72
Конфликтідегі қызығушылықтарды бағалау арқылы мінез-құлықтың сапалық
сипаттамасын жасауға болады. Томас-Килман моделінде ол сандық параметрлермен
корреляцияланады: қызығушылықтары төмен, орташа немесе жоғары деңгейде болады.
Модельде конфликт жағдайын талдайды, өз мүдделеріне немесе қарсыластың
мүдделеріне назар аудару деңгейі үш жағдайға байланысты екенін көрсетеді:
1) конфликт тақырыбының мазмұны;
2) тұлғааралық қатынастардың мәндері;
3) жеке тұлғаның психологиялық қасиеттері.
Сонымен қатар екі өлшемді Томас-Килман моделін үшінші өлшеммен толықтыруға
болады яғни тұлғааралық қатынастар мәнімен (MЛO) толықтырамыз.
Томас-Килманның моделі конфликтіні реттеудегі өте ыңғайлы классикалық
инструмент болып саналады. Авторлар 30 жұп пікірден тұратын сұрақнама жасады,
нәтижесінде сыналушы үшін қай тәсіл конфликт барысында тиімді болатыны анықталады.
Моделде конфликтіге деген мүмкін болатын 5 бағытты көрсетеді, әдетте оларды екі
өлшемді матрицада береді, вертикаль осьте талапшылдық, ал горизонталь осьте -
ынтымақтастыққа бейімділік көрсетіледі. Төмендегі кестеден конфликт жағдайындағы мінез-
құлықтың стратегиялары берілген.
Достарыңызбен бөлісу: