Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет51/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
Конфликтінің функциялары: 
кез келген конфликт позитивті (конструктивті) және 
негативті (деструктивті) функция атқарады. 
Конфликтіні шешу жолдары 
Компромисс; 
Конфронтация; 
Кету; 
Мәжбүрлеу; 
Компромисс - өзара келісімдер арқылы қол жеткізілетін келісім. Мәселені жоюға 
көмектеседі. Конфронтация- қарсыласу әдісі ретінде екі жақта да қолданылады: әрқайсысы 
өз қалауы бойынша. Ешкім жеңілгісі, ештеңеден бас тартқысы келмейді, сондықтан 
қақтығыс тоқтауға келгенде - үшінші тарап қажет. 
Адамдардың әрекеттері
 
немесе алдыға қойған мақсаттары бір-бірімен сәйкес келмесе 
мәндетті түрде конфликт туындайды. Адамдардың арасында өтетін қарым-қатынаста 
конфликт болмай жатса, онда оны апатияның немесе немқұрайдылықтың белгісі деп санауға 
болады. Конфликтінің түрлерінің ішіндегі аса күрделісі, әрі маңыздысы ол әлеуметтік 
конфликтілер. Әлеуметтік конфликтілердің психологиялық ерекшеліктеріне қысқаша 
тоқталып кетейік. 


70 
1.Топта адам саны аз болған сайын конфликтінің туындау ықтималдылығы азая береді, 
себебі топта адам саны аз болғандықтан әрбәр топ мүшесі өзін жауапты сезінеді және 
тиімдірек көрінгісі келеді.
Топта адам саны көбейген сайын бірге ынтымактасудан бас тартып жатады, өздерін ол 
үшін ақтай береді, мысалы мына сөздері айтады, «менен пайда жоқ, бәрібір еш нәрсе де 
менен байланысты болмайды» деген сенімде болады.
Адам саны аз топта топтың жалпы ортақ сәттілігіне менің де үлесім бар деген ойды 
сезінеді, яғни топтық идентификацияны күшейтеді, әрі ол сол топта олардың тиімді 
ынтымақтасуына алып келеді. Топта «олар» емес «біз-сезімдері» күшейеді. 
2.Коммуникация. Топтағы коммуникация өте маңызды соның арқасында топтық 
нормалар, топтық мінез-құлық орнайды, тірілей бір бірімен байланысқа түсу ынтымақтасуды 
күшейтеді, конфликтінің алдын ала алады.
3.Бәсекелестік (конкуренция) міндетті түрде конфликтіге әкеледі. Бәсекелестіктің 
арқасында бір топ жеңіледі басқасы жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен топта ішкі топтық 
тығыздану күшейіп мақтаныш сезімі орнайды. 
4. Әділетсіздікті қабылдау. «Бұл әділетсіздік ғой» деген пікірлерді көп естиміз, мұндай 
пікірілер конфликт жағдайына сай келеді, адам өзін басқаша сезінеді (дисбаланс орнайды).
Қорыта айтсақ екі адамның, екі топтың немесе екі елдің арасындағы кез келген өзара 
әрекеттесуде олардың қажеттіліктері мен мақсаттарына орай қарама-қайшылық туындауы 
мүмкін. Неге көптеген әлеуметтік мәселелер туындайды, себебі адамдардың психологиясы 
сондай, әрқашанда олар өздерінің жеке бастық эгоистік қызығуларын қоғамның жалпы 
қызығуларына зиян келтіре отырып қанағаттандырады.
Сондықтанда эгоистік мінез-құлықты реттеу үшін аз санды топтар өте ыңғайлы, алайда 
топтағы адам санынан тәуелсіз коммуникация адамдарды алтуристік сезімдерге жетелейді, 
өзара сенімсіздіктерді төмендетуі мүмкін. Әрине адамдар бәсекелестікке түскенде міндетті 
түрде өшпенділікке бой ұруы мүмкін.
Конфликт қай кезде көп туындайды, егер адам өзімне басқаның әділетсіздік жасағанын 
сезінгенде, алайда кейде конфликтілер рационалдылықты да бере алады, яғни конфликтіні 
конструктивті шеше алса конфликтінің арқасында адамдар тіпті достасып та кетеді.
Ең бастысы конфликтіде төрт нәрсе маңызды, олар байланыс, кооперация, 
коммуникация және консилиация (тыныштандыру).
Байланыс, егер адамдар тең құқылы байланыс орната білсе, бір бірін жақынырақ біліп 
өзара симпатия туындай бастайды.
Кооперация, әрине тең құқылы байланыс орнату пайдалы болсада кейде ол да 
жеткіліксіз болады, сондықтан коопеарция керек, яғни позитивті ішкі дйындыққа бару, 
топтық идентификацияға түсу ол да конфликтіде көмектеседі.
Коммуникация арқылы конфликтіге түскен екі жақта өздерінің қайшылықтарын 
шешуге бірнеше тәсілдерді қолдана алады, мәселен бір бірімен тікелей кездесіп сөйлесу, 
немесе үшінші адамды алып соның айтқанына жүгіну немесе арбитражға да сұраныс жасай 
алады.
Конфликтіде ең маңыздысы «мен жеңдім-сен жеңілдің» деген мінез-құлық моделінен 
«мен жеңдім-сен жеңдің» деген модельге өту. 
Психологияда Ян Готлиб және Кэтрин Колби деструктивті дауласуда не істеу керек 
тіпті дауласып қалсаңыз оның өзін конструктивті жасау қажет екенін ұсынады, келесі 8-
кестеден сол ұсынысты көруге болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет