40
рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке
жетудің жолдарын үйретуге қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» -
дейді.
Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін
қабылдауы
және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай
алуы). Инструменталдық – рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін
және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі (өзінің және өзгелердің эмоциялық
жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы).
Қажеттілік-мотивациялық – өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген
жауапкершілікті сезіне білу).
Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдеріне: идентификация, эмпатия,
рефлексия, аттракция, атрибуцияны жатқызуға болады. Идентификация, қазақша
«теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді
сол адамның орнына қою.
Идентификацияда басқа
адамның құндылықтар ережесі, мінез-құлқы, талғамдары мен
дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде
идентификацияның оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған.
Идентификация дегеніміз – бұл басқа адамды сол субьектінің өзінің ерекшеліктеріне
саналы немесе бейсаналы ұқсастыру арқылы түсіну тәсілі.Қарым-қатынас жағдайында
адамдар өзін сол адамның орнына қою әрекеті негізінде басқа адамның ішкі қалпы, ой ниеті,
мотивтері мен сезімдері туралы болжамдаржасайды.
Эмпатияны басқа адамды сезіну, оның тебіреністеріне бой ұсына білу деп анықтауға
болады, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның «мәселесі»
«ойланылса», эмпатияда «сезініледі».
Екеуінде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ бастапқысында өзін серіктеспен
теңестіру механизмі, ал соңғысында басқамен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін,
дегенмен басқаның мәселесін сезіну іске асырылады.
Эмпатия – басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті.
Қарым-қатынас
жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеуметтік қызметкердің кәсіби маңызды
қасиеттерінің бірі.Осы екі жағдайда да, арадағы қарым-қатынастың іске асырылуы, үшінші
жағдайдағысеріктестің «Мен» ұғымын түсінуіне байланысты. Бірін-бірі түсіну рефлексия
құбылысымен анықталады.
Әлеуметтік психологияда рефлексия – қарым-қатынас барысында екінші адам оны
қалай қабылдайтынын түсінуі. Ол қабылдау мен түсінуі ғана емес, қоршаған ортада «Менді»
бағалау арқылы, яғни «Мен» бейнесі анықталады.
Қарым-қатынас барысында адамды қалай қабылдап, түсініп тұрғаны да маңызды.
Субъектінің қарым-қатынас серіктесінің оны қалай қабылдайтынын түсіну рефлексия деп
аталады. Рефлексия басқа адамды қабылдау құрамынажатады.
Сонымен, адамды адамның қабылдауын екі еселенген айналы бейнеленуге ұқсастыруға
болады.
Адам басқа адамды бейнелегенде, өзін де сол басқаның қабылдау айнасында
бейнелейді. Қарым-қатынас процестерінде идентификация мен рефлексия бірігіп әрекет
етеді. Егер де әрбір адам басқа адамдар туралы ғылыми негізделген толық хабарлармен
қамтамасыз етілген болса, онда ол олармен өзара әрекет ету жолын қатесіз құрастырған
болареді.
Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін
анықтаумен байланысты зерттеу аймағы – аттракция деп аталады. Аттракция, бір жағынан,
қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы
процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы.
Қарым-қатынастың перцептивті жағын
зерттегенде осыны ескерген жөн, себебі, бір
жағынан, адамдар арасында бір-бірін ұнатушылық, достық сезімдері немесе, керісінше,
жақтырмау сезімдерінің қалыптасуы, екіншіден, бұл құбылыстың қарым-қатынастағы
маңызы қандай деген мәселелер туындайды.
41
Аттракцияны бір адамның екінші адамға деген әлеуметтік бағдары және сол жағдайда
эмоциялық компоненті басым деп қарастыруғаболады.
Аттракцияның түрлі деңгейлері анықталған: ұнатушылық, достық, сүйіспеншілік.
Кеңестік әлеуметтік психологияда аттракция көп зерттелінбеген. Қазіргі кезде топтық іс-
әрекетте аттракцияны зерттеу қолға алына бастады.
Каузалды атрибуцияны зерттеушілер Г. Келли, Э. Джонс, К. Дэвис, Д. Кенноуз, Р.
Нисбет, Л. Стрикленд.
Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенге келеді. Латын
тілінен аударғанда «causa» - себеп, яғни каузалды атрибуцияны – себепті телу деп түсінуге
болады.
Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның
мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: