Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
23
байланысты қосымша (бақылаушы) дәлелдемелер-
ден тұратын кешендер де кіреді.
Мысалы, № 019722 қылмыстық ісі бойынша
Қызылорда қалалық ішкі істер бөліміне қаланың
тұрғындары Сейлбаев, Қапажанова, Ересековадан
пәтерлеріне
ұрлық
жасалғандығы
туралы
хабарлама түскен [7]. Аталған азаматтардың
барлығы бір ауданда тұратын болып шыққан.
Тергеу амалдары нәтижесінде қала тұрғыны азамат
Смангелдиев ұсталған. Смангелдиевтің пәтерге
ұрлыққа түсу ісі бойынша аралық фактінің бірі
ретінде айыпкердің осы пәтерде болу фактісі
қатысқан; бұл факт келесі дәлелдемелермен
анықталған:
а) киім ілетін шкаф айнасынан және есігінен
айыпкердің
қолдарының
іздері
табылып,
бекітілген;
ә) сарапшы қорытындысы бойынша бұл іздер
айыпкерге тиесілі
екені анықталды;
б) Смангелдиевтің бұл пәтерде еш уақытта
болмағандығын айтқан көрсетулерінен (демек,
саусақ іздері бұл жерде кездейсоқ қалдырылуы
мүмкін емес);
в) куә Жаманованың айыпкердің осы пәтерден
шығып бара жатқанын көргені, оның түр -
сипатының белгілерін ауызша суреттеп бергені
және осы белгілері бойынша оны таныған
көрсетулері;
г) куәнің берілген жағдайда айыпкерді тек көріп
ғана қоймай, сонымен қатар оның түр-сипатының
белгілерін, киімін ажырата алуға мүмкіндігінің
болғандығын дәлелдеген тергеу экспериментінің
жүргізілуі;
ғ) айыпкердің үстінде қылмыс оқиғасы болған
күні куәгер көрген киімі болғандығын растаған
айыпкердің көңілдесінің көрсетулері.
Осы дәлелдемелердің барлығы өз жиынтығында
бір аралық фактіні: айыпкердің қылмыс жасалған
жрде болғандығын анықтайтын жеке жүйе
құрайды. Бұл жеке жүйеге осы фактіні анықтайтын
пәндік дәлелдемелер (саусақ іздерінің болуы,
сараптамашы қорытындысы, куәгер көрсетулері)
және қосымша дәлелдемелер (тергеу эксперименті-
нің мәліметтері, айыпкер мен оның жұбайының
көрсетулері) жатады. Соңғылары аралық фактілер-
ді тікелей анықтамайды, бірақ пәндік дәлелдеме-
лерден туындайтын тұжырымдардың сенімділігін
нығайтады.
Дәлелдемелердің
мұндай
жеке
жүйелері
дәлелдеудің бірінші кезеңінде қалыптасады және іс
бойынша
дәлелдемелер
жүйесінің
негізгі
құрылымдық буыны болып табылады. Олардың
дәлелдемелер
жиынтығынан
ерекшеленуінің
тәжірибелік маңызы тек қылмыстық іс бойынша
дәлелдемелердің
жалпы
жүйесі
құралатын
құрылымдық элементтер болуында ғана емес. Кей
жағдайларда тергеуші дәлелдемелерді берілген
қайнар
көздер
арқылы
қандай
фактілер
анықталатындығына талдау жасамай, дәлелдемелер
алынған қайнар көздерінің санымен есептеуге
бейім болады. Сырт көзге бұл сенімді болып
көрінуі мүмкін. Мысалы, жоғарыда келтірілген
жеке
жүйе
айыпкердің
кінәсі
заттай
дәлелдемелермен, тану нәтижесімен және айыпкер
мен оның көңілдесінің көрсетулерімен дәлелденген
айыптау қорытындысынан немесе үкімнен көрініс
табуы мүмкін. Бірақ мұндай тұжырым негізсіз
болар еді, себебі, аталған дәлелдемелердің барлығы
тек бір ғана аралық фактіні, яғни айыпкердің
қылмыс орнында болу фактісін ғана анықтайды.
Бұл тізімге осы фактіні анықтайтын тағы да бір-
неше дәлелдемелер қосылса да жағдай еш өзгер-
мейді: олардың барлғы тек бір ғана аралық фактіні
анықтаушы ғана болады. Жеке жүйеге кіретін
дәлелдемелерден тек ғана аралық фактінің болуы
жөнінде сенімді тұжырым жасауға болады – бұл
мәселе тергеу тәжірибесінде әрдәйім ескерілуі тиіс.
Дәлелдемелер жүйесінің атқаратын қызметі
(функциясы) – дәлелдеуге жататын барлық мән-
жайларының шынайы анықталуы болып табылады.
Берілген жүйе шегінде оны құрайтын әрбір жеке
жүйе мен дәлелдеме іс бойынша дәлелдеуге
жататындардың қатарынан нақты мән-жайларды
анықтай отырып белгілі бір қызмет атқарады. Осы
функционалдық белгі негізінде іс бойынша
дәлелдемелер
жүйесі
құрылуы
тиіс:
жеке
дәлелдемелер мен олардың жеке жүйелері дәлелдеу
пәнінің нақты элементтерімен байланысы белгілері
бойынша біріктірілуі тиіс.
Қорыта келе мынадай тұжырымға келдік.
Жанама дәлелдемелер жүйесі өзіне ғана тән
ерекшеліктері бар және өз жиынтығында бір-
бірімен тығыз байланыста болатын құрамдас
элементтерден құралады. Тек осы байланыста ғана
олар тізбектелген жүйе құрап, тұтастыққа
айналады.
Достарыңызбен бөлісу: