1 сұрақ :Қазақстанның Қола дәуірі шамамен б.з.б. XVIII-VIII ғасырлар: алдыңғы (б.з.б. XVIII-XVI ғғ.), орта (б.з.б. XV-XII ғғ.) соңғы кезеңдер (б.з.б. XII-VIII ғғ.) аралығын қамтиды.Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі – Андронов мәдениеті (б.з.б. ХVІІІ-ХІІ ғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІ ғғ. яғни соңғы Қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты.
Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі. ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл – осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
2 сұрақ :Хақназар хан (1538-1580 жж)-Қасы ханның баласы.Мақсаты: Қасым хан тұсындағы иелікті қалпына келтіру.Аумағы:Сырдария,Арал маңы,Жетісу мен Жайықтың сол жақ жағалауы болған.Сыртқы саясатын Ноғай Ордасынаң бастады Жайықтың сол жақ жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханы билігіне өтті.1550-1580 жж. Моңғол ханына қарсы жорық жасайды бұл жорық сәтсіздікпен аяқталады.Аса қиын уақытта Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.
• Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауренахрдағы шайбанилық Бұхара ханы Абдаллах және қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде одақтық келісімшарт жасасты.
• Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жақсарды. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды.
• Хақназар хан Бұхара ханы Абдаллахты ташкенттік Баба сұлтанға қарсы күресте қолдайды, бұрыннан өшіккен Баба сұлтан Хақназар ханның жасағына тұтқиылдан бас салып, ханның өзін өлтірді.
• Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес.
Қорытынды:жер көлемі кеңейеді,жеке дербес мемлекет ретінде танымал болады.
3 сұрақ : Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.