әлеуметтік фасилитация феноменін суреттеген
(ағылшынның facilitate -жеңілдету).
Алайда ғылымда басқа адамдармен нақтылы қарым-қатынас жасаудың өзі іс-әрекет
нәтижесіне кері әсер ететіндігін дәлелдейтін басқа да фактілер анықталған. Осыған орай
әлеуметтік ингибиция феномені айқындалған.Әлеуметтік ингибиция (латынның inhebere –
тежеу, тоқтату) яғни басқа адамдардың (шынайы немесе қиялдағы) қатысуының орындалып
жатқан іс- әрекеттің сапасы мен жылдамдығының нашарлауына әкеледі.
Сонымен, қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол
адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін
қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам іс-әрекетінің негізгі
түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп
өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи
қажеттілігімен бірдей.
Қарым-қатынас психологиясының категориялары. Отбасылық категорияда А.Е.Личко бойынша, отбасында ата-ана мен баланың
арасындағы қарым –қатынас барысында оң және теріс тәрбие қалыптасады. Оң тәрбие
түрлеріне шынайы махаббат, сенімділік, мейірімділік, шамасына қарай талап қою, жиі-жиі
жақсы қарым-қатынаста болу, баланың өміріне, дамуына жауапкершілікпен қарау. Теріс
тәрбие түрлеріне шектен тыс қадағалау, жазалауды жатқызады.
Тұлғаралық екі немесе тікелей таныс адамдардың байланысқа түсуі. М.Н.Ночевник
«Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын
басқа адамдармен қарым- қатынасынан тыс елестету мүмкін емес» деген. Тұлғааралық
қарым-қатынастағы кері байланыста мәлімет бір жақты болмайды, екі жақты пікір алмасу
түрінде өтеді. Мәліметті беруші – коммуникатор, оны қабылдаушы – реципиент депаталады.
Жыныс ерекшелігі категориясы. Психологияда ең күрделі мәселелердің бірі – ол
адамның қарым-қатынасқа түсе алмауы. В.А.Кан-Калик қарым-қатынас қиындығын қандай
да бір «психологиялық күрес» деп атайды. Ұл және қыз балалардың қарым-қатынасы
физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ортадағы дамуымен байланысты.
Қоғамдық категория. Қоғамдық қарым -
қатынас микро және макро ортада танылады. Микроортадағы қарым-қатынаста тұлғааралық коммуникацияәсерiнсезiнемiз.
Макро орта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макро ортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ,
онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Іскерлік категория. Ю.М. Жуков бойынша іскерлік қарым-қатынаста, серіктестік
қатынастарды орнату және жетілдіру негізгі мақсат-міндеті болып табылады. Іскерлік
қатынаста қашанда бір адамның не топ өкілдерінің мәселе шешуге не оны белгілі бір жаққа
шығару мақсатытұрады.