Тәуекелдің інісі Есім қазақтың көп санды әскерін басқарған, Ташкент, Түркістан аймағын билеген көрнекті сұлтан болды. Cондықтан қазақ әскері мен сұлтандардың көпшілігі Есімнің хан болуын қалаған. 17 ғасырдың алғашқы кезінде Қазақ хандығын екі хан билеп, елде саяси бытыраңқылық орын алды. Тәуекелдің інісі Есім хандық билікті алған тұста, Тұрсын Мұхаммед сұлтан 1613-1614 жылдар шамасында өзін хан етіп жариялады. Есім ханның астанасы – Түркістан болды, ал Тұрсын Ташкент қаласында өзін тәуелсіз хан деп жариялады. Есім хан Бұхар ханымен бітім жасасып, Орта Азия қалаларымен экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Алайда Бұхар ханы қазақ хандығының бытыраңқылығын пайдаланып, бітім шартты бұзып, қазақ жеріне жорықтар ұйымдастырды. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Самарқан маңындағы Айғыржар жерінде болды.
3 сұрақ :Кіші қазан саясаты
1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады, Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топқа бөлінді, 1 Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту, 2 Елді шикізат аймағына айналдыру, Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2 Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру, Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды, Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады - деп күйінішпен жазады Садуақасов, Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді, Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес, Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстары ескерілмеді, Голощекин, Құрамысов бұларды - Сәдуақасов пен Мыңбаев және сыбайластары жергілікті ұлтшылдық көрініс деп бағалады, Кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептеді