Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді



бет25/33
Дата27.11.2023
өлшемі95,95 Kb.
#128890
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Байланысты:
жауап тарих

3 сұрақ :Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тектік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
• халықтық егемендік
• мемлекет тәуелсіздігі
• билікті бөлісу принципі
• қазақ тілін мемлекеттік деп тану
• Президентті мемлекет басшысы деп тану
• сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

23 Билет

1 сұрақ


• Әмір Темір – моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Ол 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген.
• Әмір Темір 1370 жылы Мауренахрдағы билікке ие болып, 35 жыл бойы жеке-дара билік жүргізген. 
• Әмір Темірдің жалпы Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созылады.
• Әмір Темір Ақ Орда мен Моғолстанды басып алу үшін Тоқтамысты пайдаланып, оны әскермен жасақтап, 1374-1376 жылдары үш рет Ақ Ордаға аттандырады. Әмір Темір Сауранда Тоқтамысты таққа отырғызып, оны Дешті Қыпшақтың билеушісі деп жариялады.
• Әмір Темір Моғолстанға 1372 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасады.
• Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылы одақ құруға әрекет жасады.
• Әмір Темір 1389 жылы Моғолстанға және 1390-1391 жылдары Ақ Орда мен Алтын Ордаға жорықтар жасады.
• Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды.
• 1391 жылы Әмір Темір 200 мың әскермен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанды. Жайық өзенінен өтіп, 18 маусымда Тоқтамыс әскерімен Құндызша деген жерде шайқасқа түсіп, оны тас-талқан етіп жеңеді.
• Әмір Темір ұзақ жылдарға созылған жорықтардан соң 1405 жылы Отырар қаласында дүние салады.
• Әмір Темір сауатсыз болғанымен өнерді, көркем әдебиетті жан-тәнімен сүйген. Ислам дінін барынша қолдап, мешіт, медреселер салдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет