Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді



бет28/33
Дата27.11.2023
өлшемі95,95 Kb.
#128890
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
жауап тарих

3 сұрақ :Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуі
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Бұл жолда бірінші маңызды мәселелерді шешу қажет болды. Атап айтқанда олар мыналар:
• Экономикалық қарым-қатынастарды ырықтандыруды жүзеге асыру;
• Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінде жекеменшікті трансформациялауды жүзеге асыру;
• Кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;
• Республикада инфрақұрылымды өрістетуге мүмкіндік туғызу;
• Қаржылық-несиелік саланы реформалау;
• Шетел капиталын кеңінен тарту арқылы ашық экономикалық жүйені орнықтыру.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең – 1991-1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы кеңестің сессиясында мақұлданып, президенттің жарлығымен бекітілді. Ал үшінші кезең 1996-1998 жылдарды қамтуы тиіс болды.
• 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыру, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіру басталды.
• Ең басты жұмыс – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді.
• Бағаны ырықтандырудан кейінгі, екінші атқарылған іс – жекешелендіру.

25 Билет


1 сұрақ : Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы)(1348-1514 жж) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы.
15-ғасырдың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігенің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Ноғай ордасының құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, арғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этностық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
2 сұрақ : Қазан төңкерісі —1917 жылдың 25 қазан (7 қараша) күні Санкт-Петербургта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс Владимир Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен Ресей уақытша үкіметіне(Александр Керенскийге) қарсы жүзеге асырылды.
Оған Санкт-Петербург жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, Владимир Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады.
Нәтиже: Уақытша үкіметті құлату, Ресей Кеңес Республикасының Құрылуы Ресейде азамат соғысының басталуы.
3 сұрақ :Ең алғашқы ұлттық валютамыз - қазақ теңгесі 1993 жылы шығарылды.Банкноталар Англияның "De La Rue" фабрикасында басылған болатын. Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияда жүріп, банкноталарды жасауға біршама тер төкті.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілді.
Теңге еліміздегі алғашқы ақша емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғасырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес, салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет