66.Қазіргі кездегі білім беру жүйесін жаңғырту.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Қазіргі Қазақстан қоғамында әлеуметтік-лингвистикалық жүйені реттеу мен жетілдіру жүріп жатыр. Адам өз бейімділігіне лайықты жұмыс істегенде, барын сала кіріскенде ғана еңбегінің жемісін көреді. Ғалым Қ.Жарықбаевтың айтуынша: “Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен белгілі бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады”. Сондықтан ересектердің мемлекеттік қазақ тілін үйренуге бейімділіктері мен белсенділіктерін айқындау мәселесінің зор әлеуметтік мәні бар. Өйткені қоғамымыздың болашақ даму деңгейі осы мәселенің қай дәрежеде шешілуіне тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдерісі жағдайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс. Ересек тіл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман талабына сай болып отыр. Адамдардың тұлғалық қарым-қатынасы негізінде ой-пікірлердің тоғысуы жүзеге асады. Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі үздіксіз дамытып, өз әрекетін өзі дұрыс бағалай алатын тұлғалар ғана бәсекелестікке қабілетті қоғамда өз тиесілі орнын таба алады. «Тұлға - өз-өзіне тұтас дүниемен өзара қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін-өзі анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам. Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады». Бұған қатысты Д.В.Ольшанский: “Тұлға дегеніміз – қарым-қатынастың, сонымен бірге адамдармен байланысудың толып жатқан басқа да түрлерінің нәтижесі”, - деген пікір білдірген. Б.Г.Ананьев тұлғаның дамуының әлеуметтік мәселелеріне тоқтала келіп: “Тұлға – тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде, белгілі бір қоғамдық-экономиялық формацияда, белгілі бір ұлттық құрамы бар елде қоғамның жеке адамға көптеген экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік және т.б. әсерлерінің нысанасы”, - деген анықтама береді.
67.«Интеллектуальдық ұлт-2020» президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру.
Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.
Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек.
Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.
Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. /1/
«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі.
Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу.
Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды.
Осы кезеңге дейін “Болашақ” стипендиясы арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар даярланды. Бүгінгі күні “Болашақ” стипендиясы арқылы білім алған жастар экономиканың, мемлекеттік басқарудың және басқа да салалардың жауапты бөліктерінде еңбек етіп жүр/2/.
Ұлттық модернизацияның нақты жүзеге асырылуы мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері Президенттің 2004 жылғы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты Қазақстан халқына жолдауында, 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында және 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында қойылды.
Сонымен, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың нақты міндеттері Қазақстан Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы халыққа жолдауында айқындалды. Жолдауда 2003 жыл индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырудың алғашқы жылы болғандығы және 2003 жылы тәуелсіз ел ретіндегі даму кезеңінде алғаш рет өңдеуші, яғни дайын өнім шығаратын өндірістің даму қарқыны өндіруші кәсіпорындарының даму қарқынынан асып түскендігі атап көрсетілді /3/.
Соңғы жылдары Қазақстан халқының өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуі мен әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктер Орталық Еуропаның бірқатар елдерінің даму параметерлеріне мейлінше жақындай түсуге мүмкіндік жасады. Дүниежүзілік банктің жіктемесіне сәйкес, біздің еліміз кірісі орта деңгейден жоғары мемлекеттердің тобына енгізілді.
БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) адам дамуы жөніндегі деректеріне қарағанда, 2006 жылы Қазақстандағы адам дамуының индексі (АДИ) 0,774 құраған. 2007 жылы Қазақстан адам дамуы деңгейі бойынша әлемдік рейтингте 117 мемлекеттің ішінде 73 орынды иеленген.
Даму деңгейі бойынша әлемдік көшбасшы елдер қатарында Исландия, Норвегия, Австралия, Канада және Ирландия болды. Бірқатар жылдар бойы даму көрсеткіштері бойынша Норвегия көш басында келген болса, 2007 жылы Исландия алға шықты. Адам дамуының жоғары көрсеткіші бойынша Швеция алтыншы, Швейцария жетінші, Жапония сегізінші, АҚШ 12 орында, Ұлыбритания 16 орында орналасқан. Ал посткеңестік республикалар арасында Украина 76 орында, Армения – 83, Грузия – 96, Әзербайжан – 98, Түркменстан – 109, Молдова – 111, Өзбекстан – 113, Қырғызстан – 116 және Тәжікстан – 122 орында болған.
БҰҰ ДБ болжамдарына қарағанда, Қазақстан адам дамуының жоғары деңгейі тән елдердің қатарына жуық арада енуіне толық мүмкіндігі бар. Бұл егер адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнім өсімінің жоғары деңгейі (9% жоғары) сақталған жағдайда мүмкін болады. АДИ көрсеткіші 0,8 болған жағдайда, бұл елдер адам дамуының жоғары деңгейіне ие елдердің тобына жатқызылады. Ішкі жалпы өнімнің жоғары деңгейі бұл көрсеткішті бағындыруға мүмкіндік береді. 2009 жылы АДИ бойынша Қазақстанның көрсеткіші 0,794 құраған.
БҰҰ ДБ адам дамуы жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған баяндамасындағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде үшінші орында болды және ол 7857 АҚШ долл. құраған. 5 жастан 24 жас аралығындағы халыққа білім беру көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде І орынды иеленді. Бұл көрсеткіш бойынша халықтың 93,8 % қамтылған /4/.
Елбасы 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық. Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік. ...1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын. 2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті. Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.
Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді. Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, Венгрияда – 5 есе, Польшада 4 есе өскен» деп, атап көрсетті /5/.
Мемлекетіміз “Қазақстан - 2030” Стратегиялық бағдарламасы негізінде орнықты даму жолын жалғастырып келеді. Сондықтан бүгінгі таңда еліміздің әлемдік қауымдастықтағы, экономикадағы бәсекеге қабілеттілігі, жалпы бүкіл қазақстандықтардың – ғалымдарымыздың, менеджерлеріміздің, кәсіпкерлеріміздің, жұмысшы мамандарымыздың бәсекеге қабілеттілігі күн тәртібіне қойылып отыр.
Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен, білім деңгейімен, интеллектуалдық мүмкіндіктерімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігімен терең интеграциялық үдеріс еліміздің білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкестендіру міндетін талап етеді. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайта беру міндеті бірінші кезекке қойылып келеді.
2010 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Президенті “Назарбаев университетінде” оқыған дәрісінде бүгінгі күні біздің еліміз үшін халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын ғылым мен білім индустриясы қажет екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, Президент: «… Бүкіл еліміз бойынша жаратылыстану-математика циклі пәндерін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған болашақтың 20 Интеллектуалды мектептерін ашу бағдарламасы жүзеге асырылуда. ...ЮНЕСКО мәліметтеріне қарағанда, 2009 жылы Қазақстан білім беруді дамыту индексі бойынша әлемнің 129 мемлекетінің ішінде 1 орын алды» деп, атап көрсетті /6/.
Интеллектуалды ұлт пен бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың маңызды міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының стратегиялық жоспары шешуші рөл атқаруы тиіс. Мұндай негізгі бағдарламалық құжаттарға: «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген), «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010- 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген) жатады.
“Қазақстан – 2030” Стратегииялық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жасалды. Бұл жоспар бойынша келесі онжылдықтағы еліміздің дамуының басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары айқындалды:
1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
2) инфрақұрылымды индустрияландыру мен дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
3) болашаққа салынған инвестициялар – орнықты экономикалық өсуге, қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу үшін адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету
Ал еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына арналған мемлекеттік бағдарламалар ұлттық модернизацияны, яғни ұлттың бәсекеге қабілеттілігі мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін жаңа сапалық деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді.
68. Қазақстан Түркі әлемінің көшбасшысы: Түріксой және басқа халықаралық Түркі ұйымдары
Туріксой – түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралық ұйым. 1993 ж. 12 шілдеде АлматыдаӘзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан мемлекеттерінің Мәдениет министрлерінің кездесуіндегі өзара келісімшарт негізінде құрылды. Кейіннен бұл келісімшартқа Татарстан, Башқортостан және Солт. Кипр Түрік мемлекеттері қосылды. Түркі тектес халықтардың жеті мемлекеті мүше болған халықар. Туріксой ұйымының орт. – Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында орналасқан. Түркі халықтары өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын ынтымақтастықтың ресми тілі – түркі тілі. Туріксой саясаттан тыс халықар. ұйым ретінде ынтымақтастықтың барлық мүшелеріне мемлекеттерінің саяси бағдар өзгешелігіне қарамастан мәдени байланыс саласында тең құқықты қамтамасыз етеді.
Туріксой өзінің қызметі, мақсаты мен міндеті, жұмыс істеу принциптері жағынан ЮНЕСКО құрылымына жақын. Негізгі мақсаты: түркі тілдес мемлекеттердің және халықтар мен қауымдардың мәдениет пен өнер саласындағы мәдениетін дамыту, түркі әлемінің мәдени құндылықтарын тану, зерттеу, сақтау және толықтыру, оларды әлемдік кеңістікте насихаттау; тарихи, саяси және географ. жағдай салдарынан әлсіреген байланысты дамыту; ортақ мәдени кеңістік қалыптастыру; түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарын, тарихи, мәдени және архит. ескерткіштерін анықтау және жүйелеу, оларды сақтау шараларын қарастыру; түркі халықтарының ұлттық мәдениеттерінің дамуына ықпал ету, олардың тума, табиғи ерекшеліктерін сақтау; түбі бір түркі тілдерін жақындастыру; тұтас тілдік орта қалыптастыру, ортақ әліпби жасау, латын графикасына көшу мәселелерін қолға алу; гуманитарлық салада әлемдік интеграц. процестерді ескере отырып, түркі тілдері мен мәдениетінің қуат-күшін жасөспірімдерге тәрбие беру ісін де көрсету; түркі тілдес мемлекеттердің мәдениеті мен өнері жөнінде халықар. ақпарат орт-н құру, т.б. Туріксой халықар. ұйымы құрылғаннан бері көптеген ғыл.-мәдени, т.б. жұмыстар жүргізілді.
Түркі тілдес елдердің жазушылары Анкарада 1-халықар. конференция өткізді (1993). 1994 ж. Анкара қаласында М.Физулидің туғанына 500 жыл толуы мерекеленді. Түркі тілді мемлекеттердің халықтық-қолданбалы өнерінің халықар. көрмесі Қазақстанда (1994) ұйымдастырылды. 1994 – 1996 ж. Солт. Кипрде Туріксой-ға мүше елдер әншілерінің қатысуымен опера күндері, 1993 – 94 ж. Ашғабатта дәстүрлі және халық музыкасының халықар. фестивалі өтті. 1994 – 1995 ж. Анкара қаласында барлық түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесі бірге тойланды. Әлемге әйгілі “Манас” эпосының 1000 жылдығы, Абайдың 150 жылдығы тойланды. Ғыл. конференциялар, кездесулер ұйымдастырылды. Анкара қаласында 1995 ж. 23 – 30 қазан аралығында түркі тілдес елдердің фольклорлық өнерінің халықар. 1-фестивалі өтіп, ал 1996 жылдың 15 – 19 ақпанында Туріксой Париж қаласында өткен “Эксполанг – 96” халықар. көрмесіне қатысты. 2000 жылдың 14 шілдесінде Уфа қаласында Туріксой-дың кезекті мәжілісі өтті. Туріксой тұтас түркі дүниесіне ортақ көптеген ғыл.-мәдени жұмыстар жүргізуде. Соның бір қыры, түркі халықтарына ортақ рухани байлықтарды жариялау. Туріксой “Манас” эпосын (қырғыз, түрік тілдерінде), Абай шығармаларын (қазақ, түрік тілдерінде), “Алтайдан Пунаға дейінгі түрік мотивінің бірлігі” кітабын, “Түрікмен поэзиясының антологиясын”, “Башқұрт халық эпосын”, “Орал батырды”, “Башқұрт-түрік сөздігін”, “Түркі елдерінің архит. ескерткіштері” кітабын, татардың халық эпосы “Едігені” басып шығарды. “Қорқыт Ата” энциклопедиясы, т.б. көптеген еңбектер Туріксой бағдарламасы бойынша дайындалды. Туріксой “Түркі әлемі” атты безендірілген журналды Түркия Республикасы Мәдениет мин-мен бірлесіп үш айда бір рет шығарып тұрады.
69. Түркістан қаласы – Қазақстан және Түркі әлемінің рухани астанасы
2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Түркістанқаласының 1500 жылдығына арналған ғылымиконференцияда: «Түркістанды облыс орталығыжасаймыз. Бұл той – Түркістанды орталыққаайналдырудың басы», деген еді. Осы реттеЕлбасының Түркістанға тарихи мәртебесін қайтаруісіне баса назар аударуында үлкен мәнжатқандығына тоқталған Түркістан облысыныңәкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан – бауырласелдерді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бағдарболуы тиіс деп біледі.
– Себебі Түркістан – сан ғасырлық тарихы барқасиетті мекен, Еуропа мен Азияны тоғыстырыпжатқан Ұлы Жібек жолының күретамыры, Қазақхандығының астанасы болған киелі қала. Түркіжұртының Орталық Азия мен Қазақстандағытеңдессіз тарихи жәдігері – Қожа Ахмет Ясауикесенесі орын тепкен жер. Тәуелсіздік алғанжылдардан бастап Түркістанды түлету, Түркіхалықтарына ортақ рухани орталық дәрежесінелайықты ету – Елбасының арманы әрі мақсатыболатын. Сол арман бүгінде ақиқатқа айналыпотыр, – деді Ө.Шөкеев.