Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді



бет9/33
Дата27.11.2023
өлшемі95,95 Kb.
#128890
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

3 сұрақ :


• 1958 жылы Қазақ КСРҒА - ны философия және құқық институты құрылды
• 1961 жылы тіл білімі, әдебиет және өнер институттары ашылды
• «Партия тарихы» барлық ЖОО - да өткізілетін негізгі пәнге айналды
Көркем әдебиетті дамытушылар: М. Әуезов, Ғ. Мұстафин, Ғ, Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, суреттері мен шығармаларының атаулары көрсетіледі
Соғыстан кейінгі жылдарда дамыған салалары:
• Театр
• Музыка мәдениеті
• Опера және балет
Көркемсурет

10 Билет


1 сұрақ :Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді.Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды.Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды.704 жылы ыдырап кетті.

2 сұрақ :


18 – 19 ғасырларда қазақ хандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Абылай және Кенесары батыр атанды. 18 ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. 19 ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай – ақ Орта Азия хандықтарының зорлық – зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт – азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды.
3 сұрақ : Идеологиялық қарсылықтар
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет