Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


Коммуникативтік төзімділік



Pdf көрінісі
бет39/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83
Коммуникативтік төзімділік 
коммуникаторлармен олардың қатысушыларының 
ерекшеліктеріне тәуелді. В.В. Бойко бойынша, қарым-қатынас жасауға ықпал ететін жеке 
тұлғаның негізгі сипаттамалары: интеллектуалды, құндылық, этикалық, эстетикалық
эмоциялық, сенсорлық, энергодинамикалық, мінез–құлықтық болып бөлінеді. Осы
сипаттамалардың интегративтік қызметі адамдар арасындағы қатынастарды, олардың
агрессивтілігін немесе төзімділігін анықтайды. 
Даму өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде дамудың жалпы 
заңдылықтары қалыптасқан. Жеке адамның даму процесін қарастыратын болсақ, бұл 
«процесс» латын тілінен аударғанда алдыға қарай қозғалу, өзгеріс деген сөзді білдіреді. 
Барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-
қатынастарыкөрініпжатады. Л.С. Выготскийдің зерттеуінде, адамның психологиялық 
табиғаты дегеніміз ол қоғамдық қарым-қатынаста жиынтығынан құралады. 
Әлеуметтік түсініктерде дамумен оқытуды теңдестіреді. Л.С. Выготский психикалық 
дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы кеелсі пікірді айтты: Адамның жоғарғы 
психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі 
құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-
әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі
жоспарға өтеді. 
Жоғарғы психикалық функция оқыту процесінде қалыптасады, ол «жақын даму 
аймағында» болады. Бұл «жақын даму аймағы» ұғымын Л.С. Выготский енгізген. Оқыту 


57 
«жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л.С. Выготский бойынша оқыту дамуды алып 
жүреді.
С.Л.Рубинштейн даму мен оқудың бірлігін зерттеген. Оқу баланың дамуының белгілі 
бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді 
жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады. 
В. Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Баланың психикалық дамуында 
біріншісі берілген қатынастардың жетілуі болса, екіншісі-жақын орта әсерімен даму 
бағыттары қиылысады, бұл конвергенця деп атады. 
Л.С. Выготский тұқым қуалаушық және әлеуметтік факторлардың тұлғаның дамуында 
бірлігін көрсетті.Тұқым қуалаушылық және әлеуметтік факторлардың бірлігі-бұл үнемі 
болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, даму процесінде өзгерістерге ұшырайды. 
Даму үрдісі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай? 
Әртүрлі жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет