Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар


Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). Әкімшілік құрылым



бет4/16
Дата12.05.2023
өлшемі86,79 Kb.
#91925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
аза тарды 1858 жыл ы о ан стемдігіне арсы к терілісі. Жетіс

Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). Әкімшілік құрылым.

1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі мүмкін деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдарының бас кезінде ғана отарлық үкімет орындары өлкеде әкімшілік және сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана да 5 уезден, Самарқан 4 уезден тұрды.
1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілді.
Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» бекітілді. Ережеге сай Түркістан өлкесінде Ресейдегі үлгімен жаңа сот жүйесі құрылды.



  1. Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.). Көшпелі және отырықшы халықты жерге орналастырудағы өзгерістер.

"Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже" – 1891 жылғы 25 наурызда Ресей императоры III Александр кол қойған құжат. Ол Ресей империясының дәстүрлі қазақ қоғамына әкімшілік-сот реформасын енгізуін аяқтап, өлкеге тұтастай саяси өктемдігін орнатуын, экономикалық тұрмысын шексіз билеп-төстеуін заңдастырды. "Ережеге" сәйкес Орынбор және Батыс Сібір
генерал-губернаторлығымен қатар тағы бір әкімшілік бөлік — Дала генерал-губернаторлығы құрылып, орталығы — Омбы қаласы болды. Құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу облыстары кірді. Генерал-губернаторға шектеусіз билік берілді.Патша әкімшілігінің басшылары болыстар мен ауылнайларды сайлау өткізбей-ақ тағайындады, ал сайлаған жергілікті шенеуніктерді әскери
губернатор бекітуге тиіс болды; Болыстар мен ауылнайлар шешуші рөл атқарды. Осыған байланысты ел ішіне жік түсіп, 3 жылға сайланатын болыстық пен ауылнайлыққа әр ру өз адамын өткізуге жанталасты. Қалыптасқан моральдық-құқықтық принциптер бұрмаланып, мансапқорлық, парақорлық, озбырлық жайлады. Сот төрелігі саласы да өзгертілді. Билер сотының орнына сайланбалы халықтық судьялар билігі пайда болды. Жерге орналастыру барысында патша әкімшілігі малшы қазақтарға топырағы құнарсыз, шөл, шөлейтті жерлерді ғана берді. Сондықтан олар өздерінің иелігіндегі жайылымдар мен шабындықтарды казак-орыстардан кіреге (жалға) алуға мәжбүр болды



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет