— Тақсыр, мүмкін ақылымның көп болғандығынан болар.
— Ал белің неге үзілейін деп тұр? деген патшаның сұрағына құмырсқалардың патшасы ақылдылығымен:
— “Әрбір қиын еңбектің алдында белімізді буып алып, содан соң кірісеміз, тақсыр. Міне, бүгін сіздерге
қалай еңбек ететіндігімізді көрсеттік” - деп жауап қатады.
Құмырсқаның жауабына аузы ашылып қалған патша енді не сұрарын білмей абыржып тұрғанда уәзірі
құлағына келіп сыбырлайды:
— Патша ием, сіздің ақылыңыз дариядай кең. Қалайша сөз таппай қысылып қалдыңыз? деп әдейі сұрайды.
Сонда патша көзін төмен қаратып:
— “Даналық сөз тек қана ақымақтарды ғана масқаралайды. Мен доғардым.” деп, атына міне жөнеледі.
Бара жатқан аңшылығы іске аспай қалады. Өйткені масқара халге түскен патша әскерін ертіп еліне қарай
шаба жөнеледі.
Міне, осылайша өзін ең ақылды санаған ақымақтың беті ашылып, ұятсыздығы мен ақымақтығы әшкере
болады. “Ақыл жаста емес, баста”, – деп тегін айтылмаған.
148 - Бөлім: Жалқау қоян
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1845
Баяғы өткен заманда орманда құрғақшылық болыпты. Жаз келсе де бір тамшы су жаңбыр жаумапты.
Шөлден азап шеккен жануарлар бір шарасын ойлап табуға жиналыпты. Сөйтіп, араларындағы біреуінің
ұсынысымен құдық қазуға бел буыпты. Барлық жануарлар тіпті құстарға шейін күндіз-түні еңбек етіп
құдық қазуға кірісіпті. Бірақ араларындағы қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»,- деп жалқауланып
жұмыс істегісі келмепті. Қоянның бұл еркелігі өзге жануарлардың ашуына тиіпті. Сөйтіп жануарлардың
еңбегі босқа кетпей, қазған құдықтарынан мұздай су шыға бығыпты. Мұны көрген олар қуанып, суды
қанып ішіп, әрі жуыныпты. Ал құдықтың қазылуына көмектеспеген жалғыз қоян ғана су іше алмапты.
Орман патшасы арыстан қоянның құдыққа жақындамауы үшін күн сайын кезекші тағайындапты. Қоян
істеген ісіне іштей өкінсе де, бұл өкінішінен ешқандай пайда болмапты. Бір күні түнде кезекшілік кезегі
пілге келіпті. Пілмен дос болған қоян «ешкімге білдіртпей су берер»,- деген оймен қасына барыпты.
Сөйтсе піл ұйықтап жатыр екен. Қанша оятса да ұйқысынан тұрмапты. Болмаған соң құлағына барып
айқайлапты. Ұйқысынан шошынып оянған піл құдықтың шетінде үйіліп тұрған үйіндіге соқтығысып,
үйіндіні құдықтың ішіне құлатып алыпты. Осылайша құдық бітеліп қалыпты. Болған оқиғаға қатты
қайғырған піл: «Мұның бәрі менің кесірім! Енді не ішеміз? Ертең жануарлар не дейді?»,- деп жылай
бастапты. Қоян: «Достым, қайғырма, бір жолын табармыз. Екеуміз де осы құдықты қазатын болсақ, таң
атқанша бітіріп қалармыз»,- депті. Сонда піл: «Сен кішкентай әрі әлсізсің ғой»,- десе қоян: «Енді көр де
тұршы менің қалай жұмыс істейтінімді!»,- депті.
Шынында да қоян білегін сыбанып, іске кірісіп, таң атқанша пілмен бірге құдықты қазып тастапты.
Ертеңіне піл барлық жануарларға қоянның еңбегін айтып мақтапты. Барлығы шапалақ ұрып, құдықтан су
ішуіне енді лайықты болғанын айтыпты.
Қоян су ішкенімен қоймай, өзге жануарлармен қайта татуласқанына да қатты қуаныпты. Өзін
орманның бір мүшесіндей бақытты сезініпті. Олай болса, балалар «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны
тәтті»,- деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаса керек.
149 - Бөлім: Соқыр күйші
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1846
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
237 bet
Баяғы өткен заманда бір соқыр күйші болыпты. Ол халық арасында қобыз тартып күнелтіпті. Бір күні ел
көп жиналған жерде күй тартып отырады. Жиналған қауым тиын-тебенін беріп тараған кезде сәнді киім
киген біреу келіп, шалдың қойнына қолын салады. Шал алдымен сасқалақтағанымен, артынан ұрының
қолын ұстай алады да:
- Халқым-ау, тапа-тал түсте тонап жатыр! – деп айғай салады.
- Өзің шіреніп киініп алыпсың, сөйте тұра ғаріп кісіге қиянат жасайсың. Ұялмайсың ба? - деп жұрт
шуласады.
- Мен шалдың қалтасына садақа салмақ болып едім, қолымды ұстай алды, - дейді ұры.
Халық шал мен ұрыны қазының алдына апарады. Екеуін тыңдап болып, ұрыға ашуланған қазы ақыра
бастайды. Сол кезде ұры ұялмастан:
- Мырза! Менің әке-шешем бай. Қайдағы бір соқыр шалға қиянат жасап не қылайын. Садақа бермек
болып едім, қолымды ұстай алды, - дейді.
- Сен сияқты сұмды тәрбиелеген қандай әке екен? – деп тепсінеді.
- Мырза, сіз білесіз, - дейді сонда ұры.
- Сенің әкеңді де дарға асқызамын! – деп ақырады қазы. Ұры қазыға көзін қысып қойып:
- Әкемнің беті бұдыр, арқысы күдір, есімі – «Отыз күміс», - дейді. Қазы ойланып қалады. Біраздан соң
ұры мен шалды қаматып тастайды. Қараңғы түскен соң қазы мен ұры кездеседі. Ұры қазыға отыз күміс
теңге санап береді. Ертеңіне қазы соқыр шалға:
- Сен кәрі қақпас, адал адамға жала жауып жүрсің! – деп зіркілдейді.
Шал жауап қатпай, отыра қалып, жерді қазып, тың тыңдайды. Бұған қазы таңданып, шалдан оның
мәнісін сұрайды. Шал басын көтеріп:
- Кеше осы жерде әділет төрелік айтып еді. Сол әділет отыз теңгенің салмағын көтере алмай жердің
тесігіне түсіп кетіпті. Не сол әділетті алам, не отыз теңгені алам, - деп жауап береді.
Қазы өз қателігін мойындап, ұрыны жазалайды. Соқыр күйшіге үлкен сый жасап, ат мінгізіп,
аттандырып салады.
150 - Бөлім: Арыстан мен тышқан
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1847
Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан
ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан
ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.
Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды
қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ
ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда
арыстан тышқанға қарап:
- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп
жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша
арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.
151 - Бөлім: Қорқақ қоянның жауабы
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1848
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
238 bet
Ертеде бір нулы орманда әртүрлі жан-жануарлар мекендепті. Оларды аң патшасы арыстан билеп тұрыпты.
Бірде арыстан: "барлық аңдар алдыма жиналсын"- деп бұйырыпты. Ормандағы барлық аң атауы
жиналыпты. Сонда арыстан:"Барлығың менің келе жатқан туған күніме дайындалыңдар. Әрқайсыңа
жеке-жеке тапсырма беремін"-депті. Сол кезде барлық аңдарға не дайындау керегі айтылыпты, кезек
қоянға да жетеді. "Қоян сен үстелге құмыраға салып қоятын гүл әкел"-депті арыстан. Қоян орманның ішін
арлы-берлі кезіп бірде-бір гүл таппапты. Қайтсін байқұс, өйткені бұл қақаған суық қыс мезгілі еді. Барлық
аңдар өз тапсырмаларын орындап, тек арыстанды күтіп тұрады. Арыстан өзінің туған күніне деген
дайындықты көріп риза болып келе жатады. Бір кезде арыстанның көзі үстелде бос тұрған құмыраға
түседі. "Мұнда неге гүл жоқ? Кімге тапсырылып еді?"-деп ашуланыпты. Алдына сүмірейіп қоян келеді.
Арыстан "Қоян, гүл қайда?"-деп ақырып үстелді жұдырығымен бір қойыпты. Қоян алды-артына қарамай
зыта жөнеліпті. Сол күйінде үйіне келіп, есігін ішінен бекітіп, терезелерінің перделерін түсіріп жауып,
жан-жағына қарап, ешкімнің жоғына көзі жеткен кезде өзінің үстеліне келіп бар ашуын бойына жинап
"Гүл жоқ"-деп үстелді жұдырығымен бір қойыпты.
152 - Бөлім: Ақылды егінші
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1849
Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып
еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады.
Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек
ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік
шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаның таң қалғанына қарап:
- Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір
сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді. Патша бұл
жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп: Ақшаның бір бөлігімен
қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен
әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім,
бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған
жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын,
– дейді.
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне
төлейтін ақшаны өз мойнына алды. Балалары да ер жеткен соң ата-анасына, халқына да қолдарынан
келген көмектерін аямай көрсетіпті деседі.
153 - Бөлім: Кішкентай тас пен құмырсқа
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1850
Ол ұшы қиыры көрінбей, көкжиекпен ұштасқан алып теңіздің жағасындағы кішкене ғана тас бөлшегі еді.
Балалармен ойнағанды қатты ұнататын. Әсіресе осы кішкентай достары оны теңізге лақтырып ойнаған
кезде қалай қуанатынын білсеңдер ғой! Оған күні бойы самсыған күн астында жату оңай еместі әрине.
Теңізге шөлп етіп түсумен денесін әсем бір салқындық қаптап, жылдамдатып су түбіне шөгеді. Керемет
көңіл-күйге бөленіп, балық және шаяндармен ойнап көңіл сергітетін.
Бірақ көп ұзамай қайта теңіз жағасы мен балаларды сағына бастайды. Толқындардың көтеріп, қайта
жағаға алып шығуын күтуден басқа амалы жоқ болатын. Негізінде оның балалардан басқа жақындары
жоқ еді. Мыңдаған жыл бұрын таудан опырылып, ірілі-ұсақ достарымен жағаға домалап түскен болатын.
Әу баста үлкен тау болып, кейін ұсақталып кішкентай тас бөлшегіне айналғанына қатты ренжитін. Бірақ
одан да жаманы, уақыт өткен сайын айналасындағы тастардың да мүжіліп, майдалануы еді. Өзінде де
өзгерістер пайда болғанын байқады. Әуелде жұдырықтай қыңыр-қисық тас еді. Ал қазір бұрыштары
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
239 bet
домаланып тегістелген. Бұрынғыдан әлдеқайда әдемірек көрінетін болды, бірақ әйтсе де қуанар емес.
Өйткені қатты жүдеп кеткен еді.
«Осылай жалғаса беретін болса мен түбегейлі жойылып кетемін»- деп уайымдайтын. Бұл жағдайына
қайғыратыны соншалық, айналасындағыларға мұңын шаға бастады. Оның бұл шағымын естіген
құмырсқалардан бірі: «Ренжіген нәрсесіне қара! Кім айтты жойылып кетесің деп? Керісінше барлығы сені
бұрынғыдан да қатты жақсы көретін болады.» дейді. Кішкентай тас бұған сенбейді: «Мен олай
ойламаймын! Балалар мені көре алмаса қалайша жақсы көреді.»- дейді жылаған дауыспен. Құмырсқа:
- Сені қалай көре алмайды? Әрине көреді! Тек атың ғана өзгереді.
- Атың өзгереді деймісің? Кім өзгертеді атымды? Жаңа атым қандай болады?
- Кішірейіп, кішірейіп соңында тозаңдай болып майдаланасың. Сенен бұрын өткен дастарың сияқты,
сенің де атың топырақ болады. Кейін сені тек балалар ғана емес, барлығы жақсы көретін болады. Өйткені
бүкіл жанды заттардың өмір сүруіне көмекші боласың.
- Топырақ дейсің бе? Жаман ат емес сияқты. Бірақ сонда да бір түсінбегенім, басқалардың өмір сүруіне
қалай көмектесемін?
Құмырсқа күліп:
- Топырақтың қадірі, құндылығы соншалық, оның пайдаларын санаумен бітіре алмаймыз. Мысалы, бүкіл
жануарлар мен адамдардың тамақтары, жемістері топырақта жетіледі. Сондай-ақ майда құрт-
құмырсқалар ұяларын топырақтың астына салады. Топырақ арқылы қорғанып, жайбарақат азықтанады.
Кішкентай тас бұдан былай жаңа достар табатынына көз жеткізіп және оларға пайдалы болатынына қатты
қуанып, ішіндегі қайғыдан құтылады. Ұзақ уақыттар өтіп ұсақталып, өзі сияқты майда топырақтар
арасына еніп, араласып кетеді. Бұдан былай оның шағымын ешкім естімейтін болды.
154 - Бөлім: Өнерпаз Патшайым
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1851
Ерте, ерте, ертеде, бір хан болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сөйтіп, ол әрбір қаланы аралап шығыпты. Бірақ,
ол өзіне лайықты қыз таба алмапты. Оның арманындағы қыз өте ақылды, өнерлі болған. Сөйтіп ол бір
ауылға жетеді. Шаршағаны сонша кетіп бара жатып, ол бір үйді көреді. Сосын ол сол үйге кіріп, үйдің
үлкендерімен амандасады. Бірақ, ол бұл үйден ешқандай қызды көрмейді. Сол кезде қария өзінің қызын
шақырады. Оның қызы өзінің салған суреттерін, пісірген бәлішттерін әкеледі. Сонда хан ойлайды: «Менің
арманымдағы қыз осы»,- деп. Ол қариядан өзінің қызын алуды сұрапты. Екеуіде баталарын алыпты.
Сөйтіп, осылай олар бақытты ғұмыр кешіпті. Міне, менің ертегімде өз мұратына жетті.
155 - Бөлім: Түбір мен Қосымша
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1852
Орманның ішінде бір кішкене үйшік бар.Онда түбір өмір сүреді.Оның достары басқаша түрленбейді
екен.Түбір олар өзгерсе қалай болады екен деп ойлайды. Түбір бір күні орман ішінде келе жатса алдынан
біреуді көреді.Қасында достары бар екен. Аттары өзгеше екен. Оларды көріп таң қалады. Ол арасынан
біреуін ерекше көзге іледі. Ол өте мықты екен.
Түбір қасына келіп:
- Сенің атың кім? - деп сұрайды.
- Менің атым Қосымша, - дейді.
Ол атына таң қалады.
Қосымша:
- Ал сенің атың кім? - дейді.
- Менің атым Түбір, - деп айтады.
Бір-бірінің атын біліп алғаннан кейін, Түбір одан:
- Сенің қандай қасиетің бар? - дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
240 bet
- Мен кез келген сөзді өзгерте аламын, қасыңа қосымша екі әріп қосып, - дейді.
Түбір:
- Мені түрлендірші, - дейді .
- Мысалы: түбірді, - деп айтады
Түбір естіп қуанып таң қалады.
Түбір:
- Онда менің достарымды түрлендірші, - дейді.
Ол мақұлдап достарын түрлендіреді.
Достары қуанады.
Түбір:
- Қосымша екеуміз дос болып, бір үйде тұрайық, - дейді.
Қуана-қуана келіседі. Барлығы бір үйде тұрады. Екеуі айырылмас дос болады.
Олар Қазақ тіліне жұмысқа тұрады. Көптеген қызмет атқарып, баянды өмір кешеді.
156 - Бөлім: Ай мен күн
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1853
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен.
Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі
ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:
– Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:
– Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады.
Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады.
Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан
ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн
қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.
157 - Бөлім: Кішкентай маса
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1854
Кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды.
— Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт! Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын,
сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы — қорғаушылар. Олар денеге
ештеңені жақындатпайды. Маса енді өз қанаттарына қарады. Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам
көтеріп кетеді. Мұртшасы үлпілдек, ал тұмсығы жебе сияқты біздей.— Ал мен не жасай аламын? — деп
маса өз-өзіне сұрақ қойды. Ән шырқады. Әні сондай нәзік, жіңішке, осылай ән айтатын кім бар екен?
Қуанышын кіммен бөлісерін білмеді. Әнін өзенге айтып көріп еді — су сылдырлай ағып естімеді. Енді ол
әнін ағашқа айта бастады — жапырақтары сыбдырлап, шулап ол да тыңдамады. Сөйтіп жүргенде, масаға
тышқан кездесті. Кішкентай маса оған да әнін айтпақ болып еді, тышқан бұтаға қарай қаша жөнелді.
Тығылып қалған тыш¬қанның ұзын құйрығы сыртта қалып қойды. — Менің әнімді тыңдамайсың ғой! Ал
ендеше! — деп маса оның құйрығына өзінің біздей тұмсығын сұғып алды.
— Ойбай! Апа! — деп тышқан шиқылдап ала жөнелді. Тышқанның «апалап» біреуден қашқанын осы
кезде қоян көреді. Ол да қорқып, өзінше «апалап» айғай салып, секектей, тышқанның артынан зыта
жөнелді. Оқша зымыраған қоянның алдынан қу түлкі шыға келеді. Қоянның түлкіге қарауға шамасы
болмады. Түлкі тышқан мен қоянның артынан бір қорқынышты бәленің келе жатқанын білді. Ол да дыбыс
шығаруға шамасы жетпей қаша жөнелді. Тышқан, қоян, түлкі жан-жаққа қарауға мұршалары келмей,
шаңдата жүгіріп келеді. Осы сәтте қасқыр апанында ұйықтап жатыр еді. Ол аңдардың дабырлап шулаған
дауысын естіп, шошып қалды. Атып тұрып арттарынан ере кетті:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
241 bet
— А-а-па-а! Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр ес-түстері қалмай жүгіріп келеді. Осы кезде аю
құмырсқалардың илеуін шұқып ойнап отырған. Ол жанынан шулап өтіп бара жатқан аңдарды көріп, бір
жаманшылықты сезінгендей болып, әй-шәйға қарамастан, тоғайды басына көтеріп тарпаңдап жүгіре
жөнелді… Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр, аю жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Бір уақытта қоян тышқаннан
сұрайды:
— Сен неге апаңды шақырдың?
— Маса!
Түлкі қояннан:
— Біз кімнен қашып келеміз?
— Маса! — деді қоян.
— Кім? — деп қасқыр түсінбей.
— Маса!
— Қасқыр, біздің артымыздан кім қуып келе жатыр? Аңшылар ма? — деп аю қосыла сұрайды.
— Қайдағы адам! Маса!
— М-а-а-а-с-а! — деп аюдың ақырған дауысынан бүкіл орман жаңғырып, аспан айналып жерге
түскендей болды. Жүрегі тарсылдап, аю жерге құлап түсіп, басын борсық ініне тықты. Аңдардың алдынан
көлшіктен бақа ыршып шықты:
— Не болды? Кімнен қорқып қашып келе жатырсыңдар?
— Ойбай! Маса құртты бізді! — деп ентігін баса алмай аю. Ал кішкентай маса ызылдап әнін айтып
қоймады. Бақа таң қалып, көзін шарасынан шығара бадырайтып, аузын ашып: ап! -деп масаны жұтып
қойды. Сөйтіп, масаның әні біржолата тиылды.
158 - Бөлім: Жеті өнерпаз
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1855
Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның ұлы болмапты, жалғыз-ақ ай
десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым атты бір қызы болыпты. Қыздың сұлулығы сондай, қараған адам
есінен танып қалады екен. Күндердің бір күнінде Қаншайым қыз қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға
түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді.
Қырық қыз шулап қала береді. Бірнеше күнге дейін ханға естіртуге ел-жұрт бата алмайды. Бір ақсақалды
шал келіп естіртеді. Хан есінен танып, тағынан құлап түседі. Ел-жұрты кетіп, тыныштық үйде хан есін
жиып, бақсы-балгер, қожа-молда жинайды, қызды олардың бірі де біле алмайды, бәрінен де жәрдем
болмайды. Тек ханның уәзірі Назар келіп, ханмен ақылдасып, былай дейді:
- Мұхиттың ар жағында балықшы Сәлім деген бар, оның жеті өнерпаз баласы бар. Бір тапса, солар
табады. Жаныма бес жүз әскер қосып беріп, темірден кеме соққыз да мені соған жібер. Хан табанда
барлық айтқан керегін дайын қылып, бас уәзірді аттандырады. Назар сумен жол жүріп, бір айда аман-сау
мұхит теңізінің ар жағындағы Сәлім шалға жетеді. Барса, жеті өнерпаз балалары жоқ, шалдың өзі ғана
отыр екен. Сәлім шал әскермен келген Назардан қорқып кетеді. Назар уәзір Сәлім шалға мән-жайының
бәрін баян етеді, ханның алтын мөрін басып, өтініп жазған хатын береді, әдейі іздеп келгенін айтады. Сол
арада Сәлім шал балаларын шақырып алып:
- Айлық алыс, шет жерден сендердің өнеріңді естіп жетіпті. Нәсіп болса барыңдар. Егер тапсаңдар,
дүние-мүлкімен қызын береді. Өнерді ішке сақтамай, сыртқа шығарыңдар! - дейді.
Сонымен жеті өнерпаз ханның бас уәзірі Назарға еріп жүреді. Бұлар бірнеше күн жол жүріп, бір-екі күн
қалғанда сүйінші сұрауға Назар ханға бір кісі жібереді. Ол барып сүйінші сұрағанда хан аямай сүйінші
беріп, алдынан бес жүз ошақ қаздырып, той жасайды. Аман-сау жеті өнерпазды алып Назар да келеді. Хан
жеті өнерпазды көріп, қатты қуанып, бала кайғысының бәрін ұмытқандай болады. Бірер күн тыныққан
соң, хан қасына жеті өнерпазды ертіп баяғы қызды көтеріп әкеткен қарақұстың қасына келеді. Қарақұс
қызды алып аспанға ұшады. Жеті өнерпаздың ішіндегі үлкені аспанға ұша біледі екен, барлығын сол
бастап, қызды көтеріп ұшқан қарақұстың көлеңке ізіне түсіп қуады. Бұлар көкте жеті күн, жеті түн ұшады,
сегізінші күн дегенде құсты көреді. Бір дарияның жағасында құс отыр, қыз шашын тарап тұр екен.
|