арасында республиканы орыстандыру саясаты айыпталды, қазақ тілінің жағдайына, республиканың егемендік құқының жоқтығына алаңдаушылық білдірілді.
Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды.
Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тиым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған “Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы” деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог О.Исмағұловтың “Қазақстанның этностық геногеографиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға методологиялық қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың бәрі алынып тасталды.
1979 жылы жазда Ақмолада болған оқиға ұлттық қатынастардағы ұлғая түскен қарама-қайшылықтардың көрінісі еді. Ол ұлттық қатынасты түпкілікті халықтың мүдделерін есепке алмай орталықтың әміршілдік әдіспен реттеуінің мезгілі өткенін көрсетті. Қазақстанда 1979 жылы неміс автономиясын құру әрекеті және оған қазақ тұрғындарының қарсы шығуы республиканың саяси тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім 1979 жылы көктемде КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мәжілісінде республиканың үкіметі мен Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз қабылданды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, қазақ жерінің қақ ортасынан неміс автономиялық облысын ашу туралы шешім қабылдауға КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ю.Андропов мұрындық болған көрінеді. Бұл автономиялы облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы жасалмақ болып белгіленді.
Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Маусымның 16 күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қатарындағы қазақ жастары қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясы болмасын!” және басқа ұрандар жазылған транспоранттар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. 19 маусымда Ақмолада тағы бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демонстрацияға қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Ақмоладан кейін шағын митингілер мен демонстрациялар Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.
КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бұл шешіміне республикада тұратын немістердің өздері де қарсы болды. Олар “Қазақстаннан шаңырақ сұрағанымыз жоқ, кеңес немістерінің ту тікпек жері Еділ бойы, автономия алсақ, о бастағы “ата” қоныстан ірге көтереміз”, - деп отырып алды. Бұл жерде еске салып кететін жағдай: бұрын Волга бойында, нақтырақ айтсақ Ресейдің Волгоград және Саратов облыстарының аумағында неміс автономиялық облысы бар болатын. Ол 1941 жылы Гитлерлік Германия әскерлері КСРО-ға басып кіргеннен кейін Кеңес үкіметінің шешімімен таратылып, оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне жер аударылған еді. Республика халқының наразылығының нәтижесінде орталық өз шешімін өзгертуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешім іске аспай қалды. Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп жүргізілді (бұл тоқырау заманы үшін болмаған оқиға) және тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республиканың басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті демонстрация туралы хабардың кең тарап кетпеуі үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Баспасөз беттерінде бұл оқиғалар туралы ештеңе жазылған жоқ.
Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірілді. Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге басымдық беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, Арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті. Айналадағы табиғи орта тепе-теңдігінің бұзылуы халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығына қатер төндірді. Адам өлімі, әсіресе, балалардың шетінеуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-і әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Бұл экологиялық апат іс жүзінде ұлттың генетикалық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселе көтеруге мәжбүр етті, өйткені Арал аймағы негізінен республиканың байырғы халқы - қазақтар мекендейтін аудан.
Осындай ауыр жағдай Семей өңірінде де орын алды. Семей және басқа полигондарда барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы туралы ондаған жылдар бойы айтылмады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радиацияның сәулесіне ұшырады, әсіресе, онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 1975-1985 жж. бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті, бала туу азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда Республика территориясында 27 жерде қуаты әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бұндай жарылыстар, әсіресе, Атырау облысында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-жоятын қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді.
70-80-ші жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ауыл-село тұрғындарының тұрмысына теледидар, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан көбірек ене бастады. Қазақстанның село зиялыларының мәдени дәрежесі сан және сапа жағынан едәуір өсумен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді.
1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ теледидар бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді. 1976 жылдың аяғында 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті.
Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мысалы, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 млн. 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 млн. 266,1 мың бала оқыды. Мектептің оқу ісінің алдына 70-ші жылдары жаппай орта білім беру міндеті қойылды. 1984 ж. балаларды алты жастан бастап оқытуға көшу, еңбекпен ұштастыра оқыту үшін оқу-материалдық база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу жөніндегі мектеп реформасы басталды. Бірақ, осымен бірге мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер де орын алды. Мектептерге партиялық әмір күшейе түсті. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырудың үстіне жалпы көрсеткішті қуалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайды қарауы қосылды. Ұлттық мектептерді қысқарту тенденциясы күшейіп, орыс мектептерінің саны көбейді. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы, саясат пен идеологиядағы бұрмалаулардың көрінісі еді.
1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студенттер 160 мамандық бойынша әзірленді. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді.
XX ғ. 70-80 жж. қазақ әдебиеті І. Есенберлиннің, Ә.Нұршайықовтың, М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың, М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің, Н.Тлендиевтің, Ә.Еспаевтың, І.Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.
“Ботагөз”, ”Аққан жұлдыз”, “Менің атым Қожа”, “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Бейбарыс сұлтан” кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Қазақ киносының табыстары көбінше артистер Н.Жантуриннің, Ы.Ноғайбаевтың, А.Әшімовтың, Ә.Боранбаевтың, режиссерлар Ш.Аймановтың, М.Бегалиннің, С.Ходжиковтың, А.Қарсақпаевтың, Т.Теменовтың және басқалардың шығармашылық қызметтерімен байланысты.
Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова, Р.Рымбаева т.б. жалғастырып байыта түсті.
70-80-ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Республика Ғылым Академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеулерін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтхожин генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал-Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс-Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жылдары бес томдық “Қазақ КСР тарихы”, он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”, он бір томдық “Қазақстанның металлогениясы”, тоғыз кітаптан тұратын “Қазақстанның сүт қоректілері”, тоғыз томдық “Қазақстанның өсімдіктері” және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Әл-Фарабидің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп басылып шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға болды.
Алайда Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды. Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді. Академиялық, жоғары оқу орындарындағы және салалық ғылымды нашар ұштастыру көп тақырыптылыққа, ғылыми күштердің шашырап кетуіне, олардың аса маңызды бағыттарды зерттеуге тиісінше шоғырландырылмауына, ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауына әкеп соқты. Ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. Мысалы, 1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді. Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде құрылған ғылыми-өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмады. Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қоймады. Мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны “қалдықты” принцип бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің теріс әсерін тигізді.
Сонымен, тоқырау өмірдің барлық салаларында: қоғамдық-саяси өмірде, идеологияда, мәдениетте, адамдар арасындағы қарым-қатынаста және т.б. орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, 70-ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдардың бас кезінде бұл жағдай барған сайын өрши түсті.
35.Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның салдары.
Соғыстан кейінгі жылдары елде ауыл шаруашылық күйзеліске түсіп, көптеген «совхоз» деп аталған кеңестік шаруашылықтар дағдарысқа ұшырады. Халыққа азық-түлік жетіспеді, адамдар нан алу үшін үлкен кезекте тұруға мәжбүр болды. Азық-түлік жетіспеушілік тапшылығынан арылу үшін, халықты астықпен қамтамасыз ету мақсатында 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-ші хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-ші хатшылары ауыстырылды. Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелінді .Оның үстінде тың астығы сапалы болғандықтан экспортқа шығарыла бастады. Қазақстанға 2млннан астам адам көшіріліп әкелінді. Нәтижесінде Ресейдің, Украйнаныңжәне т.б республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды.Екінші жағынан 20-30-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы,енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты,1959ж санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті. Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны үлкен зиян алып келді.Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміді.3 мыңнан астам елдімекенніңаты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымдардың күрт қысқаруына алып келді.1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд сом жұмсалды.Тың жерлерді игеруге 20 мыңнан астам адам келді.Оның ішінде қажетті мамандар азшылық болды.Тың жерлерді кең көлемде игеру табиғатқа үлкен зиян тигізді.Жайылымдармен жем,шөп дайындайтын жерлер тарылды.Топырақ эрозиясы күшейіп,жердің құнарлы қабаты желге ұшты.Ауылшаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі ет және сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.Тың жерлерді игеру саясатының жағымды құбылыстары:Қазақстан КСРО ның негізгі астықты аймағына айналды,көп ұлтты республика болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді.Жағымсыз құбылыстары:экологиялық жағдай ауырлады,мал шаруашылығы төмендеді,жер,су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.
36.Қазақстанның 1950-1960 жж. әлеуметтік-экономикалық реформалары
. Республикадағы 50 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
1953 жылы наурызда әміршіл-әкімшіл жүйенің идеологы, КСРО басшысы И. В. Сталин қайтыс болды.
1953 жылы шілдеде Сталиннің оң қолы, қуғын-сүргінді ұйымдастырушы, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Л. П. Берия барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық, адам құқығын аяққа таптаған үстемдік аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады. 1953 жылы шілде, қыркүйек айларында болған КОКП Орталық Комитетінің пленумында әміршіл жүйеге байланысты біраз мәселелер көтерілді. Бұл мәселенің барлығы КОКП XX съезінің басты тақырыптарының бірі болды. Съезде мемлекет басшысы Н. С. Хрущев жеке адамның басына табынудың жай-жапсары туралы баяндама жасады. Бұл баяндамада И. В. Сталин мен Н. Ежовтың, Л. Берияның заңға қайшы өрескел әрекеттері, олардың мұраға қалдырған, қолмен жасаған бюрократиялық жүйесі, қылмыстары туралы көптеген дәлелдер келтірілді. Адам құқығының аяққа тапталғандығы, көптеген жазықсыз адамдардың сотталып, өлтірілгені туралы да айтылды. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылданды. Съездің басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа дейін құпия түрде сақталды.
Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйедегі Н. С. Хрущев орны жайлы ештеңе де айтылмады. Мемлекет басшылығының осыдан кейінгі саясаты да дұрыс жүргізілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген мәселелер тек қана бірнеше адамның қолында болды. Одақтас республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Н. С. Хрущев кезінде де соны пікір айтқандар қуғындала бастады. Н. С. Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП-ның XXI съезінде Н. Хрущев социализмнің толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтады. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды.
Қазақстанның 1960 жылдарындағы қоғамдық-саяси жүйесі
60 жылдардың бастап мемлекет Кеңестерді дамыту ісіне басты көңіл бөлді. КОКП-ның XXII съезінде Кеңестердің беделін арттыру туралы мәселе қаралды. Осы кездегі қоғамның саяси жүйесінде елімізде еңбек ететін барлық жүйеден өкілдер құрамына кіретін КСРО Жоғарғы Кеңесінің рөлі артты.
1963 жылы Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 473 болды. Депутаттардың 158-і әйел болды.
Ал Қазақ КСР-нің барлық депутаттар Кеңесінің құрамына 98906 депутат сайланды. Бірақ Жоғарғы Кеңес партия нұсқауы негізінде жұмыс істеді.
37.. С.Сейфуллин атындағы КазАТУ-нің тарихы.
Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті (ҚазАТУ) — Сәкен Сейфуллин университті деп аталды, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орны. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан.
1957 ж. – Ақмола ауылшаруашылық институты құрылды (КСРО Министрлер Кеңесінің 3.10.1957 ж. №1176 Қаулысы);
1996 ж. – институт Ақмола аграрлық университеті болып қайта құрылып, оған Сәкен Сейфуллин есімі берілді (ҚР Үкіметінің 7.05.1996 ж. №573 Қаулысы);
2001 ж. – университет С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мәртебесіне ие болды (ҚР Үкіметінің 15.06.2001 ж. №821 Қаулысы);
2004 ж. – университет «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 03.08.2004 ж. №829 Қаулысы).
2007 ж. – университет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағына беріліп, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 22.05.2007 ж. №409 Қаулысы).
ҚазАТУ Республиканың жоғары оқу орындары арасында ең алғашқылардың бірі болып «Русский Регистр» және IQNet (Сертификаттау бойынша Халықаралық желі) сертификаттау жүйесіндегі ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес аудит тексерісінен өтіп, 2005 жылғы 18 сәуірде № 000340 куәлігіне ие болды.
38.Ж.А.Тәшеновтың саяси қызметі және оның Қазақстан тарихында алатын орны.
Ол 1915 жылы Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бабатай ауылында дүниеге келген. Ақмола құрылыс техникумын аяқтаған соң бірден көптеген қызметтерді атқарып, ел дамуына үлес қосты. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында төрағалық қызметтер атқарды. 1955 –1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, 1960– 1961 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Осы қызметте жүргенде Н.С.Хрущевке қарсы шығып, қызметі төмендетіліп, 1961–1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
Ж.Тәшенов 1954-1956 жылдары қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын Өзбекстанға беруге қарсылық білдірді. Қазақстан-Өзбекстан шекарасы 1924-1925 жылдары межеленген соң осы екі ел арасындағы шекара мәселесі 20-50-жылдары 5-6 рет көтеріліп, сонша комиссия жұмыс істепті. Біріне өзбектер риза болмаса, келесісіне қазақтар келіспеген. Үшіншісін Мәскеу бекітпеген. Үш тараптың мүддесі бір арнаға құйылмаған. Өзбектердің негіздемесінде, бұл аудандарға қазақтар Ташкент арқылы өтетіндігі айтылып, оның үстіне мақта мол шығатын аудандардың басшылығын бір қолға беріп, еңбек өнімділігі мен басқаруды қолайлы ету керек деп көрсетілді. Сөйтіп бүкіл КСРО-ның тұралаған экономикасын көтеруді желеу еткен ала тақиялы ағайындар оңтүстік аудандарды Өзбекстанға қосып, өз жерлерін кеңейте беруді көздеді. Ал қазақтар болса, бұл ежелден өздерінің атамекені екенін алға тартып, ол жерлердің Қазақстанға да керектігін дәлелдеп бақты. Міне, осы кезде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы Жұмабек Тәшеновтің төрағалығымен (мүшелері: М.Бейсебаев, С. Дәуленов, Х. Арыстанбеков, А.Морозов, В.Голосов, В. Шереметьев) арнаулы комиссия құрылады. Ол комиссия: “Өзбек ССР-іне Мақтарал ауданының кейбір бөліктерін беруге келісеміз, ал Үкіметтің Бостандық ауданын беру туралы өтінішін негізсіз деп санаймыз” деген шешім шығарады. Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Л.Брежневке жіберіледі. Л.Брежнев басқарған Орталық Комитет: “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды. Еліміздің солтүстік облыстарын Ресейге қосу туралы мәселе көтерілгенде Жұмабек Ахметұлы үнсіз отыра алмады. 1953 жылы 5 наурызда КСРО-ны 31 жылдай басқарған И.В.Сталиннің қайтыс болғаны мәлім. Оның орнына Г. М. Маленко́в (1902 – 1988) КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып сайланады (1953 — 1955). Шын мәнінде ол Кеңес мемлекетіне 1953 жылдың наурыз-қыркүйек айларында ғана басшылық жасайды. Өйткені 1953 жылғы 7 қыркүйекте Н.С.Хрущев (1894–1971) КСРО Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Оның жеке басқа табынуға қарсы оңды әрекеттерге барғаны, ғарышты игеруде недәуір табыстарға қол жеткізгені, ол билік құрған заманның «жылымық» деп аталғаны мәлім.
Осы Хрущев басқарған КСРО коммунистері еліміздің солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) біріктіріп, «Тың өлкесі» деген аймақ құрып, орталығына Ақмоланы (Целиноград) белгілеп, оны Ресейге қосуды жоспарлайды. Өлкенің басшылығына Орталықтан Т.И. Соколов деген өз адамын жібереді. Ол әлгі аталған Тың өлкесін Ресейге қосуға бейімдеп, Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастайды. Мұны сезген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж. Тәшенов 1960 жылы күзде Целиноградқа шұғыл түрде ұшып келіп, мәселені дереу шешеді. Ол республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей, бассыздық жасағаны үшін Соколовты қызметінен босатып, 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және Тың өлкесі ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады.
Халық, ел намысын биік қойған Ж. Тәшенов Қазақстанның бес облысының берілмейтінін ашық түрде мәлімдеген. Ж.Тәшенов Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Төрағасы қызметіне сайланған соң-ақ Алматының ең үлкен даңғылын Абайдың атымен атауды және көшенің ең төріне ақынның алып ескерткішін тұрғызуды ұсынғаны. Екіншісі, сталиндік қызыл террордан жазықсыз жапа шеккендерді ақтау кезінде айрықша белсенділік танытуы. 1956 жылы 25 ақпандағы КПСС-тің ХХ съезінен кейін жылымықтың басталғаны мәлім. Сол кезде репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық комиссияның төрағалығына Жұмабек Ахметұлы сайланып, Е.Бекмаханов, Қ.Мұхаметханов, Х. Есенжанов,З.Шашкин сынды қазақ ғалымдары мен ақын-жазушыларын сөзбұйдаға салмай, абақтыдан дереу шығаруда үлкен еңбек сіңіреді.Ал 1962 жылы Н. Хрущев Маңғыстауды Түркіменстанға беру мәселесін көтергенде осы Ш. Есенов Мәскеуге бүкіл құжаттарды көтеріп барып, Маңғыстау мұнайын қазақтардың өзі-ақ игере алатынын дәлелдейді. Қазақ жерінің тұтастығы үшін КСРО басшыларымен қасарыса күресіп, айтқанын орындата білді. Ұлттық құндылықтар мен ұлт мүддесі үшін биік мансап пен қарақан басының, отбасының, әулетінің, ұрпағының рахатынан бас тартты. Есесіне алтынға да, ақшаға да сатып ала алмас халқының, елінің, ұрпағының ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленді. Сондықтан да Ж.Тәшеновтей ұлтжанды азаматтар қазақ деген ұлт барда мәңгі-бақи жасай бермек.
39.Б.Момышұлы – дара тұлға.
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы –тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Б.Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.Бауыржан Момышұлы – соғысты өз көзімен көрген жазушы. Ол – суреткер. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы.
Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі.
Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені – осының бәрі Баукең шығарған қанатты сөздердің қайнар бұлағы. Баукеңнің нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен жайттары ғана емес, өмірден көріп білгені, көкірек-көңіліне түйгені, жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері.
Ал бұл ойларды жинақтап, мақал – мәтел деңгейіне дейін көтеріп, болашаққа өсиет ретінде жазып қалдыру – тек Бауыржан Момышұлы сияқты талантты тұлғаның ғана қолынан келетін іс.
Батырдың өсиет сөздерінің көбі Ұлы Отан соғысы кезінде орыс тілінде жазылған, себебі бүкіл Совет Армиясының командирлеріне арналған. Қазіргі уақытта бұл өсиеттер екі тілде де қолданысқа ие. Батырдың артына қалдырған өсиет сөздерін топтай келе, тақырып жағынан ауқымы кең екендігіне көз жеткізуге болады «Елім» деп еңірген ер ұлт, Отан, өмір, батылдық, тіл тағдыры, еңбек, оқу-білім т.б. тақырыптарда өзінің дара, дана ойын жеткізуге тырысқан. Осы өсиет сөздерінің ішінде көбірек қалам тербегені қолбасшылық, сардарлық, әскери борыш жайында жазылған афоризмдері екен.Батырдың өзі , сегіз қырлы бір сырлы «ел деп еңіреген ер» болғандықтан, бар білгенін, бар тәжірибесін өсиет ретінде артына қалдырған. Бұл өсиеттердің зор құндылығы жан тебірентетін білгірлікте. Батыр тек қана еуропалық және ресейлік әскери ғылыммен, әскери өнерге сүйенбейді, өз ата-бабаларымыздың жауынгерілк дәстүрлеріне арқа тірейді. «Білек бірді жығады, ақыл-айла мыңды жығады», «Ер намысы – ел намысы», «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді » секілді аталарымыздың ұшқыр сөздерін Бауыржан Момышұлы орынды пайдаланған. Сондықтан батырдың өсиеттері қазақ жауынгерлеріне өте жақын, ойларына азық, бойларына қуат беріп тұрады..
40.Ғылым мен мәдениеттің 1946-1980 жж. дамуы.
Ғылымның дамуының ерекше жетістігі 1961жылы 12сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі болды.Бұл тарихи оқиға экономиканы ғылыми техникалық революцияның жетістіктеріне сүйенген ғылымиөнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың кажеттілігін көрсетті.Бұл окиғаның құрметіне қазақтың жас ақыны ОлжасСүлейменов «Адамға табын, Жер,енді!» атты поэмасын жазды.Сонымен қатар,1960 жылдардың соңында Қазақ КСР ҒА-ның жүйесінде 50 ғылыми зерттеу мекемесі,оның ішінде 19 институт,13 сектор,екі мұражай,обсерватория,үш ботаникалық бақ пен 8 ғылыми база жұмыс істеген болатын.Академияда ғылыми-техникалық прогреске өз үлестерін қосқан 500ге тарта аспиранттар білім алды.1960 жылдардың аяқ шенінде Қазақстан КСРО-ның ірі ғылыми орталықтарының біріне айналған болатын.Сол жылдары республикада 40377 ғылыми қызметкер жұмыс істеді.Олардың 864-і ғылым докторы,ал 650-і Ғылым академиясының академиктері,корреспондент мүшелері мен профессорлар еді.Сонымен қатар ғылыми ізденістердің тиімділігін арттыру үшін Қазақ КСР ҒА көшпелі сессиялары өткізіліп тұрумен қатар,Қазақстан ғалымдарының өндірісті дамытуға бағытталған нақты ұсыныстары жекелеген аймақтардың өндіргіш күштерін зерттеумен оларды тиімді пайдалануға көмегін тигізді. 1960-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды.Қорытындылай айтатын болсақ, ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
41..Қазақстан жерінде ядролық сынақтардың ауыр салдары
Қазақстан жерінде ядролық сынақтардың ауыр салдары
Қазақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен – Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.
Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада – 27, жер бетінде – 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.
Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.[1]
42.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері (1970-1980 жж. ортасы)
70-жылдардың басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістік тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.
Реформаның негізгі мақсаты — кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту — тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға — өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінін өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады.
70-ж. басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.
Тоғызыншы бесжылдықтың басына қарай республиканың эко-номикасында өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж. қоғамдық өнімнің жалпы құрылымында оның үлесі 48 проц. болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың 39,8 про. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет істеді, ол республика жұмысшыларының 22,4 проц. еді.
1970—1985 жж. республиканың индустриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылыгына жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен цехтар қатарға қосылды.
70—80-жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес товарлардың 60 проц. Қазақстанға басқа республикалардан алынып келіінді, осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды, бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды.
70—80 жж. республика экономикасында тұтастай елдің халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктіңіс жүзінде ведомствалық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады. 80ж. ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.
Өндірістік белсенділік те өспеді, қайта төмендей берді. Өндірістің даму қарқынының төмендеуі, өнім сапасының нашарлауы, технологиялық және еңбек тәртібінің құлдырауы, ғылыми-техникалық прогресс саласында артта қалушылықтың өсе беруі, міне осының салдары еді. Өндірісте немқұрайдылық, салақтық, ынта-жігерсіздік, талан-тараждылық, іске жанашымастықтың басқа да көріністері үйреншікті әдетке айналды.
43.Әлеуметтік мәселелердің күшеюі: тұрғын-үй, азық-түлік, тұрмыс саласындағы тіл мәселесі (1970-1980 жж. ортасы)
XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір.Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді.1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.
1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.
1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді.
70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.
Сонымен Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
44.Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экологиялық ахуалы.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).
45.Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері және республиканың экономикалық, қоғамдық-саяси өмipiндегі жаңа құбылыстар (1985-1990 жж.).
Қазақстанда «Қазақ КСР-індегі меншік туралы заңның» қабылдануы экономикада түбірлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды. Бұл заң өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктен өзге, жекеменшіктің болу мүмкіндігін дәйектеп берді.
Өзге одақтас республикалардағыдай Қазақстан экономикасы да нарықтық қатынастарға бағыт алды, түрлі кооперативтер, жекеменшік фирмалар, шағын кәсіпорындар құрыла бастады.
Алайда республика бұрынғыша шикізат көзі болып қала берді. Рухани идеологиялық өмір отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландыруда «қалдықты» ұстаным сақталды.
Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіні айқын болды. Қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі жөніндегі декларация қабылданды. Қазақстанда одақтық заңдардан республикалық заңдардың басымдығы туралы ұстаным жария бола бастады. Қабылданған шешімдер мен қарарлар бұрынғыдай орталықтың емес, республиканың мүддесіне сай болатын болды.
46.Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: шынайы себептері мен салдары.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына бірнеше себептер түрткі болды. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 5 пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды. Оқиға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың, басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт жағдайда Алматы көшелерінде басталды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан алшақ болды. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы, әр ұлтқа өз басшысын қою керек деген сөз жазылған тақтайлар ұстап жүрді. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. 1987 жылғы КОКП Орталық Комитеті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КОКП ОК-ның желтоқсандағы жастар шеруін қазақ ұлтшылдығы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды. КСРО халық депутаттарының I съезінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
47.Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық–саяси қызметі. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев- қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және техника ғылымдарыныңдокторы. Ол 1912жылы12 қаңтар күні Верный қаласында дүниеесігін ашқан. Оның әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы көптеген ірісауда мекемелерінде жұмыс істеген оқи білетін сауатты адамболған. Шешесі Зәуре Баирқызы үй шаруасындағы әйел болған. Д.А.Қонаев қызметкерлер отбасының ұрпағы. Ол 130 жылымектепті тәмәмдағаннан соң 1931/1935 жылдары аралығындаМәскеу қаласында Түсті металл институтында оқиды. Ол бірнешерет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты қызметін атқарады.1956 жылдан бастап СОКП_ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIIIсъезінде ол КОКП_ның Орталық КомитетініңСаяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүшеболып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жәнеҚазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. Ол өззаманында ең ұлы саясаткер болды. Билік басында әртүрлі қарамақайшылықтар, қаншама не түрлі түсінбестіктер болатыны белгілі, сол қиындықтарға қармастан елдің экономикасын, ұлттықмәдениетін дамыту жолында көп еңбектер сіңіргені айдан анық. Ол елді басқарған жылдары білздің кең байтақ өлкемізде 43 қалалар мен 68 жұмысшылар кенті бой көтерді. Айта кетерболсақ, өнеркәсі орталығы саналатын Теміртау, Екібастұз,Рудный, Кентау, Арқалық және т.б қалалар салынды. Сол кездегіеліміздің астанасы болған Алматы қаласында ҚазақстанКомпартиясының Орталық Комитеті ғимараты салынып, ҚР-ныңҰлттық Ғылым Академиясы бой көтерді. Одан бөлек спорт кешендері, мектептер,бала бақшалар және әуежай, вокзалдар, қонақүйлер салынып, қаланың көркін ашты. Ол 1993жылы 22ші тамызда 82 жасында өмірден озды. Ол өзі басқарған ұйымдардаөзінің мәдениеттілігімен, талғамы терең,ой өрісі биік ұлы тұлғаретінде сыйлы адам болды.
48. Қазақстан қоғамында демократиялық үрдістердің басталуы: саяси және қоғамдық ұйымдардың құрылуы (1985-1990 жж.)
Қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер қоғамның демократиялық даму үрдісіне әсер етіп,ерекше реформалық жолмен өркендеуіне мүмкіндік беріліп отыр. Осы демократиялық жаңғыру үрдісінің кейбір өзіне тән ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Бірінші ерекшелік – Қазақстандағы демократиялық дамудың игі бастамасында үкіметтік құрылымдар басты рөл атқаруда. Басқаша айтқанда, ол атқарушы биіктің қызығушылығымен «жоғарыдан» жүргізіліп отыр. Ол алғашқыда күшті әсер қалдырғанымен, біртіндеп бәсеңдей бастады. Ал азаматтық қоғам қазірге дейін бұған самарқау қарап келді. Екінші ерекшелік – еліміздегі бұл демократиялық даму атқарушы билік топтарында айрықша орын алғанымен, сот құрылымы жүйелерінің өкілеттілігі шектеулі болды. Үшінші ерекшелігі – республикамыздағы саяси реформалардың қаржылық қамтылуы экономикалық даму үрдісіне ілесе алмай қалды. Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ,Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ, 2001 жылы «Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы билік туралы» Заң қабылданды. Бұл заң жергілікті билік өкілдеріне белгілі бір дәрежеде құқықтық мәртебе беріп, өкімет орындары мен жоғарғы атқарушы билік пен жергілікті атқарушы биліктің аражігін ашып береді. Осы кезеңде төменгі атқарушы билік – ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындаумен сипатталады. Атап айтатын болсақ, 2001 жылы бірнеше ауыл әкімдері тәжірибе ретінде сайланды. Сондай- ақ, осы кезеңдердегі құқықтық реформалардың маңызды бөлігі ретінде 2002 жылғы Елбасының халыққа Жолдауынан көрініс тапты. Мұнда әсіресе, қылмыстық жазаларды ізгілендіру мәселесі мен түзету мекемелеріндегі азаматтардың хал- жағдайына баса назар аударады. Соңғы жылдардағы бұл үрдістердің қарқынын теңестіру үшін саяси реформалар жасау қолға алына бастады. Демократиялық жаңғырудың Қазақстандағы төртінші ерекшелігі Әкімшілік жүйе өзгерісінің мемлекеттің қоғам дамуындағы кейбір қажетті шараларға әсері байқала бастады. Әсіресе, мемлекеттің қоғамның, оның ішіндегі жеке салаларға белгілі бір салаларға белгілі бір деңгейде билік бере бастағаны байқалады. Бұл құқықтық мемлекет құруға талпынған игі әрекетіміз екендігі деп түсіндіреміз. Бесінші ерекшелік – мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік даму алғышарттарының кезең- кезеңімен жүзеге асырылуы. Еліміздегі саяси тұрақтылық нәтижесінде бұл жаңғыртулар кезең- кезеңімен жүзеге асырыла бастады. Бұрынңы тоталитарлық жүйе мен демократиялық қайта жаңғыру процесі арасындағы бұрын мұндай қиыншылықтарды бастан кешірмеген Қазақстандық саяси жүйе осындай кезеңдерден өтуге мәжбүр болады. Бұл кезеңге тән игі қадам ізгілендіруді жаңғыртуда бұқаралық ақпарат құралдары қызметін жетілдіру болып табылады. Мемлекет басшысы жанынан Ұлттық кеңес пен бұқаралық ақпарат құралдары кеңесі орталығы құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. 2003 жылы Елбасы жолдауындағы мына мәселелер Қазақстанды демократиялық жаңғыртудың нақты көрінісі болып отыр: 1. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Әсіресе, мемлекеттік басқару мен бюджетаралық жүйелер аражігін ажыратып, міндеттері мен құзыреттілігін айқындау. 2. Елдегі сайлау жүйесін жетілдіру, оның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету. 3. Азаматтық қоғам институттарын құрып, бекіту. 257 4. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы демократиялық жолмен дамытудағы рөлін күшейту. 5. Құқық қорғау органдары мен сот жүйелерінің азаматтардың бостандығы жолындағы бағытын жетілдіру. Қазақстан үшін өз мемлекетті атрибуттарын қалыптастыруда Кеңес Одағынан қорланып қалған мәселелерді шешуге, оның бодандық элементтерін жойып,тәуелсіз ел ретінде XXI ғасыр өркениетіне қадам басу оңай болған жоқ. Еліміз тәуелсіздік алған соң,мына мәселелерді мемлекеттік және халықаралық деңгейде шешуге тура келді: 1. Егеменді елдің негізгі рәміздерін қалыптастырып, бекіту; 2. Демократиялық үрдістерді жетілдіру; 3. Этникалық топтар арасында бірлікті сақтау, жеткізу, демократиялық жаңғыртуларды бастау; 4. Елдің тиімді сыртқы саясатын айқындау; 5. Экономикалық- әлеуметтік дамудың қазақстандық үлгісінің заңдылықтарын қалыптастыру; 6. Бүкіл әлемде және ТМД мемлекеттерінде жүргізіліп жатқан интеграциялық үрдістерді қалыптастырып, дамыту.[1] Президент Н:Ә.Назарбаев халыққа өз жолдауында демократияландыру және құқық қорғау жүйесіндегі кемшіліктерді атап көрсете келіп,былай деді: «Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарламыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бкемдеп,саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз.Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады.Басқаша айтқанда,жаңа онжылдықта бізге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесі қажет.Менің тапсырмам бойынша,тиісті құжат жобасы дайындалды».Осыған байланысты президент алдағы уақытта біздің заңдарымызды сапасын арттыру қажеттігін атап көрсетті.[2] Қазақстандағы демократиялық процесті дамытуға ЕҚЫҰ-ның ықпалы үлкен.Себебі Қазақстанда кейбір салаларда демократияландыруды жетілдіру қажеттігі түгелдей шешілген деу ертерек.Атап айтатын болсақ, БАҚ-ты демократиялық принципке көшіру өте баяу.Қазақстанда қазақ демократиялық көпшілік болса да,телеарналар, баспасөз қазақ ұлтының демократиялық құндылықтарын көтеріп,көркейту дәрежесіне жете алмай келеді.Қазақстанда 3 мың газет болса,соның 30-40-ы ғана қазақ тілінде,800 журнал болса – соның бар болғаны 20-30-ы ғана қазақша. Өкінішке орай,қаншалықты БАҚ құралдары демократиялық сөз еркіндігін жүзеге асыруға тырысқанымен,оның кейбір қызметкерлеріне шабуыл жасау,қорқыту және редакцияларға өрт қою әлі де орын алуда.Билік тарапынан,істеу жағы жеткіліксіз.Тіпті 2009 жылғы шілде айында демократиялық күштердің наразылығына тудырған «Ақпараттық – коммунмкациялық желілер туралы кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар туралы заң» қабылданды.Енді Қазақстанда барлық интернет ресурстар,форумдар,сияқты жайттар қарамастан республикада сөз бостандығының жансебілділігі күшейе түсуде.Бұл да болса демократияландыру процесінің тоқтап қолмағандығын білдіреді. Сондай-ақ қазіргі кезде ауылда тұратындардың қалаға үдере көшуі қаншалықты демократиялық урбанизация заңына сәйкес келеді деген сұрауға да дұрыс жауап беру қажет.Бұл мәселе соңғы кезде баспасөз бетінде пікір талас тудыруда.Мәжіліс депутаты К.Бурханов: «Нарықтық экономикадағы көші-қон үрдісі – мәнгілік процесс» дейді.Ал «Жаңа Сарыарқа» журналының бас редакторы Нұрғожа Ораз бұған қарсы уәж айтып, «біздің қазіргі жағдайымызда урбанизация жоқ» дейді.Соңғы пікір жөн сияқты.Ауылдықтардың қалаға амалсыздан күн көру үшін шұбыруын, біздіңше,заңды демократиялық урбанизация деуге келмейді.Ол турасында айтқанда нарықтық экономикада жіберілген қиғаштықтардың мен қателіктердің салдары екені жасырып емес. Шетте жүрген қазақтарды Қазақстанға әкелуге жағдай жасау мемлекеттік демократиялық саясатты соған бағыттау болуы тиіс.Ол үшін: өз еліне оралам деуші барлық 258 азаматтарға Қазақстанның асігі ашық болуы керек.Енді біз оларды категорияға бөліп, «ана елдің қазағы керек,мына елдікі керек емес» деу арқылы сырттағы қазақтарды бөлшектеуіміз керек; квотамен келген оралман ба,жоқ одан тыс келген бе,бәрібір оралман куәлігіне ие болған адам Қазақстан территориясында Қазақстан азаматы ие болатын жеңілдіктердің барлығына ие бола алатын болуы тиіс.Міне,бұл саладағы демократиялық мәселе осында.[3] Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы демократияландыру процесінің өзіндік ерекшеліктерін белгілеп берді.Дегенмен,өз ерекшеліктерімізбен ғана қалмауымыз керек.Сонымен қатар «Еуропаға жол» бағдарламасы белгілі дәрежеде біздегі демократияны дамытуға жәрдемі болады.Айта кететін бір жайт,демократияны тек батыстан ғана еш өзгеріссіз үйренеміз деу қате.Себебі біздің жас шенеуніктеріміз қазақ тілін жете игеріп,тарих қазынасына үңіле аларлық дәстүрлер жеткілікті.Бұрынғы билік жүргізген хандар мен сұлтандар,бектер мен мырзалар далалық демократия атрибуттарын орындап отырған.Мысалы,қарапайым халықтың ішінен біреу «дат тақсыр» деп келіп арызын айтса,сол басшылар «уақытым жоқ,кейін келіңіз» демей қабылдаған.Қазіргі кейбіреулер сияқты ештеңе дәметпеген.Бұндай тәртіп иолардың халықпен байланысын нығайтып,қол үзіп,оқшауланып қалмауына септігін тигізген. Демократиялық мемлекет құрудың отаны болып АҚШ демократиясының дамуының үрдістерін талдаған Р.Даль еңбектерінде («Демократияға өту жолдары») демократия табиғатына классикалық талдау жасалынады. Ол демократияның барлық елдерге тән идеалды моделінің болмайтындығын ескертеді. Осы негізде Р.Даль полиархия концепциясын ұсынды. Бұл концепция бойынша саяси шындық демократия идеалына сәйкес жағдай тудырады. Демократия билік институттарының өз биліктерін өздерінің мүдделері үшін ғана пайдалануын шектеп отырады. Демократия табиғатын зерттеушілердің басым көпшілігі демократияны бірден, жылдам мерзімде қалыптаса қалатын үрдіс деп есептейді. Демократия революциялық түбегейлі жаңа құбылыстар жасау үрдісі емес. Ол керісінше эволюциялық үрдіс болып табылады. Сол себепті демократия бірде кең таралып, бір де кері кетіп толқын тәріздес қозғалыста болады. Әлемдік демократияландыру процесінің осындай ерекшеліктерін көрсеткен, белгілі американдық саясаттанушы Самуэль Хантингтон демократия өзінің дамуы барысында үш толқынмен өзгертіп көрсетеді. Бірінші толқын 1820-1942 жылдар, екінші толқын 1942-1975жылдар, үшінші толқын 1975 жылдан бүгінігі күнге дейін. Бірінші кезеңде 29 мемлекет демократиялық саяси құрылысты таңдап, екінші толқындар 36 мемлекет, ал үшінші толқындар 40 мемлекеттен астамы. Осы толқындарда бірінші кезеңде 12 ел демократиядан авторитаризмге қайта оралса, екінші кезеңде 6 ел қайта авторитарлықты таңдаған. Ал, үшінші кезеңде 4 ел демократиялық таңдаудан бас тартып авторитаризмге қайтқан.[4] Демократиялық мемлекетпін деп есептеген елдер 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын» мойындайды және текелей жүзеге асырады. Демократиялық мемлекеттегі саяси бостандықтарды жасайтын Декларация мақсаттары Қазақстан Республикасы Конститутциясындағы ІІ бөлімді «Адам және азамат» деген атаумен қамтиды. Ата Заңға сәйкес мемлекет өзінің азаматтарын қамқорлыққа алуға және қорғауға міндеттенеді. Қазақстандық демократияның өтпелі, транзиттік сипатына байланысты өзіндік төл ерекшеліктері болды. Біріншіден, Қазақстанда басқару жүйесінің жаңа моделін жасаудың кешенді шаралары елдегі түбегейлі экономикалық өзгерістерге әкелген реформалардан кейін іле- шала басталды. Екіншіден, Қазақстандағы демократияландыру үрдісі әлемдік «қуып жетуші модернизация» теориясына жақын болды. Себебі, Кеңес Одағы күйрегеннен кейін Қазақстан Республикасы қоғамдық саяси өмірді демократияландыру саясатын пәрменді дамытты. 259 Қазақстанның басқарушы элитасы С.Хантингтон айтқан экономика дамуы мен демократия арасындағы өзара байланысты түсіне алды. АҚШ сарапшысы «дамушы елдердегі демократиялық режимінің тұрақтылығы осы қоғамда нарықтық экономиканың қаншалықты тамыр жайғанына байланысты», — деп көрсеткен еді. Үшіншіден демократияның Қазақстандық моделінің қалыптасуына Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсыныстары мен қызметі шешуші ықпал етті. Тәуелсіз мемлекет құрылар сәтте сөйлеген сөзінде Президент Қазақстанның дамуының негізгі векторын анықтай келе «Қазақстан халықтары қзінің батыл таңдауын жасады ол — өркениетті, демократиялық қоғам»,- деген сөз айтты. Президент өзінің «Қазақстан 2030» аталған 1997 жылғы Қазақстан халқына тұнғыш Жолдауында «Алдымызда екінің бірін таңдап алу керек деген мәселені қоймаймыз. Біз екеуін де, іс-жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген барлық өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланып, диалектикалы боламыз», — жазды. [5] Қорытып айтқанда Қазақстанда демократияландыру ісі,біраз кемшіліктерге қарамастан бірте-бірте өріс алып келеді.Бұл ретте алда тұрған мақсаттар мен міндеттер аз емес.Оны,жоғарыда айтқанымыздай,Президент Жолдауында белгіленген алдағы онжылдық стратегия негізінде одан әрі жетілдіре беру қажет.
49.КСРО-ның ыдырауы және Қазақ КСР-дағы тәуелсіздікке деген ұмтылыстар (1990-1991 жж.): Қазақ КСР-ның «Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация».
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО; Орыс: Союз Советских Социалистических республик, СССР, Советский Союз) — Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 41% бөлiгiнде орналасты және 1917 жылдан дейін Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiнсiз орналасатын және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан ауданы бойынша өте iрi болды.
1917 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жарияланды.
Ауғанстанмен, Мажарстанмен, Иранмен, Қытаймен, (1948 жылдың 9 қыркүйегiнен) Солтүстік Кореямен, Моңғол елменНорвегиямен, Польшамен, Румыниямен, Түркиямен, Финляндиямен, Чехословакиямен және тек қана теңiздегi АҚШ-тан, Швециямен және Жапониямен КСРО-ның Екiншi дүниежүзілік соғысынан кейiн жаяу шекарасы болды.
КСРО Ресей КФСР, Украин КСР, Беларусь КСР және Закавказ СФСР бiрiгуі жолымен 1922 жылдың 30 желтоқсанында құрылды.
Конституциясы бойынша егемендi мемлекет болып табылған (әртүрлi жылдарда 4-пен 16-мен аралығындағы) одақтас республикалардан тұрды; әрбiр одақтас республиканың одақтан еркiн бөлiнiп шығу мүмкіндігі сақталынды.
Одақтас республика шет мемлекеттермен қатынасқа шығып, келiсiм-шарттарымен тұжырымдап , дипломаттық және консулдық өкiлдермен ауысып, халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысуға құқығы болды. КСРО-мен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 ел-негiздеушiлерiнiң арасында Беларусь КСР және Украина КСР-лері қатар дауыс құқығына ие болды.
Екiншi дүниежүзілік соғысынан кейiн АҚШ-тан кейінгі екінші жоғарғы держава болды. Кеңес одағы Социализмнің дүниежүзілік жүйесiнде үстем болды, сонымен бiрге Біріккен Ұлттар Ұйымының қауiпсiздiк кеңесінің тұрақты мүшесі болды.
КСРО-ның ыдырауы орталық одақтық өкiмет және одақтас республикалардың жоғарғы кеңестері, президенттері орындарына жаңа сайланған өкiмет өкiлдерінiң арасындағы өткiр қарсы тұрумен бейнелендi. Республикалық жоғарғы кеңестер 1989—1990 жылдары барлығы бірдей мемлекеттiк егемендiк туралы декларацияларын қабылдап, кейбiреулері - тәуелсiздiк декларациясын жариялады.
КСРО-ның 15 республикасының 9-ында 1991 жылдың 17 наурызында азаматтардың үштен екiсi жаңартылған одақтың сақталуын шешу мақсатында Бүкiлодақтық референдум жүргiзiлдi. Бірақ орталық өкiметке ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi.
Сәтi түспеген мемлекеттiк төңкерістің нәтижесі Балтық жағалауы республикаларының тәуелсiздiгiнiң ресми мойындауы болды. Украина тәуелсiздiгi жарияланған Бүкiл Украиналық референдумнан кейiн КСРО-ны сақтау мүмкiн емес болды. Беларуссия, Украина және Ресей Федерациясы 1991 жылдың 8 желтоқсан күні қол қойған Тәуелсiз мемлекеттердiң достастығын құру туралы келiсiмде мәлiмдеген.
КСРО ресми түрде 1991 жылдың 26 желтоқсанында өмір сүруін тоқтатты. КСРО-ның барлық халықаралық-құқықтары, халықаралық қатынастары мен шет елдердегі мүліктері мен ақша капиталына Ресей Федерациясы мұрагер ретінде мойындалып, БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiнің тұрақты мүшесі ретіндегі оның орнына ие болды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрыңғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы (мүмкіндіктері) екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялык бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ- тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 жж./ арасындағы әскери-стратегиялық тепе- тендікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда, әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Ал сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратты.
50.. Қазақстан республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру: «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңның қабылдануы.
1991 жылдың 16 желтоқсанында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды . Тәуелсіздік туралы Конституциялық Заңның 1 - бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз , демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды . Республика өз аумағында өкімет билігін толық иемденуге , әрі ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізуге құзырлы болды . ҚР Мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялау , елдің жаңа дәуірге өтуінің нақты әрі сенімді қадамы болды.Бұл тарихи сәттің бастамасы ,болмысы болды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » Конституциялық Заңның қабылдануы жана тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін бекітті . Оған 16 желтоқсанда қол қойылуы ,1986 жылы окиғалардан кейінгі Қазақстанда демократиялық үдерістін сабақтастығын дәлелдеп , елдегі өзгерістердің бастамасы болды . Сонымен бірге шынайы егемендікті жариялап , сыртқы әлемнің елімізді тануына қол жеткізілді .
51.Президент институты – тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
Қазақстанда президент институтының негізін қалау арқылы мемлекеттілігіміздің дамуындағы жаңа бір кезең басталып, еліміздің демократиялық құндылықтар мен демократиялық саяси институттарды енгізуге кеңінен жол ашылды. Бірақ президент институты кеңестік саяси жүйеде бұрын-соңды болмағандықтан, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын анықтау барысында көптеген қиыншылықтарды бастан кешуге тура келді. Соның бірі – президент институтын ендіру бірден мемлекеттік басқарудағы түбегейлі өзгерістерге әкелген жоқ. Алғашқы жылдары жетекші рөл Жоғарғы Кеңес қолында сақталды. Президенттің басқа билік тармақтарымен қарым – қатынасын реттейтін механизмнің болмауы да біршама қиындықтар тудырды.Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қарама-қайшылықтар мен теке-тірестерді 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция шешіп берді. Қазақстан Республикасының Конституциясы президент институтына жетекші рөл берілетін мемлекеттік құрылысты бекітті. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды.
52.ҚР парламентаризмнің қалыптасуы және дамуы.
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның – алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.
Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.
Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын және өзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.
53.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. 1992 жылы 4 маусымды « ҚР мемлекеттік елтаңбасы туралы және ҚР мемлекеттік туы туралы» заң күшіне енді. 24.1.1996 Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген.
Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Әнұран - бұл мемлекеттің ресми символы, мемлекеттік елтаңба мен тудың музыкалық баламасы. Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.Әні: Шәмші ҚалдаяқовМемлекеттік әнұран - бұл республика егемендігінің, қазақстандықтардың бірлігінің ұлттық белгісі.
54.Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары (1993, 1995 жж.).
Тұңғыш конституция 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:халықтық егеменді,кмемлекет тәуелсіздігі,қазақ тілін мемлекеттік деп тану,Президентті мемлекет басшысы деп тану,сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
Қазіргі конституция 1995жылы 30 тамызда Жалпы халықтық референдум негізінде қабылдандықабылданды Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.Конституция құрылымы 9 бөлім, 98 баптан тұрды.
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер.
55.Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық–саяси өмірі (1991-2000 жж.).
1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мұның өзі партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. Бұл жағдай Қазақстан Компартиясының жұмысына теріс әсерін тигізді. Сөйтіп, 1991 жылғы қыркүйек айында өткен республика Компартиясының төтенше съезінде оның қызметі тоқтатылды. Өзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы құрылды. Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай және партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Сондай-ақ, бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады.
Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.
56.ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.[1]
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.
1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.
1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді үсынған.
Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды.
Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты.
Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.
57."Қазақстан - 2030" дамудың стратегиялық бағдарламасы: гүлдену, қауіпсіздік және қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы" (1997 ж.).
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі басымдықтар бөліп көрсетілді:
Достарыңызбен бөлісу: |