Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

Қабілет. 
Қабілеттің негізін нышан құрайды. Нышан – қабілет дамуының алғышарты 
болып табылады. Нышанға мидың анатомиялық- морфологиялық және физиологиялық 
қасиеттері ғана емес, сонымен бірге олар тікелей және жанамалы түрде 
тұқымқуалаушылықпен байланысты психикалық процестерде жатады. 
Қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды
екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады. 
Олар жалпы және арнайы қабілеттер болып бөлінеді. 
Арнайы қабілеттер– белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетті білдіреді 
(математикалық, музыкалық, педагогикалық қабілеттер және тағы басқалар). 
Жалпы қабілеттер– бұл арнайы қабілеттерді дамытуға деген қабілеттер. 
Б.М. Тепловтың анықтамасы бойынша, қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті 
жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара 
психологиялық ерекшеліктер болып табылады. Қабілет жайлы сөз қозғағанда мыналарды 
ескерген жөн:қабілеттер адамды бір-бірінен ерекшелейді. 
Б.М.Тепловтың пікірінше
,
қабілеттің маңызды белгісі өнімді іс- әрекеттің өзіне тән 
жеке даралығынан, тәсілдердің ерекше болуынан көрінеді. Қабілеттер іс-әрекетті сәтті 
орындауға ықпал етеді. Кейбір зерттеушілер, мысалы Н.А.Менчинская бұл орай да қабілетті 
білім, іскерлік, дағдыны меңгерудің нәтижесіндегі жетістік деп қарастырады. Қабілеттің 
көмегімен қалыптасқан іскерлік пен дағдыны жаңа жағдайға ауыстыруға болады. 
Сондықтан жаңа міндет адамның психикалық қасиеттерінің талабына сай, іс-әрекеттің 
тәсілдеріне ұқсас болуы керек. 
Дарындылық қандай да әрекеттің табысқа жету мүмкіндігін ғана анықтайды, осы 
мүмкіндікті іске асырылуы лайықты қабілетті қандай өлшемде дамытады және қандай білім 
мен дағдыны игере алатынын анықтайды. 
Талант (гр. talantonбастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — 
қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік 
деңгейі. Талант деп - қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне 
жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. 
Қабілет дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталынады. Данышпандық 
туралы адамның шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін 
дәуірді құрастырғанда айтылады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамның белгілі білім 


39 
жүйелері негізінде яғни интеллектіге байланысты. Қабілетте шығармашылық түрде даму 
ерекше орын алады. 
Қазіргі уақытта адам үшін интеллектінің маңызы шығармашылық түрде даму. 
«Шығармашылық» деген сөздің төркіні,этимологиялық«шығару», «ойлап табу» дегенді 
білдіреді. Жалпы интеллект табиғатында бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. 
Интеллект 
(латын тілінде «intellectus» – түсіну, таным деген түсінікті білдіреді). Адам 
интеллектісінің басты сапаларына алғырлық, байқағыштық, логикалық дәйектілік, ойдың 
тереңдігі мен кеңдігі, бейімділігі мен белсенділігі жатады. Интеллект танымның негізгі 
формасы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет