53
күйі туралы мәліметтер;
2) Қарым-қатынастың мақсаты адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің
пайда болуы;
3) Қарым-қатынастың әдіс – құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар,
бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар. Қарым – қатынас ұғымы,
өзара әрекеттесудің тұлға аралық сипатын көрсетіп қана қоймай, нәтижесінде қарым –
қатынас қатысушыларының арасында психологиялық байланыс орнайтын ерекше қызмет
түріне жатады.
Б.Д. Парыгин, Г. М. Андреева қарым-қатынастың компоненттері үш топқа бөледі:
1)
Коммуникативтік,
қарым-қатынасқа
түсетін
адамдар
арасында
ақпарат
алмасужүреді;
2)
Интерактивтік, қарым-қатынас барысында адамдардың өзара әрекеттесумен
ерекшеленеді.
3)
Перцептивтік, қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы
және түсінуі болып табылады.
Осылайша, адамдардың байланысы мен өзара әрекеттесуге түсуінің
нәтижесінде
қалыптасатын қатынастың психологиялық тұрғыдан тұлға аралық қарым – қатынастың
маңызды сипаттамасы болып табылады.
Қарым-қатынас формалары:
Тікелей қарым
-
қатынас
- табиғи бетпе-бет, вербалды және вербалды емес
психологиялықконтакт.
Жанама қарым
-
қатынас
—кері байланыста қолданылатын жазу және техника
құралдары көмегімен жасалатын контакт.
Тұлғааралық қарым
-
қатынас
- екі немесе одан да көп топтағы адамдардың
тікелейбайланыстары.
Бұқаралық қарым
-
қатынас
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын
байланыстар.
Персонааралық қарым
-
қатынас
— ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын
белгілі тұлғалардың психологиялық байланыстары.
Рөлдік қарым
-
қатынас
- әлеуметтік рөлдерге ие орындаушылардың психологиялық
байланыстары.
Қарым-қатынас барысында адамдардың өзара әрекеттесу нәтижесінде психологиялық
ерекшеліктері мен қасиеттері дамиды. Әлеуметтік топта адам білім мен іс-әрекет тәсілдерін,
жалпы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Қарым-қатынас
нәтижесінде адам жеке тұлға
болыпқалыптасады.
Тұлғааралық және топ арасында қарым-қатынас байланыс құрайды. Байланыс дегеніміз
ақпарат алмасу, яғни реалды (шынайы) және виртуалды тұрғыда болады.Реалды
коммуникация бұл кез-келген техникалық құралдардың көмегінсіз жүзеге асырылатын
тікелей байланыс.
Виртуалды байланыс дегеніміз интернет арқылы болатын жеке адамдардың қарым-
қатынасы.
Интернеттегі (пошта, әлеуметтік желілер) автономды әлеуметтік қызмет түріндегі
мәтіндік хабарламалармен алмасуда виртуалды өкілдігін (аккаунтын) құруыкерек. Қазіргі
уақытта әлемде бірнеше түрлі байланыс құралдары мен әдістері бар, және бұл үдерісте
интернет үлкен рөлатқарады.
Қазіргі кезде қарым-қатынасты орнатудың бірнеше түрлері бар.
Желі
арқылы бұл көптеген мәселелерді тез және тиімді шешуге көмектесетін
әлеуметтік және кәсіби байланыстарды құру қызметі. Желідегі қарым-қатынаста іскерлік,
кәсіби және күнделікті өмірдегі мәселелерді орындау немесе шешу тәсілдерін қолдануға
болады.
54
Интернет
-
қарқынды
дамып
келе
жатқан
бұқаралық
ақпараттық
коммуникацияқұралы.1991жыл17мамырда WWW (World Wide Web) стандарты құрылған.
Интернеттің қалыптасуы - ғаламдық компьютерлік желі арқылы қосылған адамдар
арасындағы жаһандық байланыстыарттыруда.
Желіарқылыорнатылғанбайланыстар
электрондық
пошта,
ашық
семинарлар,
телеконференциялар, форумдар (адам санына байланысты
олар әдетте белгілі немесе
шектеулі деп аталады), мәтінді нақты уақыт режимінде жіберу (мысалы, чат), дауыстық
хабарламаларда
(телефония)
және
бейнекоммуникацияда
(бейнеконференциялар)
жүргізілетін операциялар қазіргі уақытта бизнесте, мультимедиялық сауданың,
телемедицинаның дамуы, қашықтықтан білім берут.б. салаларда маңызды болыптабылады.
1. Әлеуметтік медиа- мұнда Сіз өзіңізді, жұмысыңыз туралы таныстырып қажетті
адамдармен мақсатты түрде кездестіреаласыз.
2. Достық пен жақсы қарым-қатынасты көптеген адамдар армандайды. Басқа
адамдармен жақын байланыстар бақытты сәттерді әкеледі және қиын уақытта көмектеседі
деп ойлайды. Өкінішке орай, біз адамдармен ортақ тіл таба алмаймыз, тіпті қалыпты қарым-
қатынас жасай алмаймыз! Мұндай адамдар мен сөйлескеннен кейін ашу, ыза, жеккөрініштер
пайда болуы мүмкін.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың психологиясы қандай? Топта, ұжымда, тіпті өз
таныстарыңызбен және достарыңызбен қалай жақсы қарым- қатынас орнатуға болады? Жаңа
достарды оңай тауып, ескісін жоғалтпауға қалай үйренуге болады?
Достық рақат әкелетін жақсы қарым-қатынас құру және түсіну үшін алдымен
ӨЗІҢДІ
түсінуің керек.
Әркім өзінің мақсат-мұратына қарай дос-жарандар табады, яғни тең- теңін табады.
Нағыз достық, адамдарға құрметпен қарау, Сізге қуаныш сыйлайтын мүмкіндіктер қарым-
қатынас шеңберін кеңейтеді. Кейбір адамдар мұндай жақсы қарым-қатынасты өздері
жасайды. Егер сіз күткендей қарым-қатынас болмаса, ол үшін ренжімеуіңіз керек, мұндай
жағдайлар өмір сүруге үйретеді.
Интернет арқылы байланыс бұл виртуалды қарым-қатынастың,
физикалық қарым-
қатынастан айырмашылығы неде? Тікелей байланыстар нақты орындарға, тағайындалған
немесе кездейсоқ кездесулерге бару арқылы жүзеге асырылады. Интернет арқылы байланыс
Skype, Viber немесе Facebook қосымшалары арқылы бейне чат арқылы жүзеге асырылады.
Интернет байланысы тағы қандай себептермен жанды байланыстан айырылып
қалады? Интернет арқылы басқа адаммен байланыс орнатуға арналған бағдарламалық
құралдар жақсы дамығанына қарамастан, виртуалды шындық әлі де сіздің экраныңызда
қалады және сіз басқа адаммен үлкен қашықтықта сөйлескен кезде толық әсер ала
алмайсыз. Мұның бәрі интернет байланысында жоқ. Қазіргі заманғы технологияларда
онлайн-чат арқылы сөйлесу кейде Сізді қанағаттандыратын
ойыңызды толық жеткізетін
жанды қарым-қатынас орындалмайды.
Тікелей бетпе-бет сөйлесу кезінде Сіз адамның ішкі күйін тани серіктес бола
аласыз. Адаммен жанды қарым-қатынаста ортақ мүдделерді табу мүмкіндігі туындайды.
Қарым-қатынас – әртүрлі ғылымдармен зерттелетіндіктен, күрделі әрі көп қырлы
процесс болып саналады. Психология тұлғааралық өзара әрекеттесу, қабылдау,
адамдардың өзара қарым-қатынас мәнін зерттейді. Лингвистика — коммуникация
құралы ретінде тіл мен сөйлеуді, сөздер мен терминдерді зерттейді. Менеджмент өзара
әрекеттесу, ынтымақтастық, бәсекелестік пен серіктестік
қатынастың сұрақтарын
қарастырады.
Аксиологиялық тәсілдеме қарым-қатынасты құндылықтармен алмасу процесі ретінде
зерттесе; нормативті-индивидтердің мінез-құлқын реттеу процесіндегі қарым-қатынастың
рөлі мен орнын анықтайды, сонымен қатар кәдімгі санада ережелердің берілу және бекітілу
процесін, мінез-құлық стереотиптерінің нақты қызмет процесін зерттейді; қарым-қатынастың
әлеуметтік-тәжірибелік аспектісі – оны қызмет нәтижелері, қабілеттілік, ептілік пен
машықтармен алмасу ретінде қарастырады.
55
Интенсивті технология саласындағы мамандар қарым-қатынасты ойындар, тренингтер
және жаттығулардың көмегімен ептілік пен машықтарды дамыту арқылы үйретеді.
Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы
негізінде қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол
өзінің
ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың
ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндікалады.
Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа
адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.
Сөйлеу тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас процесінде жұзеге асады.
Қарым-қатынас қабілетін дамытуға арналған әртүрлі жаттығуларды қолдану:
-
тиімді қарым-қатынасқа машықтау (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді
тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);
-
эмпатиялық дамыту;
-сенімсіздіктен,қобалжудан,қорқыныштан,қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;
-
тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығындамыту;
-
айналадағылармен қатынаста адамгершіліктідамыту;
-
тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігінигеру;
-
қарым-қатынас мәдениетінқалыптастыру;
-
байланыс жасау іскерлігінмеңгеру;
-
өз коммуникациялық ерекшеліктерінсезіну;
-
өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу
іскерлігін қалыптастыру;
Топтық пікір талас – ол үлкен топтарда коммуникативтік әрекетте жүзеге асады. Кез
келген мәселені талқылау барысында ой-жүйесін біріктіруге, дамытуға жаңа ойлардың
туындауына түрткі болады. Іскерлік әңгімелер – көпшілік алдында тұлғаға сұрақ қою арқылы
интервью алу болғандықтан диалогты қарым-қатынас орнатылады.
Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді
қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне
енгізудің жемісі.
Достарыңызбен бөлісу: