Қазақстанның Ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Бір жылда 6 рет жарық көреді Құрылтайшы: «ҚҰҚЫҚТЫҚ миссия»



Pdf көрінісі
бет4/43
Дата03.03.2017
өлшемі5,5 Mb.
#5910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Алимкулов Е.Т. 
з.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ  ЖАНАМА  ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР  ЖҮЙЕСІ  
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Резюме. В данной статье рассматривается структура и особенности косвенного доказательства в уго-
ловном процессе. 
Summary.  This article discusses the structure and features of the indirect evidence in criminal proceedings 
 
Жанама  дәлелдемелердің  өз  сипаты  бойынша 
да,  пайда  болуының  қайнар  көздері  бойынша  да, 
өзінің  іс  жүргізушілік  нысандары  бойынша  да, 
жинақтау 
әдістері 
бойынша 
да 
тікелей 
дәлелдемелерден  айырмашылығы  жоқ.  Олар  тек 
дәлелдеу  пәнімен  байланысы  бойынша  ғана 
ажыратылады.                                                                                                              
   Заң  әдебиеттерінде  жанама  дәлелдемелердің 
тікелей  дәледемелерден  ажыратудың  бір  белгісі 
ретінде  жанама  дәлелдемелерге  қарағанда  тікелей 
дәледемелер  дәлелденетін  мән-жайлардың  кең 
шеңберін  анықтайтындығы  жөнінде  көзқарастар 
айтылған  [1,  23  б.].  Мұндай  пікірлер  тек  сыртқы 
белгілерге  ғана  негізделген:  дәлелдеу  пәніне 
кіретін 
жекелеген 
фактілер 
егер 
тікелей 
дәлелдеменің  шынайылығы  күмән  тудырмайтын 
болса  бір  ғана  тікелей  дәлелдемемен  анықталуы 
мүмкін;  осы  фактіні  жанама  дәлелдемелер  арқылы 
дәлелдеу үшін жанама дәлелдемелердің жиынтығы 
қажет.  Сыртқы  белгілеріне  қарай,  шынында  да, 
жанама  дәлелдемелер  тікелей  дәлелдемелерге 
қарағанда  дәлелденетін  мән-жайлардың  аз  ғана 
көлемін анықтайды: бір фактіні анықтауда бір ғана 
тікелей  дәлелдеменің  орнына  бірнеше  жанама 
дәлелдемелер  қолданылады.  Шын  мәнінде  бір 
жанама  дәлелдеме  дәлелдеу  пәніне  кіретін  мән-
жайлардың  ешқайсысын  да  сөзсіз  анықтай 
алмайды.  Бұл  мақсатқа  жету  айғақтар  жиынтығы 
арқылы  ғана  мүмкін  болады.  Егер  қандай  да  бір 
мән-жай 
үш 
жанама 
дәлелдеме 
арқылы 
анықталатын  болса  олардың  әрқайсысының  мән-
жайдың  «үштен  бірін»  анықтайды  деген  сөз  емес: 
ізделінетін 
мән-жайды 
тұтастай 
алғандағы 
айғақтардың  жиынтығы  ғана  анықтай  алады,  ал 
әрбір  жеке  алынған  жанама  дәлелдеме  өз  бетінше 
ешқандай  мән-жайды  анықтай  алмайды.  Бұл  әрбір 
жанама дәлелдеменің дәлелдеу пәнімен байланысы 
осы  дәлелдеменің  басқаларымен  байланысының 
жүйесіне  толық  талдау  жасау  арқылы  анықталуы 
мүмкін екендігімен түсіндіріледі.Мұндай байланыс 
тікелей 
дәлелдемелердің 
дәлелдеу 
пәнімен 
байланысына  қарағанда  жасырын  сипатта  болады. 
Жанама  дәлелдемелерді  қолданудың  бірінші 
ерекшелігі  мынада:  дәлелдеу  процесінде  әрбір 
жаңадан  анықталатын  аралық  фактінің  тергелетін 
қылмыспен  байланысы,  тіпті  осы  байланыстың 
болуының  өзі  жайлы  тек  болжам  жасауға  ғана 
болады. 
Басқа 
дәлелдемелер 
арқылы 
бұл 
байланысты  шынайы  анықтағанға  дейін  берілген 
фактінің 
қылмыспен 
байланысының 
немесе 
байланыстардың  өзге  де  сипаттарының  болмау 
мүмкіндігін  де  болжауымыз  керек.  Іс  бойынша 
бірнеше  тергеу  болжамдарын  құру  мен  оларды 
тексеру  қажеттілігі  де  осымен  түсіндіріледі. 
Олармен  жиынтығында  алғашқы  аралық  фактінің 
дәлелдеу  пәнімен  байланысының  шын  мәніндегі 
сипаты  анықталатын  жаңа  дәлелдемелер  пайда 
болғаннан  бастап  біз  болжамнан  шынайылыққа 
өтеміз. Бұл мәселенің зор тәжірибелік мәні де бар: 
жанама  дәлелдемелер  арқылы  қылмысты  тергеуде 
қателіктердің  көпшілігі  тергеушінің  жекелеген 
жанама  дәлелдемелердің  қылмыспен  байланысы 
туралы  алғашқы  тұжырымның  болжамды  сипатта 
болатынын ұмытып, оған қоса басқа  дәлелдемелер 
жиынтығы  арқылы  мұндай  болжамның  дұрыс-
тығын  тексермей  оларды  объективті  шынайылық 
ретінде қабылдайтындығымен түсіндіріледі.  
Қарастырылып  отырған  мәселемен  жанама 
дәлелдемелерді  қолданудың  екінші  ерекшелігі 
тығыз  байланысты:  іс  үшін  әрбір  дәлелдеменің 
шынайы 
маңызы 
оларды 
қалғандарымен 
салыстыру 
арқылы 
ғана 
анықталады. 
Бұл 
жағадайда  мәселені  алдын  ала,  дұрыс  шешу 
қадамдары 
өрескел 
қателіктердің 
туындауы 
қауіпіне  әкеледі [2, 107 б.]. Әрбір аралық фактінің 
шынайы  мәнін  анықтау  тұрғысынан  дәлелдемелер 
жиынтығын зерттеу аса маңызды. Өйткені шынайы 
өмірде қажетті және кездейсоқ фактілер шиеленісіп 
жатады,  диалектикалық  өзара  байланыста  әрекет 
етеді [3, 12 б.]. Фактілердің кездейсоқ сәйкес келуі 
мен  олардың  заңды,  қажетті  байланысын  ажырату 
тек  дәлелдемелердің  жиынтығына  талдау  жасау 
арқылы ғана мүмкін болады.  
Тек өз жиынтығында ғана жанама дәлелдемелер 
шынайы  тікелей  дәлелдемелер  сияқты  істің  мәнді 
жағдайларын анықтай алады. 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
21 
 
 
Бірақ  жанама  дәлелдемелер  арқылы  ақиқатқа 
жету  үшін  олардың  белгілі  бір  талаптарға  сай 
келетін, тиісті белгілері бар жиынтығы қажет.  
Ең  алдымен  мұндай  жиынтықтың  тек  сандық 
көрсеткіштермен  ғана  сипатталмауының  және 
бытыраңқы  айғақтардың  қосындысы  болмауының 
қажеттігін айтуымыз керек. 
Сонымен  қатар,  қылмыстық  іс  жүргізу 
барысында  алынатын  түсініктемелер  жөнінде 
айтып  кеткен  жөн  сияқты.  Себебі,  қылмыстық  іс 
жүргізу 
заңнамасына 
сай 
түсініктемелер 
дәлелдемелердің  қайнар  көзіне  жатқызылады 
(ҚІЖК 123-б. 2-бөлігі). Осы мәселе жөнінде кейбір 
процессуалистер: 
«Қылмыстық 
процесте 
түсініктемелерді  дәлелдеме  ретінде  қолдану  үшін 
бізге қандай жағдайлар жасалуы тиіс?» деген пікір 
айтуда.           1) түсніктеме заңды негізде алынуы 
тиіс; 2) Сұралатын адамның құқықтары бұзылмауы 
тиіс;  3)  жауап  беру  ерікті  болуы  тиіс,  яғни 
жетелеуші 
сұрақтар 
қоюға 
болмайды; 
4) 
түсініктеменің 
мазмұнынан 
оның 
қайдан 
алынғандығы жөніндегі мәлімет болуы тиіс» деген 
көзқарастар да бар  [4, 38 б.]. 
Жанама  дәлелдемелер  ретінде  алуан  түрлі 
фактілер  қарастырылуы  мүмкін.  Сондықтан  оны 
дәлелдемелердің  тар  шеңберімен  шектеу  дұрыс 
емес 
сияқты. 
Бірақ 
тәжірибеде 
жанама 
дәлелдемелер  ретінде  қолданылатын  фактілер 
тізімін келтіруге болады: 
1)
 
қылмыстың 
заттай 
іздері, 
яғни 
қылмыспен  әртүрлі  заттарда  қалдырылған  іздер 
(кісі  өлтіру  ісі  бойынша  айыпкердің  киімінде 
табылған қан іздері); 
2)
 
қылмыскермен  қалдырылған  іздер  (қыл-
мыс  оқиғасы  болған  жердегі  табылған  аяқ  іздері 
мен оның айыпкердің аяқ іздеріне сәйкес келуі); 
3)
 
қылмыс  жасау  үшін  қажетті  қарудың 
болуы  (айыпкерге  қарау  жүргізгенде  одан 
жәбірленушінің  карточкалық  есебінен  ақша  алуға 
мүмкіндік  беретін  пластикалық  карточкасының 
табылуы); 
4)
 
қылмыстық  қол  сұғушылық  объектісі 
болып  табылған  заттардың  болуы  (айыпкердің 
үйіне  тінту  жүргізу  барысында  жәбірленуші 
пәтерінен  ұрланған  музыкалық  орталық  пен  бейне 
магнитафонның табылуы); 
5)
 
қылмыскердің  қылмыс  жасалған  жерде 
қылмыс  жасалған  уақытта  болуы  (куәлардың 
айыпкерді  қылмыс  болған  жерде  тікелей  қылмыс 
жасалған  уақыттан  кейін  көргендігі  туралы 
расталған көрсетулері); 
6)
 
қылмыс 
жасауға 
ниетінің 
болуы 
(айыпкер  мен  жәбірленушінің  арасындағы  даудың 
болуы); 
7)
 
қылмыскердің  қылмыс  жасауға  дейінгі 
қылмысты  жасауға  дайындықты  білдіретін  іс  - 
әрекеттері  (қылмыс  жасауға  қажетті  қару  – 
жарақты сатып алу); 
8)
 
қылмыскердің 
қылмыс 
жасалғаннан 
кейінгі қылмыс іздерін жасыру мен қылмыстық істі 
қозғауға  кедергі  келтіруге  бағытталған  іс  - 
әрекеттері  (куәларды  айыпкердің  жағына  қарай 
жалған көрсетулер беруіне үгіттеу); 
9)
 
қылмыс 
жасаумен 
байланысты 
айыпкердің  өмір  сүру  салтының  өзгеруі  (дүкенді 
тонағаннан  кейін  айыпкердің  автокөлік  алуы, 
пәтеріне  қымбат  техниканы  сатып  алуы)  [5,  377- 
390 бб.]. 
Диалектикалық материализм ілімі қандай да бір 
құбылыстың  немесе  оқиғаның  мәні  құбылыстың 
біріккен  қасиеттері  ретінде  қатысатын,  белгілі  бір 
бірлігімен, объективті байланыстарының болуымен 
ерекшеленетін  және  оқиғаны  немесе  құбылысты 
жан-жақты  сипаттай  отырып  оның  шынайы  мәнін 
тануға  мүмкіндік  беретін  құбылыстың  немесе 
оқиғаның  әртүрлі  қасиеттері  мен  белгілерінен 
көрініс табатынын айтады. 
Осылайша  танымның  жан-жақтылығы  оның 
ақиқаттылығының қажетті шарты болып табылады. 
Бұл  тұжырым  қылмыстық  сот  өндірісі  қағидалары 
ретінде  істің  мән-жайларын  зерттеудің  жан-
жақтылығын,  толықтығы  мен  объективтілігін 
орнықтыра  отырып  қазақстандық  қылмыстық  іс 
жүргізушілік заңнамасында да орын алған. Осыған 
орай  маңызды  міндеттерінің  бірі  қылмыстық 
оқиғаның  әртүрлі  көріністерін  табу,  бекіту  және 
зерттеу,  олардың  өзара  байланыстарын  анықтау, 
тергелетін  қылмыстың  әртүрлі  жақтары  мен 
элементтеріне  қатысты  дәлелдемелер  жинақтау 
болып табылады. 
Жанама 
дәлелдемелер 
арқылы 
қылмыс 
құрамының  барлық  элементтері  мен  белгілері,  іс 
бойынша  дәлелдеуге  жататын  өзге  де  мән-жайлар 
анықталады.  Жанама  дәлелдемелердің  жиынтығы 
дәлелдеуге жататын барлық мән-жайларды көрсете 
алуы  тиіс.  Басқаша  айтқанда,  бұл  жиынтық  айғақ-
тар  қосындысы  емес,  іс  бойынша  дәлелдемелердің 
жүйесі  болуы  қажет.  Мұндай  жиынтықты  зерттеу 
жүйелі 
әдістермен 
жүзеге 
асырылуы 
тиіс. 
Сонымен, қылмыстық іс  жүргізуде дәлелдемелерді 
қолданудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар  екендігін 
анықтадық.  Бұл  ерекшеліктер  жанама  дәлелдеме-
лердің 
дәлелдеу 
пәнімен 
байланысымен 
айқандалады.  
Кез келген жүйенің маңызды сипаттамасы – бұл 
элементтердің  реттілігі,  ұйымдастырылуы  мен 
құрылымы.  Жүйе  күрделі  құрылым  болғандықтан, 
онда  түрлі  деңгейлер  болады,  яғни  нәтижесі 
анғұрлым төмен деңгейдегі жүйелердің анағұрлым 
жоғары  деңгейдегі  жүйелерге  қосылу  мүмкіндігі 
болып 
табылатын 
иерархиялық 
құрылым 
айқындалады.  
Қылмыстық  іс  бойынша  дәлелдемелердің 
жиынтығына  жүйенің  барлық  белгілері  мен 
сипаттамалары  тән.  Сондықтан  ол  жүйе  ретінде 
қарастырылып, зерттелуі тиіс. 
Нақты  іс  бойынша  жанама  дәлелдемелердің 
жиынтығына  талдау  жасауда  жүйелі  зерттеу  аса 
маңызды  және  қажетті  болып  табылады.    Дәл 
осында  жүйенің  интегративті  қасиеттері  қылмыс 
оқиғасы  мен  оның  барлық  мән-жайлары  жөнінде 
шынайы  білім  алуға  мүмкіндік  береді.  Әрбір  жеке 
алынған жанама дәлелдеме арқылы оның дәлелдеу 
пәнімен  байланысын  тек  болжауға  ғана  болады. 
Белгілі  бір  тәртіппен  ретке  келтірілген  жанама 
дәлелдемелердің  жиынтығы  шынайы  тұжырым 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
22 
 
 
жасауға  негіз  бола  алады.  Бұл  қарама-қайшылық 
жанама дәлелдемелер жүйесінің жаңа, интегративті 
қасиеттерінің 
болуымен 
түсіндіріледі. 
Бірақ 
мұндай  интегративті  қасиеттер  пайда  болу  үшін 
дәлелдемелер жиынтығы жүйе құрып, оның барлық 
талаптарына жауап беруі тиіс.  
Дәлелдемелер  жиынтығы  жүйенің  интегративті 
қасиеттеріне ие болуы үшін ең алдымен белгілі бір 
тәртіппен ретке келтірілуі тиіс. Әрбір жүйенің  ішкі 
қасиеттері 
жүйелі-компоненттік, 
жүйелі-
құрылымды,  жүйелі  функционалдық  және  жүйелі-
интегративтік  аспектілермен  сипатталады.  Іс 
бойынша  дәлелдемелердің  жиынтығын  да  осы 
аспектілердің әрқайсысында қарастыруымыз керек.  
Оның  компоненттері  -  әртүрлі  белгілері 
бойынша  жіктелетін  дәлелдемелер  мен  аралық 
фактілер.  Олар  өзара  байланысы  жүйеге  тән 
қасиеттік 
ерекшеліктерін 
қамтамасыз 
ететін 
құрылымдық бірліктер болып табылады.  
Жүйенің  негізін  дәлелдемелер  құрайды.  Мұнда 
фактілер жөніндегі деректер олар алынатын қайнар 
көздерден  бөлінбеген.  Сондықтан  дәлелдемелер 
жүйесіне  оның  бірінші  деңгейінде  тек  фактілер 
жөніндегі нақты деректер ғана емес, сонымен қатар 
дерек  көздері  де,  бұл  деректер  қосылған 
процессуалдық нысандар да жатқызылуы тиіс. Бұл 
мәселені  ескеру  өте  қажет.  Себебі  дәлелдеу 
процесінің  бірінші  кезеңінде    фактілер  жөніндегі 
деректер  ғана  емес,  сондай-ақ  осы  деректер 
алынған  қайнар  көздер  мен  деректерді  алу 
тәсілдері де тексеріледі. 
Осыған 
орай 
қылмыстық 
іс 
жүргізу 
әдебиеттерінде 
өзекті 
болып 
табылатын 
мәселелердің бірі  -  бұл  бір  қайнар көзден алынған 
бірнеше  әртүрлі  фактілер  жөніндегі  деректер 
(мысалы,  бір  куәгердің  көрсетулеріндегі  деректер 
немесе  сарапшының  бір  қорытындысындағы  
деректер) бір ғана дәлелдеме ретінде қолданылады 
ма,  жоқ  әлде  әрқайсысы  жеке  дара  дәлелдеме 
ретінде  қарастырылуы  тиіс  пе?  Осының  негізінде 
қылмыстық  іс  жүргізу  заңнамасы  тек  белгіленген 
тәртіпте  алынған  шынайы  деректерді  ғана 
дәлелдеме  ретінде  есептейді.  Фактілер  жөніндегі 
деректердің  әрқайсысы,  бір  қайнар  көзден  алынса 
да жеке дара дәлелдеме ретінде қарастырылуы тиіс. 
Деректердің қайнар көздерінің бір болуы, олардың 
бір 
процессуалдық 
нысанға 
жинақталуы 
-   
деректердің  іс  үшін  маңызы  бар  екендігін,  заңда 
көзделген  қайнар  көзден  заңды  тәртіппен  алынған 
нақты 
бір 
фактіні 
бейнелейтінін 
жоққа 
шығармайды.  Екінші  жағынан  әртүрлі  қайнар 
көздерден  алынған  іс  үшін  маңызы  бар  бір  факті 
жөніндегі  деректерді  де  дербес  дәлелдемелер 
ретінде  қарастыруымыз  қажет.  Себебі  дәлелдеудің 
бұл кезеңінде фактілер жөніндегі деректер олардың 
қайнар көздерінен бөлінбей қарастырылады.  
Бұл  мәселенің  тәжірибелік  мәні  де  зор:  осы 
мәселе  негізінде  дәлелдеудің  бірінші  кезеңінде 
дәлелдемелердің 
қайнар 
көздері 
мен 
процессуалдық  нысандарын  ғана  емес,  сонымен 
қатар  фактілер  жөніндегі  деректердің  өздерінің  де 
шынайылығын  тексеру  қажеттігі  туындайды.  Куә 
өз  көрсетулерінде  бірнеше  фактілер  жөнінде 
деректер беруі мүмкін: олардың біреулері ақиқатты 
болса,  екіншісі  куәнің  шын  көңілмен  қателесуі 
салдары,  ал  үшіншісін  куәнің  саналы  түрде 
бұрмалап  айтуы  мүмкін.  Мысалы,  №  002105 
қылмыстық  ісі  бойынша  [6]  пәтерге  ұрлыққа  түсу 
фактісі  бойынша  жауап  алынған  куә  Таженов 
ұрлық  болған  уақытта  сағат  22.00  шамасында  ол 
баспалдақтан  көтеріліп  келе  жатып    сол  пәтерден 
басына  бейсболка  киген  жасы  18-20  шамасындағы 
жігіттің  шыққанын  көргенін  айтады.  Таженовтың 
ол  адамды  көргені  ақиқат,  бірақ  оның  жасына 
байланысты  берілген  мәліметі  қате  болуы  мүмкін. 
Себебі,  біріншіден,  подъезд  қараңғы  болатын. 
Екіншіден,  Таженов  оның  дене  бітімі  мен 
бейсболка  киюіне  қарап  өз  пікірін  шын  көңілмен 
шындыққа  ұластырған.  Шын  мәнінде  істі  тергеу 
барысында қамауға алынған Сәттібаев жасы 27-дегі 
бодибилдингпен  айналысатын  спортшы  болып 
шыққан. 
Осы 
мәліметтердің 
барлығының 
шынайылығы  туралы  мәселені  шешуде  тергеуші 
қайнар  көздердің  сенімділігін  тексерумен  ғана 
шектеле  алмайды,  ол  әрбір  факт  туралы 
деректердің  шынайылығына  басқа  да  жолдармен, 
атап айтқанда жаңа дәлелдемелер табу арқылы көз 
жеткізуі  тиіс.  Тәжірибеде  тергеуші  куәнің 
айғақтары  бойынша  оның  адалдығына,  бір  немесе 
бірнеше  фактілер  бойынша  берген  деректерінің 
шынайылығына  көзі  жетіп,  басқа  да  фактілер 
бойынша  оның  берген  деректеріне  сене  отырып, 
оларды 
өзге 
дәлелдемелермен 
тексермейтін 
жағдайлары да кездеседі. 
Дәлелдемелердің 
қатарына 
пәндік 
дәлелдемелермен  қатар  қосымша  (бақылаушы) 
дәлелдемелер 
де 
жатқызылады. 
Қосымша 
дәлелдемелер  пәндік  дәлелдемелермен  біріге 
отырып аралық фактінің болуын растайтын немесе 
жоққа шығаратын кешендер құрады. 
Жүйенің  екінші  деңгейінде  аралық  фактілер 
әрекет  етеді.  Әрбір  аралық  фактінің  шынайылығы 
дәлелдеудің  бірінші  кезеңінде  бірнеше  қайнар 
көздерден  алынатын  деректердің  жиынтығымен 
анықталатындықтан,  екінші  кезеңде  бұл  фактілер 
қандай  да  бір  қайнар  көздермен  байланыстардан 
тыс  қатысады:  тергеуші  қайнар  көздер  мен 
деректерді  алу  тәсілін  қажетті  тексеру  бірінші 
кезеңде  жүзеге  асырылатынын  негізге  алады  және 
айғақтарды  айқын  анықталған  фактілер  ретінде 
қолданады. 
Іс  бойынша  жанама  дәлелдемелердің  жүйесі 
міне  осындай  –  қайнар  көздермен  бөлінбейтін 
тұтастықта  алынған  дәлелдемелер  (қосымша 
дәлелдемелерді  қоса  алғанда)  және  аралық 
фактілер. 
Дәлелдемелер 
жүйесінің 
құрылымы 
оны 
құрайтын  компоненттерінің  өзара  байланысы 
арқылы  анықталады.  Ол  өзіне  дәлелдемелердің 
өзара  байланысы  сияқты  қылмыс  оқиғасымен 
байланысын да қосады. 
Жеке  дара  аралық  фактіні  анықтайтын  дәлел-
демелердің  жүйесі  дәлелдемелердің  жеке  жүйесін 
құрайды. Оған жеке пәндік дәлелдемелермен қатар 
пәндік 
дәлелдемелер 
мен 
олармен 
тығыз 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
23 
 
 
байланысты  қосымша  (бақылаушы)  дәлелдемелер-
ден тұратын кешендер де кіреді. 
Мысалы,  №  019722  қылмыстық  ісі  бойынша 
Қызылорда  қалалық  ішкі  істер  бөліміне  қаланың 
тұрғындары  Сейлбаев,  Қапажанова,  Ересековадан 
пәтерлеріне 
ұрлық 
жасалғандығы 
туралы 
хабарлама  түскен  [7].  Аталған  азаматтардың 
барлығы  бір  ауданда  тұратын  болып  шыққан. 
Тергеу амалдары нәтижесінде қала тұрғыны азамат 
Смангелдиев  ұсталған.  Смангелдиевтің  пәтерге 
ұрлыққа  түсу  ісі  бойынша  аралық  фактінің  бірі 
ретінде  айыпкердің  осы  пәтерде  болу  фактісі 
қатысқан;  бұл  факт  келесі  дәлелдемелермен 
анықталған: 
а)  киім  ілетін  шкаф  айнасынан  және  есігінен 
айыпкердің 
қолдарының 
іздері 
табылып, 
бекітілген; 
ә)  сарапшы  қорытындысы  бойынша  бұл  іздер 
айыпкерге тиесілі екені анықталды
б)  Смангелдиевтің  бұл  пәтерде  еш  уақытта 
болмағандығын  айтқан  көрсетулерінен  (демек, 
саусақ  іздері  бұл  жерде  кездейсоқ  қалдырылуы 
мүмкін емес); 
в)  куә  Жаманованың  айыпкердің  осы  пәтерден 
шығып  бара  жатқанын  көргені,  оның  түр  - 
сипатының  белгілерін  ауызша  суреттеп  бергені 
және  осы  белгілері  бойынша  оны  таныған 
көрсетулері; 
г) куәнің берілген жағдайда айыпкерді тек көріп 
ғана  қоймай,  сонымен  қатар  оның  түр-сипатының  
белгілерін,  киімін  ажырата  алуға  мүмкіндігінің 
болғандығын  дәлелдеген  тергеу  экспериментінің 
жүргізілуі; 
ғ)  айыпкердің  үстінде  қылмыс  оқиғасы  болған 
күні  куәгер  көрген  киімі  болғандығын  растаған 
айыпкердің көңілдесінің көрсетулері. 
Осы дәлелдемелердің барлығы өз жиынтығында 
бір  аралық  фактіні:  айыпкердің  қылмыс  жасалған 
жрде  болғандығын  анықтайтын    жеке  жүйе 
құрайды. Бұл жеке жүйеге осы фактіні анықтайтын 
пәндік  дәлелдемелер  (саусақ  іздерінің  болуы, 
сараптамашы  қорытындысы,  куәгер  көрсетулері) 
және қосымша дәлелдемелер (тергеу эксперименті-
нің  мәліметтері,  айыпкер  мен  оның  жұбайының 
көрсетулері) жатады. Соңғылары  аралық фактілер-
ді  тікелей  анықтамайды,  бірақ  пәндік  дәлелдеме-
лерден  туындайтын  тұжырымдардың  сенімділігін 
нығайтады. 
Дәлелдемелердің 
мұндай 
жеке 
жүйелері 
дәлелдеудің бірінші кезеңінде қалыптасады және іс 
бойынша 
дәлелдемелер 
жүйесінің 
негізгі 
құрылымдық  буыны  болып  табылады.  Олардың 
дәлелдемелер 
жиынтығынан 
ерекшеленуінің 
тәжірибелік  маңызы  тек  қылмыстық  іс  бойынша 
дәлелдемелердің 
жалпы 
жүйесі 
құралатын 
құрылымдық  элементтер  болуында  ғана  емес.  Кей 
жағдайларда  тергеуші  дәлелдемелерді  берілген 
қайнар 
көздер 
арқылы 
қандай 
фактілер 
анықталатындығына талдау жасамай, дәлелдемелер 
алынған  қайнар  көздерінің  санымен  есептеуге 
бейім  болады.  Сырт  көзге  бұл  сенімді  болып 
көрінуі  мүмкін.  Мысалы,  жоғарыда  келтірілген 
жеке 
жүйе 
айыпкердің 
кінәсі 
заттай 
дәлелдемелермен,  тану  нәтижесімен  және  айыпкер 
мен оның көңілдесінің көрсетулерімен дәлелденген 
айыптау қорытындысынан немесе үкімнен  көрініс 
табуы  мүмкін.  Бірақ  мұндай  тұжырым  негізсіз 
болар еді, себебі, аталған дәлелдемелердің барлығы 
тек  бір  ғана  аралық  фактіні,  яғни  айыпкердің 
қылмыс  орнында  болу  фактісін  ғана  анықтайды. 
Бұл  тізімге  осы  фактіні  анықтайтын  тағы  да  бір-
неше  дәлелдемелер  қосылса  да  жағдай  еш  өзгер-
мейді: олардың барлғы тек бір ғана аралық фактіні 
анықтаушы  ғана  болады.  Жеке  жүйеге  кіретін 
дәлелдемелерден  тек  ғана  аралық  фактінің  болуы 
жөнінде  сенімді  тұжырым  жасауға  болады  –  бұл 
мәселе тергеу тәжірибесінде әрдәйім ескерілуі тиіс. 
Дәлелдемелер  жүйесінің  атқаратын  қызметі 
(функциясы)  –  дәлелдеуге  жататын  барлық  мән-
жайларының шынайы анықталуы болып табылады. 
Берілген  жүйе  шегінде  оны  құрайтын  әрбір    жеке 
жүйе  мен  дәлелдеме  іс  бойынша  дәлелдеуге 
жататындардың  қатарынан  нақты  мән-жайларды 
анықтай отырып белгілі бір қызмет атқарады. Осы 
функционалдық  белгі  негізінде  іс  бойынша 
дәлелдемелер 
жүйесі 
құрылуы 
тиіс: 
жеке 
дәлелдемелер мен олардың жеке жүйелері дәлелдеу 
пәнінің нақты элементтерімен байланысы белгілері 
бойынша біріктірілуі тиіс.  
Қорыта  келе  мынадай  тұжырымға  келдік. 
Жанама  дәлелдемелер  жүйесі  өзіне  ғана  тән 
ерекшеліктері  бар  және  өз  жиынтығында  бір-
бірімен  тығыз  байланыста  болатын  құрамдас 
элементтерден құралады. Тек осы байланыста ғана 
олар  тізбектелген  жүйе  құрап,  тұтастыққа 
айналады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет