Ќазаќстанныѕ ресейге ќосылу барысындаєы саяси-куќЬIЌтьiќ жаєдай


Қазақ жеріндегі алғашқы бекіністер



бет4/6
Дата11.03.2023
өлшемі163 Kb.
#73402
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТАРИХ 2 СРС

3. Қазақ жеріндегі алғашқы бекіністер

Ресей бекіністері алғашқы сәтте-ақ әскери мақсатта салына бастаған еді. Ресей империясының отарлық саясатының тірегі ретінде бекіністер ролінің маңызы ерекше болды. Ресей бекіністерінің қазақтардың қорғануына кейіннен елдік экономикалық-мәдени өсуіне біршама септігін тигізгендігін де жоққа шығаруға болмайды. Алайда бұл бекіністер сонымен қоса қазақ халқын ауыр жағдайға ұшыратты, дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығы әлсіреді, құнарлы жерлер шектеліп қазақтар шөлді-шөлейтті жерлерге қуылды. "Бөліп ал да билей бер" саясатын ұстанған Ресей отаршылдары қазақ даласын бекіністер шептеріне бөліп отарлық саясаттың одан әрі жүргізілуіне оңай жол ашты.


Әскери бекіністер салу ісі Ресей үкіметі тарапынан жоспарлы түрде жүргізілді. Қазақ даласының ландкарталары жасалып тиісті жерлерге салынуға қажетті бекіністер орындары белгіленді. Петр-І тұсында басталған Ресей бекіністерін салу ісі оның мұрагерлері тұсында да қолдауын тапты. Бекіністер бүкіл қазақ даласының Ресей қол астына өтуін қамтамасыз етті.

Кенесары, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай бастаған көтерілістер де Ресей империясының отарлық саясатына онымен қоса оның тірегіне айналған бекіністерді жою мақсатында жүргізілген болатын.


ХVІІІ ғасырдың 70-80-жылдары Орынбор әкімшілігі Кіші жүз жеріне біртіндеп ену үшін, өзен бойларында бекіністер сала бастады. Ал өзен бойлары қазақ малдары үшін таптырмайтын жайылым еді. Осыдан соң бұл шараларға хан төңірегіндегі топтар да қарсы шықты.
Қазақтар Орынбор әкімшілігіне қанша рет наразылық білдіріп хат жазғанымен, жайылым мәселесі XIX ғасырдың аяғына дейін шешілмеді. 1801 жылы патшаның арнаулы жарлығы арқылы Кіші жүз рулары Бөкей сұлтанның басшылығымен Нарынқол мен екі өзен аралығына көшіп, Бөкей хандығы құрылды.
Бекініс салуға әуелден қарсы болған қазақтар, ендігі жерде патша өкіметіне ашық наразылық білдіре бастады. Жайық азактарымен қақтығыстар болып тұрды. Қазақтар жақын бекіністер арқылы Кіші жүз казақтарының ауылдарын тонап, шекара манындағы халықтың мазасын кетірумен болған. Бұл орталық саясаттың күш қолдану аркылы жүргізіле бастағаны еді.
Ең алдымен Орынбор әскери линиясы бойындағы бекіністер тұрғызылып, күшейтілді. 1742-жьшы Жайық бойыңца Ильинскі бекінісі, сосын Воздвижение бекінісі салынды. Орталық бекініс Орынбор болып табылды.
Жыл сайын бекіністер мен бекініс желілері саны өсе түсті.
Орынбор батысқа қарай Самар шебі бекіністері, оңтүстікке қарай төменгі Жайық, Солтүстікте Сакмар және Жоғарғы Жайық линиясының Ор дистанциясы, Шығыста Жоғарғы Жайық линиясының Горкая дистанциясы және Батыс Сібірмен жалғастырушы Үй дистанциясы созылып жатты.
1734-жылы Жоғарғы Жайық әскери шебінің негізі қаланды. Шеп Жайық өзені бойындағы Жайық қамалынан Жоғарғы Жайық қамалына дейінгі жерлерді қамтыды.
1810 жылы казақ жерінде жаңадан Жаңа Іле шебі тұрғызылды. Бұл шеп Іле ауданының жерін қамтыды. Ал 1835 жылы Орскіден тікелей Троицкіге дейін жаңа шеп тұрғызылды.
1818 жылы Ұлы жүз жері Ресей құрамына өткеннен кейін ұлы жүз жеріне бекіністер тұрғызыла бастады. Осы уақытта қазақ жерінде Ақмола (1832), Көкпекті (1844), Қапал, Сергиополь, Лепсі бекіністері тұрғызылды. Кейіннен Аягөз ішкі округі құрылды.
XIX ғасырдың 50-жылдарында Ресей үкіметі Каспий теңізі бойынан Оңтүстік хандықтар жеріне өз үстемдігін жүргізу мақсатында әскери отрядтар ұйымдастырды. 1839 жылы 4000 әскерден тұратын Перовский отряды Орынбордан Хиуаға келіп жетпекші болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Келесі жылдары Торғай, Ырғыз, Райым, Арал бекіністері тұрғызылды.
1853 жылы Перовский басқарған әскери жорық сәтті болды. Бұл жолы Қоқандық Ақ Мешіт бекінісі салынып, оған Перовский есімі берілді. Перовск бекінісі алынғаннан кейін Сырдарияның Сырдария әскери шебі кұрылып, оған Райымнан Ақмешітке дейінгі аудандар кірді.
Оңтүстікте бой көтерген Ресей бекіністерінің ішінде Верный бекінісінің де әскери-стратегиялық маңызы ерекше болды. 1871 жылы Ресей әскерлері Құлжаны алды. Бірнеше жылдан соң Құлжа Қытайға қайтадан қайтарылып берілді.
Николай I кезінде батыстан Каспий теңізінен Аралға дейін одан әрі Сырдария өзені арқылы Перовскіге дейін, шығыста Жетісу жерін қамтыған жаңа шеп тұрғызылды. Ендігі Перовск пен Верный бекіністерін қосу ісі Александр II кезінде жүзеге асты.
1860 жылы орыс әскерлері Ұзын Ағаш бекінісін алды. Колпаковский басқарған 800 адамдық отряд Ұзын-Ағаш бекінісін алып, Жетісуда қазақтардың Ресей қол астына өтуіне ықпал жасады.
Орынбор, Уй, Жаңа Ишим, Жайық, Ертіс, Оралдан басталып Өскеменге дейін созылып жатқан қазақ жерін отарлауға Ресей өкіметі үшін жеңілдіктер туғызды. Бұл шептерде казачество өскерлері орналастырылды. Төменгі Жайық линиясын Жайық казачествосы, Іледен Звериноголовск бекіністеріне дейінгі жерледі Орынбор, ал Звериноголовскіден Ертіске дейінгі жерлерді Сібір казачествосы қорғады. Бекіністер шебі ендігі жерде бүкіл қазақ даласын қоршай орналастырылып қазақ халқы Ресей отаршылдық саясатының езгісіне түсті. Қазақ даласы бекіністер шептерімен бөлініп отаршылдық құрсауына ілікті. Ендігі жерде Ресей әскери бекіністері Ресей отаршылдық саясатын жүргізудегі саяси-
әкімшілдік орталықтарына айнала бастады.

Ресей бекіністерінің қазақ жеріне тигізген әсері.


Ресей бекіністері шептері қазақ даласында ежелден қалыптасып келе жатқан дәстүрлі көші-қон шаруашылығының әлсіреуіне, қазақтардың өз жерлерінен айырылуына әкеп соқтырды. Ресей бекіністері қазақ даласын қоршай орналастырып көпшелі халықтың тұрмыс-тіршілігіне зор ауыртпалығын тигізді. Құнарлы жерлер тартып алынып, ол жерлер казактар мен шаруларға бөлініп берілді..
Ресей шептері қазақ даласына ішкерілей еніп Жайық, Тобыл, Есіл, Іле сияқты құнарлы жерлерге қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. 1755 жылы орта жүз қазақтарына Ертістің оң жағалауына өтуге тыйым салынды. Ол жайлы деректерде: от 6 марта 1755 года (коллега иностранных дел) запрещала казахам среднего жуза переходить на жилую сторону Иртыша. А чтобы отнять у них и охоту и запреть тоже делать. Командиру Сибирской линий бригадиру Крафту предписывалось в Иртышские крепости воинских людей... предленожить", а казахи пусть довольствуется тем, что на другой стороне Иртыша при здешней линий иметь безприпятственно допускаются.
Ресей бекіністері қазақ даласы шекарасын қыса түсті. Қазақтар көші-қон жерлері Ресей отарлауынан бұрын Оралдың сол жағынан Алтайға дейін, Іледен Арал теңізіне дейін созьшып жатқан болатын. Ішкері қарай өтуге тыйым салынғаңдықган көшпелі дәстүр бұзылып қазақтардың көпшілігі өз малдарынан айырылып қалды. Орал мен Волга арасындағы қазақтарға көшпелі шаруашылығына қажет жерлер тартып алынды.
Қазақтар өз жерінде осылайша өздері ауыр халге душар болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет