58
құлқын қалыптастыратын және бағыттайтын барлық құндылықтарды осы кезеңде меңгереді.
Бұл кезеңді табысты орындау табандылыққа әкеледі.
Эгосәйкестік-психоәлеуметтік дамуда анықталатын өзін-өзі тану
сезімі. Күнделікті
қарым-қатынасымызда пайда болған жаңа тәжірибелер мен ақпаратқа байланысты
жасөспірім эгосы- үнемі өзгереді. Жасөспірімдердің психологиялық
және физиологиялық
дамуы қоршаған ортаға деген жаңа қажеттіліктердің, көзқарастардың пайда болуынан
көрінеді. Олар шындыққа сәйкес келмейтін әлемнің, отбасының, түрлі қатынастардың
идеалды картасын жасайды.
Өз «Мені» мен әлеуметтік рөлдерге ие болу кезінде жасөспірімде ішкі қайшылықтар
туындайды. Осы қайшылықтардың шешімін іздеу болашақты жобалауға мүмкіндік береді.
Ерте кемелдену (20-25). Жақындық-оқшаулану.
Бұл кезең отбасылық өмір мен кәсібиленудің басталуына сәйкес келеді. Жастық
кезеңге байланысты жалғыздықты жақындықпен қалыптастырады.
Отбасын құру, достық,
әріптестер, ұжымда әр түрлі деңгейде қарым-қатынас қалыптастыру әлеуметтік дамуға
әкеледі. Жақындықты дамыту бұл өзгелерге қамқорлық жасай білуінде.
Тұжырымдама махаббат қатынастарына ғана емес, достыққа да қатысты.
Адамның басқа адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатқаны өте маңызды деп санайды.
Осы қадамдарды сәтті жасағандар төзімді және қауіпсіз болатын қатынастарды
қалыптастырады. Бұл қадамдарды табысты шешу махаббат, достық деп аталатын ізгілікке
әкеледі. Осы кезеңдегі қарым-қатынас жасау тұлғааралық қатынастарда адамдардың өзара
әрекет етуімен ерекшеленеді.
Орта жас (25-65). Гендерлік және тоқырау.
Бұл жаста адам білім, өмірлік тәжірибе және рухани күш жұмсайтын шығармашылық
әрекетте өзін көрсете алады. Бұл жаста адамдар кәсіби және қоғамдық мансабының шырқау
шыңына жетеді. Олар отбасылық қарым-қатынаста
біршама маңызды шешімдер
қабылдайды. Кемел жастағы адамдардың көбі ата-әже рөлдерін алады. Олардың көбі бұл
рөлдерді орындауда жаңа ұрпақ тәрбиесімен айналысады.
Кеш кемелдену (65-кейін).Тұлғаның тұтастылығы-үмітсіздік
Қарт адамдардың психикасына интеллектік және эмоциялық «ішкі әлемге кету» көп
орнайды. Себебі, өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі
басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу қасиеттері басым болады. Алайда қартаюды
тек регрессивтік құбылыс деп қарамауымыз керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде
адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Белгілі бір жетістіктері бар қарттарда
даналық пен данышпандық, кемеңгерлік тұлғаның өмір тәжірибесіне үлгі болатын
сабақтастық орыналады.
Қанағаттану, өмірге ризашылық, мейірімділік, және табиғи басқа
қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі–осы қартаю кезінде орын
алатын құбылыс.
•
Тұлғааралық қарым-қатынастағы технологиялар:
•
Шартты рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның
әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.
•
Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы,
көңіл-күйі ескерілгенімен оның ісінің маңызыдылңы тіпті басым.
•
Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы
өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген
тақырып төңірегінде
әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста
адамдар бір-бірін ым-ишарадан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады.
•
Манипулятивтіқарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен
байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып жарамсақтану (қорқыту,алдау,арбау,
мейірімділікті таныту).
•
Зиялы қарым-қатынастың мәні адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға
сай нәрселерді айтуға тырысады.