Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


-кесте - Психикалық жүктемелердің негативті салдары



Pdf көрінісі
бет24/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

 
6-кесте - Психикалық жүктемелердің негативті салдары 
Психикалық жүктемелердің формалары 
Жеңу тәсілдері және демалыс формалары
Катты шаршау: «мен өзімді өте шаршаған, 
жалыққан адам ретінде сезінемін» 
Энергияны толтыру: 
енжар 
демалыс 
жасау, 
демалыстағы 
үзілістер, қызықты телебағдарла- малар 
көру, кітап оқу, ұйқы, серуендеу, саунаға 
бару. 
Монотония: «маған қызық емес, ішім 
пысады» 
Өте қызықты, қатты әсер беретін бір 
әрекеттер жасау: өте қызықты кітап оқу, 
стратегиялық ойындармен ойнау, интернет 
қарау, 
жұмбақтар 
шешу, 
спортпен 
айналысу, бақшада жұмыс жасау, «элитаға, 
жарқын дүниеге» шығу 
Фрустрация: «мені ренжітті, мені әдейі 
төмендетті, өз әрекеттерімді жүзеге асыруға 
шектеулік көрудемін» 
Уақытты жағымды өткізу, өзіңді құрметке 
бөлеу: түскі ас ішуге бару, заттар сатып алу,
«өзіңе бір нәрсе алуға мұршат беру», жақын 


29 
адамдармен қарым-қатынасқа түсу, сауна, 
маникюр 
Зерігу: «ешнәрсе жасағым келмейді, бәрі 
бірдей болып кетті, іш пыстырады» 
Іс-әрекетті алмастыру: жұмыста, оқуда 
үзіліс жасау, адамдармен қарым-қатынасты 
азайту, демалуға кету, жалғыз өзің 
саяхаттау, аса қызықты іс тауып алу 
Стресс: «мен өзімді зорланып кеткен күйде 
сезінемін, 
езілгенмін, 
қысым 
көрдім, 
демалмай жұмыс жасап жатырмын» 
Мәселені шешуге жұмыс жасау: сыртқы 
әсерлерді 
азайту, 
жақсы 
адамдармен 
әңгімелесу, 
релаксация 
жаттығуларын 
жасау, 
физикалық, 
әлеуметтік, 
психологиялық ресурстарды пайдалану,
әрекет ету жоспарын құру. 
Сізге бір психологиялық тапсырма берейін, дәптерге өз стресіңізді жазыңыз, содан 
кейін сол стресті жеңуге не көмектеседі соны жазыңыз.
Енді эмоциялық күйіңізді қалай бақылап отыруға болады соған тоқталамыз. Қазір 
стресс бәрімізде бар, өте көп, эмоцияларымыз жиналып шаршап қаламыз, өзімізді сезіну 
әлсірейді, сондықтан өзіңізге психологиялық көмектесу қажет болады.
Негативті сезімдерді жеңу үшін сізге агрессия, қорқыныш, ашу ыза келтірген бір 
оқиғаны жазыңыз соған байланысты жауап беріңіз. 
1.Мәселелі жағдай, орны, уақыты;
2.Менің ойларым мен сезінулерім;
3.Менің сезімдерім мен денедегі түйсінулер;
4.Мінез-құлықта туындаған эмоцияларымды мен қалай басқара алдым немесе мінез-
құлықта эмоцияны қалай білдірдім;
5. Сол жағдайды жеңу үшін беретін менің нұсқауларым, сол нұсқаулардың позитивті 
және негативті салдарлары;
6.Альтернативті мінез-құлық.
Ең басты психологиялық қағида: кемелденген бірдейлік – ішкі тұрақтылықтың кепілі!
Осыған байланысты келесі өте қызықты ғылыми зерттеуді айта кетсек артык болмайды. 
С. Шейзер және И.К. Берг мәселені шешуге бағытталған қысқа мерзімді психотерапияны, 
технологияны ұсынды. Олар психотерапевтке келген клиентке өз мәселесін өзі шешуге 
ұсыныс береді, соған клиентті бағдарлайды.
Стресс түрлерінің ішіндегі ең маңызды түрі биологиялық стреске тоқталайық.
Биологиялық, физикалық немесе химиялық әсерден организмде пайда болған реакциялар, 
сол стрессорлар өмірге, денсаулыққа, физикалық аман-есендікке бағытталады.
Стресті азайтуға арналған бағдарламаның мақсаты: жеке дара стреске қатысты 
туындайтын төзімділікті талдау; стресті жеңу бойынша ситуативті және орнықты 
біліктіліктерді қалыптастыру; негативті эмоцияларды реттеудегі эмоциялық біліктілікті 
жақсарту және позитивті эмоциялық ресурстарды белсендіру; ресурстарды өзектендіру және 
жүйелік талдау; өзіндік бағалау мен бірдейліктің рефлекциясы және оларды жақсарту; 
стресті жеңудегі жеке бастық мақсаттарды талдау, жаңа мақсаттарды анықтау, сол мақсатқа 
жетуді қадағалау.
Қазіргі жаңа ерекше бағыт Германияда пайда болды, стресті оптимизммен басқар деген 
бағытта ғылыми зерттеулер көптеп жүргізілуде (К. Решке, А. Гарбер, Лейпциг, 2015), бұл 
бағдарламада келесі жағдайлар нақтыланады:
-стресті талдау;
-эмоциялық өзіндік реттелу;
-жалпы жағымдылық күйі;
-бәсеңсу техникасы;
-мінез-құлықтың ескі формаларына оралудың профилактикасы;
-ойдағы стрестің көздері;


30 
-әлеуметтік ортаның ресурстары;
-болашақ туралы түсінік; 
-бірдейлік.
Біздің басымыздан өтетін зорлану күйлері жұмыс қабілетімізді төмендетеді, олар біздің 
интеллектік, физикалық, эмоциялық күйлерімізге әсер етеді. Стресс-менеджменттің негізгі 
үш әдістерін көрсетуге болады:
- стресс тудыратын факторлардан кету- әрине өте қарапайым тәсіл, алайда қаншалыкты 
одан кеткің келсе де мүмкін емес жағдайлар болады және стрессорларды толык алып тастау 
мүмкін емес;
-стресс факторларды өзгерту- мәселеге әсер ете алатындай күйде болу, ресурстарды 
өзгертуге дайын болу; 
-стресс факторларға деген қатынасты өзгерту: әрине оған өте көп психологиялық
нығайту қажет болады.
Стресс қоршаған ортамен өзара әрекеттесуден және адамның жеке дара мінез 
қырларына байланысты туындайды. Адамның өзіне тән жеке ерекшеліктері болады: адамның 
өзі сол стрестің көзі; басынан бастап стреске «икемді» көңіл бөлуге қабілеттілік керек. Осы 
«икемді бірдейлік» жеке бастық бірдейлікпен байланысты болады. 
Жеке бастық бірдейлік адамның жеке даралығымен, белсенділігімен, өмірлік 
тәжірибелерімен, қызығуларымен, қалыптасқан біліктіліктерімен байланысты болады. 
Сондықтан сіз өте зейінді, жаңа тәжірибеге ашық, өзгеріске дайын болуыңыз ең басты нәрсе.
Сонымен қатар әлеуметтік қорғалғандық – эмоциялық қолдау алу –өмірдегі басты 
тірегің болып саналады. Адамдармен қатынастар өте маңызды маңызды: достар, көршілер, 
әріптестер, отбасы. 
Осы айтылған талдауларға байланысты ұсынылатын трениг-семинардың бағдарламасы 
сізге көп ой салады: стресті басқару барысында адамдар өздерінің ішкі бағдарлануларының 
ауырлығын немесе олардың стресті басқарудағы тиімсіз екенін ұғына алады.
Соған арнайы психологиялық жаттығулар ұсынылады: мысалы: «эмоциялық күй мен 
көңіл-күйді рефлекциялау: «қазір және осында», «соңғы аптадағы менің стрессім» сияқты 
тақырыптарды жазып шығыңыз. Егер сіздің стрестік күйіңіз асқынып тұрса, оның шешімі: 
сіз дәл уақытында ойыңыздағы және ішкі бағдардағы стресті ұлғайтатын келесі жағдайларды 
жасау керек:
-тани білу,
-тоқтату,
-меңгеру,
-кету.
Өмірде көптеген сұрақтарды шешуде стрестер әртүрлі сипат алады: мысалы ресурстар 
мүлдем бітіп қалса, мәселен адам ақшасын немесе өз мәртебесін жоғалтса маңызданған 
стресті бастан кешіреді, керісінше ақша жоғалтам-ау, мәртебемнен айыраламын-ау деп 
ойласа күтілетін стреске тап болады.
Сондықтан адамдар қауіпсіздік және өзін жұбату сезімдерімен, өзінің және ұжымының 
тиімділігі оған қаншалықты қатысты болады деген сезімдерімен,әлеуметтік байланыстарды 
білдіретін сезімдерімен, үмітті жоғалтпау сезімдерімен жұмыс жасауы керек.
Стресті басқару деген не деген сұраққа келетін болсақ онда стресс-менеджменттің
техникаларын айтуға болады: 
- инструменттік стресс-менеджмент (жұмысты басқамен бөлісу, «жоқ» деп айтып 
үйрену);
-когнитивті стресс-менеджмент (кеудені көтеруден құтылу, жұмыстан іштей 
арақашықтық сақтау);
-симптомды-регенеративті стресс-менеджмент (релаксация техникалары, спорт, 
әңгімелесу).
Әлеуметтік қатынастар стресті азайтады, олар қолдау береді және тірек болады, осыны 
сіз міндетті түрде есте сақтаңыз. Мысалы әртүрлі әлеуметтік қолдаулар бар:


31 
-бірге әсерлене алу мен ынтамақтастық мағынасындағы эмоциялық қолдау;
-өзіндік бағалау мен өзін сыйлауды қалыптастыратын эмоциялық қолдау (мысалы «мен 
сені жақсы адам деп түсінемін»);
-когнитивті қолдаулар: сол мәселені шешуге қатысты кеңес беру, идеялар беру. 
Стрестік жағдайды талдауға арналған, берілгендерге жауап жазып көріңіз және 
ойланыңыз: 
1.Мәселелі жағдай, орны, уақыты;
2.Сол жағдайға қатысқандар;
3.Басқа қатысушылардың мінез-құлқы;
4.Менің сезімдерім;
5.Менің дене реакцияларым; 
6.Мен үшін сол жағдайдың салдары;
7.Сол жағдайдағы менің әрекетім.
Сізге берілетін практикалық көмек: 
- ең бастысы ұмытпаңыз: әлеуметтік қолдау стресті және психологиялық зорлануды 
азайтады;
-әлеуметтік қолдау денсаулыққа және эмоциялық теңгерімге жағымды әсер етеді. 
«Егер жақсы дос тапқың келсе, алдыменен өзің жақсы дос бола біл» деген мақалды 
айтуға болады. Қорғаныс бар екенін сезіну әлеуметтік иммунитетті нығайтады. Сізге 
адамдар арасындағы қатынасты дұрыс, орынды бағалай білу керек, басқа адамдарға 
қызығушылық көрсете біліңіз, көмек сұрай білу, достар мен отбасы үшін уақыт табыңыз,
егер сізде мәселе болса, өз жаныңызбен шынайы адал сөйлесіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет