56
дамыды. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын
қарастырады.
Тұлғаның бағыттылығы
- тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын жәненақты бар
жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі - ниеттер жиынтығы.Тұлғаның бағыттылығы
оның мүдделерімен, бейімдерімен,
сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар
арқылы адамның дүниетанымы білінеді.
Тұлғаның дамуы білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны
қоғамдық өмірдің әртүрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке
адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зиятты, ақыл-ойы, еркі,
сезімімен оңтайлы
логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.
Тұлғааралық қатынастарда адамдардың өзара әрекететуіне:
1)
адамдардың бірін-бірі түсінуі мен қабылдауы;
2)
тұлғааралық тартымдылық;
3)
өзара әрекетпен мінез-құлық жатады.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі
көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады.Тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш
деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар менсезімдер. Тұлғааралық қарым-
қатынаста осылардың бәріде көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады,
олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1.
Конъюктивті–адамдарды
жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке
итермелейтін сезімдер;
2.
Дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-әрекеттен
қашқақтататын сезімдер.
Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морено (1958)
ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия
негізінде нақты іс-әрекет
кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Тұлға
өзін басқа тұлғалармен қарым – қатынаста анық көрсететіні белгілі. С. К. Рощиннің
пікірінше, тұлғаның қарым-қатынас барысында субьектінің қолайсыз немесе жағымсыз өзара
жеке ерекшеліктерін (әрекеттері, әдеттері, мінез-құлық тәсілі, ойлау стереотипі) қандай
дәрежеде көретінін (шыдайтынын) көрсететін коммуникативтік төзімділік болады.
Достарыңызбен бөлісу: