Бағдарламаның кезеңдері
• 2004-2006 жж.
• 2007-2009 жж.
• 2009-2011 жж.
Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша іскеасады:
• - ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
• - археологиялық зерттеулер;
• - қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылымижұмыстар;
• - ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесінортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмысқатарларын құру.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастағанкезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдарыреставрацияланған.
• 2004-2005 жылдары бұл бағдарламаның жүзегеасуына республикалық бюджет қаражатынан 1 391, 0 млн
• Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәліметберетін ғылымды мыңдаған артефактыларменбайытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялықзерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағыШілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылғаналтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).
• Осы бағдарлама аясында 2008 жылы екі қорық-мұражай («Есік» және «Берел») жаңадан құрылды.
72. Қазақстан және Еуразия экономикалық одағы: ҚР Президентінің Еуразияшылдық идеясы.
Еуразия атауы қазіргі ақпараттық кеңістікте ең көп кездесетін сөздердің біріне айналып отыр. Қазір екі конференцияның бірі Еуразия тақырыбына арналады. Мұның себебін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен түсіндіруге болады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймағымызда маңызды геостратегиялық, геосаяси, экономикалық және геомәдени бетбұрыстардың болып жатқанын көрсетеді. Әрине, Еуразияны әрбір мемлекет өз мүддесі тұрғысынан түрліше түсінеді.
Елбасымыздың саяси ойларының дамуында еуразияшылдықтың орны өте үлкен. Елбасы кеңестік экономиканың құрылымын, мүмкіндіктерін, басқару тетіктері мен нақты жағдайын жақсы білгендіктен, 90-жылдардың басынан-ақ шашыраған посткеңестік экономикаларды қайтадан біріктірудің амалдарын ойластырды. Өйткені, Қазақстанның экономикалық шаруашылығы, өндірісі мен өнеркәсібі Ресей мен өзге кеңестік елдермен ажырамастай тығыз байланыста, бір-біріне тәуелді, әрі өзара кіріккен еді. Республикалар арасындағы өндірістік және іскерлік байланыстардың бірден үзіліп қалуы үлкен экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлтаралық дағдарыстарға алып келді. Сол қиын аласапыран кезеңде посткеңестік елдердің саяси тәуелсіздігін сақтаумен қатар, тиімді экономикалық интеграция құрудың мүмкіндігі Елбасымыздан басқа ешкімнің ойына кіріп шықпады. Өйткені, бір кездері ірі жаһандық мемлекет болған КСРО-дағы республикааралық қатынастар мен аймақаралық байланыстардың бірнеше жылдың ішінде бірден құрдымға кетуі мүмкін емес еді. КСРО сияқты күрделі құбылыс өз артына инерциясын, босаған энергиясын қалдырды. Бұл - табиғи физикалық үрдіс. Яғни, ұзақ уақыт пен үлкен кеңістікті қамтыған державадан қалған саяси бірліктер өздерін біріктіре алатын ортақ тарихи-мәдени, қоғамдық-саяси құндылықтарға сүйене отырып, экономикалық тұрғыда бірлесе алады. Бұл идеяның әзірше тәжірибеден гөрі теориясы басым. Қалай десек те, үш мемлекеттің одақ құруы КСРО-ның саяси ыдырауынан кейін пайда болған идеологиялық бос кеңістіктің орнын толтыруға, мемлекетаралық индустриялық-экономикалық қатынастардың үзілуінің келеңсіз салдарларын жұмсартуға және ұлтаралық-еларалық қатынастарды нығайтуға бағытталған деуге де болады.
73. Қазақ КСР-ның Тілдер туралы заңның қабылдануы (1989 ж.).
Еліміз тәуелсіздік алардың қарсаңында, 1989 жылы қабылданған Тіл туралы заңда: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп тұңғыш рет атап көрсетіліп, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасы Конституиясының 7-бабында да: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» екендігі баян етіліп, заңды түрде күшіне енді. Сөйтіп, қазақ тілі дамуының жаңа кезеңі басталған болатын.
Ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Сол уақыттан бері қазақ тілінің тынысы ашылып, қоғам өмірінің бірқатар салаларында қолданыс аясы кеңейе түскені рас. Ең бастысы – ана тіліміздің тағдырына алаңдайтын халқымыздың үміті оянып, тіліміздің болашағына сеніммен қарайтын болды. Ендігі жерде қазақ тілінің заңдық мәртебесін алға ұстап, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қызметіне қоятын талабы күшейе түсті. Мемлекеттік және өзін-өзі басқару орындарындағы тілге қатысты психологиялық ахуал күрт жақсарып кетпегенмен, аз да болса оң өзгерістер болды.
Қазақ тілінде жүздеген мектептер ашылып, қандастарымыздың ана тілінде көптеп білім алуларына мүмкіндік туды. Жоғары оқу орындарында да қазақ тіліндегі топтар көбейді, қазақ тілін оқыту сапасы жақсара түсті. Ана тілінде білім алушылар саны артты. Білім беру мен ғылым, мәдениет, бұқаралық ақпарат, т.б. салаларда ілгерілеушілік бар. Қазақ тілін үйрету әдістемесін жетілдіру мен ұлттық терминологияны қалыптастыру бағытында да көптеген жұмыстар жүргізілді. Енді қазір латын жазуына негізделген төл әліпбиге көшу жұмыстарын бастап жатырмыз. Латын жазуына негізделген жаңа «Қазақ емлесінің негізгі ережелерінің» жобасы ғалымдардың сараптауына ұсынылды.
Алайда тіл мәселесінің көтерілгеніне отыз жылдай уақыт өтсе де, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай тиісті деңгейге көтеріле алмауы неліктен? Қазақ халқы мемлекет құраушы әрі республикадағы саны жағынан басым ұлт болса да, қазақ тілінің екінші қатардағы тіл болып қалуының себебі неде?
Қазіргі таңдағы ұлт мүддесі мен намысын жоғары қоятын, ұрпағының болашағына алаңдайтын қазақ ұлты өкілдерінің көкейінде жүрген сауал осы. Олай болуы заңды да. Кешегі кеңестік кезеңде көп теперіш көріп, қолданыс аясы шектеліп, жетімнің күйін кешкен ана тіліміздің ел тәуелсіздігі кезеңінде де төрге шыға алмай отырғаны – толыққанды тәуелсіздігімізге жараспайтын құбылыс екені ақиқат. Ұлт тәуелсіздігінің негізгі белгілерінің бірі – оның тілінің үстемдігі. «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?!» деп ұлы М.Әуезов айтқандай, тілдің болашағы – ұлттың болашағы! Тіл болмаса – ұлттың да болмайтыны шындық. Демек, мемлекеттік тіл мәселесі – ұлттық қауіпсіздіктің де мәселесі екені айқын.
«Ана тілі» газетінің үстіміздегі жылғы 15 маусымдағы санында белгілі ғалымдар, ұлт пен тіл жанашырлары Амангелді Айталы мен Әбдіжәлел Бәкірдің «Мемлекеттік тіл заңмен қорғалуы керек» атты мақаласында айтылған ойлар мен ұсыныстар елдің көкейінде жүрген, ана тіліміздің тағдырына алаңдаушы мыңдаған отандастарымыздың тарапынан қызу қолдау тауып отыр. Мақалада қазақ тілінің проблемаларына терең талдау жасалып, өзекті мәселе ретінде мемлекеттік тілдің арнайы заңмен қорғалу қажеттілігі өткір қойылған.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, өз тілімізбен өмір сүрейік! Бұдан артық қалай айтуға болады. Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» деген ұсынысы кезінде қазақстандықтардың тарапынан қызу қолдау тапқандай көрінгенмен, іс жүзінде толық жүзеге аспай отырғаны өкінішті-ақ!
Қазақ тілінің бүгінгі жағдайы мен оның мәртебесін биіктетіп, қолданыс аясын кеңейту, отандастарымыздың мемлекеттік тілге деген ықыласын оятып, намысын қайрау бағытында көп айтылып та, жазылып та келеді.
74. С.Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы.
Сәкен Сейфуллинның туған жері — Қарашілік бүгінгі Қарағанды облысы, Ортау мекені. Алғаш сауатын Ағаш аяқ молдадан оқып хат танып, 1905 жылы Нілді мыс қорыту зауытындағы орыс-қазақ мектебінде оқиды. Кейін Ақмоладағы приходская школада екі жыл, үш кластық қалалық училищеде үш жыл оқиды. 1925-1937 жылдары ақын жазушылығымен қатар орта, жоғары оқу орындарында сабақ берді. «Қызылорда қалалық халық ағарту институтында, Ташкент педагогикалық институтында (1927-1928), 1930-1937 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтта қазақ әдебиеті тарихынан сабақ берді. Сәкен қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын «Көкшетау» поэмасын жазу дәуірінде жинай бастаған. Майкөт, Қарақожа, Ақан сері, Біржан сөздерін ел аузынан жинайды.
1930 жылы Жамбылды, оның төңірегіндегі басқа ақын-жырауларды тауып алып, Жетісу еліне мәлім көптеген ақындардың сөздерін, соның ішінде, Сүйінбай, Шөже, Тезек, Жамбыл, Құлмамбет өлеңдерін жазып алған. Гүлбарамның айтуына қарағанда, Сәкен Қызылордада, Ташкентте түрғанда да және Алматыға келгенсін де әртүрлі ақын, сөз білетін адамдардың жатқа айтатын өлеңдерін, қызықты әңгімелерін жалықпай тыңдап, ерінбей жазып алып отырған. Фольклор, әдебиет нұсқаларын өзі оқытқан студенттер арқылы да жинатады. Ташкентте Әбубэкір Диваевпен әлденеше рет кездесіп, одан да көптеген материалдар алған көрінеді. 1930 жылы Қоянды жәрмеңкесінде бір айдай жатып, сол жерге жиналған ақын, әншілерден көптеген өлең-жыр жазып алған.
Сәкен газет арқылы және мәдениет майданындағы қызметкерлерге арнайы хат жазу арқылы да қазақ әдебиеті тарихының материалдарын көптеп жинайды және сол жинағандарын әдебиет тарихы тұрғысынан сұрыптап, зерттеп жазуға кіріседі.
Сәкен осындай ұқыпты зерттеу жұмысының нәтижесінде 1931 жылы «Қазақ әдебиетінің нұсқалары» атты бір том жинақ, 1933 жылы бір том «Батырлар жырының» жинағын, 1934 жылы Алтынсариннің өлеңдер жинағын. 1935 жылы Ақан сері, Ақмолла ақындардың өлеңдерін, «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын бастырып шығарады. Ал негізгі зерттеу еңбегі 1932 жылы «Қазақ әдебиеті» деген атпен қалың бір том кітап болып басылады.
Сонымен Сәкен 1930 жылдарда бұрынғы әдебиет мұрасына деген көзқарасын өзгертеді. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші үлкен ғалым екендігін танытады. Сәкен ақын, жазушы, революционер, қоғам қайраткері ретінде халық арасында қандайлық беделді, ағалық орында болса, оқытушы ретінде студент, шәкірттер арасында да білімді ұстаз бола білді, — дейді Е.Ысмайылов (1: 28-29).
75.Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы.Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.
15 жылдың ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Ұлтаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Осы Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады.
Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін елдің адами, интеллектуалдық әлеуетін жандандыру мен жұмылдыруға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын сақтау және қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ.
Ұлт бірлігін қамтамасыз ету - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызды шарты. Мемлекеттің экономикалық өсуі, әлеуметтік ілгерілеуі, демократиялық дамуы қоғам бірлігі ұйысқан және сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл міндетті шешу үшін тәуелсіз, егемен, барлық әлем мойындаған мемлекет ретінде Қазақстанда саяси ерік және қажетті экономикалық, әлеуметтік ресурстың бәрі бар.
Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігін және азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, интеллектуалды ұлт құру және ұлттық рухты дамыту - біздің ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы әрі әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт.
76.Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты және рухани жаңару бағыты.
20 Маусым, 2019 14:45 Биыл «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының шыққанына 2 жыл толды. Ол 2017 жылы 12 сәуірде отандық басылымдарда жарияланып, қоғамда резонанс тудырған еді. Жоғарғы мінберден бастап, оқу орындарына дейін рухани жаңғырудың қазіргі жай-күйі мен алдағы бағыт-бағдары талқыланды. Жалпы, еліміздегі рухани жаңғыру – үздіксіз процесс болғандықтан, оған Тәуелсіздік жарияланған соң қолға алған барлық рухани-мәдени шаралар енеді. Алғашқы жылдардағы «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Тарих толқынындағы халық», ҚР Президентінің Ұлытаудағы сұхбаты, кейінгі «Ұлы Даланың жеті қыры» осы үрдістің үзілмес бөліктері. Аталған іс-шаралар мен бағдарламалар көнеден келе жатқан рухани-мәдени қазынаны қайта қаузап, тарихи танымды кеңейтуді ғана емес, бүгінгі қоғамдық сананың трансформациясын көздейтін маңызды құжаттар. Ал, Қ.Тоқаевтың «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» атты сұхбаты осылардың заңды жалғасы деуге болады.
Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деді Президент. Ал, 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін бергені айтылды. Сонымен қоса, бұл бастаманың аясын жаңа мазмұнмен, бағыттармен толықтыру қажет деген міндет қойылды. Аталған Жолдауда алғашқы рет 2019 жылды «Жастар жылы» ретінде бекіту ұсынылды. Яғни, жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастар жылында рухани жаңғыру бағдарламасымен үйлесімде ауқымды платформаны қалыптастыру қажет болды. Ол міндетті «Ұлы Даланың жеті қыры» аясындағы жастарға арналған жобалар да орындады деп санаймыз. Жоғарыда аталған Комиссия мақалада белгіленген 6 бағыттың іске асуын қамтамасыз етіп келеді. Атап айтқанда:
-Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
-Туған жер
-Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі
-Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы
-Жаһандағы қазақстандық мәдениет
-Қазақстандағы 100 жаңа есім
Алғашқы бағыт бойынша 2017 жылға дейінгі аралықтың өзінде жоғары оқу орындарының ұсыныстары негізінде 800 алғашқы оқулықтар тізімі құрастырылды. Бұл жұмысқа 17 жұмыс тобы қатысып, жалпы саны 90-нан астам сала мамандары жұмылдырылған. Әлемнің үздік деген еңбектерін қазақ тіліне аударуды бір орталықтан ұйымдастыратын «Ұлттық аударма бюросы» да құрылып, алғашқы нәтижелерін көрсетті. 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық саладағы 18 кітап Елбасының қатысуымен тұсауы кесілсе, 2019 жылдың соңына дейін оның қатарына тағы 30 еңбек қосылады.
Соның нәтижесінде қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері гуманитарлық ғылымдар, экономика пәндерінен әлемнің үздік еңбектерін қазақша оқуға мүмкіндік алады. Бұл отандық аударма саласы үшін де үлкен серпіліс. Ал, жалпы оқырман қауым ортасында 100kitap.kz ресми сайты, kitap.kz жобалары айтарлықтай қызығушылыққа ие болды. «Nur Otan» партиясы стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары Е.Кочетовтің пікірінше, бұл теңдессіз туындылар және мұндай мүмкіндікке кез-келген адам қол жеткізе алмайды. Мәселен, Друкердің маркетинг жайлы оқулығы, бизнесте жүрген белді тұлғалардың үстелінде тұрады. Қазір мұны біздің студенттер оқып жүр.
77.Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер.
Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан. Оның астында қазіргі таңда дамып жатқан өнердің түрлері мен жанрын қоса алғанда, өзгерістердің, инновациялардың, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің әртүрлі салалары мен аясын қамтитын түбегейлі қайта құрылудың кең көлемдегі спектрін түсінуге болады. Тарихи жағдайларды кешендендіру себебінде Қазақстан саяси этникалық қоғамы бар мемлекет болып табылады. Сондықтан бұл жердегі мәдени процесс өзіне ұлттық өзара іс-қимыл жасасумен және өзара ықпал етумен байланысты құбылыстарды таңдайды. Қазақстанда, оның аумағында орын алып жатқан алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық өзгерістердің арқасында адамзаттың рухани мұрасындағы ең жақсыларын сіңіріп алуға мүмкіндігі бар берекелі тетік әзірленді. Қазақстанда 1980 жылдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан мәдени процестер бір жағынан алып қарағанда тоталитарлық жүйедегі кеңестік дағдарыста, партияларда, әлеуметтік реализмде көрінді. Елдің мәдени дамуы қиындықтар мен коллизияларда жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуымен сипатталады. 1986 жылғы декабрь оқиғасынан кейін Қазақстанда мәдени мәселелерді шешуге қазақ халқын «ұлтшыл» деп жазалау да өз таңбасын қалдырды. Екінші жағынан 1980 жылдың аяғындағы 1990 жылдың басындағы мәдени мәселелерде әртүрлі меншік нысанын, әр алуандылықты, қоғамдық-саяси жаңаруды және алуан түрлі пікірлерді бекітетін алғашқы қадамды көруге болады. Егеменді Қазақстанда мәдениеттің қалыптасу процесі көптеген қиындықтарды және қарама-қайшылықтарды бастан кешірді және бастан кешіруде. Жоспарлы экономикаға ауысу жолының басында өндіріс көлемінің құлауымен ілесе жүрген нарықтық қарым-қатынас рельсінде «мәдениетті, халықтық білім беруді және ғылымды материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету маңызды шыңындарды алып келді. Ізгілендіру зиялылары және өндірістік емес саладағы мамандар әлеуметтік қорғаусыз қалды, ол Қазақстанда 1992 жылы оқытушылар мен дәрігерлердің ереуілге шығуына себеп болды. Сол кезде мәдениетті коммерцияға айналдыру үрдісі де байқалды. Қоғамды демократиялауды сылтау етіп рухани салаға төмен сынамалы изолар – порнографияны, күштеуді, қаталдылықты насихаттайтын кино өнімдері енді».
78.Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі.
Жас ұрпақтың әлеуметтік желіге байланып, смартфон шырмауынан шыға алмауы, шылым тартып, зиянды әдеттерге әуес болуы ұстаз ретінде де, әке ретінде де мені алаңдатады.Біздің балғын балалық шақтай асыр салып ойнап, құмға аунап,өзен суын кешпеген баланың әлжуаз, іске шолақ болып ер жетері анық.Ұлт тағдыры-ұрпақтың қолында екенін ата-бабамыз жақсы білген.Сондықтан, жас жеткіншектерді ерте жастан еңбекке баулып, ізгі қасиеттерді бойына сіңіруді басты назарға ұстаған жөн.
Сол себепті, бізде бала кезден ұрпағымыздың қайсар, қайратты, шымыр болып ер жетуіне мүмкіндік жасауымыз керек.Бұл ұлт саулығымен тікелей байланысты.Салауатты өмір салтын қалыптастыру-денсаулық кепілі.Салауатты өмірді дұрыс сақтау таңертең ерте тұрудың өзімен де байланысты.Дұрыс тамақтану, уақытылы ұйқы, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану, көбірек таза ауада жаяу жүру, барлығы дерлік деннің саулылығының кепілі. «Денің сау болса, жаның сау» - деп дана халқымыз бекер айтпаған.Менің тәжірбием бойынша, төмендегі салауатты өмір сүру үшін небәрі 10 қағиданы мен секілді сізде ұстанар болсаңыз, ауырмай, ұзақ жасарыңыз анық.
1.Көп ұйықтамаңыз.Ұзақ жасағандардың дені ұйқыдан ерте тұрған.
2.Тамақты көп жемеңіз.Семіздік өмірді қысқартады.
3.Үнемі жақсы көңіл күйде болыңыз.Уайым тез қартайтады.
4.Көп қимылдаңыз, әсіресе зейнетке шыққаннан кейін.
5.Дәрі-дәрмекті мейлінше шектеңіз.
6.Темекі тартпаңыз.Темекіден барынша аулақ болғаныңыз жөн.
7.Сүйікті ісіңізбен шұғылданыңыз.Ол сізге қуаныш сезімін сыйлайды.
8.Таңымен аш қарынға жылы су ішіңіз.
9.Міндетті түрде спортпен шұғылданыңыз.
10.Өзіңізді қандай болсаңыз да жақсы көріңіз.Бұл сізге сенімділік сыйлайды, алға жылжуға көмектеседі.
Болашағымыз жарқын, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, салауатты өмір салтын ұстанып, нәсихаттайық.Халықтың денсаулығы-ел дамуының аса маңызды тұтқасы.
79.Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және дінаралық қатынастардағы үйлесімділік.
1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган Қазақстан Халқы Ассамблеясының, яғни еліміздегі дінаралық, ұлтаралық маңыздылығы неде?
Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту ісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, бүгінде конституциялық мәртебеге ие болып, елдің ішкі саясатында теңдессіз рөл атқарып отырған Қазақстан Халқы Ассамблеясы екені даусыз. Осының арқасында 130-дан астам ұлт пен 46 діннің өкілдері «Қазақстан — ортақ отанымыз, ортақ үйіміз» деген құндылықтың төңірегіне топтаса білді.
Қазақстан заманауи әлемнің ең қауіпті құбылыстарының бірі — ұлтаралық қақтығыстарды болдырмаудың тиімді тетігін тапты. Өзінің аумағында тұратын ұлттар мен ұлыстарды олардың ұлттық құндылықтарына байланысты араздастыратын ешбір жол қалдырмады. Көрші мемелкеттер ішкі талас-тартыс әсерінен экономикалық, демократиялық тұрғыдан даму жолына түсе алмай жатқандығын жасырмай-ақ өз көзімізбен көріп отырмыз. Менің ойымша, егер Елбасымыз басынан-ақ бірлік пен татулық жолын іздемесе, ұстанбаса, ел ішінде түрлі қақтығыстар мен тұрақсыздықтардың көпшілігі дәл осы ұлттар мен діндер өкілдерінің арасындағы қарама-қайшылықтардан туындап жатқандықтан, ел өз ішінен іріп-шіріп, қырық пышақ болып жан-жаққа тартып, ақыры ел болмай құлап тынушы еді.
Ел ішіндегі түрлі ұлттардың бірге тұруының арқасында салт-дәстүрлердің, әдеп-ғұрыптардың алмасуы жүріп тұрады. Яғни қазақ баласы жейтін тамағы, ерекеше мерекесі, киімі, музыкасы жағынан болсын бірге қол ұстасып жүрген өзге ұлт өкілінің мәдениетін таниды және керісінше өзге ұлтқа қазақ халқының бай мәдениетін паш етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»,- деп бекер айтпаған. Ұлт арасында мәдени алмасу жүргеннің арқасында, тек өзін ғана емес, әлемді тану жолына түседі.
Алыстан кім келсе де құшағын жайып қарсы алатын қазақтың кеңпейілдігі мен қонақжайлылығы еліміздегі ұлтаралық пен дінаралық келісімдердің арқасында тағы бір көрінеді. Әлем көзінде қазақ баласы қонақжай, кеңпейілді, ақжарқын бейнесінде қалыптасты. Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Америкалық ағайындылар Марко және Алекс Эйлиндер жақында өз маршруттарындағы 11-мемлекет – біздің елімізде де болып, қазақ даласын, тауын, өзен-көлін аралап, көрген-түйгендерін жеке ғаламтор парақшаларында жазып жіберуге уәде беріп аттанған-ды. Енді, міне, жігіттер мақаласында халқымыз, еліміз жайлы ой қалдырды: "Қазақ халқының ең ерекше қасиеті – қонақжайлылығы екен. Біз бір апта бойы үйден-үйге қонаққа шақырылып, мол дастархан басында отырдық. Қазақ әнін тыңдап, биін билеп, өмірімізде дәмін көрмеген қазы жеп, қымыз ішіп, тіпті, қазақ үйлену тойының да куәсі болдық." Демек қазақ халқының ұтларалық, дінаралық келісімдер жүргізгендігі қонақжайлылық қасиетін дәлелдей түседі.
Қорыта келе, ұлтаралық, дінаралық келісімдер арқасында тәуелсіз Қазақстан Республикасы қоғамдық жаңғырудың жаңа белесіне кәрі-жас, орыс-қазақ немесе басқа ұлт деп бөлінбей, мұсылман, я басқа дін өкілі деп ірге ажыратпай, ортақ үйіміз Қазақстанды жаңғыртудың келелі де кешенді шараларына барлығы бірлесе үн қосып, болашаққа бірге аяқ басып барады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуының үлкен маңызы бар. Бүгін достық, бірлік белгісі - Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толып отыр. «Ақпыз,қара,сарымыз- ағайынбыз бәріміз!» деп қол ұстасып, бұл үлкен санды атап өттік. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!
80.Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік
Халықаралық қауіпсіздік мемлекеттерге бейбітшілік жағдайында экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, саяси жүйені жетілдіріп, өз азаматтарына үздіксіз қамқорлық көрсетіп, олардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдеме беріп, дамуға мүмкіндік беретін Жердегі бейбітшіліктік тәртіпті көрсетеді.
Халықаралық қауіпсіздіктің түсінігі айтарлықтай жан-жақты болып келеді. Әдетте халықаралық қауіпсіздік бірнеше түрлерге бөледі: экономикалық, әскери-саясаттық, гуманитарлық, ақпараттық және т.б. Мамандар қауіпсіздіктің елуге жуық түрін көрсетеді, олардың көбісі халықаралық қауіпсіздікке қатынасы бар. Халықаралық қауіпсіздік туралы жалпылай айтқанда, оны кең ауқымды мағынада түсіну керек. Сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік түсінігі көбінесе тар мағынада қолданылады. Бұл жерде халықаралық қауіпсіздіктің әскери-саясаттық мағынасы мен біздің ғаламшарымыздағы бейбіт өмір сүруді қамтамасыз ету проблемасы туралы айтылып тұр.
Қазіргі заманғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәселелерде әр мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сенім арта алады.
Бірінші жүйе – әмбебаптық халықаралық жүйесі, оның басы 1945 жылы БҰҰ Жарғысымен қабылдануымен негізделген еді, онда: қазіргі заманғы және келешек ұрпақты әскери шиеленістерден сақтау концепциясы бекітілген еді. БҰҰ Жарғысы күш қолдану және күшпен қауіп төндіруді қолданбау; халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу; жалпыға ортақ және толығымен қарусыздану сияқты қағидаттарды қамтиды. Сонымен қоса халықаралық құқықтың өзге қағидаттары да сақталу керек. Дүниежүзіне және қауіпсіздікке қауіп төнген кезде немесе агрессия актілері жасалған кезде, БҰҰ Жарғысы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін БҰҰ мемлекет-мүшелеріне бірлескен шаралар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруын міндеттейді.
Екінші жүйе ашылуы БҰҰ Жарғысымен қарастырылған аймақтық қауіпсіздік жүйесіне тірек етеді (VIII тарау). Бұл жүйеге қарастырылған Жарғының негізгі талаптары келесідей:
1) онда тек бір саяси-географиялық ауданның мемлекеттері қатыса алады;
2) аймақтық келісімдерге байланысты шаралар осы ауданның шекарасынан аса алмайды;
3) бұл шаралар БҰҰ қолданатын шараларға немесе БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына қарама-қайшы келмеу керек.
Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік негізін аймақтық даулардың бейбіт жолымен шешілу шаралары құрайды. Ұжымдық өзін-өзі қорғау туралы БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес әскери шаралар тек тікелей агрессияны тойтаруға ғана қолданыла алады, және олар БҰҰ ҚК сәйкес нормалар қабылдағанына дейін ғана жалғаса алады.
Соңғысы болып табылатын үшінші жүйе – мемлекеттер қауіпсіздігінің жеке жүйесі. Мемлекеттік егемендіктің халықаралық құқық-қағидаттың негізгі қағидатынан шығатын өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттердің құқығы – мемлекеттер тәуелсіздігінің бір көрінісі болып табылады.
Әдетте халықаралық қауіпсіздік әмбебап қауіпсіздігіне, немесе Жерде бейбітшілікті қамтамасыз етуге икемделген жалпыға ортаққа, және ғаламшардың бөлек аймағында құрылатын аймақтыққа бөледі. Сондай-ақ әмбебап та, аймақтық та халықаралық қауіпсіздік халықаралық қоғамдастық қатысушыларының ұжымдық күштерімен ғана құрыла алатынын атап өткен жөн.
81. Қазақ мемлекеттілігінің бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі, орта және жаңа ғасырлар. «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтуінің тарихи маңызы
Осы Қазақ хандығының 550ж тойлауы Қазақстан үшінмаңызды іс шаралардың бірі болып келеді . Қазақхандығының пайда болу күні қайшылықты мәселе болыпкелуіне байланысты,үлкен дау таластар болған еді , бірақақырында бұрыңғы деректерге қарап Қазақ хандығына құрылғанына 550ж деп шешілген болатын . Мерейтой жылы болып 2015 жыл таңдалды. Мерекелеу идеясы ҚазақстанРеспубликасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқатиесілі және оны алғаш рет 2014 жылдың қазан айындажариялаған болатын . Осы Мерейтойлық себебі бұрынқазақтарда мемлекеттілік болмаған деген өсектерденНазарбаевтың имиджі қазақ қоғамының көз алдында түсебастады деген сөздер естілгеннен кейін пайда болды. «Альтернатива» орталығының директоры Андрей Чеботаревтің айтуынша, Қазақ хандығының 550 жылдығынтойлау оппозицияның Назарбаевтың «Қазақ мемлекеті ел тәуелсіздігімен бірге туды» деген екіұшты сөзіне жәнеВладимир Путиннің қазақтар арасында мемлекеттіліктіңжоқтығы туралы сенсациялық мәлімдемесіне байланыстыбасталған болатын. Осы мерейтой бүкіл қазақтар үшінолардың әлемдегі тарихи рөлін түсіну тұрғысынан өтемаңызды оқиға , жалған өсектерді жойып , қазақтардыбіріктіру үшін жасалып отыр.
82.«Мәңгілік Ел» - XXI ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы.
Тарихи сана- сезімнің қалыптасуы жолындағы келесі қадам- «Мәңгілік Ел» патриоттық акт идеясы болды. «Бес институтционалдық реформаны ісуе асыру бойынша 100 нақты қадам» деп аталатын ұлт жоспарындағы 85 ші және 89 ыншы қадамдар патриоттық әрекет жобасын құру міндеті түрінде «Мәңгілік Ел» идеясына арналған. «Мәңгілік Ел» идеясын Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған « Қазақстан- 2050 Стратегиясы» деген Жолдауында таныстырды. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылдың желтоқсанында жария етілгенімен, ол 2010 жылғы желтоқсанның 15 інде_- ақ « Қазіргі Қазақстанның жаңа нышаны және өз елінің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы көпғасырлық арманын жүзеге асырған Қазақстан халқының салтанаты» ретінде жарияланған сол аттас Салтанат қақпасында көрініс тапқан болатын.
«Мәңгілік Ел» идеясы Президентіміздің 2014 жылғы қаңтардың 17 індегі « Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауында толығырақ түрде айтылды: «Мәңгілік Ел»- ол біздің ортақ қазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата- бабаларымыздың арманы. Егемен дамуымыздың жиырма екі жылы ішінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін, еліміздің болашағының іргетасын құрайтын басты құндылықтарымыз жасалды. Олар іске аспайтын теориялардан алынған жоқ. Бұл құндылықтар- уақыт санынан өткен қазақстандық жолдың тәжірибесі.
Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана. Екішіден, ұлттың бірлігі, қоғамымыздағы бейбітшілік пен татулық. Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және биік руханият. Төртіншіден, индустрияландыру мен жаңғырту негізіндегі экономикалық өрлеу. Бесіншіден, бұл- жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Алтыншыдан, қауіпсіздік және еліміздің жалпыәлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге жахандық қатысуы. Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық,, ұлы жеңістерімізді мемлекет құратын жалпыұлттық құндылықтарымызда жатыр».
Бұл идеяның өзі қалыптасуы барысында мазмұны мен нышан белгісі жағынан да, жеке дара көзқарас тұрғысынан да белгілі бір өзгерістерге ұшырады. Идеяны ілгеріліткен Қазақстан Халық Ассамблеясы болды.
«Мәңгілік Ел» идеясы: жаңа қазақстандық отансүйгіштік қасиетке; барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігіне; қазақ тілінің жәнп тілдердің үш бірлігіне; мәдениет пен дәстүрлердің және өзіндік ерекшеліктің қайта жандануына тәрбиелейді.
Қазақстан өзін күллі әлемде танымал ететін нышандарды іздеуді жалғастырып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республиканың бүкіл дүние жүзіне танылатын, оны басқа елдерден қалыптастыратын белгі нышанын құру жайында ұсыныс жасады. Астанада сөйлеген сөзінде Елбасы: «Тіпті менің өзім де осы мәселе жайында ойлай бастадым. Мысалы, Жапония- Күншығыс елі, Корея- Таң самалы елі, Нидерланды- қызғалдақтар елі, Қытай- Аспанасты елі деп аталады. Ал біз- Ұлы дала еліміз!»- деді.
Президенттің сөзі бойынша, егемен ел болып, дамудың жиырма бес жылы ішінде бізде барлық қазақстандықтарды.біріктіретін және еліміздің болашағынң іргетасын қалайтын басты құндылықтар құрылды:
1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана
2. Қоғамдағы ұлттық татулық пен бірлік, бейбітшілік пен келісім.
3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық
4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу
5. Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы
6. Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы
7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы
83. Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы саяси жүйе - 1990 - 2000 жылдардағы саяси модернизациялаудың нәтижесі.
Қазақстандағы саяси модернизация
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық,
құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Елімізде саяси
партиялардың және партиялық жүйенің орнығуына, күшті заң шығарушы
органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың
дамуына көп көңіл бөлінді.
Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін,
мақсат-мұратын білдіретін қастерлі рәміздерді құрмет тұту, сыйлау,
асқақтата дәріптеу қазақстандық әрбір азаматтың ең қымбатты борышы.
Рәміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап
көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Елтаңба,
Ту, Әнұран - әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым
Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше
мәртебелі күн.
Қазақстан Республикасы туының авторы – Ш.Ниязбеков. Тудың
біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика
тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн – энергия
көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мемлекеттік билікті,
кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың
нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік
тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда “Қошқар мүйіз” деп аталатын қазақы
өрнек салынған. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары – Ж.
Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы
берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Қазақстан Әнұраны
әуенінің авторлары – композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л.
Хамиди болса, мәтінінің авторлары – ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т.
Молдағалиев, Ж. Дәрібаева. Әнұранда халқымыздың еркіндікке құштар
көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс
тапқан. Әнұран патриоттық сезімнің белгісі. Әнұранның әуені 1992 ж. 4
маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.
2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп,
бұрынғы Әнұранның орнына жаңа Әнұранның мәтіні қабылданды. Еліміздің
жаңа Әнұраны - жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің
авторы – Жұмекен Нажмиденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов.
Жаңа Әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаев тарапынан толықтырылды.
Ал 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер
күні болып белгіленді. Бұл – Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет
белгісі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір
жарқын көріністерінің бірі.
Астана – егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. 1997 жылы Республика
Президенті Н.Ә.Назарбаев астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына
көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл тарихи шешімнің
қабылдануына қаланың өте ірі көліктік жолдардың тоғысында, еліміздің
ұтымды геосаяси орталығында орналасуы себепкер болып, ол көп жағдайда
біздің жас мемлекетіміздің келешек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998
жылы 6 мамырда жаңа елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды.
Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»
ҚР-ның Заңы қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның
жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Біз айрықша қысқа
мерзімнің ішінде еліміздің дәл ортасында жаңа астанамызды тұрғыздық.
Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды.
Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар –
парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы конституциялар қабылданды,
тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Қазақстанда көппартиялық жүйе пайда
болды. 1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси
қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. Ал 2003 жылы саяси
партиялардың саны 19-ға жетті. Жаңадан халық арасында танымал “Отан”,
“Ақ жол” т.б. партиялар бой көтерді.
1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінше қоспалаталы парламент
сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан
әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті,
көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде
елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі
депутаттарын сайлауды айтуға болады.
1999 жылғы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына
балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі
С.Ә.Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ.Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің
төрағасы Ғ.Е.Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Президентін сайлауға барлық сайлаушылардың
87,05 проценті қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н.Ә.Назарбаев
жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып
сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79
проценті өз дауыстарын берді.
Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995 жылы
қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз егемендік
алғаннан бері екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі – 1993 ж.
қаңтарында өмірге келді. Бірақ оның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі бар
еді. Бірінші Конституцияны жасауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап
айтсақ, ел ішінде болып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік
процестерді бірден ой елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін
ғылыми тұрғыдан нақты айқындау әлі мүмкін болмады. Осындай себептерге
байланысты жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туындады. 1995 жылы 30
тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы референдумда еліміздің жаңа
Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанды, көптеген
өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң 4 бөлім, 21 тарау,
131 баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан едәуір қысқарып, 9
бөлімнен, 98 баптан тұрады. Онда еліміздің экономикалық күш-қуаты мен
мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік
топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу
ескерілді. Жаңа Ата Заң құқықтық мемлекет құруға бағдарланған.
Конституцияның кіріспесінде: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның
ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары”,- делінген. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы
және сот биліктеріне бөлінеді. Конституция бойынша Қазақстан
Президенттік республика болып табылады. Президент елдің ішкі және
сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін мемлекет басшысы, ең
жоғарғы лауазымды адам болып есептеледі.
Конституцияда Парламенттің орны мен атқаратын қызметі айқын
белгіленген. Ол заңдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент – Сенат
және Мәжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламентте мұндай екі
палата деген ұғым болған емес. Жаңа Конституцияда екі палаталы
парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген. Жоғары мемлекеттік
органдар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның
қызметтері де айқындалған. Бұрынғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете
тиянақталмаған
көптеген
маңызды
мәселелердің
түйіні
кейінгі
Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе, жер, тіл, азаматтық,, негізгі
құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы
және Президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі
баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.
Қорыта келгенде, біздің жаңа Конституциямыз, еліміздің рәміздері
халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы аңсаған шынайы егемендікке қол
жеткізгендігінің
нақты
көрінісі
болып
табылады.
Сондықтан
республикамыздың әрбір азаматы Ата Заңымыздың мазмұнын жете біліп,
оның талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік
нышандарды құрметтеуге міндетті.
2007 жылы мамырда «Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Ол республика
халқы тарапынан түсіністікпен жылы қабылданды. Конституциялық
реформалардың негізгі мақсаты – қоғамды одан әрі демократияландыру. Бұл
жаңа өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мәні қандай? Біріншіден,
президенттік жүйеден басқарудың президенттік-парламенттік моделіне
көшудің конституциялық негізі қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз
өкілеттілігін Парламентке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар
өзгерістер енгізілді. Парламенттің құзіреті едәуір кеңейтілді. Президенттің
құзіреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін Президент 7 жылға емес, 5
жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы міндеттер мен
жауапкершілікті Парламентпен бөлісті. Президент Үкімет басшысын саяси
партиялардың фракцияларымен ақылдасып-кеңесуден кейін әрі Мәжіліс
депутаттары көпшілігінің келісімімен ғана тағайындайтын болды, яғни
Президент үкіметті жасақтауды Мәжіліспен келісіп шешеді. Енді Премьер-
Министрді бекітуде, демек бүкіл Үкіметті де бекітуде басты рөл Мәжіліске
беріледі.
Парламенттің мәртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгізілді.
Біріншіден, оның сандық құрамы өсті. Мәселен, Мәжілісте енді 107 депутат
болады. Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай мажоритарлық
жүйемен жеке округтар бойынша емес, пропорционалды негізде партиялық
тізім бойынша сайланады. Депутаттар сайлаудың пропорционалдық жүйесіне
көшу саяси партиялардың қоғамдағы рөлін арттыруға, әрі депутаттардың
сапалық құрамын жақсартуға көмектеседі. Парламент бюджетті бекітуге ғана
емес, оның орындалуына да бақылау жасай алады. Палаталардың бірлескен
отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің бекітілген бюджеттің орындалуы туралы
есебін қарап бекітеді. Егер оны бекітпесе, бұл Үкіметке білдірілген
сенімсіздік деп танылады. Мәжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін
бұрынғыдай депутаттар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай
көпшілік дауысы жеткілікті болады. Сөйтіп, Конституцияға енгізілген
түзетулерге сәйкес Үкіметтің Мемлекет басшысының алдында ғана емес,
Парламент алдында да жауапкершілігі белгіленеді.
Сонымен бірге қазір, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес
Мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады. Сенат
депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен кеңескеннен кейін тағайындалады.
Сенат та көп өкілеттілікке ие болады. Ол Ұлттық банктің төрағасын, Бас
прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындау және
оларды қызметтен босату жөнінде Президентке келісім береді. Сенат құрамы
республика Президенті тағайындайтын 15 депутаттың есебінен көбейтілді.
Парламенттегі 154 депутаттың 47-сі сенаторлардан құралады. Сенат пен
Мәжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді. Көбінесе өздері
жеке жұмыс істейді. Мәжіліс өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сенат бүкіл
Парламент үшін жұмыс істей береді.
Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жаңа
деңгейге көтеріледі. Мәслихаттардың бұл бағыттағы мәртебесі күшейтіледі.
Жергілікті мәслихаттар мен олардың депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілді.
Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылады. Мәслихаттар
жергілікті әкімдерді тағайындауға келісім береді. Ендігі жерде облыстардың,
қалалар мен аудандардың әкімдері сол деңгейлердегі мәслихаттардың
келісімімен ғана тағайындалатын болады. Сондай-ақ мәслихаттарға басым
көпшілік дауыспен әкімдерге сенімсіздік білдіру, оларды қызметінен босату
жөнінде мәселе көтеру құқығы берілді. Осылайша, мәслихаттар мен олардың
депутаттарының саяси рөлі арта түседі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі
мәслихаттар болатыны Конституцияда баянды етілген.
Конституциялық реформада саяси партиялардың қоғамдағы рөлін
күшейтуге көп негіз жасалған. Сайлауда жеңіске жеткен партия үкімет
жасақтауға мүмкіндік алады. Конституциядағы қоғамдық бірлестіктерді
мемлекеттік қаржыландыруға салынған тыйым алынып тасталды. Енді саяси
партиялар бұл қаржыға иек арта алады. Республика Президентінің өз
өкілеттілігін атқару кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтата
тұратындығы туралы 43-баптағы 2-тармақ алынып тасталды. Енді
Президенттің саяси партияны басқаруға құқығы бар. Бұл да саяси партияның
рөлін арттыра түспек.
Сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар
ескерілді. Судьяны іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғары Сот
Кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай барлық деңгейдегі соттардың
судьяларын тағайындауға ұсынымды Жоғары Сот Кеңесі жасайтын болады.
Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау біршама жақсартылған.
Елімізде 2004 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған болатын.
Енді өлім жазасы іс жүзінде қолданыстан шығарылды. Өлім жазасын жою
заңды түрде енгізілді. Жаңа өзгерістерге байланысты біздің елімізде
адамдарды апатқа ұшыратуға соқтырған террорлық қылмыстар жасағаны
үшін, сондай-ақ соғыс кезінде ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ғана
адамдарға өлім жазасы қолданылады, әрі олардың кешірім жасау туралы
өтініш ету құқы да қарастырылған.
Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға
бағытталған Конституцияның 16-бабының 2-тармағы жаңа редакциямен
қабылданды: Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың
санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған
адамға шағымдану құқығы беріледі. Прокуратура органдары бұл құқықтан
айырылады. Соттың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге
ұстауға болады. Мұның өзі адам құқығын сақтауға бағытталған оң өзгеріс
болып табылады.
Жаңарған Конституция бойынша жасы қырыққа толған, мемлекеттік
тілді толық меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, туа
республиканың азаматы болып табылатын кез келген адамның Президент
болып сайлануға құқығы бар.
Конституцияға енгізілген жаңалықтардың ішінде парламентарийлердің
ұсынысымен енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы «Ел Президенті болып бір
адам қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды» деген тұжырым одан әрі
күшінде қалып, ол «бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президентіне қолданылмайды» деген сөздермен толықтырылды. Мұны
палаталардың бірлескен отырысында депутаттардың өздері көтерді. Тұңғыш
Президенттің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесін қалаудағы ерен еңбегін
бағалай отырып, елдің экономикалық қуатын арттыру, қорғаныс қабілетін
күшейту, республиканы бүкіл әлемге таныту жолындағы қыруар істеріне
көрсетілген құрмет ретінде осындай қадамға барғанын депутаттар ашық
айтты. Екі депутаттан басқасы мұны бірауыздан қолдады. Соған сәйкес Н.
Назарбаев тұңғыш Президент әрі жалпыға танылған ұлттық көшбасшы
ретінде ерекше құқыққа ие болып, Конституцияда белгіленген екі мерзімнен
тыс, әрине, баламалы негізде мемлекет басшысының лауазымына дауысқа
түсу мүмкіндігін алды.
Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар сипаты
Конституциямыздың жаңа мазмұнға ие болғанын көрсетеді. Бұл
Конституциялық реформа заман талабынан, тарихи қажеттіліктерден туған
еліміздің алға басуының, ілгерілеуінің маңызды алғышарты болып табылады.
Біздің еліміз саяси жаңарудың, демократиялық дамудың жаңа кезеңіне аяқ
басты.
2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің
төменгі палатасы - Мәжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару
органдары – облыстық және аудандық мәслихаттарын мерзімінен бұрын
сайлау 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар
енгізілуімен байланысты болып, ол елдің президенттік басқарудан
президенттік-парламенттік басқару түріне өтуін заң жүзінде баянды етті.
Мұндай қадам демократияны дамыту мен азаматтық қоғам құруға
бағытталған Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып отырған
саясаттың қисынды нәтижесі болды.
Тәуелсіз
Қазақстанның
тарихында
тұңғыш
рет
бұл
сайлау
пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті. Мажоритарлық
жүйеден кетіп, саяси партиялар бәсекеге түсетін сайлау жүйесін
қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Ел азаматтарының өз
еріктерін еркін білдіруі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы жеңімпаз атанды,
бұл партияны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
басқарады. Сөйтіп, елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан»
халықтық-демократиялық партиясы қатарластарынан озып шықты. Әрине,
нұротандықтар басқа партиялар сияқты науқан кезінде ғана емес, қай кезде
де үздіксіз жұмыс жүргізіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне тұрақты атсалысты.
Сайлауға электораттың 65 пайызға жуығы қатысуы жағдайында бұл партия
дауыстардың 88-ден астам пайызын жинады, сөйтіп, заңмен белгіленген жеті
пайыздық сайлау кедергісінен өткен бірден-бір саяси күшке айналды.
Мониторингтің нәтижелері бойынша, тұтастай алғанда, Қазақстан
Республикасындағы кезектен тыс сайлау елдің қолданыстағы заңына сәйкес
өткізілді. Дауыс беру барысында анықталған жекелеген ұсақ-түйек заң
бұзушылықтар сайлаушылардың еркін білдіруіне ықпал еткен жоқ. Барлық
саяси партиялармен қатар, үміткерлерге тең жағдай жасалды. Бұқаралық
ақпарат құралдарында белгіленген күнге дейін сөйлеуіне, халыққа өз
бағдарламасын таныстыруына мүмкіндік берілді.
Сөйтіп, біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің
тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың
ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін
тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.
Қазақстан
Республикасының
егемендігінің
жариялануы
және
мемлекеттік тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және социалистік
саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет
жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне
жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-
мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси
партиялар қалыптасты. Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси
партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық,
халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен құқықтарын
қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында
кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық
қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды.
1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті
болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты.
Мұның өзі партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. Бұл
жағдай Қазақстан Компартиясының жұмысына теріс әсерін тигізді. Сөйтіп,
1991 жылғы қыркүйек айында өткен республика Компартиясының төтенше
съезінде
оның
қызметі
тоқтатылды.
Өзін
Компартияның
ісін
жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы құрылды.
Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда
Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы
саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай және партияның таяудағы
міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған
Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Сондай-ақ, бірқатар
коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін
қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады.
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек
демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты
қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп
дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық
қозғалыстар тек құқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс
жасап отыруға тырысты.
Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да
сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан
комсомолының кезектен тыс ХҮІІІ съезі болып өтті. Съезд делегаттары
республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде
шешім қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен
мүдделерін қорғау міндеті қойылды.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының
рөлін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мұшелерінен жиналған
қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық
кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ
Кеңестері болып қайтадан құрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ
ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы – ол әр түрлі саяси және
мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алды. Бұқара халықтың мүддесін
қорғауда олар көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік
және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын
жағдайға қолдарын жеткізді.
Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс
төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман
әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы, “Айша”, “Ақ отау”
және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Сөйтіп, республикада 1991
жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс
істеді.
Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ. 80-ші жылдардың 2-ші
жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси
өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.
Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде),
«Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат»
азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді.
Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде
Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның
болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін»
(1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық
қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық
бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге
жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж.
олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден
астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық
жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж.
26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек),
Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның
республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда
«Алаш» ұлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы
(1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан),
Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан),
Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның
демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси
партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды.
Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы
Конституциясының 5 бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
«Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы»
(2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе
дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17
қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17
желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар),
Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат»
демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің
демократиялық паартиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының
партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 2002 жылдың 2-ші жартысында
Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол»
демократиялық партиясының құрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15
шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси
партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері,
қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік
органдармен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. Көппартиялық
институтының пайда болуы елде азаматтық қоғам орнатудың маңызды
белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде
демократияның орныққанын, саяси құқықтардың қамтамасыз етілгенін
дәлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді.
«Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. өзгертулер енгізілуіне
байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның
аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы,
Қазақстан коммунистік партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы,
Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық
«Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік
әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық
және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты
дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді.
Саяси партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын,
оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады.
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани
өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру,
ғылым мен мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бұрынғы
Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың
қыспағынан құтылды.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан Қазақстанда білім
жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңғы жылдары оқу мазмұны
өзгерді, білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді.
Бірыңғай орта мектептермен қатар гимназиялар, лицейлер, жеке және
авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Көптеген жаңа
оқулықтар шығарылды. Мектептерде бұрын КСРО тарихы оқытылып келсе,
енді қазақ халқының өз тарихы терең талданып оқытылатын болды.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша
2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007
болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і
өзбек, 3 тәжік, 1 украин мектебі. Соңғы жылдары республикада қазақ тілінде
оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп
оқушыларының 54,4%-ін қамтыған. Республика мектептерінде техникалық
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң
қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден
келген. “Интернет-мектепте” бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның
ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім беретін
мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі жұмыстар белсенді түрде
жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін
қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді. Соңғы
он жылда (1997-2007 жж.) білім саласын мемлекеттік қаржыландыру көлемін
6,7 есе арттыруға қол жеткізілді. (Тәуелсіздіктің 16 жылдығына арналған
салтанатты жиналыстағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөзінен. /Егемен
Қазақстан. 15.12. 2007 ж.).
Жылма жыл мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көтеріліп келеді. 2006
жылдан бері жоғары оқу орындарының таңдаулы 200 оқытушысына
конкурстық негізде құны 15 мың АҚШ долларына тең «Жоғары оқу орнының
үздік оқытушысы» гранты тапсырылып жүр. Жыл сайын республикалық
бюджет қаржысының есебінен 30 мыңнан астам педагогтың қайта
дайындықтан өтуі мен біліктілігінің арттырылуы жүзеге асырылуда.
Еліміз егемендік алған жылдары жоғары және орта арнаулы білім
беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды.
Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық
техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі және
сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа
факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет Яассауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік
университеті,
Сыртқы
істер
министрлігі
жанынан
Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс істеп жатыр. 1997 жылы
республикада мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке
меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары
оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған керісінше мемлекеттік емес жоғары
оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және
ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу
орындары қалдырылды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру
саласында халықаралық қарым-қатынас кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған
оқушылар, студенттер және аспиранттар оқуларын шет елдерде жалғастырып
жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан “Болашақ”
бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, республиканың жоғары оқу
орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-
қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және т.б. жерлерге оқуға
жіберіледі. Қазақстан мемлекет есебінен жылына 3 мың студентті әлемнің 25
университетіне оқуға жіберуде. Соңғы 13 жылда 2 мың қазақстандық
шетелдердің жоғары оқу орындарында білім алып қайтты (Егемен Қазақстан,
27.11.2007). Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шетелдерде
білім алуда. Олар Қазақстанның кадрлық әлеуетінің перспективалық негізі
болады (Егемен Қазақстан. 15.12.2007).
2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымды қаржыландыру 7 есеге
артты. Бүгінде Қазақстанда бір мың жұмыс істеушіге 3 ғалымнан келеді, ал
енді Ресейде бұл көрсеткіш 7,5-ке, ЕО-да – 5,8-ге, АҚШ-та – 9,3-ке тең.
Біздің деңгейді орташа еуропалық деңгейге дейін көтеру үшін біз ғылымды
қаржыландыруды 2012 жылы 25 есе ұлғайтып, оны жылына 350 миллиард
теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз (ҚР Президентінің Интернет-
конференциясы. Егемен Қазақстан, 8.06.2007). Сондықтан да бүгінде ғылым
және білім беру салаларында жоғары қазақстандық стандарттарға қол жеткізу
үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ғылымды дамытуда бірқатар басым
бағыттар белгіленді. Астанада арнаулы ғылыми зертханалар құрылды.
Кейінгі жылдары әдебиет пен ұлттық тілдің мәртебесін көтеруде
бірқатар шаралар іске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз
жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге
асты.
А.Байтұрсыновтың,
М.Жұмабаевтың,
М.Дулатовтың,
Ш.Құдайбердиевтің,
Ә.Бөкейхановтың,
Х.Досмұхамедовтың,
Ж.Аймауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Іс жүргізуді
қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге
асырылуда. Барлық жоғары және арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде
оқыту бөлімдері ашылды.
Экономикалық қиындықтарға қарамастан республикада мемлекеттік
театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың
музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты,
Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша
ғылыми орталық ашылды. Өнерде менеджменттің тиімді үлгілері өмірге
келді. Мысалы, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін
ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды
жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш
рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық
мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов “ПЕН-
клубын” ашты. Осының бәрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз
идеяларын жүргізу үшін тиімді де пайдалы нысандар тауып жатқанын
көрсетеді.
Мәдениетті дамытуда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен
мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет
саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39
орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді.
Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың
2000 жылды – Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы
болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық
базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет
мекемелері жаңадан ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда,
Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылған театрлар бар.
Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500
жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды дайындау және
өткізу барысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яассауидің кесенесі, Әзірет
Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы т.б. нысандар қайтадан
жаңғыртылды. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕСКО
деңгейінде атап өтілді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде ұлтымыздың
мәдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта
бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында ұлы Абайдың 150 жылдығы, ал
1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916
жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар
достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау
еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президенті
жарлығымен 1997 жыл жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл – Халық бірлігі мен
ұлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы 23 ірі-ірі ғылыми
форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ұлттық
ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан,
Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих
проблемаларына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, “Жібек жолы
және Қазақстан”, “А.Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері”,
“Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуірі” сияқты халықаралық және
көптеген республикалық ғылыми конференциялар жоғары деңгейде
ұйымдастырылды. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші
елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар
аттандырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде,
Ордабасы тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағында
археологиялық зерттеулер жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл -
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен
байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мәдени-тарихи мұраны
сақтап, оны жинақтап келешек ұрпақтың игілігіне айналдыру міндеті
қойылды. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени
объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып,
10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүние жүзілік мұраларды сақтау орталығының
жасалған тізіміне енгізілген.
Қазақстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мәдени мұраларды,
әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы
жылдары
“Қазақстан
ұлттық
энциклопедиясының”
10
томы,
Н.Ә.Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында”, “Сындарлы онжылдық” т.б.
еңбектері, 10 томдық “Тарихи және мәдени ескерткіштер” жинағы, Мұстафа
Шоқай шығармаларының екі томдығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ
тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы
жарық көрді. Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, “Алаш мұрасы”
атты көп томдық серияларын, Ә.Марғұлан еңбектерінің 14 томдығын,
М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин тағы да басқа қазақ
әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға
алынды.
Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық
мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті
тұр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев “Ішкі және сыртқы
саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” Жолдауында мәдениетті
дамытудың нақты жолдарын “Мәдени-тарихи мұраны сақтау” деген
бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған:
Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы
заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын
зерделеудің біртұтас жүйесін жасау.
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи
және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін
қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау.
Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен
әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды
қорын жасау.
Қорытып айтқанда, мұның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған
тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар
аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты
екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |