«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуы
Орындаған:Өтеп А.П.
Тобы:ФӨТҚ(А)-02-22
Қабылдаған:Төребаев О.А.
Шымкент 2023 ж.
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері
2.2. Қазақстанның Ресейге қосылуы
2.3.Қазақ жеріндегі алғашқы бекіністер
2.4. Абылай ханның реформалары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында қазақ халқының тағдырында аса құрделі бетбұрыс оқиғалар болды. Біртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атты қазақ хандықтарына бөлінді. Бытыраңқы мемлекетке жоңғарлар шапқыншылық жасап, халық "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сулама" атты қасіретке ұрынды. Осы соғыста қазақ халқының жарымына жуығы қырылды. Билердің біріктірушілік рөлінің арқасында қазақтар ірі жетістіктерге жеткенімен оның түбі баянды болмады. Хан, сұлтандардың бір тобы бытыраңқылық факторына айналды.
Кіші жүздің ханы Əбілхайыр Ресей патшасының қол астына кірудің бастаушысы болды. Тəуелсіздіктен айырылып, бодандыққа кірудің басы болған бұл оқиға 1731 жылдан басталып, 1864 жылы аяқталды. 1,5 ғасырға созылған осы кезеңде Қазақстан біртіндеп отарға айналды. Қазақ хандықтары біртіндеп тарихи сахнадан кетті. Бұл кезең қазақтардың тəуелсіздікті қайтарып алу жолындағы азаттық қозғалысына толы жылдар болды. Тек Абылай хан мен Кенесары хан ғана аз ғана уақыт қазақ хандығының тəуелсіздігін қалпына келтірді.
Осы кезеңде қазақ мемлекетінің — хандықтың қалай жойылып, оның əдет-ғұрып құқығының да Ресей заңдарының ықпалымен өзгерістерге ұшырағанын көреміз.
Осы жұмыста Қазақ хандығының жойылуы, бодан болып Рессей патшалығна қосылу тақырыбын қарастырдым.
Ресей отаршылдық саясатының негізгі мақсаты - қазақ халқын қосып алу, қазақ жерін отарлау өз билігін орнату болды.
Достарыңызбен бөлісу: |