4.3 Тұлғаның коммуникативті дағдылары және коммуникация модельдері Коммуникация термині ғылыми деңгейде қарым-қатынас және коммуникация
терминдерін жалпы, әрі ортақ ұғым деп түсінуге әкеледі, солар арқылы қатынасқа түсеміз,
күнделікті өмірімізде адамның адаммен ақпараттар алмасуы деп қабылдаймыз.
Коммуникация және қарым-қатынас ұғымдарының арақатынасын қарастырайық.
Көптеген көзқарастар бар, солардың бірі, мына жағдайды айтады, коммуникация ұғымы
адамдар арасында қарым-қатынас формасында хабарламаларды (белгілерді) алмастыру
ретінде анықталады.
Қарым-қатынас ұғымы негізгі категория ретінде анықталады, оның үш жағы бар соның
бірі оның коммуникативті жағын білеміз (байланыстар, ақпараттар алмасу) және
интерактивті жағы (өзара әрекетті ұйымдастыру), перцептивті жағы (өзара түсінісудің
негізінде сезімдік қабылдаулар) деп анықталады.
Коммуникация нәтижесінде бұрын әртүрлі пікірде жүргендер енді сол
коммуникацияның арқасында бір пікірлес адамдарға айналады, бірігеді, тұтастыққа енеді.
Коммуникация тағы бір латын тіліндегі мағынасын айтсақ мына жақсы пікірге келеміз,
коммуникация ол «жалпы» немесе «бәрімен бөлісемін» дегенді білдіреді, нәтижесінде өзара
түсінісуге әкелетін адамдар, ұйымдар арасындағы ақпараттардың алмасу процесі.
Заңды сұрақ туындайды коммуникацияны не үшін зерттейміз? Коммуникация
алмасатын ақпараттарды келесі мазмұнда қарастырады ол прагматикалы, өзара түсінісудің
қажеттілігін негіздейді, рухани дамуды, өзін бекітуді, тұлғалық дамуды көздейді.
Коммуникация өміріміздің мазмұны ең қажетті жағы. Сонымен коммункация ұғымын толық
түсіну үшін келесі жағдайларды талқылаймыз.
Коммуникативті процесстердің міндеттері: 1.Жеке бір индивидтерді әлеуметтік топтарға және ортақтыққа біріктіреді, сол
әлеуметтік топтарқоғамның бірыңғай тұтас жүйесін интеграциялайды.
2.Топтардан, жалпы бірліктерден, әлеуметтік ұйымдар мен институттардан тұратын
қоғамның ішкі дифференциациясын жасайды.
3.Қарым-қатынас және өзара әрекет процесінде қоғам мен олардың жалпы бірліктегі
ортақтық әртүрлі топтарды бір бірінен бөледі және жекелендіреді.
4.Басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асыру үшін, дайындау үшін алғышарттары
мен негізгі компоненттерін жасайды.
Міндетті түрде зейін қоятын бір нәрсе бар ол вербалды және вербалды емес
коммуникациялардың айырмашылығына мән беріледі. Мәселен, вербалды коммуникация
бірнеше сипаттамаларға ие, оларға жататындар:
1. Абстрактілік - хабараламаны жеткізуге коммуникатор қатыспайды (мысалы,
кайтадан айтып беру, хат жазу) сіз эмоциясын толық түсіне алмауыңыз мүмкін, кейбір сөз
тіркестері екі мағыналы болуы мүмкін;
2. Нақтылық коммуникацияда міндетті түрде коммуникатор қатысады, онда
абстрактілік ұғымдарды тікелей қолдана алмайсыз;
3. Дискреттілік (бөлінген): әріптер, сөздер бір бірінен бөлініп кеткен, түсіну
қиындайды;
4. Континуалдылық (үзілмеу, үздіксіздік) вербалды емес хабарламаны бір жеке
бірліктерге бөлу қиындайды;
5. Анықтылық: вербалды хабарлама жеңіл қабылданады;
6. Ықтималдылық: вербалды емес хабарламаны кодтан алып тастау қиындайды.
Осы жерде коммуникацияның мақсатын тағы да келесі жағдайлармен толықтырып
кетейік, коммуникация қажеттіліктерді қамтамасыз етеді: тірі қалу, басқа адамдармен
ынтымақтасу, жеке бастық қажеттіліктер, басқа адамдармен қатынас ұстап тұру, басқаларды
солай әрекет жасау керек деп сендіру, басқа адамдарға билік жүргізуді жүзеге асыру (насихат
та жатады), қоғамдар мен ұйымдарды бір тұтастыққа біріктіру, ақпараттарды беру мен
алмастыру, әлемді тану ондағы біздің тәжірибені тану (біз не ойлаймыз, басқа адамдардың
60
қатынасы қаншалықты шынайы), творчестволық, экономикалық, әлеуметтік, жеке бастық
белгілердің көрінуі, ескерту (жол белгілері немесе айғай), хабар беру (телемәтін немесе
пресс-релиз), түсіндіру (оқулықтар немесе эксперимент жоспары), көңілін көтеру (анекдот,
көркем фильм), суреттеу (құжаттық фильм, ауызша әңгіме), сендіру (плакат, шақыратын
қағаздар), міне тізе берсек кәдімгі өмірлік қажеттіліктерді жасауға жұмыс жасайды.