Ќазаќстанныѕ ресейге ќосылу барысындаєы саяси-куќЬIЌтьiќ жаєдай


Абылай ханның реформалары



бет5/6
Дата11.03.2023
өлшемі163 Kb.
#73402
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТАРИХ 2 СРС

4.Абылай ханның реформалары

Абылай хан (1711-1781) қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы Əбілмəмбет қайтыс болтан соң 1771 жылы хан болып сайланды. Бұған дейін-ақ қазақтың үш жүзінің көпшілік бөліктері Абылайдың билігін мойындады. XVIII ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың əскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан жерлері Қоқан басқыншыларынан азат етілді.


Абылай ханның қазақ халқына сіңірген екі үлесін атап өткен жөн. Біріншіден ол жоңғарларды талқандап Қазақ елінің тұтастығын қалпына келтірді немесе еліміздің жерлерін түгел азат етуге басшылық етті. Екіншіден Абылай Қазақ хандығының тəуелсіздігін қайта қалпына келтіріп, бытыраңқылъпъш уақытша болса да жойды. Абылай ханның үлкен саясаткерлігі, қолбасшылығы, батырлығы мен көре-гендігі, дигоюматиялық шеберлігі осындай жағдайға жетуге себеп болды.
Хан сайланғанына бес жыл өткенде ғана Орынбор əкімшілігінің өтініп сұрауымен Абылай патшаға үш жүздің ханы етіп бекітуді сұрап хат жазады. Екатерина II патша 1778 жылы 24 мамырда Абылайды Орта жүзге хан еткен жарлыққа қол қойып, ол туралы грамотаны үлкен сый-сияпатпен Абылайға Орынборда не Троицкіде тапсыруды қарастырды. Бірақ Абылай түрлі сылтаумен ол грамота мен сыйлықтарды алуды қажет деп санамады. Ол Қытайдың цин империясымен де тату келісімге қол жеткізді.
Үш жүзге хан болып тұрған Абылайды тек бір ғана Орта жүздің ханы етіп бекіту Патша өкіметінің қулығы əрі Абылайдың абыройын əдейі төмендетуі еді. Одан əріге патша өкімегі бара алмады. Өйткені Абылай хан басқарған қазақ дала-сына Ресейдің күшпен басып кіруге дəл осы кезде мүмкіндігі болмады. Мұны кəнігі саясаткер Абылай да жақсы түсінді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев "Халықтың ерік жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді". Ол "ұлтты тұтастырып біріктіру жолында еңбек етті",- деп Абылай ханның Қазақ мемлекетінің бірлігі мен тұтастығына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ш. Уəлихановтың жазуынша "Бірде-бір қазақ ханы Абылайдай шексіз билікке ие болмаған. Ол бірінші рет бұрын халық жиналысының шешімімен пайдаланылатын өлім жазасын өз бетімен ендірді. Ханга кеңес беріп шектеп отыра-тъш өз еркімен кеткен күшті рубасы сұлтандарды орнына қойды".
Абылай орталық хан билігін күшейтті. Рубасы сұлтаңдар мен билердің билігіне шек қойып, өзіне бағындырды. Бағынбаған билер мен сұлтан, старшындарды Абылайдың төлеңгіттері талқандап отырды. 1781 жылы Дайыр сұлтан Абылайды айыптап Орынбор губернаторына оның үстінен Абылайды өзіне тиісті билікті тартып алды деп шағым жасады.
Ол ескі əдеп бойынша ханға кеңес беруші оның билігіне шектеу қоюшы сұлтан, билер кеңесіне ашық қарсы болды. Сұлтандарды еіпкіммен санаспай орнынан алып тағайындады. Өзінің билігін ныгайгу үшін Абылай хандықты ұлы старға бөліп, ұлы стардың басына өз ұлдарын тағайындады. Абылайдың 30 ұлы бар болатъш.
Абылай өз билігінде батырларға, елдің ішіндегі беделді билер мен жырауларға арқа сүйеді. Төле би мен Қазыбек би Абылайға елдің бірлігін сақтауда көп жəрдем етті.

Абылай өз балаларына берген кеңесінде руаралық дауларды ақырына дейін шешпеуді, сөйтіп олардың орталық билікке тəуелді бола түсуін өсиет етті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет