68
5. Мәртебеге қатысты конфликт
6. Жеке жәнетоптық
конфликтілер
7. Таңдау конфликтісі
8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликтісі
9. Қарама-қарсы қабылдау конфликтісі
10.
Қажеттілік конфликтісі
11. Әлеуметтік норма және қажеттілік бойынша
конфликт
12.Тұлға мен ұйым арасындағы конфликт
13.Топ пен ұйым арасындағы конфликт
14.Әртүрлі деңгейдегі топтар мен ұйым арасындағы конфликтілер
15.Ішкі тұлғалық немесе тұлға ішіндегі конфликт
16.Рөлдік конфликт
17.Когнитивті, эмоциялық, мінез-құлық аймағындағы конфликт
18.Мотивациялық конфликт
19.Бейімделетін конфликт
Конфликт қарым-қатынасқа түскен екі жақтың қанағаттанбаушылығын туғызуға себеп
болатын шектеулерге байланысты, соларға токталамыз:
1. Шартты түрдегі шектеулер – салт-дәстүр, әдет-ғұрып өзін қалай ұстау керектігін
көрсетеді, мысалы, жасы төмен жастар - үлкендерді үлгі тұтып, тыңдау
керек
2.Жағдайға қарай болатын шектеулер, қарым-қатынасқа разы болмағанда, мақсатқа
жетпегенде пайда болады. Сондықтан қалалық транспортта
кездейсоқ кездескен
әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылмайды. («Сіз бүгін жақсы
ұйықтамаған сияқтысыз?») немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру («Білесіз бе, менің
өмірден көңілім қалған»)
3.Эмоциялық шектеу-мысалы, егер әңгімелесушілер бір-бірін
кездестіргенде жасанды
қуанышты сезінсе, онда олар қарым-қатынастағы бақытты минуттарды бұзбау үшін олар
өздерінің уайымы мен мәселелерін жасырады, яғни маскілі қарым-қатынасқа түседі.
4.Күштеп шектеу- біз серіктестердің біреуі тұлға аралық қарым-қатынасқа дайын болса,
басқасы өзіне қажетті нәрсеге өзінің серіктесін тура соны істеуге мәжбүрлеуінен көреміз.
Біздің эмоциямызға негізделген келесі кедергілерді айтуға болады:
-жек көру және жиренгіштік кедергісі - күнделікті өмірде жиі кездеседі. Қолайсыз
иістер,
терлеген қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті. Уайым мен қайғырудан
пайда болатын қарым-қатынастағы кедергімен кез-келген адам кездеседі.
-қорқынышкедергісі - тұлғалар арасындағы қарым-қатынаста кедергі жасайтын жеңуі
қиын кедергілердің бірі.
-
ұятпен кінәлі сезіну кедергісі - бұл басқа біреудің немесе өзіне деген қолайсыздықтан
туатын кедергі. Артық ұялушылықтан зардап шегетін және ұятқа мойынсынбайтын адамдар
бар.
Жоғарыда айтылған сыртқы шектеулермен қатар, қарым-қатынас кедергісі ретінде ішкі
психологиялық кедергілермен қақтығыс жиі кездеседі. Әйгілі психолог М. Аргайл қарым-
қатынастың маңызды мотивтерінен туындайтын конфликтінің себептеріне келесілерді атады:
өзіндік таным,
рухани және эмоциялық байланыс, басқару, агрессия, басқаларды өзіне
бағындыру.
Достарыңызбен бөлісу: