Орталық Азиядағы өңірлік туризмніңорталығы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығыкеңесінің бейресми саммиті аясында Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы болыпжарияланған-ды. Бұл ретте Мәдениет және спортминистрі Ақтоты Райымқұлова Түркістанныңсаяси, рухани және мәдени қайта жаңғыруыныңтарихи сәтіне куә болып отырғанымызды айтакеліп, басты мақсат – Түркістанның ОрталықАзиядағы өңірлік туризмнің ірі орталығы ретіндедамуы үшін барлық жағдайды жасау екендігінжеткізді.
– Түркістан мұсылман әлемінің зиярат ететін киеліжері ғана емес, маңызды тарихи шешімдерқабылданған қазақ хандарының ірі мемлекеттікрезиденциясы болған. Қаланы қайта жаңғыртуғаҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңіргенеңбегі мол. Ол 2018 жылғы 19 маусымда орталығыТүркістан қаласы болатын Түркістан облысын құрушешімін қабылдады. Тарихи шешімнің арқасындағасырлық тарихы, көптеген тарихи-мәдени, туристік және діни ескерткіштері бар ежелгі қалажаңа келбетке ие болып, әлемнің түкпір-түкпірінентуристерді тартуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қаланың бірегей сәулетэлементтері мен ерекшеліктерін сақтай отырып, Түркістанның тарихи орталығын қайта жаңғыртубойынша жұмыс атқарылып жатыр, – дегенминистр бірқатар бағдарламалық құжаттарәзірленіп, сондай-ақ Түркістанда туризмді одан әрітанымал ету мақсатында маркетинг стратегиясықұрылып жатқандығын атап өтті. Министрдіңайтуынша, бай тарихты, заманауиинфрақұрылымды, көптеген тарихи-мәдениобъектілерді және табиғи ерекшелікті ескереотырып, өңірдің туристік әлеуеті күннен-күнгеартып, 2025 жылы туристер ағынының 3,5 млнадамға дейін ұлғайту қарастырылып отыр.
КИЕЛІ МЕКЕН ТАРИХЫ – КҮЛЛІ ҚАЗАҚТАРИХЫ
«Тарихы бай, тағылымы терең Түркістанның елімізүшін орны бөлек. Ол бүкіл Орталық Азиядағы еңкөне қалалардың бірі. Түркістан – қазақ елініңрухани жүрегі, қазақтың көптеген қабырғалытұлғалары мәңгіге жай тапқан қасиетті қала. Осында жерленген 164 әйгілі тұлғаның 21-і елбасқарған қырандар, 30-дан астамы қол бастағанбатырлар, ауқымды сөз бастаған билер. Түркістантарихы – күллі қазақтың тарихы», – деген ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев көне шаһардың аларорнының айрықша екендігін атап көрсеткен-ді.
Былтырғы жылы Мемлекет басшысының тікелейжарлығымен Түркістан облысының құрылғандығыайтулы жаңалық болған-ды. Осынау игі істіңжүзеге асуының өзіндік себептері де жоқ емес. Бұлтұрғыда ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қасиетті Түркістанға деген мақтаныш сезімі әрқазақтың жүрегінде ұялаған. Түркістан – тек бізгеғана емес, күллі түркі жұртшылығына қасиетті әріқадірлі мекен. Халқымызда «Мәдинада Мұхаммед, Түркістанда Ясауи» деген сөз бар. Осындай саналуан факторлар Түркістанды тұтас тұрандодасының, түбі бір түркі жұртының руханиорталығына айналдырды. Түркі мемлекеттеріТүркістан қаласын түркі әлемінің мәдени астанасыдеп жариялағаны белгілі. Осыған орай мұндаТҮРКСОЙДЫҢ қолдауымен 40-тан астам іс-шараөткізілді. Осының барлығы Түркістанды облысорталығы деп жариялауымызға себеп болды», – деген еді.
Елбасы бекіткен бас жоспардың аясында Түркістаноблысының әкімі Жансейіт Түймебаевтыңжетекшілігімен бүгінде жүйелі жұмыстаратқарылуда. Нәтижесінде бүкіл елдің назарын өзінеаударған Түркістан күннен күнге көркейіп, ажарлана түсуде. Бұлай болуы да заңдылық. Өйткені, Түркістан – түркі әлемінің мәдениорталығы. Түркі жұртының тұмарына айналғанТүркістанның бүгінгі мәдени тіршілігі турасындаТүркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамытубасқармасы басшысының міндетін атқарушыАсылхан Темірханмен тілдесіп, оқырман қауымғатұщымды дүние ұсынуға тырыстық.
Түркістан облыстық мәдениет және тілдердідамыту басқармасы облыс көлемінде мәдениетжәне тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттіксаясатты жүзеге асыру, мәдениет пен өнердінасихаттау, қазіргі заман талабына сай халыққасапалы мәдени қызмет көрсету және жасталанттарға қолдау көрсету бағытында ілкімдіістерді атқарып келеді. Бұл өз кезегінде ҚазақстанРеспубликасының 2030 жылға дейінгі мәденисаясатының аймақ көлемінде жоғары деңгейдеорындалып келе жатқандығының айқын көрінісіекендігі сөзсіз.
«Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтыналқасы болып отыр» деп заманымыздың заңғаржазушысы Мұхтар Әуезов айтпақшы, ең бастықұндылығымыз – мәдениетіміздің көшін ілгерілетуүшін еліміздің әрбір өңірінде заман талабына саймәдени нысандардың санын арттыруымыз керек.Бұл тұрғыда Түркістан облысы мәдени нысандарғабай екендігін ауыз толтырып айтуға болады.
Бүгінде облыс көлемінде 678 мәдениет және өнермекемесі халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіпкеледі. Атап айтқанда, 387 кiтапхана, 251 клуб, 24 музей, 3 кәсіби театр, 7 саябақ, облыстықфилармония, көркемсурет галереясы, «Оңтүстікфильм» мекемесі, «Түркістан сарайы» концерттік мекемесі халық игілігі үшін жұмысістеуде.
Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуінебайланысты театр, кітапхана, музей, цирк сынды 12 облыстық мәдениет және өнер мекемесі Шымкентқаласына берілген.
Облыс бойынша халықты ұлттық өнерімізбенсусындату мақсатында әртүрлі мәдени іс-шаралартұрақты түрде өткізіліп тұрады. Әрі аталмышшаралар аясында әлемдік мәдениет туындылары дакөрерменге ұсынылады. Мәселен, былтырғы жылы, 4 республикалық, 27 облыстық деңгейдегі, жалпыклуб мекемелерінде 12798, кітапханаларда 16317, музейлерде 821 көпшілік іс-шара өткізіліпті. Мұндай шаралардың легі жыл басынан бері де өзжалғасын тауып келеді.
70.. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары, олардың тарихи маңызы.