Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу
Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақттық әкімшілік басқару жүйесін енгізу. Хан билігін жою.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық басқару жүйесін патша өкіметінін жойып, жаңа билік жүйесін еңгізуі ХVIII ғасырдың өзінде-ақ Орта жүз бен Кіші жүз хандарын патша өкіметі тағайындай бастаған. Олардың ел басқару қызметін жергілікті патша әкімдері бақылап отырды.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметі қазақ арасында хандық өкіметті біржола жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібіне жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819), «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес (1822) Орта жүзде хандық билік жойылды. Жүз территориясы сыртқы сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды.
Жарғы бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ. Ауылды үш жылға сайланатын старшын, ал болысты болыс басқаруға тиіс болды патша үкіметі XVIII ғасырдың аяқ шеніне қарай Кіші жүзде хандық өкіметті жоюға кірісті . Игельстром реформасы Кіші жүзді басқарудың 1786 жылғы Екатирина ІІ қуаттаған жобосы.
1775 жылғы реформаға сәйкес О.А.Игельстром далалық жерлерді жалпы империялық негізде басқару мақсатында Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды.
Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы.
1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылды.
1867 жылы 11 шiлдеде II Александр патша “Сырдария мен Жетiсу облыстарын басқару туралы уақытша ереженi” бекiттi. Жетiсу, Сырдария облыстары Түркiстан генерал-губернаторлығына біріктірілді
1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша ереженi” бекiттi. Орал және Торғай облыстары – Орынбор генерал-губернаторлығына; Ақмола және Семей облыстары – Батыс Сiбiр генерал¬губернаторлы ғына бiрiктiрiлдi.
1870 жылдан Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округiнiң басқаруына, кейiннен Закаспий облысына енгiзiлдi.
1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жерi Астрахан губерниясына енгiзiлдi.