1 сұрақ :Қазақ хандығы(15~16 ғасыр) - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады.
1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
2 сұрақ:1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырад
1921 жылы маусымда бұрынғы «Комитет бедноты» ұйымының орнына «Союз Қосшы» ұйымы құрылады. Партия нұсқауымен құрылған бұл ұйымның мақсаты кедейлерді, орташаларды және диқандарды біріктіріп, Кеңес өкіметі құрылысына араластыру болды. Жер-су реформасы, салық жинау, диқандарды ұжымдастыру, малмен, соқа-сайманмен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешті. Ол жылдары коммунистік партия барынша күш алып, берген нұсқаулары мүлтіксіз орындалатындай дәрежеге жеткен еді. Ұйымның жер-жерде бөлімдері мен ұяшықтары (ячейка) құрылады. Сол кезде Қосшы мүшелігіне өткен азаматтарға арнап хатшылардың қолымен жазылған арнайы анкета толтырылған. Ол анкеталар сол кездегі алфавитпен (араб төте жазуы) толтырылған.