Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары 1


Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау; 3



бет5/12
Дата12.11.2022
өлшемі291,91 Kb.
#49654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тарих толық сессия (копия)

2.Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
3.Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтіккепілдіктер және жеке жауапкершілік;
4.Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
5.Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандықдемократияны дамыту;
6.Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделердіілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 7.Жаңа Қазақстандық патриотизм– біздің көп ұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.


63.Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы: Бүкіләлемдік сауда ұйымы
. Тәуелсіз Қазақстан егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.


Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.




64. Отан тарихын зерттеудің жаңа бағыттары. Ұлт тарихындағы «ақтаңдақтар мәселесі». 1998 жыл - ұлттық тарих жылы. 
Әрбір мемлекет өзінің дамуы барысында ең алдымен мемлекеттің тарихына ерекше орын береді. Елімізде де тарих ғылымы қоғамдық-саяси өмірдің алдыңғы қатарына көтерілді. Өйткені отан тарихы ұлттық сананың іргетасы болып табылады.

Тарихты өткен өмір ғана, – деп білу қате пікір. Шынайылықты тапқан тарих адамзаттың әлемдегі өзіндік орнын белгілеп берсе, ал бұрмаланған тарих адамзаттың өздігін жоғалтып жібереді. Мәселен, Түркияда республика құрылғаннан бастап отан тарихы ғылымын дамытуға, жетілдіруге ерекше мән берілді. Бастама ретінде 1930 жылы түрік елінің басшысы Мұстафа Ататүрк: «алдымен ұлтқа тарихын, ұлтының асыл екенін, барша мәдениеттің анасы – алдыңғы қатардағы ұлттың ұрпағы екенін үйретуге тиіспіз» [1], – деп атап өтті. Міне, осындай патриоттық жолда оқытылған тарихтың арқасында қазіргі таңда түрік елінде патриоттық сезім өте жоғары деңгейге көтерілген және әр бір түрік азаматы өз тарихын мақтан тұтатын жағдайда отыр. Яғни ұлтын қастерлейтін, өз отанының тарихын ұлықтайтын ұрпақтың келешегі айқын екені дәлелденді.


Мемлекеттің келешегі үшін елімізде де тарих ғылымын жетілдіру ісі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып келеді. 1995 жылы «Қазақстан Республикасында та­рихи сананы қалыптастыру тұжы­рым­дамасы» қабылданса, 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», – деп жарияланды, ал «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы стратегиялық ұлттық жоба болып табылады. Бұдан өзге де көптеген іс шаралар қолға алынып жатыр. Бұл тек тарихшылардың ғана қуанышы емес, сонымен қатар ұлттық мақтанышымызды білдіреді.


Қазіргі таңда тарихшы ғалымдардың, оқытушылардың мойнында ауыр міндеттер бар. Өйткені, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ тарихы әбден бұрмаланып, оқытылып келгені белгілі. Тарихи еңбектерде шындықты жазу бір жақта тұрсын, қазақтар мәдени деңгейі жетілмеген халық ретінде ғасырлар бойы психологиялық тұрғыда бағынышты ел болуға тәрбиеленді. Сөйтіп, қазақ өз ұлтынан намыстанатындай жағдайға жетеленді. Сондықтан да қазіргі уақытта отан тарихын оқытудағы ең өзекті мәселелердің бірі – тарихымыз арқылы жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Мұны тарихи оқиғаның тек саяси бағыттарына ғана баса назар аудармай, рухани, мәдени, әлеуметтік, этнопсихологиялық т.б. тұстарына да жан-жақты тоқтала отырып оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл әдістің «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.


65.ҚР-ғы этнодемографиялық және миграциялық үдерістер (ХХ ғ. соңы – ХХI ғ. басы).
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет.
Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды («хрущевтык үйлер»), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы «демографиялық жарылысқа» мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда.
Кеңес дәуіріңдегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерді 2 кезеңге бөлуге болады: 1920-жылдардан 1960-жылдардың басына дейін (1926-1959 жылдар санақтарын межелейік); 1960-жылдар мен 1990 жылдың (1959-1989 жылдардағы санақтар) аралығы; ал, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан (1989 жылғы санақ пен 1999 және 2009 жылдардағы санақтар) бергі уақыт өз алдына бөлек бір кезең.
Бірінші кезеңде Қазақстан халқы демографиялық құрылымына терең өзгерістер әкелген ірі қоныстанулармен ерекшеленетін тарихи оқиғалар негізіндегі механикалық өсім есебінен өсті. Екіншісінде табиғи қозғалыс арқасыңда бірқатар өсім байқалды (бұл кезеңде көші-қон үрдісіне кері айырым басым болды). Қазіргі кезенде механикалық қозғалыстың демографиялық өзгерістерге тигізер әсері басымдылық көрсетуде. Механикалық қозғалыста ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгерістер жүруде: қазақ ұлтының өкілдеріне оң айырым тән болса, қазақ емес ұлт өкілдерінде теріс айырым басым.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Бұл дипломдық жұмыста 1939-1959 жылдар санақтарымен межеленетін саяси, экономикалық және әлеуметтік процестер негізіндегі Қазақстан халқының этнодемографиялық даму үрдістері анықталады. 20 жыл ішіндегі еліміздімекендеушілердің әлеуметтік, ұлттыққұрылымындағы басты өзгерістер мен дамуерекшеліктері ішкі үш кезеңге бөліне зерттеледі:
1939 жыл — 1941 жылғы маусым — Ұлы Отансоғысы қарсаңы;
1941 жылғы маусым — 1945 жыл — Ұлы Отансоғысы жылдары;
1945 жыл — 1959 жыл — соғыстан кейінгі жылдар.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістерреспублика халқының құрамында, оның табиғиқозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгікқұрылымы және т.б. көрсеткіштерініңөзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатындакөрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқаұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қонысаудару саясатының пәрменді жүргізілуінебайланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халықсанының жоспарланған деңгейден 11 миллионғакемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңесөкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізгенсаясатының демографиялық дағдарыстарғаәкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардыңқазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғолшапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығынынәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналапжүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейінтөмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құраалмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет