Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар


Қоныс аударушылардың кәсіптері және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет6/16
Дата12.05.2023
өлшемі86,79 Kb.
#91925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
аза тарды 1858 жыл ы о ан стемдігіне арсы к терілісі. Жетіс

Қоныс аударушылардың кәсіптері және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап патша үкіметі Қазақстанның аумағына шаруаларды қоныс аудара бастады. Шаруалар өздерімен бірге егіншілік мәдениетін, сондай-ақ жаңа еңбек құралдарын ала келді. Осыған байланысты бау-бақша егу және омарта шаруашылығы пайда болып, едәуір дамыды. Жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударып келген шаруалар арасында тұрақты шаруашылық қатынастары қалыптасты.Ресей мемлекеті қоныс аударып келген шаруаларға олардың жаңа жерлерге жайғасуы үшін көмектесіп тұрды. Оларға көшіп келген бойда үй сайын 185 сомнан ақшалай қарыз берілді. Сонымен қатар оларға егін егуі үшін тұқым, азық-түлік сатып алуға қаржы бөлінді. Шаруалардың үй-жай салып алуына көмек ретінде ағаш материалдары тегін таратылды. Ондай ағаш материалдары Петропавл, Омбы және Ақмола сияқты қалаларда босатылатын.Қоныс аударып келген шаруалардың негізгі кәсібі егін егумен айналысу еді. Әрбір ер азаматқа орта есеппен 15 десятина жер берілді. Олардың шаруашылық кәсібі салыстырмалы түрде алып қарағанда тәп-тәуір табысты да еді. Бұл ретте оларға, ең алдымен, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың көмегі көп тиді. Біріншіден, шаруалар әсіресе алғашқы кезде жер телімін таңдап алды. Екіншіден, егер алғашқы екі жылда үй-жай құрылыстарын салып алып, берілген жерді толық игеріп, егін егіп үлгерсе, онда олар алдағы он жыл мерзімге дейін алым салық түрлерін төлеуден босатылды.Қоныс аударушы шаруаларда мал өсіру қосалқы кәсіп сипатына ие болды. Мал өсірумен Ақмола, Петропавл және Қостанай уездеріндегі аздаған шаруалар ғана айналысты. Соның өзінде де олардың малын жергілікті тұрғындар — қазақтар бақты. Қазақтардың үлгісі Сюйынша түйе ұстайтын орыс шаруалары да кездесті. Бірақ олардың саны өте-мөте аз мөлшерде болды. Түйе әр түрлі егіншілік жұмыстарына және жүк тасымалдауға пайдаланылды.

  1. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы

ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан
19 ғасырдың 60-жылдарында қабылданған реформалар бірден іске аса қоймады. Қазақ шаруаларының көтерілістері салдарынан бұл Ережелерді заңдастыру 20 жылдан артық уақытқа созылды. 1886 жылы 2 маусымда “Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы” Ереже бекітілді. Түркістан өлкесінде Ресей үлгісімен жаңа сот жүйесі құрылды. “Халық соты” деген атпен мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін төменгі сот буынын ұйымдастыру көзделді. Соттардың төтенше съезі уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешті. Бұл сот жиыны тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды. Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады. Билердің соттары жеңілдіктерін сақтап қалуға тырысқан билеуші топтардың мүддесін қорғаштады.
1891 жылы 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару” туралы Ереже қабылданды. Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-сот саласындағы өзгерістер 1886-1891 жылғы жарлықтарда заң жүзінде бекітілді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы екі он жылдығында отандық тарихтың, оның ішінде Қазақстанның ұлан-ғайыр оңтүстік өңірін қамтитын бұрынғы Түркістан өлкесі, Сырдария облысы тарихтың аса күрделі де ауыр кезеңдердің біріне жатады.Қазақстанның оңтүстік және оңтүстікшығыс аймақтарының 60-70-жылдары Ресей империясының отарына айналуына байланысты 1887 жылдың бірінші қаңтарында патша үкіметінің шешімімен Сырдария облысы құрылып, оның құрамына Қазіргі Қазақстан Республикасының Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысының аумағы және Өзбекстанның Ташкент аймағы енген болатын.Бұл жыл тарихиәлеуметтік және саяси қарама-қайшылықтарға толы жыл болды. 1905 жылдары бірінші орыс революциясы және оның Ресей империясының Түркістан сияқты отарлық аймақтарына тигізген әсері Орта Азия мен Қазақстанды түгелге дерлік қамтыған. 1967 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс оларға жалғасқан 1917 жылғы қос революция мен азамат соғысы және оның нәтижесінде Кеңес үкіметінің жеңіске жетуі осы кезеңнің басты саяси оқиғалары болды



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет