Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді



бет5/33
Дата27.11.2023
өлшемі95,95 Kb.
#128890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
жауап тарих

5 Билет

1 сұрақ :


Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген.Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Жылқыны тебіндеуге үйренген түрлері және жорыққа мінетін қазанаттар өсірген. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қатар егіншілікті де игерген.

2 сұрақ :


Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.) - Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.
Тәукенің тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған, бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекетке айналды. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген дәуірі, «алтын ғасыры» саналады. Ол 1690 жыл шамасында «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» ережелерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» деп аталатын жаңа заңдар жүйесін енгізді. Бұл заңдар мемлекетті нығайтуға бағытталды.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
• Жер дауы заңы
• Отбасы және неке заңы
• Әскери заң
• Сот заңы
• Қылмысты істер заңы
• Құн заңы
• Жесір дауы заңы

3 сұрақ :


Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

6 Билет

1 сұрақ :


Қаңлы тайпасы Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы болған.
Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған.
Жерлеу. Қаңлылар заманының қоныстары қасында үлкен зираттар орналасқан. Оларда түрлі аймақтарда әр түрлі жерлеу кұрылыстары тараған. Қаңлыларға тән ең сипаттысы үңгіп (екі түрлі), лақат жасап және жай шұңқырларға жерлеп, үстіне оба үю, сағана салу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет