Ќазаќстанныѕ ресейге ќосылу барысындаєы саяси-куќЬIЌтьiќ жаєдай



бет2/6
Дата11.03.2023
өлшемі163 Kb.
#73402
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТАРИХ 2 СРС

II.Негізгі бөлім


1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мəселелері

Кіші жүздің ханы Əбілхайыр 1726 жылы Ордабасыдағы бүкіл қазақтық жиында қазақ əскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланды. Бірақ ол барлық қазақтардың ханы болғысы келді. 1729 жылғы қазақтар шешуші жеңіске жеткен соң да, сол жылғы Орта жүздің ханы Болат қайтыс болған соң да бүкіл қазақтың ханы бола алмады. Əбіл­хайыр хан енді Ресейге арқа сүйеп, өз позициясын нығайтпақ болды.


Осылай Əбілхайыр хан Ресей патшасы Анна Ионовнаға Ресейдің қол астына алу туралы жасырын хат жазды. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары да Əбілхайырдың əрекетіне түрткі болды.
1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Ионовна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Онан соң қазақ даласына А.И.Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732 жылы 10 қазанда Əбілхайыр хан жəне 27 рубасы сұлтан, батырлар Кіші жұздің Ресейге қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді.
Патша өкіметі алғашқы кезде қазақтардың ант түріндегі уəдесін алуға ерекше мəн берді. 1731 жылы Орта жүздің ханы Сəмеке де Орта жүз атынан Ресейге қосылғысы келетінін білдіріп ант берді.
Қазақтардың бір бөлігі бірден-ақ Ресейге қосылуға қарсы болды. А. Тевкелевтің елшілігі келгенде Əбілхайырдың өтірігі шығып, қазақтардың қарсы тобы дау көтеріп хан мен Тевкелевті уақытша үй тұтқынына алады, тіпті Тевкелевті өлтірмек те болады. Оның қасындағы бірнеше башқұрт старшындары өлтірілді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы бірден-ақ осындай қайшылықта болды. Сұлтан батыр бастаған билер мен қазақтардың тобы Ресейге бағынуға қарсы күрес те жургізді. Қазақтардың бұл тобына қалмақтар дем берді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы ғылыми-тарихи əдебиетте де əртүрлі бағаланды. 1943 жылғы "История Казахской ССР" атты еңбекте "Қазақтардың Ресей қол астына өтуі қазақ атқамінерлерінің бір тобының патша үкіметімен ауыз жаласуының қорытындысы болды. Қол астына кіру халық бұқарасының еркінен тыс қабылданды", - деп жазылды.
Соғыстан кейінгі тарихи əдебиеттерде идеологиялық қысымның нəтижесінде Ресейдің қол астына кіру тек ерікті негізде болды əрі аса маңызды тарихи оқиға болды деп дәрiптелді.
1740 жылы Орынборда Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Россияға қарайтындығы туралы шарттық міндеттемелер қабылдады. Олардың ішінде Орта жұздің ханы Əбілмəмбет пен Абылай сұлтан да болды.
Қосылудың алғашқы жылдарында Кіші жүз бен Орта жүз Ресеймен протекторлық қарым-қатынаста болды. Бұл қарымқатынас бойынша Қазақстан сыртқы саясаттан өзге мəселеде егемендігін сақтауы тиіс болды. Ресей қол астындағы елдің ішкі саясатына араласпауы қажет болды. Шынында Ресей қазақтардың ішкі ісіне бiрден-ақ араласа бастады.
Сыртқы саясатта соғысып жатқан қазақтарға əскер жəне қаружарақ жағынан жəрдем бермеді. Жоңғарларға қазақтар өзінің қол астында деген мəлімдемеден ары аспады.
Қазақтардың ішкі өмірде өзін-өзі басқаруы да бұзыла берді. Қазақтың жерлеріне айналдыра əскери қамалдар орнатылып, оларға əскер əкеліп қойылды. Қазақтар Ресейдің келісімінсіз хан сайлай алмады. Қазақ хандары балаларын аманатқа беруі тиіс болды. Жайылымдар тартып алынып қазақтар ішкі жаққа ығыстырыла түсті.
Осылай қазақтардың Ресейдің қол астына кіруі про-текторлық қатынастардың шеңберінен асып, Ресей тарапынан таза отырықшылық сипат алды.
Қазақстанның XVIII ғасырының 30-40-жылдаргы Ре­сеймен қатынасын вассалдық тəуелді қатынастар деп те бағалауға болады. Қазақ басшылары үнемі өздерінің Ресейге тəуелділігі туралы ант берумен болды. Қүқықтық жагынан қазақ хаңцықтарының вассалдық тəуелділіктері хан институтын жойганға дейін созылды2.
Кіші жүздің Ресейге юридикалық қосылуынан (1731) XIX ғасырдың 60-жылдарындағы нақты қосылуға дейін немесе Кіші жүздің қосылуының басталуынан Орта жүздің (1740) жəне Ұлы жүздің қосылуының аяқталуына дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды Ресейдің Қазақстанға вассалдық элементтері араласқан протекторлығы деп анықтауға болады.
Себебі осы аралықта Ресейге келген қазақ жүздері-нің өкілдері елшілер жəне елшіліктер деп басқа шетелдердің ресмй өкілдері ретінде аталды. Бұл кезенде Қазақстан əлі де халықаралық куқықтың субъектілік құқыгын толық жой-ган жоқ. Осындай жагдай Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынасты протекторлық-вассалдық деп анықтауға мүм-кіндік береді4.
Протекторлық қарым-қатынас жагдайъшда тəуелді мем-лекет өзінің халықаралық қатынастарын анықтауда өзі протекторы болған мемлекетке бағынышты болады, іппсі мəселелерін өзі шешеді.
Вассалдық қарым-қатынас жағдайында тəуелді мемлекет халықаралық құқық субъектісі болудан қалады жəне өзі бағынышты болған мемлекетке алым төлеу; аманат беру, вассал болған елдің басшысын жоғары тұрған мемлекеттің тағайындауына көнуге мəжбұр болады.
Қазақстан мен Ресей арасында протекторлықта, вассалдық та қарым-қатынастардың болғандығына фактілер өте мол. Сондай-ақ Ресей тарапынан протекторлық-вассапдьіққатынас отаршылық саясатпен ұштасып жатты.

Патша үкіметі бірден-ақ қазақтың жерлерін отарлауға кірісті. XVIII ғасьфдың 50-жылдар ішінде Каспий теңізінен бастап Ертіске дейін ондаған қамалдардан тұратын əскери бекіністер салды. Ол жерлерде Жайық, Орынбор жəне Сібір қазақ əскерлерін құрды. Жайық, Тобыл, Елек, Есіл, Ертіс өзендерінің бойындағы жақсы жайылымдарды қазақ əскерлері тартыл алды. Қазақтардың малы ол жерлерге жайылуға рүқсат етілмейтіндііі туралы 1756жылы патша рескрипті, 1755 жылы сыртқы істер коллегиясының жарлығы шықты.


Екінші жағынан Патша үкіметі қазақтардың беделді хан, сұлтан, билерін сыйлық, шен, пара беріп сатыып алып өзіне қызмет еткізді.
Қазақ халқы патша өкіметінің отаршылдығына қарсы көптеген көтерілістер жасады. Солардың алғашқысы Сырым Датүпы бастаған 14 жылға (1783-1797) созылған көтеріліс болды.
Патша үкіметі бүл көтерілісті жаншып отаршылдықты тереңдетш Кіші жүзде хандық билікті жоюға əрекет етті.
"Игельстром реформасы" деген атпен енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромның əрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты тұрғысында пайдалану еді. Нүралы хан Кіші жүзден қашқан соң Игельстром хан сайлауға рүқсат етпеді. Сырым бастаған старшын, би, батырлардың сьезін шақырды. Олар Игельстромды қолдады. Бірақ бүл шара сұлтандардың қатты наразылығын тудырды.
Кіші жүзді тайпалық күрамына қарай үшке бөлу үсынылды. Эр бөлікті басқару үшін расправолар құру көзделді. Расправо-лар Орынбордағы 1786 жылы құрылған шеқаралық сотқа бағынуы тиіс болды.
Реформа бойынаша билік рубасы старшындарға өтті. Бірақ расправолар да, шеқаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықаалы мықты сұлтандық топтьщ əсері болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет