Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


 Тұлға дамуындағы эмоциялар және эмоциялық интеллектінің маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет20/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

 
1.3 Тұлға дамуындағы эмоциялар және эмоциялық интеллектінің маңыздылығы 
 
Эмоциялық интеллект дегеніміз – адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата 
білуі. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін эмоциясын игеру қабілеті. Эмоция – 
энергияның көрінісі. Сондықтан барынша эмоциялық ойлауды дамыту керек.
Эмоция 
(фр. 
emotion
, лат. 
enoveo
- толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және 
ішкі тітіркендіргіштерәсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда 
болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (
ұнамды 
эмоция
) немесе қанағаттанбауына (
ұнамсыз эмоция
) байланысты. 
Ежелгі гректер ақылды адам деп ақыл-ой, логика, эмоция үштігін біріктіре алатын 
тұлғаны айтқан. Эмоциялық интеллектпен ойлауды алдыңғы орынға қойған. Бұл екі жарым 
мың жыл бұрын тіркелген дерек екен. Сол кезеңнен бері адам эмоциясы мәселесі – аса өзекті 
тақырып. 
Бір қатар ғалым эмоция әлемін зерттеуге бел буған. 1870 жылы Чарльз Дарвин сыртқы 
көрініс арқылы адам эмоциясын зерттеуге талпыныс жасады.
1920 жылы америкалық психолог Эдвард Торндайк алғаш рет әлеуметтік ақыл-ой 
ұғымын ғылымға енгізді. Ол мұны «Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынаста ақылға 
қонымды әрекет ету қабілеті» деп түсіндірді.1983 жылы Говард Гарднер интеллектіні ішкі 
және тұлғааралық деп бөліп, интеллект теориясын ұсынды. Дегенмен Гоулман еңбегі бәрінен 
асып түсті. Ұғымды көпшілікке кеңінен танытып, өзінше әрекет етуге үйретті.
Осындайда ақыл-ой интеллектісінің IQ не үшін керек деген сұрақ тууы мүмкін. IQ – 
ақыл-ой қабілетінің объективті көрсеткіші. Интеллект коэффициенті адамның мектептегі
жұмыстағы деңгейін анықтайды.
Ал эмоциялық интеллект ұжымда жұмыс істеу қабілетіне және әріптестерінің көңіл 
күйіне әсер етеді. IQ-ге қарағанда EQ-ді реттеу мен көтеру оңай. 
Мысалы, жұмыс берушілер жоғары ақыл-ой қабілетін бағалайды. Бірақ 1-орынға 
қоймайды. IQ көрсеткіші жоғары адамға көппен тіл табысу қиын болуы мүмкін.
Сондықтан көптеген ірі компаниялар эмоциялық интеллектісі бар жұмысшыны 
қалайды. Өзін-өзі ұстай білу және өзара әрекеттесудің сауатты үлгісін құру адамдармен 
тікелей қатынасуға байланысты қызмет салаларында аса маңызды болып жатады.
Егер тарихи мысалға жүгінсек, дана билеушінің үлгісі ретінде үнді императоры Ашок 
еске түседі. Оның эмоциялық интеллектісі жоғары болыпты. Махатма Ганди болса, 
эмпатияға қабілетті көшбасшы. Эмпатия – эмоциялық интеллектің құрамдас бөлігі. Қызығы, 
Трампты ел басқару дағдысына қарамастан, эмоциялық интеллекті төмен көшбасшы деп 
сөгеді екен.
Ғылымға «эмоциялық интеллект» терминін американдық екі психолог Питер Сэловей 
мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген болатын. Олар алғашқы болып эмоциялық 
интеллектінің бірінші үлгісін ұсынды. Аталған авторлар эмоциялық интеллект деп «өзінің 
және өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату және осы ақпаратты 
ойлау мен іс-әрекетте қолдану» деп түсіндірді.


23 
П. Сэловей мен Дж. Мэйердің үлгісі негізінде Д. Гоулманның аса танымал үлгісі жасап 
шығарылды. Оның 1995 жылы шыққан «Эмоциялық интеллект» атты еңбегі кітап 
сатылымында бірінші орындарға шығып, аталған мәселенің ғылыми және көпшілікке 
арналған әдебиеттерде осы күнге дейін қызу талқылануына түрткі берді. 
Сэловей мен Мэйер бөліп шығарған компоненттерге Гоулман ынталылық, табандылық 
және әлеуметтік дағдыларды қосты. Сонымен қатар, эмоциялық интеллектінің аса танымал 
үлгілеріне Р. Бар-Онның тұжырымдамасын жатқызуға болады. 
Оның тұжырымдамасына сәйкес эмоциялық интеллект қоршаған ортадағы адамдармен 
табысты қарым-қатынас құруды және өмірдің түрлі жағдайларында өзін-өзі ұстай білуді 
қамтамасыз ететін эмоциялық және әлеуметтік құзыреттілік, қабілеттер мен білімдердің 
бүкіл жиынтығы ретінде анықталады. 
Р. Бар-Онның моделі ЭИ ұғымына өте кең түсінік береді. Ол ЭИ-ні адамның әр түрлі 
өмірлік ситуацияларды табысты жеңіп шығуына мүмкіндік беретін барлық когнитивті емес 
қабілеттер, білімдер мен құзыреттілік ретінде анықтайды. Р.Бар-Он ЭИ-нің бес 
компонентімен теңдестіруге болатын құзыреттіліктің бес сферасын бөліп көрсетті; бұл 
компоненттердің әрқайсысы бірнеше субкомпоненттерден тұрады:
1. Өзін тану: өз эмоцияларын ұғыну, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі 
өзектілендіру, тәуелсіз болу.
2. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары: эмпатия, тұлғааралық өзара қатынастар, 
әлеуметтік жауапкершілік.
3. Бейімделуге қабілеттілік: мәселені шешу, шынайылықпен байланыс, икемділік. 
4. Стрестік жағдайларды басқару: стреске тұрақтылық, импульсивтілікті қадағалау.
5. Басым көңіл-күй: бақыт, оптимизм. 
Р.Бар-Он эмоциялық интеллектіні өлшеуге арналған, EQ деп аталатын сауалнама 
құрастырды. Бұл сауалнама жоғарыда аталған субкомпоненттерге сәйкес келетін 15 
шкаладан тұрады.
Ұсынылған модельге негіз болып дәл осы компоненттерді бөліп көрсетудің 
дұрыстығын растайтын қандай да бір эмпирикалық мәліметтер емес, автордың кәсіби 
тәжірибесі мен әдебиеттерді талдау табылатындығын атап кеткен жөн.
Эмоциялық интеллект идеясы сондай-ақ, Ресейде де кеңінен қарастырылуда. Мәселен, 
Д.В. Люсин эмоциялық интеллектінің өз үлгісін ұсынып отыр. Оның үлгісі бойынша, 
эмоциялық интеллект өзінің және өзгенің эмоцияларын түсіну және оларды басқара білу 
қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Эмоцияларды түсіну қабілеті дегеніміз адамның өзінің және өзгенің қандай да бір 
эмоциясын сезініп отырғандығын тани білуін, осы эмоцияны тудырып отырған себептерді 
және оның салдарын түсінуін білдіреді. Эмоцияларды басқару қабілетіне адам 
қарқындылығы мен оның сыртқы көріністерін қадағалай алуы, сондай-ақ, өзінің бойында 
белгілі бір эмоцияларды ерікті түрде туындата білуі жатады. 
Түсіну мен басқару адамның өзінің және өзгелердің эмоциясына бағытталуы мүмкін 
болғандықтан, Люсин эмоциялық интеллектінің тұлға ішілік және тұлға аралық екі құрамдас 
бөліктерін ажыратады. Аталған ұстаным шеңберінде эмоциялық интеллект құрылымында 
когнитивті қабілеттер мен тұлғалық сипаттамалар біріктірілген. 
Ал Қазақстанда белгілі ғалым А.А. Төлегенова эмоциялық интеллектті 
психофизиология тұрғысынан қарастырған. Оның зерттеу еңбегінде эмоциялық интеллекттің 
психофизиологиялық параметрлері адамның эмоцияны реттеу кезіндегі жеке дара 
ерекшеліктерінің негізі ретінде қарастырылған. Эмоциялық интеллекттің адамның өнімді іс-
әрекет, әлеуметтік бейімделу және стрестік жағдайлар үшін маңыздылығы көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет