65
Іскерлік қарым-қатынас практикалық
пән болып есептеледі, дегенмен, әлеуметтану,
психология, антропология, менеджмент теориялары мен пайымдауларын оқып үйрену және
қолдану практикалық тәсілдерді түсіну мен ұғынуды тереңдетеді.
Сандық технологиялардың дамуымен қоса, іскерлік коммуникация келбеті де өзгерді.
Қазіргі таңда бір жобада жұмыс жасау үшін,
адамдар бір аймақта, бір мекемеде еңбек етуі
шарт емес. Интернет, телефон, әлеуметтік жүйелер дамуының арқасында іскерлік
коммуникация жылдам әрі жаһанды сипат алды.
Ақпарат тарату мен БАҚ-ның аудиторияға әсер ету пішіндері жаңғырып, жаңа түрлері
пайда болды. Қаржы көздері де жаңа ақпараттық технологияның
пайдасына қайта
қарастыруда.
Жоғарғы технология мен коммуникация саласындағы бизнесті ұйымдастыру пішіні мен
құрылымы өзгерді.Әлеуметтік желілер мен мобильді технологиялар интернеттің қарқынды
дамуына жол ашты.
Интернеттегі эволюция адамдардың қарым-қатынасына жаңа тәсілдер енгізді. 2004
жылы дүниеге келген Facebook 2230 миллион белсенді қолданушысы бар бүкіләлемдік
желіге айналды. Мобильді технологиялар интернет таралымын арттырып, қолданушыларды
көбейтті.
Мәселен,
www.internetworldstats.com
сайтында 1995–2018 жылдар аралығында әлемдегі
интернет қолданушылардың саны мен өсу пайызы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: