79
Дж. Гилфорд және М. Салливан (1965ж.) әлеуметтік интеллект құзыреттерін келесі
қабілеттермен толықтырды:
1.
Адамдардың ішкі менталды күйлерінің сипатын түсіну;
2.
Адамдардың ішкі менталды күйлерін ұқсастығы бойынша топтастыра білу;
3.
Іс-әрекеттер арасындағы маңызды байланыстарды орната білу;
4.
Әлеуметтік іс-әрекет тіркесін түсіндіру;
5.
Әлеуметтік іс-әрекет өзгерістеріне бара бар жауап беру;
6.
Іс-әрекет контекстіне байланысты болашақ өзгерістерді болжау қабілеті.
В.Н. Куницына (1995ж.)
моделіне сәйкес, әлеуметтік интеллект құрылымы келесі
компоненттерден тұрады:
1. Тұлғалық коммуникативті әлеует – қарым-қатынасты жеңілдететін немесе
қиындататын қасиеттер жиынтығы;
2. Өзін-өзі ұғыну сипаттамасы: өзін-өзі бағалау,
құрметтеу, идеяларға ашықтық пен
еркіндік;
3. Әлеуметтік қабылдау, әлеуметтік ойлау, әлеуметтік қимыл және түсіну – адамдардың
мотивтері мен әлеуметтік құбылыстарды түсінуге бағытталған қабілет;
4. Энергетикалық сипаттама: физикалық және психикалық төзімділік, белсенділік.
Осы теорияларды салыстыра талдасақ, әлеуметтік интеллектінің басты құрылымы
өзгелерді түсіну мен олардың іс-әрекеттеріне сай ілгері қарым-қатынас құру қабілеттерінен
тұрады.
I.
Бұл қабілеттер әлеуметтік табыстылыққа қалай жеткізеді?
Американдық психологтар пайымдауынша, жалпы интеллект 20% ғана табыстылықты
қамтамасыз ете алады.
Қалған 80% – әлеуметтік қабілеттерге байланысты. Әлеуметтік интеллект дәрежесі
көшбасшылық қабілетімен тығыз байланысты.
Дәстүрлі түрде көшбасшылық қасиеттерге ие тұлға нәтижелерге қол жеткізудің нақты
жоспарын құра білетін және оны іс жүзінде іске асыра
білетін стратег ретінде
қарастырылады. Алайда көшбасшы рөлі мұнымен аяқтала қоймайды.
Оның алдында әрқашан тұратын басты міндеттердің бірі өз идеясымен қол астындағы
адамдарды еліктіре білу, бүкіл ұйым немесе компания ішінде қажетті эмоциялық күйді
тудыра білу болып табылады.
Өзінің ішкі дүниесі мен компанияның корпоративті рухын басқара алатын кез келген
басшы бизнесте толағай табыстарға жете алары сөзсіз. Нарықтық қарым-қатынас талабы
бойынша, пайданың 10% - идеяны жасап шығарған адамға берілсе, қалған 90% - сол идеяны
сатқан адамға беріледі.
Сондықтан, қарым-қатынастағы біліктілік әлеуметтік өмірде зор табыстың негізгі
шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: