«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет70/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

1985 жылғы сәуір - КОКП Орталық Комитеті пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды.
1985 жылғы сәуір Пленумы әлеуметтік-экономикалык дамытуды жеделдету бағыты.

  • Жеделдету бағыты концепциясыз, анық жүргізілді.

  • Әлеуметтік және экономикалық дағдарысты мемлекеттік жүйені қайта
    құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен, идеялық-саяси
    тәрбиені күшейту арқылы жоюға болады деп есептеді.

  • Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары
    жекелеген басшылар деп жарияланды.

  • Мәскеуде - В.В.Гришин; Ленинградта- Г.В.Романов; Қазақстанда - Д.Қонаев; Әзірбайжанда — Г.Алиев.

Сәуір Пленумынан кейін КОКП ОК-нің «Маскүнемдік пен еңбексіз табысқа қарсы» күрес қаулысы жарияланды. Партиялық комитеттердің нұсқаулары бойынша науқан өрістеді:

  • Жүзім шабындықтары оталып, ішімдіксіз аймақтар жарияланды.

  • Кафелер жабылып, ресторандар өзгертілді.

  • Жеке адамдарға өз өнімдерін өсіріп, базарда сатуға рұқсат берілмеді.

Өкімет орындарының шалағай шараларының салдарлары:

  • Самогон қайнату күшейді. Спиртті ішімдіктерге алыпсатарлық өсті.

  • Нашақорлық үдеді. Тұрмыстық маскүнемдік артты.

- Ұрлық, қылмыс көбейді. «Көлеңкелі экономика» нығая түсті.
Қайта кұру бағытының қарама-қайшылығы.
1987 жылғы қаңтар - КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы мәселе талқыланды. Кемшіліктері:

  • Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.

  • Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 маусым - КОКП ОК-нің Пленумы басқару ісін түбірлі қайта кұру
мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды:

  • Тауар-ақша қатынастарының ролі айқындалды.

  • Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды.

  • Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге
    көшуге негіз жасалды.

  • Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
    Алайда бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылыгындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сорелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.

Қазан тоңкерісінің 70 жылдығындағы мерекелік мәжілісте М.С.Горбачев қоғам дамуының негізгі кезендеріне талдау жасады:

  • Тарих «ақтандақтары» жаңа тұрғыдан қаралды.

  • Сталинизм қылмысты құбылыс деп бағаланды.
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет