57
«жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л.С. Выготский бойынша оқыту дамуды алып
жүреді.
С.Л.Рубинштейн даму мен оқудың бірлігін зерттеген. Оқу баланың дамуының белгілі
бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді
жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
В. Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Баланың психикалық дамуында
біріншісі берілген қатынастардың жетілуі болса, екіншісі-жақын орта әсерімен даму
бағыттары қиылысады, бұл конвергенця деп атады.
Л.С. Выготский тұқым қуалаушық және әлеуметтік факторлардың тұлғаның дамуында
бірлігін көрсетті.Тұқым қуалаушылық және әлеуметтік факторлардың бірлігі-бұл үнемі
болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, даму процесінде өзгерістерге ұшырайды.
Даму үрдісі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай?
Әртүрлі жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: