«Қазақтелеком» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағЫ 2011 жылға есебі



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі9,6 Mb.
#6382
1   2   3   4   5   6

КОМПАНИЯҒА ДЕГЕН АЙНЫ-

МАС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ МЕН 

СҮЙІСПЕНШІЛІГІ КӨРСЕТІЛГЕН 

«МЕНІҢ ТЕЛЕКОМЫМ» 

АТТЫ 

ҮЗДІК ШАҒЫН КЛИПКЕ 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ. 

КОНКУРСҚА БАРЛЫҚ ФИ-

ЛИАЛ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСЫП, 

ЖОБА ОҢ БАҒАҒА ИЕ БОЛДЫ.

Қоғамның  инновациялық  қызметін  дамытудың 

стратегиялық  маңызын,  сондай-ақ  Компанияның 

инновациялық  ойлау  үдерісі  мен  әлеуетін,  «жобалар 

мен  идеялар  шоғырын»  қалыптастыру  қажеттілігін 

ескере  отырып,  Қоғам  Басқарма  төрағасының  

бастамасымен  my.telecom.kz  порталында 

«Үздік 


инновациялық жоба - 2011»

 конкурсы өткізілді.

 

Конкурсқа Қоғамның 



14

 қызметкері өз жұмыстарын 

ұсынды. Конкурстың қорытындысы бойынша олардың 

ішінен  айрықша  жасампаз  ұсыныстар  іріктеліп  алы-

нып,  олардың  мақсаттылығы  мен  қажеттілігін  және 

жүзеге асырылу мүмкіншілігін қарастыру мақсатында 

Қоғамның 

Орталық 


аппараты 

құрылымдық 

бөлімшелеріне қарауға жіберілді.

Марина 


Мешкова, 

Корпоративтік 

сату 

дирекциясының  маманы,



  конкурсқа  «Ата-ананың 

бақылауы»  -  балалар  мен  жасөспірімді  интернеттегі 

жағымсыз контенттен әлеуметтік қорғау  мақсатында 

«Қазақтелеком» АҚ инновациялық қызметтерін енгізу» 

жобасын  ұсынды.  Марина  Мешкова  осы  жобасымен 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 

арналған  жастардың  және  студенттер  мен  жас 

кәсіпкерлердің  арасында  өткізілген 

«Инновациялық 

Қазақстан»

  республикалық  конкурсына  қатысып, 

конкурс  комиссиясының  іріктеуі  бойынша  30  үздік 

жобаның қатарына кіреді. 

Компанияның 

ішкі 

және 


сыртқы 

қызметін 

бейнелейтін таныстырылымдардың фирмалық стилін 

қалыптастыру  үшін,  порталда 

үздік  корпоративтік 

таныстырылым  үлгісіне  конкурс 

жарияланып,  оған 

Қоғамның 12 қызметкері қатысты. 

Сондай-ақ  Қоғам  филиалдарының  арасында  өткен 

«Айналаға  шолу  жасау:  филиалдармен  танысайық» 

конкурсы  да  портал  пайдаланушыларының  ерек-

ше  ықыласына  бөленді.  Осы  шараның  шеңберінде 

әрбір  филиал  бір  аптаның  көлемінде  филиалдың 

өмірі  мен  оның  қызметкерлері  туралы  таныстыры-

лым  өткізді.  Конкурс  барысында  порталға  тіркелген 

пайдаланушылардың  саны 

5000  адамға  артты.

 

Осы  аталған  конкурстың  аясында  Қоғам  филиал-



дары  шамамен  50  конкурс  өткізіп,  порталға  жаңа 

пайдаланушылардың тартылуына ықпал етті. Бұл рет-

те филиал басшыларының жеке еңбегін айрықша атап 

өту қажет.

2011  жылы  республикалық  «Байланыс»  газетінің 

бір  нөмірі  толықтай  Қоғамның  порталына  арнал-

ды.  Компанияның  мыңдаған  қызметкерден  тұратын 

ұжымы  үшін  бейресми  қарым-қатынас  жасайтын 

ақпараттық  алаң  құру  идеясын  дәріптеуге  газеттің 

қосқан үлесі зор. 

Корпоративтік  мәдениеттің  бір  элементі  және 

кері  байланыс  құралы  ретінде  корпоративішілік 

порталда  Компания  тарихында  бірінші  рет 

Қоғам 


Басқармасы  төрағасы  компания  қызметкерлерімен 

онлайн  тілдесу

  өткізді.  Онлайн  тілдесу  нақты  уақыт 

тәртібімен  1  сағатқа  созылды.  Тілдесу  барысында  47 

сауал қойылды. Бұл сұхбат компания қызметкерлерін 

мазалап  жүрген  мәселелерді  анықтауға,  сондай-

ақ 

олардың 


қызығушылықтарымен 

танысып, 

ұсыныстары мен тілектерін тыңдауға мүмкіндік берді. 

Басқарма  төрағасы  онлайн  тілдесу  өтетіні  туралы 

Twitter желісінде хабарландыру жариялады.

Кері  байланыс  диагностикасының  құралдары  (фо-

рум,  дауыс  беру,  пікір  жазу  және  т.б.)  белсенді  түрде 

қызмет жасайды. Осылайша 

портал форумында

 ком-


пания  қызметкерлері  есеп  кезеңінде 

500-ден  аса 

тақырып

  әзірледі, ал хабарламалардың саны 



ондаған 

мыңға


 жетті.

27

Пайдаланушылардың пікірлері:

СӘУЛЕ ҚАЖИЕВА: 

Осы уақытқа дейін

НАЗЫМ ҚҰМАРОВА:

 

ЕЛЕНА НИКИТИНА: 



ӘСЕЛ ҚАРАТАЕВА: 

АЙГҮЛ ЕСЕНӘЛИЕВА:  

2011  жылдың  аяғында  порталда  виртуалды 

«Қазақтелеком» АҚ Білім орталығы» ашылды. Бұл жоба 

Кадрлық саясатты іске асырудағы басты бағыттардың 

бірі  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  заманауи 

оқыту  жүйесінде  сұранысқа  ие  болып  келе  жатқан 

корпоративтік  вебинарлар

  (электронды  семинарлар, 

тренингілер,  Қоғамның  топ-менеджменті  лекторлар 

ретінде  тартылған  таныстырылымдар)  жазылуда. 

Бейнелекциялар  корпоративішілік  порталда  орна-

ластырылады  және  пайдаланушылар  оларға  әртүрлі 

деңгейде  қол  жеткізе  алады.  Пайдаланушылар  мате-

риалды онлайн меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар 

оны  тікелей  талқылап,  өз  пікірлері  мен  бағаларын 

және сауалдарын қалдыра алады.

Ұжымдағы  ахуалды  біліп,  ондағы  проблемалық 

мәселелер мен даму салаларын анықтау мақсатында  

ұзақ  жылдан  бері  Қоғам  қызметкерлерінің  ара-

сында  анонимдік  әлеуметтік  сауалнама  жүргізу 

дәстүрге  айналып  келеді. 

Электронды  әлеуметтік 

сауалнама  жүйесі

  еншілес  компанияларды  қоса 

алғанда,  Қоғамның  барлық  қызметкерін  қамтиды. 

Қызметкерлердің жұмысқа қанағаттанушылығы орта-

Осы  уақытқа  дейін    рухани  қарым-қатынас 

жетіспеушілігін  сезіп  жүргенбіз.  Ал  бұл  портал 

біз  үшін  үлкен  мүмкіндік  берді.  Бір-бірімізбен 

сезімдерімізбен  бөлісіп,  рухани  жылулық 

аламыз.  Уақытымыздың  көп  бөлігін  жұмыста 

өткізетіндіктен,  әрқашан  жағымды  көңіл 

күйде жүргеніміз дұрыс.

Осы  порталдың  арқасында  Қазақтелеком 

үлкен отбасыға айналды)))).

Корпоративтік  рух    компаниямызды  табысқа 

жетелер  күштің  бірі  болып  табылады.  Портал 

арқылы  достарымыз  көбейді.  Майтелеком  – 

алға!


Портал корпоративтік рухымызды нығайтуға 

сөзбен емес іспен үлес қосуда!

Жаңа іс бастау әрқашан қиын. Бірақ порталдың 

беталысы  жаман  емес.  Пайдаланушылардың 

қызығушылықтары күннен күнге артуда. Пор-

тал аяғын нық басып, өрісін кеңейтіп келеді.

ша деңгейде тұр (61 мен 79% аралығындағы диапазон 

бойынша 


74,4%

) және жоғарғы шегіне жақынырақ.



КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН 

УӘЖДЕМЕЛЕУ МАҚСАТЫНДА 

ЖҰМЫСТА ОЗЫҚ НӘТИЖЕ  

КӨРСЕТКЕН ЖӘНЕ ИНФОКОМ-

МУНИКАЦИЯ САЛАСЫНЫҢ, 

СОНДАЙ-АҚ КОМПАНИЯНЫҢ 

ДАМУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІН 

ҚОСҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ 

КӨТЕРМЕЛЕУ ЖАСАП, 

ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ 

МАРАПАТТАУҒА ҰСЫНЫП 

ОТЫРАДЫ.

2011  жылы 

108

  қызметкер  мемлекеттік  марапатқа 



ие  болды,  соның  ішінде  «Қазақстан  Республикасы 

Тәуелсіздігінің  20  жылдығы»  мерекелік  медалімен 

марапатталды. 

Инфокоммуникация 

саласының 

қызметкерлері үшін салалық марапаттың орны бөлек. 

«Құрметті байланысшы» атағы ҚР Көлік және коммуни-

кация министрлігінің бұйрығымен байланыс саласын-

да  кемінде 15 жыл еңбек еткен қызметкерге телеком-

муникация саласын дамытуға және жетілдіруге қосқан 

нақты  үлесі  үшін    беріледі.  Есеп  кезеңінде  салалық 

марапатты 

51

  қызметкер  (ұлттық  және  мемлекеттік 



мерекелердің құрметіне) иеленді.

Компанияның 

өзіндік 

корпоративтік «Оскары» - «Виват» 

бірегей мүсіншесі бар. Бұл сыйлық 

көпшілікке алғаш рет 2004 жылы 

Компанияның 

құрылғанына 

10  жыл  толуына  орай  таны-

стырылды.  Аталған  марапатқа 

«Жылдың 

үздік 


қызметкері» 

және  «Жылдың  үздік  филиа-

лы»  атақтары  кіреді  және  бұл 

марапатқа  тек  үздік  шыққандар 

ғана  ие  болады.  Сонымен  қатар, 

Компания 

қызметкерлерді 

Қоғамның  Құрмет  грамоталары-

мен  көтермелейді.  2011  жылы 

корпоративтік марапаттар жалпы 

саны 

262


 қызметкерге ұсынылды. 

28

Қ

оғам 



өз 

қызметкерлерінің 

мүдделерін 

қорғайтын  екі  кәсіподақпен  өзара  іс-қимыл 

жасайды:

•  «Қазақстан 

байланыс 

қызметкерлерінің 

кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі;

•  «Ақпараттандыру  және  байланыс  қызметкерлері 

кәсіподақтарының ассоциациясы» заңды тұлғалар 

бірлестігі.

Қоғам  мен  аталған  кәсіподақтардың  арасында  үш 

жақты Салалық келісім және Ұжымдық шарт жасала-

ды.

Салалық келісім Қоғамның



, байланыс саласындағы 

өкілетті  мемлекеттік  органның,  «Қазпошта»  АҚ 

және жоғарыда аталған  кәсіподақтардың арасында  

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге жасалған. 

Кәсіподақтармен 

Ұжымдық  шарттар

  2013  жылғы  

31 желтоқсанға дейінгі мерзімге жасалды.

Ұжымдық шарттардың мақсаты еңбек қатынастарын 

реттеу,  сондай-ақ  қызметкерлер  мен  олардың  от-

басылары  мүшелерінің  әлеуметтік  қорғалуын 

қамтамасыз  ету.  Сонымен  қатар  ұжымдық  шарт 

әлеуметтік  серіктестік,  өзара  сенім  мен  құрмет 

және  шарт  жасасқан  тараптардың  құқықтары  мен 

міндеттерін  ажырату  қағидаттарының  негізінде  жа-

салады.


Ұжымдық  шарт  алғаш  рет  өзге  де  шаруашылық 

субъектілері  әлі  мұндай  құжатқа  қол  жеткізе 

қоймаған  шақта  -  1998  жылы  жасалды.  Бүгінгі  күні 

бұл  құжат  Қоғамның  осы  уақытқа  дейін  бірнеше 

рет  бизнес-серіктестері  болған  компаниялардың 

арасында  жасалатын  басқа  шарттардың  ішіндегі 

ең  ілгеріндісі  болып  отыр.  Ұжымдық  шарттарда 

тараптардың  негізгі  құқықтарымен  қатар,  еңбекақы 

төлеу  мен  еңбекті  қорғау  және  әлеуметтік  қорғалу 

мен жеңілдіктер мәселелерін реттемелейді.



ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА 

СӘЙКЕС ҚОҒАМ 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН 

ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІН 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ 

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ 

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСА-

ТЫ МЕН БАЙЫРҒЫ 

ДӘСТҮРІНІҢ АЖЫРАМАС 

БӨЛІГІНЕ АЙНАЛҒАН.

 

Кәсіби одақтармен 

өзара іс-қимыл

Қызметкерлердің    денсаулығын  сақтау  және  са-

лауатты  өмір  салтын  қолдау  мақсатында,  Қоғам 

қызметкерлерді, сонымен қатар олардың отбасыла-

ры  мүшелерін  медициналық  ерікті  сақтандырумен 

қамтамасыз  етеді  (қазіргі  таңда  Орталық  аппа-

рат  пен  бірқатар  филиалдардың  қызметкерлері 

толықтай  сақтандырылған.  Қоғам  бұдан  былай  да 

қызметкерлердің  медициналық  сақтандырумен 

қамтылуын көздеп отыр және осы мақсатта Ұжымдық 

шартқа  тиісті  толықтырулар  енгізіліп,  қаражат 

қарастырылуда).  «Қазақтелеком»  АҚ  Ұжымдық 

шартқа сәйкес  әлеуметтік жәрдемақы мен әлеуметтік 

жеңілдіктер төлейді.

Бүгінгі  таңда  Қоғам 

шамамен  8500

  зейнет-

керге  әлеуметтік  қолдау  көрсетеді.  Жыл  сайын 

олардың  атына  қайырымдылық  көмек  жіберіліп, 

байланысшылардың  кәсіби  мерекесі  мен  Қарттар 

күніне арнап кездесу ұйымдастырылады.

ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ КОМ-

ПАНИЯДА ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ 

АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛДА 

ЕҢБЕК ЕТКЕН АРДАГЕРЛЕРДІ 

КӨТЕРМЕЛЕУ ҮШІН ЖЫЛ 

САЙЫН ҚАРАЖАТ БӨЛІНЕДІ. 

СОНДАЙ-АҚ ҚОҒАМДА 

ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН БАЙЛАНЫС 

САЛАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ 

МЕН АРДАГЕРЛЕРІН МЕРЕКЕ 

КҮНДЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ  

ІС-ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.  

Мәдени-көпшілік,  спорт,  сауықтыру  және  басқа  да 

шараларды  өткізу  мақсатында,  Компания  кәсіподақ 

ұйымдарына ай сайын қаражат аударып отырады.



29

БАҚ өзара іс-қимыл

А

қпараттық  саясат  Қазақстан  халқының, 



сондай-ақ  шетелдің Компания қызметі тура-

лы    хабардарлығын  арттыруға  бағытталған. 

Бұл Компания имиджін нығайтуға және инвесторлар 

мен қоғам тарапынан сенімнің артуына ықпал етеді.

«Қазақтелеком»  АҚ  Компания  туралы  ақпараттың 

өз  уақытында  ашылуын  және  оның  нақты  болу-

ын,  сондай-ақ  қаржылық  жағдайын,  экономикалық 

көрсеткіштерді,  қызмет  нәтижелігін,  меншік  пен 

басқару  құрылымын  қамтамасыз  етеді.  Қандай  да 

бір  ақпаратты  ашу  және  (немесе)  жариялау  кезінде 

ҚР коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын 

құпиялар  туралы  заңнамасының  ережелері,  со-

нымен  қатар  Қоғам  ішкі  құжаттарының  талаптары 

ескеріледі. 

Қоғамның  қызметкерлеріне  санаторий-курорттық 

емделуге  жолдама  сатып  алу  үшін,  Компания 

орталықтандырылған  тәртіппен  кәсіподақтарға 

қаражат  бөледі.  Сонымен  қатар  қызметкерлердің 

балалары үшін жыл сайын жазғы мезгілде сауықтыру 

лагерлеріне жолдама алу  қарастырылған. Бала туған 

қызметкерлерге материалдық көмек көрсетіледі.

Компания  өз  қызметкерлерін  салауатты  өмір  сал-

тымен  қамтамасыз  ету  мақсатында  оларға  ЕСК 

жаттығулары,  тренажер  залдары,  спорт  секция-

лары  арқылы  сауықтыру  мүмкіндіктерін  ұсынады. 

Қоғам  қызметкерлері  арасында  қысқы  және  жазғы 

спорт  түрлері  бойынша  жоспарлы  спартакиада 

жүргізіліп,  түрлі  тақырыптық  спорт  жарыстары 

ұйымдастырылады.

Қоғамның 

корпоративішілік 

әлеуметтік 

жауапкершілігі бағыттарының бірі - қызметкерлерге 

мақсатты 

зайымдар 

беріп, 


«Қазақтелеком» 

АҚ  әлеуметтік    саясатын  дамыту  арқылы 

қызметкерлердің  тұрғын  үй-тұрмыс  жағдайларын 

жақсарту  болып  табылады.  Тұрғын  үй  саясатын  іске 

асыру жұмыстары жоспарлы түрде және Қоғамдағы 

Әлеуметтік  комиссия  отырыстарының  шешімдеріне 

сәйкес жүргізіледі. 

Бақылаушы  органдар  2011  жылы  еңбек  заңнамасы 

бұзылуы фактілерін анықтамады.

Қоғам  қызметкерлер  өкілдерімен  тұрақты  түрде 

өзара  іс-қимыл  жасасып  және  қызметкерлерге 

арналған  әлеуметтік  жеңілдіктер  топтамасын 

мүмкіндігінше жаңартып отырады.

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ 

АҚПАРАТТЫҚ САЯСА-

ТЫ КОРПОРАТИВТІК 

БАСҚАРУ КОДЕКСІНДЕ 

БЕЛГІЛЕНГЕН 

АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯ-

ЛАУ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫ 

МЕН ӘДІЛДІГІ 

ҚАҒИДАТТАРЫНА 

НЕГІЗДЕЛГЕН. 


30

2011 жылға

 

корпоративтік 

әлеуметтік 

жауапкершілік 

көрсеткіштері

 

«Қазақтелеком» АҚ 2012-2020 жылдарға арналған корпоративтік 

әлеуметтік жауапкершілік саласындағы стратегиясында 

телекоммуникациялық қосымша мен мейлінше мамандандырылған және 

Қоғам қызметіне лайықтыларын ескере отырып, GRI Нұсқамасында көзделген 

77 көрсеткіш бекітілген.

 

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік көрсеткіштері жөніндегі 

ақпаратты ашу негізгі үш кезең бойынша болжанады: 2011 жылдың, 2012 

жылдың және 2013 жылдың қорытындылары бойынша. Осы Есепте 21 

көрсеткіш бойынша ақпарат баяндалған, оның 16-сы GRI Нұсқамасына сәйкес 

негізгілері болып табылады.

31

Экономикалық көрсеткіштер

ЕС1 көрсеткіші

2011 


жылдың 

қорытындылары 

бойынша 

«Қазақтелеком» 

АҚ 

компаниялары 



тобының  

қызметтерді  өткізуден  түсірген  кірісі 

173  344  млн. 

теңгені


 құрады, таза пайда   – 

50 167 млн. теңге. 

Мемлекеттік  әлеуметтік  маңызы  бар  міндеттерді  орын-

дау  «Қазақтелеком»  АҚ-ның  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  органдарымен  тиімді  іс-қимыл  жасауы-

на  ықпал  етеді  және  нәтижесінде  Компанияның  басты 

нарықтардағы  жетекші  ұстанымдарын  қалыптастыруға 

және  күшейтуге  айтарлықтай  үлес  қосуды  қамтамасыз 

етеді. 

ЕС3 көрсеткіші

Компанияның зейнетақылық қамтамасыз етуі

К

омпания 


Қазақстан 

Республикасының 

заңнамалық 

актілерінің 

талаптарына 

сәйкес  әлеуметтік  салық  төлейді.  Сондай-ақ 

зейнетақылық  қамтамасыз  ету  туралы  заңнамаға 

сәйкес  Компания  қызметкерлердің  жинақтаушы 

зейнетақы    қорларына  салымы  ретінде  олардың 

жалақысының 10% ұстайды. 

2011  жылы  компания  жинақтаушы  зейнетақы 

қорларына 3 861 402 мың теңге аударды.



«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЗЕЙНЕТКЕ 

ШЫҒУ КЕЗІНДЕ, СОНДАЙ-

АҚ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ, 

КОМПАНИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚОЛДАУҒА 

ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛЕДІ.

Қоғамның 

есебінде 

тұрған 


зейнеткерлерге 

төленетін  төлем  2011  жылы  217  847  мың  теңгені 

құрады. 

Мемлекет  Қоғамға  әлеуметтік  маңызы  бар  өңірлерде 

байланыс  қызметтерін  көрсету,  ауылдық  елді  мекендерді 

телефондандыру және мектептерді интернетке қосу бой-

ынша бірқатар әлеуметтік міндеттемелер жүктеді. Сондай-

ақ  пайдаланушылар  тұтынатын  интернет-трафик  пен 

контенттің  өзіндік  құнын  төмендетуге  назар  аударылуда. 

Қазақстандық контент және қосымшаларды өндіру көлемін 

арттыру есебінен олардың отандық өндірушілеріне қолдау 

көрсетілді. 

Ұжымдық шартқа сәйкес:

•қызметкер алғаш рет зейнетке шығатын кезде Ком-

пания  біржолғы,  оның  ішінде  ұзақ  мерзімді  жұмыс 

өтілі үшін қосымша жәрдемақы төлейді;

•Компания 

жылына 


екі 

рет 


(байланыс 

қызметкерлерінің  кәсіби  мерекесі  күні  мен  Қарттар 

күніне  орай)  Қоғамның  есебінде  тұрған  зейнеткер-

лерге қайырымдылық көмек көрсетеді;

•Кәсіподақтардың 

ұсыныстары 

бойынша 

Компанияның  есебінде  тұрған    зейнеткер-байла-

ныс  ардагерлеріне  мерейтойларымен  құттықтауды 

ұйымдастырады;  

•Компания  біржолғы  жәрдемақы  төлей  оты-

рып,  мерзімінен  бұрын  (егер  Қоғамдағы  үздіксіз 

жұмыс өтілі 10 жылдан кем болмаса) зейнетке шығу 

(заңнамалық  актілерде  көзделген  жасына  байланы-

сты зейнетке шығу мерзіміне дейін 3 жылдан бұрын 

емес) мүмкіндігін қамтамасыз етеді.



Құрылған тікелей экономикалық құн

 

Кіріс, о.і.:



212 081 330

Қызметтер көрсетуден түскен кіріс 

167 769 419

Ауылдық байланыс қызметтерін ұсынудың шығындарын өтеу  бойынша субсидиялар 

5 574 617

Қаржыландыру кірісі 

3 298 105

Негізгі емес қызмет кірісі

35 439 189

Бөлінген экономикалық құн

127 293 313

Амортизация, қызметкерлерге төленетін жалақы және басқа төлемдер мен жеңілдіктер, 

пайыздар бойынша төлем, мемлекетке салық пен алымдар төлеуден басқа операциялық 

шығыстар


59 759 030

Қызметкерлерге төленетін жалақы және басқа төлемдер мен жеңілдіктер 

49 580 208

Пайыз төлеу бойынша шығыстар

5 443 544

Демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша шығыстар 

302 452

Салықтар мен алымдарды есептеу және пайда салығы бойынша шығыстар



6 340 604

Акционерлерге дивидендтік төлемдер

5 867 475

«Қазақтелеком» АҚ компаниялары тобы бойынша құрылған және бөлінген экономикалық құн, мың теңге


32

ЕС4 көрсеткіші

Әлеуметтік  маңызы  бар  аудандарда  байланыс 

қызметтерін  көрсету  кезіндегі  шығындарды  өтеуге 

арналған субсидиялар

Қ 

азақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 



31  наурыздағы  №451  қаулысына  сәйкес 

Қоғам  әлеуметтік  маңызы  бар  аудандар-

да  телекоммуникацияның  әмбебап  қызметтерін 

көрсету кезінде операторға келтірілген шығындарды 

өтеуге арналған субсидияларды алады.

ЕС6 көрсеткіші

Отандық тауар өндірушілерден сатып алу саясаты, 

практикалық бағыттар және осындай сатып 

алулардың үлесі  

ҚР 

үдемелі 


индустриалды-инновациялық 

дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасында  белгіленген  ҚР  экономика-

сын  жаңғырту  және  әртараптандыру  бойынша 

стратегиялық  бағыттарды  іске  асыру  үшін  Қоғам 

қазақстандық қамтуды дамытуға қолдау көрсетеді.  

Қоғамның  сатып  алуларындағы  жергілікті  қамтуды 

есептеу  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010 

жылғы 20 қыркүйектегі №964 қаулысымен бекітілген 

Тауарларды,  жұмыстарды  және  қызметтерді  са-

тып  алу  кезіндегі  жергілікті  қамту  ұйымдарының  

бірыңғай есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі. 

«Қазақтелеком»  АҚ  2011-2015  жылдарға  арналған 

даму  жоспарында  2011-2015  жылдарға  тауарларды, 

жұмыстарды  және  қызметтерді  сатып  алулардағы 

жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштері бекітілген. 

Сатып алулардағы жергілікті қамтудың үлесі 55,6% 

құрады.


ЕС7 көрсеткіші

Қызметкерлерді іріктеу және жалдау

Қ

ызметкерлерді  жалдау  іс-жосығы  іріктеу 



кезеңдерінен  тұрады  (кандидатты  іздеу  және 

іріктеу,  кәсіби  және  психологиялық  тестілеу, 

қызметкерлерді басқару және дамыту бөлімшесінде 

және  бөлімше  басшысымен  әңгімелесу  өткізу)  және 

Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексінің  нор-

маларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте барлық кан-

дидаттар еңбек еркіндігіне деген өз конституциялық 

құқығын  тең  жағдайларда  жүзеге  асырады,  сондай-

ақ  Қоғамда  белгіленген  жұмысқа  қабылдау  іс-

жосығынан өтеді. 

Қазақстан  Республикасының  азаматтары  мен 

резиденттері  болып  табылатын  Компанияның 

жоғарғы  басшылығының  (атқарушы  орган)  үлесі 

100%


 құрады.

Филиалдардың 

жоғарғы 

басшылығындағы 

Қазақстан  Республикасының  азаматтары  мен 

резиденттерінің үлесі де 

100%

 құрады. Аталған лауа-



зымдар (95%) тиісті облыстардың аумағында тұратын 

басшылар қатарынан қалыптастырылды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет