Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


-кесте. Интернет қолданушылар үлесі



Pdf көрінісі
бет47/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

7-кесте. Интернет қолданушылар үлесі 
(
https://www.internetworldstats.com/emarketing.htm
сайтынан алынды) 
Мерзімі 
Қолданушылар саны Әлемхалқының саны % 
Ақпараткөзі 
1995 ж. желтоқсан 16 миллион 
0,4 % 
IDC 
2005 ж. желтоқсан 1 018 миллион 
15,7 % 
Әлемдік интернет-статистика 
2015 ж. желтоқсан 3,366 миллион 
46,4 % 
Әлемдік интернет-статистика 
2017 ж. желтоқсан 4 156 миллион 
54,4 % 
Әлемдік интернет-статистика 
2018 ж. маусым 4 208 миллион 
55,1 % 
Әлемдік интернет-статистика 
Кестеде көрсетілгендей, 1995 жылдың желтоқсанында әлемдегі халықтың 0,4% 
интернетті пайдаланған
,
яғни16 миллион пайдаланушы интернетке қосылған. 2005 жылы 
пайдаланушы 1 миллиард, 2015 жылы 3 миллиардқа өсті. 2017 жылғы желтоқсанда әлем 
халқының 54,4% Интернет қол жетімді болды. 2018 жылдың маусым айындағы деректер 
бойынша 4 миллиард 208 миллион пайдаланушы интернетті тұтынады. Жер халқының 55 
%-ы интернетке қосылған. 
Қазіргі таңда, сандық технологиялар өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. 
«Электронды, виртуалды қарым-қатынас», «киберкоммуникация» терминдері кеңінен 
таралуда. Бұл қарым-қатынас түрі интерактивті, әлеуметтік желілер және чаттар арқасында 
реалды уақыт режимінде онлайн өтеді. Виртуалды қарым-қатынастың басты ерекшеліктері: 
-
Шектеулі сенсорлық байланыс. Интернет-технологиялар арқылы жүзеге асырылатын 
қоммуникацияда шынайы өмірдегі көзқарас, дауыс ырғағы, ым-ишара секілді сенсорлық 
байланыс тапшылығы бар. 
-
Физикалық дененің болмау, яғни адамдар өзінің шынайы келбетін көрсетпей, аноним 
болып қарым-қатынас орната беруі мүмкін. Осы орайда «кибер бірдейлік» мәселесі 
туындайды. «Кибер бірдейлік» альтернативасы – никнейм («nickname» ), аватар, юзерпик 
(«userpicture») болып табылады. Виртуалды әлемде адам өзінің тұлға сипаттамасын өзі 
қалаған рөл, жас, әлеуметтік дәреже, жыныс таңдай алады.
-
Коммуникацияның тіл ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынастың басым көпшілігі 
жазбаша болғандықтан, өзіндік компьютерлік сленг дамиды: қысқартылған сөздер, 
акронимдер, шет тілінен алынған терминдер. 


66 
-
Эмоцияларды көрсету ерекшелігі. Виртуалды әлемде эмоциялар мен ым-ишара 
смайлдар мен эмотикондар арқылы беріледі. Адамның жүзінде пайда болған күлу мен чатқа 
жіберілген смайл арасында бірнеше секунд уақыт қалады, яғни эмоциялар кейінгі эффектпен 
қабылданады. 
Сонымен қатар, виртуалды қарым-қатынаста адамдар шынайы емес, қалаған эмоцияны 
көрсете алады. Бұл «бетперде» арқылы тілдесуге тағы бір жеңілдік туғызады. 
-
Кеңістік пен уақыт ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік 
қатынас шексіз. Адам онлайн байланыста уақыттың дәл қазіргі сәтінде өмір сүреді де, 
офлайн байланыс хаттан-хатқа дейінгі уақытта болады. Бұл жерде кеңістік заңдылықтары еш 
әсер етпейді. 
Сонымен, виртуалды қарым қатынас адамға үлкен кеңшілік жасайды. Киберәлемде 
адамдар өзінің шынайы немесе ойлап тапқан қатым-қатынас кедергілерін (түр-келбеті 
кемшілігі, тіл кемістіктері, мінез, мүгедектік, психикалық ауытқулар) жоққа 
шығарып,әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Мұндай жағдай қосымша 
сенімділік беріп, ішкі өзін-өзі таныту мотивін жүзеге асырады. Осылайша, виртуалды қарым-
қатынас ақпараттық, коммуникативті, терапиялық, мәдени қызметтер атқарып, адамның 
психологиялық келбетін өзгертті.
Сандық технологияларды қолдану адамның ес, зейін, ойлау қабілеттерін өзгертті. Л.С. 
Выготский ойлап тапқан «жақын даму аймағындағы» ересек адамның рөлін сандық
технологиялар басуы әбден мүмкін, себебі бала өзі жасай алмаған істі сандық технологиялар 
көмегімен орындай алатыны ақиқат.
Қазір адамдардың шынайы өмірінің басым бөлігі виртуалды әлемді өтіп жатыр: 
іскерлік қарым-қатынастар, банктік операциялар, интернет сауда саттық, оқу және тағы 
басқалар. Бұл шынайы өмірдегі әлеуметтену процессіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
2000 жылдың басында дүниеге келген балаларды – Z ұрпағы деп атайды және олар 
интернет технологиялар заманының балалары болып табылады. Оларды интернеттен айырса, 
олар ауырып, тұншығып, кеңістіктегі бағдарын жоғалтып алуы мүмкін, себебі интернет 
оларды әлеммен байланыстырып отыр. 
Осыған орай, іскерлік қарым-қатынастар сандық технологияларды қолдану мүмкіндігі 
арқасында, шекара, уақыт және кеңістік ұғымдарын шетке ысырып, жаһандану, жылдамдық, 
еркіндік, қолжетімділік ұғымдарын алға қойып, жаңа кибер іскер орталық құруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет