37
Б.М.Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: Темперамент дегенiмiз бiр
жағынан эмоциялы қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың
күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы.
Темперамент қасиетi биологиялық, әрi туа бiткен қасиет
болғандықтан көбiнесе
индивидтiк ерекшелiк болып табылады.
Немiс философы И. Кант темпераментті екіге бөліп қарастырды:
1)
Сезімтемпераменттері-сангвиник пенмеланхолик;
2)
Іс-әрекеттемпераментінебарлық темперамент түрлері. Неміс психологы В.Вундт
темпераментті екі топқабөлген
1)
Эмоциясы күшті темпераменттер.
2)
Эмоциясы әлсіз темпераменттер.
В.Д.Небылицин темпераменттiң үш негiзгi компоненттерiн бөлiп қарастырды. Олар:
индивидтiң белсендiлiгi; оның қимылы; эмоциялығы.
Сангвиник- қызуқанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл
табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әртүрлi, көпқырлы жұмысты тез
атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне
тез бейiмделедi.
Меланхолик
- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргенді
жақсы көреді. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi,
жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған ісін нәтижелi
орындап, табандылық көрсетедi.
Холерик – аса қозғалғыш, ұшқалақ. Қарым-қатынаста күйгелек, бірбеткей, іс-әрекеті
пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына жетуге
тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға
сенiмi болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп,
ешнәрсеге көңiл
бөлмей қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi, қызба келедi. Бiр сөзбен айтқанда,
ұстамсыз адам.
Флегматик –барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiрқалыпты, табанды, төзiмдi.
Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн
жеткiзедi. Адамдармен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық пен селқостық оның осал
жағы. Ұзақ уақыт жұмыс істеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке көңiл
аудармайды.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және
оның өзіндік әрекетінің
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мінез дегеніміз - адамның белгілі
жағдайларда жасайтын тәсілдік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің
бірлігі
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен
ерекшеліктердің жиынтығы. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің
«charakter» деген сөзінен шыққан. Мағынасы – із қалдыру, таңба. Мінез ерекшеліктері –
адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Адам мінезінің даралық ерекшелік
екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст
(б.з.д. IV-III ғғ). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.
Еңбек тәрбиесі,
физикалық тәрбие, өзі-өзі дамыту, адамгершілік- этикалық тәрбие,
әдеттер тұлғаның өмір жолын ұйымдастыруға түрткі болады. Қоғамдағы мәдени
құндылықтар, идеологиямен, ұлы тұлғалардың өмір жолы, қоғамдық пікір және қоғамдағы
жалпы пікірлер, әдебиет, теледидар, кино, театр ақпараттары тұлғаның дүниетанымын
дамытады.
Адамның өмірін өзгертетін негізгі факторлар:
Физиологиялық (жыныс,темперамент);
Әлеуметтік тәрбие,
мәдениет, отбасы, мектеп,ұжым;
Тұлғалық өзін-өзі дамыту, өзі-өзі тәрбиелеу болып табылады
38
К. Кречмердің мінезді жіктеуі: Астеникалық – грек тіліне аударғанда «әлсіз» деген
мағынаны білдіреді. Олар бала кезінен өте нәзік және сезімтал болып келеді. Нәзік, арық,
ұзын, кішкене иықты, беті ұзын, жіңішке, бозарып тұрады.
Атлеттік – грек тілінен аударғанда «күрескер» дегенді білдіреді. Бұлшық еттер мен
қаңқалары жақсы дамыған, толық, мықты, ұзын, кең иықты.
Пикниктік тип – грек тілінен аударғанда «тығыз» деген мағынаны білдіреді. Толық,
орта бойлы, үлкен қарынды, қысқа мойынды. Беті кең, жұмсақ, домалақ болып келеді.
Дипластик – дене бітімі дұрыс қалыптаспаған адам. Э. Кречмер алдыңғы дене бітімінің
түрлеріне
сәйкестендіре отырып, жеке адамның үш түрін көрсетеді: Шизотимик –
астеникалық дене бітім. Тұйық, көп ойланғыш, жаңа ортаға тез үйренбейді, сезімтал болып
келеді. Мінез – қылықтарында аристократтық, сезімнің әлсіздігі, суықтық және билік
құмарлық бар.
Циклотимик – пикниктік дене бітім. Эмоциясы тез өзгереді, айналасындағылармен
еркін араласады. Көңілді, көп сөйлегіш, күшті, ашық, әзілге жақын және өмірді жеңіл
қабылдайды.
Истотимик – атлеттікденебітім. Тыныш, өз-өзіне сенімді,
сезімге көп берілмейді,
ортасының ауысқанына қиын үйренеді.
Шелдон концепциясы: 1. Эндоморфты түрдегі адамның дене құрылысы әлсіз, май
клеткалары басым. 2. Мезоморфты түрдегі адамның дене құрылысы мықты, әдемі,
бұлшық еті күшті. 3. Эктоморфты – дене құрылысы әлсіз, кеудесі қушық, бұлшық еті
әлсіз, аяқ – қолы ұзын.
Достарыңызбен бөлісу: